КЛЕТКАЛЫҚ
ЖӘНЕ ҰЛПАЛЫҚ
ИНЖЕНЕРИЯ
ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
ДӘРІСКЕР: МАМЫТОВА Н.С.
•
Ұлпалар мен ағзалардың регенерация
механизмдерін зерттеу, органның
немесе жүйенің жоғалған қызметін
қалпына келтіретін жаңа
технологияларды іздеу биотехнология
мен медицинаның түйіскен жерінде
пайда болған жаңа бағыттың яғни
ұлпалық инженериянің
пайда
болуына әкелді - (регенеративті
медицина және органогенез). Бұл
ғылымдар органдар мен ұлпалардың
de novo
құрылуын зерттейді. Олар
ақаулы жерлерге функциональды
жасушаларды трансплантациялау
принципіне негізделген.
•
Медицинаның болашағы бүгінде
зақымдалған мүшені өзгертпей, оның
жасушалық құрамын «жаңартуға»
мүмкіндік беретін жасушалық
технологиялардың дамуымен тікелей
байланысты. Мүшенің құрылымдық-
функционалдық элементтерінің
мұндай «жаңаруы» органдарды
трансплантациялау сияқты
мәселелерді шешуге мүмкіндік
береді. Сонымен қатар, бұл
технология транспланттациялық
емдеудің мүмкіндіктерін едәуір
кеңейтеді, оны пациенттердің әртүрлі
санаттарына ұсынады. Жаңа
реконструктивті технологияларды
дамытудың негізі микроортаға
байланысты әр түрлі типтегі
ұлпаларды қалыптастыруға қабілетті
функциональдық жасушалар болып
табылады. Жасушалық технологияны
қолданып емдеуге болатын
аурулардың тізімі қазіргі уақытта тез
өсуде.
ЖАСУШАЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ
ДАМУ ТАРИХЫ
•
Өткен ғасырдың басында жасушаларды жануар
ұлпаларынан бөліп алып, оларды организмнен тыс жерде,
яғни
in vitro
жағдайында өсіру мүмкіндігі дәлелденді.
Мұндай жасушаларда вирустарды өсіру әдістерін игеру
және енгізу жасушалық технологиялардың дамуының
екінші кезеңі болды. Келесі кезеңнің басталуы жануарлар
жасушаларында көп мөлшерде вирустық материалдарды
алудың нақты мүмкіндігі дәлелденген сәттен басталады.
Осы әдістерді дамыту нәтижесінде жасушалардағы нақты
гендерді клондау және олардың экспрессиясын алу,
сонымен қатар бір жасушадан культурада жасуша
популяциясын өндіруді ұйымдастыру мүмкін болды.
•
Жасушалық технологиялар әр түрлі тәсілдер мен әдістерді
қамтиды, олардың ішінде микробтардың
ластануынан тыс жасушаларды алу; органдардың әр түрлі
ұлпаларынан бөлініп алынған жасушалардың өсуі мен
даму мүмкіндігі; культурадағы клеткалардың күйін
олардың динамикасы, соның ішінде ағынды дақылдау
жағдайында бағалаудың әдістерін пайдаланады.
1885 жылы организмнен тыс тірі тіндерді сақтау
мүмкіндігі іс жүзінде көрсетілді. В.Ру тауық
эмбрионының қабығын өміршең күйінде жылы
физиологиялық ерітіндіде сақтай алды.
Лойб (K. Loeb) 1887 жылы ағзадан тыс қоянның
бауырының, бүйрегінің, қалқанша безінің ұсақ
фрагменттерін ұйыған қанда өсірді. Сонымен қатар,
бұл тіндер 3 күн ішінде морфологиясын некроз
белгілерінсіз сақтады.
Дж.Арнольд сол жылы бақа лейкоциттерінің тұзды
ортадағы әрекетін зерттеді.
Негізгі мәселе - жасуша өсіруге арналған қоректік
ортаның технологиясының болмауы.
•
Клод Бернар жасушаларды жануар ұлпаларынан
бөліп алып, содан кейін олардың
in vitro
өсуі мен
көбеюіне жағдай жасау мүмкіндігі туралы идеяны
ұсынды. Ол тірі ағзаларға ұқсас бір жасуша
қоршаған ортаның өзгеруіне қарамастан ішкі
жағдайлардың тұрақтылығын сақтай алады деп
ұсынды.
ХАРРИСОН (R. HARRISON) –
ҰЛПАЛАРДЫ ДАҚЫЛДАУ ӘДІСІНІҢ
НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ
•
1907 жылы ол бақа эмбриондарының жасушаларын (бірнеше
апта бойы) лимфа тромбында сәтті өсірген.
•
Алғаш рет
in vitro
жүйесінде нейрондардың медулярлық
түтіктің фрагментінен пайда болғандығын көрсетті, яғни
ұлпаның жетілуі және дифференциациясы жүрді.
Харрисонның сіңірген еңбегі -ұлпаларды өсірудің әдісін
тәжірибеге енгізді, оның дамуының негізгі жолдарын атап өтті
және осы білім саласында зерттеушілерді тәрбиеледі
АЛЕКС
КАРРЕЛЬ (A.
CARREL)
•
Бірінші рет тауық фибробласттарының
дақылын алды, оның өсуі 24 жыл бойы
қолдау тапты
•
1906 жылы ол ағзаны трансплантациялау
әдістемесін жасады,бір жануардан қан
тамырларын, бүйректерін, тұтас
мүшелерді трансплантациялаудың
жетілдірілген әдістерін жасады
•
1912 жылы - физиология немесе
медицина саласындағы Нобель сыйлығын
қан тамырларын тігу және мүшелерді
трансплантациялаудағы еңбегі үшін алды
•
Алғаш рет культурадағы клеткалық
клондарды бір клеткадан Эрл және
оның әріптестері 1948 жылы бөліп
алды. Игл өткен ғасырдың ортасында
дақылдардағы жасушалардың
қоректік қажеттіліктерін белсенді
зерттеді. Қатерлі ісіктерден
оқшауланған немесе өсіру кезінде
өзгерген жасушалар «өлмейтін»
сипатымен ерекшеленеді және
гетероплоидиямен
корреляцияланады.
•
Достарыңызбен бөлісу: |