Әр бала бақытты болуға лайық
Мақсаты: бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, бір-бірін түсіне білуге және жақсы қасиеттерге тәрбиелеу.
Кластан тыс шараның өту барысы:
Ата-ананың басты қазығы, алтын тіреу діңгегі-бала.Отбасы тұлғаны дамытатын кішігірім орта.Отбасының қоғамдағы мақсаты баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасында баланың жан-жақты қалыптасуына ата-ана мен отбасы мүшелерінің қарым-қатынасында махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық, әділдік, ұйымшылдық, мәдениеттілік қасиеттері және т.б.келбетін сақтайтын тұлға тәрбиелеуге керек екендігі бәрімізге аян. Мына жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде мектеп партасында отырған баланың жан-жақты білім алуына ең бірінші ықпал ететін-ұстаз болса, оның сүйеніші ата-ана. Сондықтан ата-ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасау тиіс. Бала тәуліктің бір бөлігінде, яғни 6 сағат мектепте болса, 18 сағат өз отбасында тәрбие алады.
Ата –аналармен танысу. Алдын –ала сурет таратылады. Сол суретке баласының ерекше жағымды қылықтарын жазады. Мысалы: еркетайым, еркелегіш, елпеңдек, елгезек Есет. Өзім аңқылдақ, ақылды, ақжарқын, алғыр Айнагүлмін.
Топқа бөлу. Танысып алдық. Енді топқа бөлінейік. Балаларыңызды қалай еркелетесіздер.
Мереке. Біздің бақытты балаларымыздың дайындаған өнерін тамашалайық. Содан соң жұмысымызды жалғастырамыз.
Мұғалім:
- Осы сіздер ата-аналарыңызды тыңдайсыздар ма?
- Ренжіткен күндерің болды ма?
- Ата-ананың тілін алмасаңыздар қандай болып шығатын екенсіздер?
Апаның тілін алса егер....
Руслан
Мезгілсіз жүріп күн бойы,
Мерзіммен тамақ ішпесе,
Демалыс жоқ, күнде ойын,
Мерзіммен суға түспесе,
Қолында мұндай баланың
Күш болмайды, күш дее.
Қолынан мұндай баланың
Іс келмейді, іс десе.
Күн-күн сайын солады.
Шынашақтай болады.
Мұғалім: Ал ата-ананың тілін алсаңыздар қандай болады екенсіздер?
Медина
Апаның тілін алса егер,
Тамақ ішсе – іш десе,
Демал десе – демалса,
Суға түссе – түс десе,
Қолында мұндай баланың,
Іс келеді, іс десе!
Шынығып өсіп, толады,
Үлкен жігіт болады!
«Жылу» өлең
Алма
Жылылықтан жаралған
Құшағы оның – таң мекен.
Менің айдай анамнан
Асқан сұлу бар ма екен?!
Дамир
Мейірім – нұр төгілген
Күн көзіндей жанары,
Ойымды оқып өңімнен,
Дірілдейді қабағы.
Есет
Жердегі бар тағамнан
Ана сүті нәрлі екен.
Бұл жалғанда анамнан
Сүйікті адам бар ма екен?!
Аяна
Жер бетінің ғұмыры
Күн нұрымен арайлы.
Біздің үйдің жылуы
Анамыздан тарайды.
Әже
Дәулет
Тентек болсам, ашынып,
Жақсы іс қылсам, асырып,
Маған сақтап жүреді
Тәттіні де жасырып.
Сая
Тосып тәтті дәмдерін,
Ол бар жерде бал жедім.
Мен ұйықтарда айтады
Ертегісін, әндерін.
Біздің үйде осындай
Әжетайым бар менің.
Айым: Балалар, осы маған мынаны айтыңыздаршы. Бақыт деген не?
Анеля
Бақыт деген мен үшін балалық шақ ойнаған.
Айназик
Ата-анаммен туған күнді тойлаған.
Расул
Болса егер ата-анаң қасыңда,
Бала қамын үнемі жүріп ойлаған.
Қарақат
Бақыт деген мен үшін
Арайлап атқан таңды көру
Амандықта өмір сүру
Сая
Отбасыңда күліп – ойнап,
Бауырларыңмен бірге болу.
Есет
Бақыт деген мен үшін
Сабақтан жақсы баға алған,
Озат оқушы болған.
Дамир
Мақтау сөзі апайымның,
Болады мен үшін қорған.
Айым
Ал мен үшін анам, әкем, әжем, апам, ағам, апайым және сіздер.
Анеля
Сосын бақыт деген
Қыста, жазда, көктемде, күзде сіздерменен ойнаған.
Сая
Сосын бақыт ол жазғы демалыста демалып келіп қайта кластастарыңмен қауышу.
Алинура
Аулаға шығып бөпеңді таза ауада ойнату.
Еркебұлан
Ата-анаммен «Мегаға», «Саябаққа» бару.
Медина
Ең бастысы отбасыңмен бірге болу.
Мұғалім: Сіздерге тамаша көңіл күй сыйлағымыз келеді. Бірге жасап көрейік. «Егер саған ұнаса былай жаса»
Мақал-мәтел құрастырып жапсыру , мағынасын түсіндіру.
***
Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай сыйла,
Он беске дейін құлыңдай жұмса,
Он бестен асса, жан досыңдай құрметте.
***
Балаға байқап сөйлесең, ақылыңа көнер,
Байқамай шет сөйлесең, көп ішінде өлер.
***
Жақсы бала әкесінің басын төрге сүйрейді,
Жаман бала әкесінің төрдегі басын есікке сүйрейді.
***
Өсер елдің баласы бірін-бірі батыр дейді,
Өшер елдің баласы бірін-бірі қатын дейді.
***
Бала жетесіз болса ата-анасын жерге қаратады.
Бала жетелі болса ата-анасын елге қаратады.
Балаңызды қалай мақтайсыз? Кейбір ата - аналардың баласының әрбір істеген іс – әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың»,- деп айтып жататынын байқаймыз. Кейбір ата-аналарымыз балам бақытты болсын, бақыт деген осындай – деп қалағанын алып беріп, айтқанын жасап жатады. Сіздер балаңызды қаншалықты жақсы көріп, қолпаштап, мақтау сөздер айта аласыз. Алдыңызда үлкен плакатқа мақтау сөздер жазыңыздар.
Балаға «Мен сені жақсы көрем» деп айтудың 30 астам тәсілі бар -№3
Жарайсың!
|
Жақсы!
|
Ғажап!
|
Мен күткеннен әлде қайда жақсы
|
Тамаша!
|
Таңғажайып!
|
Орасан зор!
|
Ұмытылмастай!
|
Дәл осыны біз көптен күткенбіз.
|
Бұдан жан толқытарлық әсер алдым.
|
Қалай жақсы айттың -қарапайым, нақты.
|
Тапқыр.
|
Құттықтаймын!
|
Дарынды.
|
Сен бүгін көп нәрсе істедің.
|
Өте жақсы!
|
Енді керемет болды.
|
Тамаша.
|
Таң қаларлық.
|
Көркем!
|
Ертегідегідей.
|
Өте түсінікті.
|
Жарқын, анық.
|
Тамаша бастама.
|
Сен дұрыс жолдасың.
|
Сен бұны өте жақсы орындадың.
|
Бұл нағыз керек нәрсе.
|
Міне, ғажап!!!
|
Видеоролик «Сараң бала» -№4.
Видеоролик «Жетім бала» №5
Кейіпкеріміздің іс –әрекеті қандай?
Осы баланың алған тәрбиесі қандай?
Анасының берген тәрбиесі туралы ойыңызды қағаз бетіне түсіріңіз.
Видеоролик «Тәрбиенің негізі отбасы»-№5
Кейіпкеріміздің іс –әрекеті қандай?
Осы баланың алған тәрбиесі қандай?
Анасының жіберген қателері қандай?
Анасының берген тәрбиесі туралы ойыңызды қағаз бетіне түсіріңіз.
Қоқысқа тастау. Осындай жұмыстан кейін әр бала бақытты болу үшін, бақытты қылу үшін сіздердің іс әрекеттеріңіз. Балаңыз бақытты болу үшін не кедергі болып тұр. Соны алдыңыздағы қағазға жазыңыз.
Ата-аналар жазған сөздерін оқып, жыртып қоқысқа тастайды.
Мұғалім: Біздің балаларымыздың бақытты болуға кедергілерді қоқыста тастадық. Біздің отбасымыздан, баламыздан аулақ болсын деп шығарып тастайын. Сіздерге, біздерге мүлдем жоламасын. Себебі, Егеменді еліміздің әр бір баласы бақытты болуға лайық.
Мұғалім: Сіздер өздеріңізді бақыттымын деп ойлайсыздар ма?
Мұғалім: Балалар, бақытты болу үшін не керек, кім керек ?
Анель
Керек маған таң нұры,
Аққу жүзген айдын көл.
Дамир
Керек жаздың жаңбыры,
Салқын самал майда жел.
Медина
Нұрын маған себеді,
Осы шағым тым ыстық.
Бәрінен де керегі,
Бейбітшілік, тыныштық.
Айым
Меніменен сырласып,
Бірге ойнайтын достар бар.
Біздер шаңғы тебетін,
Қыста керек ақша қар.
Есет
Бәрі болса жаман ба,
Сағындырды атам да.
Барлығы
Керек маған папам да,
Керек маған мамам да.
-Бүгін ата-анамыз, апайларымызға жақсы көңіл- күй сыйлағанымыздың өзі бақыт емес пе?
Келісесіздер ме?
Барлығы: иә
Барлығы: Біз бақыттымыз. Мен бақыттымын.
«Мен бақытты баламын» әнімен аяқтаймыз.
№ 22 орта мектеп
«Әр бала бақытты
болуға лайық»
Сынып: 2 «В»
Уақыты: 03.02.2016ж
Класс жетекшісі Садыкова А.С.
Ақтөбе қаласы, 2016ж
Достарыңызбен бөлісу: |