Абсолют қозғалмайтын дененің болуы мүмкін емес, ол болмайды да.
Дүниедегі ақиқат өмір сүретін барлық нәрселер, бізді қоршағанның бәрі материя болып саналады.
Материяның негізгі қасиеттерінің бірі — қозғалыс.
Қозғалыстың ең қарапайым түрі — механикалық қозғалыс. Бұл жағдайда бір дене екінші денеге қатысты уақыт өткен сайын өзінің орнын өзгертіп отырады. Автомашиналардың, теплоходтардың, мотоциклдердің, хоккей және футбол добының қозғалыстарын сондай қозғалыс болып табылады.
Механикалық қозғалыс деп уақыт өтуіне қарай оның басқа денелерге қатысты кеңістіктегі орын өзгертуін айтады.
Механикалық қозғалыстың ең қарапайым түрлері болып ілгерілемелі және айналмалы қозғалыс жатады.
Ілгерілемелі қозғалыс – кез келген екі нүктені қосатын түзу өзіне-өзі параллель болып орын ауыстыратын қатты дене қозғалысы.
Айналмалы қозғалыс — центрлері бір түзудің бойында жататын, барлық нүктелері шеңберлер сызатын дененің қозғалысы.
Айналмалы қозғалыс ротациялық және орбиталық болып бөлінеді.
3. Санақ жүйесі, механикада — материалдық денелер мен нүктелердің қозғалысын (немесе тепе-теңдігін) салыстырып зерттеуге арналған бір не бірнеше денелерге орналасқан координаттар жүйесі мен сағаттар жиынтығы; әртүрлі уақытта қозғалыстағы денелердің (немесе механикалық жүйенің) салыстырмалы орнын анықтайтын нақты немесе шартты алынған қатты дене.[1]
Қозғалыстың барлығы салыстырмалы, сондықтан кез келген дененің қозғалысын басқа денелерге қатысты салыстырмалы түрде қарастырады. Мыс., айдың қозғалысы Жермен, Күнмен немесе басқа жұлдыздармен салыстырылады. Таңдап алынған Санақ жүйесімен салыстырғандағы дененің қозғалысы осы жүйедегі дене орнын анықтайтын координаттардың уақыт бойынша өзгерісін білдіретін теңдеулермен өрнектеледі. Кинемат. зерттеулерде барлық Санақ жүйесінің атқаратын рөлі бірдей, ал динамика мәселелерінде (бірқалыпты, түзу сызықты қозғалатын немесе тыныштық күйдегі денелерде орналасқан, яғни инерция заңы орындалатын Санақ жүйесі) инерц. Санақ жүйесі басты рөл атқарады. Оларға қатысты қолданылатын қозғалыстың дифф. теңдеулерінің түрі қарапайым болып келеді.
Жерге бекітілген санақ жүйесі - бас нүктесі жердің кез келген нүктесіне бекітілген декарттық координатапар жүйесі. Техникалық есептерді шешуге пайдаланады.
Механикалық қозғалыстың қарапайым түрлері: a) ілгерілемелі қозғалыс; б) айналмалы ротациялық қозғалыс; в) айналмалы орбиталық қозғалыс
3) Санақ жүйесі, механикада — материалдық денелер мен нүктелердің қозғалысын (немесе тепе-теңдігін) салыстырып зерттеуге арналған бір не бірнеше денелерге орналасқан координаттар жүйесі мен сағаттар жиынтығы; әртүрлі уақытта қозғалыстағы денелердің (немесе механикалық жүйенің) салыстырмалы орнын анықтайтын нақты немесе шартты алынған қатты дене.[1]
Қозғалыстың барлығы салыстырмалы, сондықтан кез келген дененің қозғалысын басқа денелерге қатысты салыстырмалы түрде қарастырады. Мыс., айдың қозғалысы Жермен, Күнмен немесе басқа жұлдыздармен салыстырылады. Таңдап алынған Санақ жүйесімен салыстырғандағы дененің қозғалысы осы жүйедегі дене орнын анықтайтын координаттардың уақыт бойынша өзгерісін білдіретін теңдеулермен өрнектеледі. Кинемат. зерттеулерде барлық Санақ жүйесінің атқаратын рөлі бірдей, ал динамика мәселелерінде (бірқалыпты, түзу сызықты қозғалатын немесе тыныштық күйдегі денелерде орналасқан, яғни инерция заңы орындалатын Санақ жүйесі) инерц. Санақ жүйесі басты рөл атқарады. Оларға қатысты қолданылатын қозғалыстың дифф. теңдеулерінің түрі қарапайым болып келеді.
Жерге бекітілген санақ жүйесі - бас нүктесі жердің кез келген нүктесіне бекітілген декарттық координатапар жүйесі. Техникалық есептерді шешуге пайдаланады.
2-тақырып. Үдеудің әр түрлі тәсілмен берілуі
- Кинематика нені оқытады?
- Нүкте кинематикасының негізгі теңдеуі қандай?
-Жылдамдықтың және үдеудің түрлі координатта құраушылары қалай жазылады?
- Айналмалы және ілгерлемелі қозғалысты сипаттайтын шамалар арасындағы байланыс?
Жауаптары:
1.Кинематика (гр. kіnma, kіnmatos – қозғалыс) — механиканың, дене қозғалысының геометриялық қасиеттерін, олардың массасы мен әсер етуші күштерді ескермей зерттейтін бөлімі. Классикалық механиканың бөлімі.
Ол дененің неліктен осылай қозғалатынын түсіндірмейді, бірақ "Дене қалай қозғалады?" деген сұраққа жауап береді. Қозғалыс Кинематикасындағы әдістер мен тәуелділіктер әр түрлі механизмдердегі, машиналардағы, т.б. қозғалыстарды есептеуде, сондай-ақ динамика есептерін шешуде пайдаланылады. Соның ішінде қозғалыстың екі түрі болады. Олар: ілгермелі және айнымалы.
Достарыңызбен бөлісу: |