Кызылорда indd



жүктеу 45,26 Mb.
Pdf просмотр
бет23/26
Дата27.12.2019
өлшемі45,26 Mb.
#25136
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

98
Жобаның атауы:  English in advance
Іске асыру аймағы: Сырдария ауданы, А. Тоқмағамбетов ауылы
Бюджет теңгемен: 1 000 000
Қатысушылар: Сансызбаева Айдана Болатбекқызы, Нұрғалиев Ерлан 
Нұрланұлы, Сансызбаева Ақжарқын Болатбекқызы
Жоба мақсаты – аз қамтылған отбасының дарынды балаларына және 
мүмкіндігі шектеулі бірақ, тілге деген қызығушылығы жоғары 80-ге жуық 
адамдармен жұмыс жасалды. Сондай ақ, биология, химия, информатика 
пәндері мұғалімдеріне тілді тегін оқуға мүмкіндік берді.
Жобаның атауы:  Жалағаш кентінде шағын тігін цехын ашу
Іске асыру аймағы: Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті
Бюджет теңгемен: 995 000
Қатысушылар: Үсенова Рабиға Жолдыбайқызы, Муратбаева Гүлзинат 
Мырзабаевна, Ермекбай Айжан Жаңабайқызы, Сейтжанова Самал 
Болатбекқызы
Байланыс: +7 (778) 242-68-06
Жалағаш кентінен шағын тігін цехын ашып, цехта көрпеше, көрпе, 
перделер, көрпе-жастық қабы, дастархан үстіне қоятын төсеніш, жер 
төсеніштерін дайындайды. Тігілген заттарды аз қамтамасыз етілген, көп 
балалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға сыйға тартады. Қыз 
балаларға кесте немесе көркем тігу – кестелеу түрлерін үйретеді. Жастар 
арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету; Тігін тігу цехын ашу; Осал 
топтағы азаматтарға тігілген заттарды тегін үлестіру; Қыз балаларға кесте 
немесе көркем тігу – кестелеу түрлерін үйрету.
СЫРДАРИЯ ауданы
ЖАЛАҒАШ ауданы


99
ЖАЛАҒАШ ауданы
ЖАЛАҒАШ ауданы
Жобаның атауы:  Жалағаш кентінде компьютерлік тегін қызмет көрсету 
жобасы
Іске асыру аймағы: Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті
Бюджет теңгемен: 920 000
Қатысушылар: Сапанова Әзизә Асылбекқызы, Сламғали Талғат Болатұлы, 
Қалымбетова Мереке Әділбайқызы
Байланыс: +7 (777) 752-86-02
Жоба аясында Жалағаш кентінде халыққа тегін компьютерлік қызмет 
көрсету орталығын ашамыз. Осы жоба арқылы біз бірінші рет кентте 
осал топтағы тұрғындарға тегін компьютерлік қызмет көрсету орталығын 
ашамыз.  Компьютерлік қызмет көрсету жобасының арқасында халыққа 
тегін сурет шығару, құжаттарды көшірмелеу, сканерлеу, портфолио, түрлі 
құжаттар теру және дайындау жұмыстарын, осал топтағы азаматтардың 
үйлеріндегі дербес компьютерлерін жөндеу және сервистік қызмет 
көрсетеміз.
Жобаның атауы:  «Пайдалы IT» – оқыту орталығы
Іске асыру аймағы: Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті
Бюджет теңгемен: 923 580
Қатысушылар: Атаулиева Раушан Бекназарқызы, Баймаханова Назерке 
Муратқызы,  Атаулы Ержас Бекназарұлы
Жоба мақсаты – зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандардың 
компьютерлік сауаттылығын арттыру, үйден шықпай-ақ коммуналдық 
төлемдерді төлеуге машықтандыру, e-gov электронды үкімет порталында 
жұмыс жасауға дағдыландыру. Жоба барысында 100-ден аса ауыл 
тұрғындары орталық қызметіне жүгінді.


100
Жобаның атауы:  «Өз үйім» балалар орталығы
Іске асыру аймағы: Жалағаш ауданы, Жалағаш ауылы
Бюджет теңгемен: 980 000
Қатысушылар: Нуржанова Эльмира Кожабаевна, Сурапбергенова Венера 
Султановна, Әбдімәлік Шолпан Бекмуханбетқызы
Байланыс: +7 (771) 339-44-26
Жағдайы төмен отбасылардың тұрмыстық жағдайын жақсарту , тұрмыс-
тіршілігіне көмектесіп, отбасындағы түрлі жағымсыз мәселелердің 
туындауының, балаларды жалғыз үйде тастау салдарынан болатын 
қауіп-қатердің алдын-алу алу мақсатында «Өз үйім» балалар орталығы 
жұмыс жасайды.  Орталықта  балалар уақытын қызықты өткізеді, ойын 
бөлмесінде 3 жасқа дейінгі кішкене сәбилер үшін тыныштандыру және 
дамытушы ойыншықтармен жабдықталған қолайлы орта қалыптасқан. 
Ал  4-5 жастағы балалар үшін қызметкерлер ертегі оқиды, теледидардан 
қазақы ертегілер тамашалайды және   жазу-сызу құралдарымен түрлі 
суреттер салады, бояйды, уақытын барынша қызықты өткізеді.
Жобаның атауы:  Қаракеткен ауылында жастарға арналған өнер үйірмесін 
ашу
Іске асыру аймағы: Жалағаш ауданы, Қаракеткен ауылы
Бюджет теңгемен: 1 000 000
Қатысушылар: Аширалиева Фариза Шакирхановна, Дүйсенбай Нұрбибі 
Қайырбекқызы, Бекжанова Зәуре Баймұратқызы
Байланыс: +7 (705) 961-72-91
Жоба аясында Қаракеткен ауылында жастарға арналған өнер үйірмесін 
ашылады. Тұрмысы төмен, аз қамтамасыз етілген отбасы балаларының 
ақысыз өнер үйірмелеріне қатысуына әсер етеді. Жастар ән айту, би 
билеу және домбырамен дәстүрлі ән айтуды үйренеді. Жастардың 
өнерге деген қызығушылығы артады. Ауыл тұрғындарының рухани және 
мәдени дамуына әсер етеді. Жастар қазақ халқы қасиетті домбыра 
сүйемелдеуімен ән айтуды,  күй тартуды және терме айтуды үйренеді.
ЖАЛАҒАШ ауданы
ЖАЛАҒАШ ауданы


101
ЖАЛАҒАШ ауданы
ЖАЛАҒАШ ауданы
Жобаның атауы:  Әлеуметтік шаштараз қызметін ұйымдастыру жобасы
Іске асыру аймағы: Жалағаш ауданы, Жалағаш ауылы
Бюджет теңгемен: 976 000
Қатысушылар: Сүйінтай Нұргүл Кенжемұратқызы, Сүйінтай Ерболат 
Кенжемұратұлы, Рахметова Мөлдір Жарылхасынқызы, Шапағатов Ербол 
Серікұлы
Байланыс: +7 (707) 252-64-24, +7 (7243) 131613
Жобаның мақсаты – ауылдағы тұрмысы төмен отбасыларға, жалғыз басты 
қарт кісілерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету. Оларға тегін 
шаштараз қызметін ұсыну. Жағдайы төмен отбасылар біздің шаштараздан 
тегін қызмет көре алады.  Сондай-ақ біздің топтың жастары үйлерді 
аралап, тегін шаш қию қызметін көрсетеміз. Осылай біз халықтың әсем 
сымбатты жүруіне ықпал етеміз деп сенеміз. Осал топтағы адамдардың 
ақшасын үнемдеуге септігімізді тигіземіз.
Жобаның атауы:  Сиыр сүтін халықтың осал тобына тегін ұсыну
Іске асыру аймағы: Жалағаш ауданы, Ақсу ауылы
Бюджет теңгемен: 980 000
Қатысушылар: Жиенбаева Раушан Жансейітқызы, Әсембекова Фариза 
Нұржігітқызы
Депсалиева Перизат Депсалықызы
Байланыс: +7 (776) 875-82-55
Жоба Жалағаш ауданы бойынша сүтті сиыр малының сүт өнімдерін 
өндеу болып табылады.  Жобаның мақсаты ауылдағы тұрмысы төмен 
отбасыларға қарттарға, жалғыз басты аналарға, мүмкіндігі шектеулі 
жандарға көмек көрсету әлеуетін арттыру. Осы әлеуметтік жоба арқылы, 
топ мүшелері басқа жастарға үлгі көрсетіп, жастарды асыл қарттарға, 
мүмкіндігі шектеулі жандарға, әлеуетті төмен отбасыларға әрдайым 
көмектесіп жүруге талпындырып, шығарғысы келеді.


жүктеу 45,26 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау