Кітаптан есімде қалғаны ақша бала сияқты, оны қорғап, аялау керек. Ең дұры- сы ақшаның банкте сақталғаны. Өйткені ол жерде ақша өседі



жүктеу 37,25 Mb.
Pdf просмотр
бет12/13
Дата21.11.2018
өлшемі37,25 Mb.
#23015
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

55

Есеп айырысудың тағы бір әдісі – төлем терминалы. 

Бұл арнайы машинаға купюра енгізіп, төлем жүргізуге бо-

лады. Ондай терминалдарды дүкендер, емханалар, метро, 

кафелер, мейрамханалар және ойын-сауық кешендердің 

жанынан көруге болады.

Осы автоматтардың көмегімен ұялы телефон, байланыс, 

тұрмыстық қызметтер үшін немесе айыппұл төлеуге болады.

банкке барудың немесе қосылған онлайн-банкингтің болуы 

міндетті емес. Алайда, терминал қызметінің құны банк кар-

тасы мен онлайн-банкинг қызметтерінен қымбатырақ.

Егер  ата-анаң  төлем  терминалын 

қолданатын  болса,  олардың  осы 

әдіспен төлем жасағанын көріп ал.

Ата-анаңмен төлем терминалының қаншалықты ыңғайлы екенін талқыға сал. Ата-

анаң төлем терминалы арқылы қандай тауарлар мен қызметтер үшін төлейді екен?

ай сайын ұялы байланыс үшін 7500 теңге төлеп тұрады. Осыны білген Руслан 

тәжірибе өткізбек оймен байланыс үшін ақшаны әлгі үш әдіспен төлеуді ұйғарды. 

Осы ойынан не шыққанын көрейік.

Төлем терминалы

Төлем терминалы арқылы төлем жасау үшін

Төлем терминалы 

арқылы есеп айырысу

Мысалы, Оспановтар

Талқылап 

көр...



Ең тиімді есеп айырысу 

ә дісін тап 

•   Бірінші айда Руслан әкесі екеуі төлемді интер-

нет-банкинг  арқылы  жүргізді.  Бар-жоғы  5  ми-

нут уақыт жұмсалды, комиссия алынған жоқ (0 

теңге), себебі банк өз клиенттеріне ұялы байла-

ныс үшін төлемді комиссиясыз төлеуге рұқсат 

береді.


•   Екінші  айда  Руслан  анасы  екеуі  төлемді 

анасының картасы арқылы банкоматта төледі. 

Жұмсалған уақыт 45 минутқа созылды (себебі 

Оспановтарға  банкке  жаяу  баруға  тура 

келді),  комиссия  алынған  жоқ  –  бұл  банктің 

көрсететін қызметі. Алайда, басқа банкте ондай 

комиссияның болуы әбден мүмкін еді.

•   Үшінші  айда  Руслан  төлемді  мектепке  ба-

рар  жолдағы  терминал  арқылы  жасады.  Бұл 

операцияға 15 минут уақыт кетті (егер бұл күні 

Руслан мектепке бармағанда, төлем жасау үшін 

дәл осынша уақыт кетер еді), комиссия 75 теңге 

болды.

56

Ойланып 


көр

•   Оспановтар  үшін  интернет  пен  байланыс  ақысын  қай  әдіс  арқылы  төлеген 

тиімдірек екен? Қай әдіс уақыт пен ақшаны үнемдейді екен? 

•   Ата-анаңмен бірге қызмет пен тауарды қандай әдіспен сатып алған қолайлы 

екенін талқыға сал.

Енді біз заманауи, ә рі ыңғайлы есеп 

айырысу ә дістерін білеміз



Ондай ә діс бар! Ол – инвестиция 

Есте сақтаған жөн...

Бастапқыда айтқанымыздай, ақшаны банкада 

емес, банкіде сақтай отырып, біз пайыз 

көлеміндегі қосымша табыс ала ала-

мыз. Алайда, банк пайыздары 

инфляциядан асып түсе бермейді.  

Кейбір жағдайда оған тең, тіпті 

төмен болуы мүмкін. Осы орай-

да  ақшаны  бұдан  артық  жұмыс 

істеткізетін амал бар ма екен?

Инвестиция  ұғымы  әрдайым  тəуекел  ұғымымен  етене  жүреді.  Сенің  ақшаң 

сақталып,  көбейеді  деп  ешкім  кепілдік  бере  алмайды.  Ал  банк  жинақтарыңның 

толықтай қайтарылатынына кепілдік береді.

Əдетте, тәуекел артқан сайын, сол тәуекел үшін инвесторға – яғни, салым жасай-

тын адамға төленетін сыйақы да жоғарылай түседі. Егер инвестицияңыз сәтті бол-

са, келер табыс банк депозитінің табысынан 2-3 есе артық болуы мүмкін. Сонымен 

қатар, тәуекел де депозит тәуекеліне қарағанда әлде қайда жоғары болады.

Инвестиция – табыс табу мақсатында 

жасалатын салым



57

Ақшаны қандай салаға салуға болады?

Құпия 9

«Жұмыс істейтін» ақша!




Мысалы, Microsoft компаниясының технологиялары жаңа бағдарлама 

өнімдерін құрастыруға мүмкіндік береді. Сол өнімдер дүниежүзі бой-

ынша өте жақсы сатылуда. Немесе, тартылған инвестиция көмегімен 

зертхана  мамандары  қатерлі  ауруды  жеңетін  жаңа,  бірегей  дәрі 

ойлап табуы мүмкін. Сол пайдалы жаңалықтар сан түрлі компани-

ялар мен кәсіпорындарда қолданылып, табыс әкелуі мүмкін. Сол 

табыстың бір бөлігі инвесторға тиесілі.

Металдарды қайда пайдаланады? Металдан ұшақ, көлік, зы-

мыран, медициналық құрал, ыдыс, телефон, тіпті компьютер 

жасайды.  Осының  бәрі  металсыз  болмас  еді.  Металл  жер 

қойнауынан алынады. Сондықтан, оның қоры шектеулі. Яғни, ме-

талл өндірісіне инвестициялау арқылы табысқа жетуге болады.

Үй әркімге де, әрқашан да керек болады. Ол – адамның 

негізгі қажеттілігінің бірі. Үй салу қымбат: көп материал-

дар, техника, мамандар қажет. Қазіргі заманда тұрғын 

үйлер шамамен 3 жыл бойы салынады. Егер сондай үйде 

пәтерді құрылыстың бастапқы кезінде сатып алсаң, оның 

құны бірнеше есе көтерілуі мүмкін,

Ол үшін миллиондаған, миллиардтаған теңге қажет. Сондықтан, адамдар құнды 

қағаздар ойлап тапты. Ол қағаздар аз ақшаны инвестициялауға мүмкіндік береді. 

Яғни, зауыттың, үйдің, немесе технологияның кішкентай бөлігін сатып алуға болады.

58

Құнды металдарға...

Ғылым мен технологияның дамуына...

Құрылысқа...

Зауыт, үй, жер немесе зертхана сатып алу 

өте қымбат

Бизнеске...

Өз  ақшаңды  уақытша  зауыттарға,  фабрикаларға  бере 

тұруға болады. Олар осындай әдіспен тартылған инвести-

ция арқасында дамиды: жаңа құрылғы модельдерін жа-

сайды, сапалы тауар шығарады, немесе өндіріс көлемін 

ұлғайтады – яғни, табысын көбейтеді. Сол табыстың бір 

бөлігін олар қарызға ақша берген адамдармен бөлісуге тиіс.



жүктеу 37,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау