Кесте 2 - Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігінің қалыптасу деңгейлері (%)
|
Эксперименттік топ
|
Бақылау тобы
|
1- кесінді
|
4 - кесінді
|
1- кесінді
|
4 - кесінді
|
Жоғары деңгей
|
18,7
|
29,7
|
18,3
|
19,1
|
Орташа деңгей
|
36,1
|
44,7
|
32,2
|
32,7
|
Төмен деңгей
|
45,2
|
25,6
|
49,5
|
48,2
|
Сурет 4 – Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігінің қалыптасу деңгейлерінің қарқыны
Бақылау тобында этностық-мәдени сәйкестілік деңгейінде аса өзгерістер болған жоқ.
Сондықтан, жүргізілген тәжірибелік-педагогикалық жұмыс мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігінің қалыптасуының деңгейлерінің біз анықтаған көрсеткіштері мен өлшемдерінің объективтілігін дәлелдейді.
Өңделген теориялық қағидалар мен тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың нәтижелері негізінде біз келесі қорытындыға келдік:
Теориялық-әдіснамалық әдебиеттерді талдау негізінде мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру проблемасының генезисі зерттеліп, ерекшеліктері анықталды.
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігі этностық-мәдени сәйкестілік компоненттері арқылы қалыптасады: (танымдық, аффективті, мінез-құлықтық).
Этностық-мәдени сәйкестіліктің құрылымын теориялық талдау зерттеліп отырған құбылыстың қалыптасуының өлшемдері, көрсеткіштері және деңгейлерін анықтауға мүмкіндік берді.
Педагогикалық шарттар жүйелерін құрастыру негізінде мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың үлгісі жасалып, зерттеліп отырған проблеманың мақсаты, міндеттері, мазмұнын анықтауға мүмкіндік берді.
Тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың нәтижелері мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыруда іс-шараларды жүйелі ендірудің мүмкіндіктері мен тиімділігін айғақтайды.
Этностық-мәдени сәйкестілікті қалыптастыруда педагогикалық шарттар балалардың ана тілі, өз тарихы, мәдениеті туралы білімдерін тереңдетеді.
Зерттеу нәтижелерінен мынадай ұсыныстар туындайды:
этностық-мәдени сәйкестілікті қалыптастыру материалдары арқылы мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдіру мақсатында орындалған зерттеу еңбектерінің нәтижелерін мектепке дейінгі ұйымдардың тәжірибесіне ендіру;
этностық-мәдени сәйкестілікті қалыптастырудың педагогикалық шарттарының мүмкіндіктерін мектепке дейінгі ұйымның оқыту және тәрбие бағыттарында жүйелі қарастыру;
мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың отбасыларында этностық-мәдени білім беру негізінде іс-шараларды жетілдіру;
этностық-мәдени сәйкестілікті қалыптастыруда педагогикалық шарттар жүйесін мектепке дейінгі ұйымдар тәжірибесіне ендіру бойынша әр түрлі жұмыс формаларының барлық мүмкіндіктерін пайдалану.
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыруды зерттеу күрделі және көпсалалы болғандықтан, оның барлық жақтарын қамтып шығу мүмкін емес. Этностық-мәдени сәйкестілікті мектепке жасына дейінгі кезеңнен бастап қалыптастыру мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеші-педагогтардан ізденісті, жаңа формалар мен әдістерді талап етеді. Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеші-педагогтарының этностық-мәдени білімдерін дамыту, этностық-мәдени сәйкестілікті қалыптастыруда мектепке дейінгі ұйым мен мектеп арасындағы өзара сабақтастықты ескеру қажет, себебі баланың келесі жасайтын қадамы – мектеп табалдырығын аттау болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |