Екінші аралық кесінді келесі нәтижені көрсетті. Танымдық компонентке келсек, отбасында ана тілін үйрену жұмысы тәрбиешілердің ата-аналармен белсенді жұмысының негізінде біршама өсті. Аффективті және мінез-құлықтық компоненттерінің қалыптасу деңгейлері әлдеқайда жоғарылады. Бірақ, аралық кесінді көрсеткендей, тілдік ортаның жеткілікті дамымауы көрінеді. Ана тіліне қатысты этностық-мәдени сәйкестілікті қалыптастырудың деңгейі зерттеліп отырған мектеп жасына дейінгілер, мектеп жасына дейінгі балалардың мемлекеттік міндетті білім беру стандартының жобасына сай мектепке дейінгі ұйымның жағдайында әлі де болса жеткілікті түрде қалыптаспаған, соған қарамастан, тіл этностық-мәдени сәйкестіліктің негізгі факторларының бірі болып табылады. Бұдан басқа да этностық-мәдени сәйкестіліктің өлшемінің бірі – басқа этностардың және олардың мәдениетін саналы түрде игеруі қалыптаспаған.
Бұл кемшіліктерді біз үшінші кезеңде жібермес үшін «Ана тілі» атты ЭЕМ-ға арналған бағдарлама әзірледік және Э.К.Суслованың ұлтаралық қарым-қатынасты қалыптастыру әдістемесін қолдандық. Бағдарлама төрт тараудан тұрады. Әр тараудың мазмұны бар. Бұл бағдарламада бір бөлімнен кез келген екінші бөлімге тез көшіп ондағы ақпараттармен танысуға болады. Бірінші және екінші тараулар – белгілі бір тәртіпке негізделген қатаң бірізді технология бойынша құрылған. Үшінші және төртінші тараулар – модульды технология бойынша құрылған ойын бөлімі болып табылады. Бағдарламада жұмбақтар ұсынылады. Бақылау (модуль) негізгі бағдарламаға қосымша ретінде көрсетіледі. Бақылау белгілі бір тараулар бойынша жүзеге асырылады. Э.К.Суслованың «Әр түрлі ұлт өкілдерімен қарым-қатынас» әдістемесі әр ұлттың өкілдеріне жағымды сезімдерді тәрбиелеудің негізгі шарты және маңызды құралы. Бақылау экспериментінің нәтижесі балалардың ана тілі, мәдениет, өз тарихы туралы білімдерінің кеңейіп, өз этностық тектестігі туралы саналы көзқарасы қалыптасқандығын көрсетті.
Бақылау тобында аса көп өзгерістер болған жоқ.
Тәжірибелі-педагогикалық жұмыстың қорытынды бақылау кезеңінде анкетаны қайта жүргізу көмегімен біз мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігінің қалыптасуының деңгейлерін анықтадық. Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігінің қалыптасуының деңгейлерінің эксперимент басындағы және эксперименттен кейінгі көрсеткіштері 2-кестеде көрсетілген.
Кестеде көрсетілген нәтижелер мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігінің қалыптасуының деңгейлерінің эксперимент барысындағы қарқынын көрсетеді. Экспериментальды топ балаларының мәдениет, өз елінің тарихы, ана тілін үйренуге деген ұмтылысы деңгейлері өсті.
Достарыңызбен бөлісу: |