Ып-ыстық жас көзіме құйыла берді [31 б.]
Біраз жылаған соң ішіме толған ащы өксік түгел сыртқа шығып, көкірегім босағандай болды [31 б.]
Жарайды, кешкісін уәделі жерге кел, біз қанат екеуміз күтеміз,-деді. [35 б.]
Комментарий: Уәде - бір нәрсені орындауға немесе түрлі жағдайлар бойынша адамның сөзінде тұруы. Бұл жерде уәделі жер деп қолданылып тұр. Яғни алдын ала келісілген, екі тарапқада белгілі жер.
Сөйтті де Байдалыға бір жапырақ қағаз жазып берді. [42 б.]
–Қанат , тұр жұмысқа!-деген ащы дауыстан ояндым. [44 б.]
Жыланша бұралаңдаған ирек жолмен біріміздің артымыздан біріміз тізіліп жотаның үстіне шықтық. [55 б.]
Найза тастар ымырт қараңғылығына сұғынып қарауыта бастады. [57 б.]
Комментарий: Найза - жаугершілік замандағы әскери қару түрі. Сөйлемде найза тастар деп қолданыс тапқан. Ең алдымен тас дегенге мән берсек, мұнда тас деп тауды айтып тұр. Ал найза тастар десек тауға қатысты екенін бірден аңғарамыз. Жай ғана тасқа теңемей найза тастар деп атау ұтқырлық. Иә, найза ұзын саптан жасалған басы ұшты қару. Таудыңда басы ұшты әрі қатпарланып келетін болғандықтан найза мен тас сөзін қолданған.
Тау жақтан салқын самал соқты.[ 57 б.]
Ырысбек домбырасын қағып – қағып алды да, майда қоңыр үнмен бастай жөнелді. [73 б.]
Мұндай зор, мұндай асқақ, мұндай да әсем, сазды сұлу дауыс болар деп кім ойлаған. [74 б.]
Осы бір асқақ ән лезде кеулеп, сілкіп-сілкіп қалғандай болды. [74 б.]
Біз, балалалар, ойын дегенді ұмытып, дүниеде осындай да сұлулық, осындай да сырлылық, кербездік, тіпті түсіндіріп айтуға тіл жетпес бір тәтті сәттер болатындығын ұғып тұрмыз. [74 б.]
Ырысбек болса енді Дүрияға аса бір мұңлы кейіпте қадала қарап қапты [75 б.]
Амал қанша сұм тағдыр екеумізді де тәлкекке салыпты.[ 75 б.]
Рысбек Әпештен шынымен-ақ қорыққаны ма, әлде көк долы әйелмен беттесуді ер басына ар көргені ме, әйтеуір ауыз үйдің артқы терезесін жұлып тастап қашып шықтыда , қашан Әпеш кеткенше үйіне жоламапты. [85 б.]
Әпіш «Қайтейін, құдай қосқан қосағым, бақыр басты азаматым еді, оны қарғап- сілеп , онымен соттасып не опа табам. [86 б.]
Комментарий: Қазақта « Алтын басты әйелден, бақыр басты еркек артық» деген мақал бар. Ескі өткен дәуірде пайда болған ММ болса да, осы күнге дейін қолданылып жүр. Жаратылысынан ер адамнан бір саты төмен тұратын әйел заты ері қандай болмасын қастерлеп , құрметтеген. Ел-жұртқа оны жамандамаған, мәртебесін биік ұстауға тырысқан.
Қанатпысың ?! Сен неғып тұрып кеткенсің? – деді қатқыл үнмен. [11 б.]
Ол екеуі де жуан жұдырық қатындар еді. [111 б.]
Қанды шайқас жүріп жатыр. [123 б.]
Тіпті менің өзіме де осы сәтте апам кіп-кішкентай бір аянышты жан боп көрінді . [127 б.] Жазушы шығармасында бұдан басқа да эпитеттер көрініс тапты. (ары қарай ҚОСЫМША Б)
Достарыңызбен бөлісу: |