Оқиға болған жерді қарау
ХАТТАМАСЫ
12.12.2009 жыл Алматы қаласы
Краснохомской ауданының ІІБ тергеу бөлімінің тергеушісі полиция капитаны Коробков ҚІЖК-тің 227 баптарына сәйкес мәйітті күштеп өлтірілуне байланысты оқиға болған жердің хаттамасын толтырды.
Мәйіт табылған жерге келіп – Косогорова ауылы Пушкин көшесі 8 үйге келіп, куәгерлер Верников Николай Иванович және Сапожников Федор Петрович сонымен қатар аудан аралық сот медициналық эксперт Задачина Ф.Ф қатысуымен, маман-криминалист Полиция майоры Тухватуллин М.Е ., учаскелік полициясы Батраков және де Косогоровск селолық советінің төрағасы Петрунинаның қатысуымен ҚІЖК тің 221 және 222-баптарына сәйкес оқиға болған жерді қарау іс әрекетін жүзеге асырды.
Қарау таңғы сағат 08.25 басталып сағат 10.10 аяқталды. Қарау барысында бекітілді:
Мәйіт аңшы инспекторы Скрепин Иван Исидорович екендігі анықталды. Ол өз үйінен табылды, яғни Пушкин көшесі 8 үй. Скрепинның үйі өз кезегінде бір қабатты ағаштан жасалған. Теиірден жасалған шатырмен жабылған. Үйде екі бөлме бар. Үйдің ар жағында жер учаскесі бар. Үйдің үш терезесі бар, олар Пушкин көшесіне қараған. Скрепин мәйіті жатқан жер ас бөлмесі болып табылады, өлшемі 6х8 м. Ол бөлмеге күн сәулесі үш терезеден түседі, екі терезе фасад тұсынан ал бір терезесі оңтүстік жақтан.
Бірінші алдыңғы бұрышта шкаф-буфет тұр, оның ішінде әртүрлі ыдыстар жиналған. Терезелердің арасында тумбочка тұр, оның үстінде радио қабылдаушы «Звезда», сол жақ бұрышта кітап сөресі оның үстінде кітаптар жиналған. Бөлменің ортасында мата тектес абажурда үстел орналасқан, оны көк дастарханмен жабдықтаған. Қабырғаның бойымен сегіз орындық қойылған. Мәйіттің көкірек тұсында сол жақ емшегінің астынан үш саусак өлшем жерде дөңгелек тесік жарақат байқалады. Стрепинның жейдесі қанға батқан. Мәйіттің астында үлкен қан жиналған.
Скрепиннің мәйітінің бас жағы үстел жаққа қарап жатыр, аяқ жағы болса екінші терезе жаққа қарап жатыр, мәйіт арқасымен жатыр. Екі қолы екі жақта, аяғы дене осімен бірыңғай.Мәйіт сол жақ бетімен еденге тиіп жатыр. Мәйітте ақ жейде және қара жартылай шерстті шалбар аяғында сары шұлық және қолдан жасалған аяқкиім киілген. Шалбардың оң жақ қалтасында бет орамал көк түсті, сол жақ қалтасында тарақ.
Мәйіттің көздері жартылай ашық, аузы ашылған. Бірінші денгейдегі мәйіттің сіресуі байқалады. Мәйіттің аяғы қарап жатқан терезенің бір бөлігінің әйнегі алынған. Терезенің астыңғы жағында терезе сылайтын сылақтың қалдықтары табылды. Терезенің шеткі жағында саусақ қол іздері байқалады.
Қарауға қатысушылардан арыз түскен жоқ.
Мәйіт көмекші Петров Н.Н алып жүруімен аудандық емханаға мәйітті ашуға жіберілді.
ІІБ тергеу бөлімінің тергеуші: Коробков Р.А
Куәгерлер: Вареников А.Н.,
Сапожников И.Л.
Сот медициналық сарапшы: Задачин С.Н. маман-криминалист Полиция майоры: Тухватуллин М.Е Учаскелік полиция: Батраков Л.С.
Достарыңызбен бөлісу: |