Демек, бұл мәселенің әлеуметтік мағынасы бар екенін ескеріп, әлі толық ұйымдастырылмағандықтан сөйлеу тілінің дамымауы бар балалардың сөйлеу тілін дамытудың, соның ішінде сөздік қорын молайтудың тиімді жолдарын табу күттірмейтін мәселелердің бірі деп айтуға толық негіз бар.
2.1 Анықтау тәжірибесінің мазмұны мен нәтижесі
Сөйлеу тілінің бұзылуын (сөздік қорының дамымауын) анықтау теориялық және тәжірибелік тұрғыдан маңызы зор мәселе болып табылады. Диагностикалау барысында тек сөйлеу тілінің бұзылуы ғана анықталып қоймайды, сонымен қатар түзету-дамыту және логопедиялық жұмыстарды мақсатты әрі тиімді ұйымдастырудың жағдайлары анықталады.
Тексеру алдында тәжірибе жүргізуші өзінің диагностикалық іс-әрекетінде негізгі ұстанымдарды басшылыққа алуы керек. Сондықтан, анықтау тәжірибесін ұйымдастыру кезінде біздер де тексерудің белгілі қағидаларына сүйенген болатынбыз. Атап айтқанда: жүйелі тексеру, кешенді тексеру, іс-әрекеттік тексеру, динамикалық тексеру, онтогенетикалық. Барлық аталған қағидалар өзара тығыз байланысты.
Сөйлеу тілінің дамымауы бар дайындық тобындағы балалардың сөздік қорын молайту үшін алдымен анықтау тәжірибесі ұйымдастырылды. Ол оқу жылының үшінші тоқсаны басталған, яғни 15 қаңтардан – 30 қаңтарға дейін жүргізілді. Анықтаушы тәжірибенің мақсаты – сөйлеу тілінің дамымауы бар дайындық тобындағы балалардың сөйлеу тілін дамыту барысыда заттық-тәжірибелік іс-әрекетті бағытталған түрде қолдану деңгейін анықтау. Осыған байланысты келесідей міндеттер шешімін тапты:
1. Тәжірибе өткізуге қажетті әдістемелерді іріктеу, оларды өңдеу, дидактикалық материалдарды жинақтау;
2. Арнайы (түзету) мектебіндегі 2 сынып оқушыларының сөйлеу тілінің, сөздік қорының даму ерекшелігін анықтау.
3. Түзете-дамыту сабақтарында ойын іс-әрекетті пайдалану деңгейін анықтау.
Анықтаушы тәжірибе 3 кезеңнен тұрды.
1 кезең - Дайындық. Сөйлеу тілінің дамымауы бар дайындық тобындағы балалардың сөйлеу тілін тексеруге арналған әдістемелерді іріктеп, жүйелеу. Әдістемелерді өткізуге қажетті құралдар мен жабдықтарды дайындау. Сонымен бірге, мекеменің мамандарымен (медбикемен, тәрбиешімен, логопедпен) сұхбаттасу, сауалнама жүргізу. Балалардың жеке құжаттарын қарау, мекемеде орнатылған күн тәртібімен танысу.
2 кезең – Негізгі. Арнайы мектепте балалардың сөйлеу тілінің, сөздік қорының қалпын анықтау үшін педагогикалық тәжірибелер (анықтау және оқыту) өткізу.
3 кезең - Қорытынды. Тәжірибе барысында алынған мәліметтерді талдау. Талдау нәтижелерін ғылыми тұрғыдан тұжырымдап, қорытынды шығару.
Зерттеу жұмысының негізгі базасы ретінде Алматы қаласының № 7интеллектуальді дамуы бұзылған балаларға арналған мектеп таңдалды. Тәжірибенің дайындық кезеңінде осы аталған мекеменің мамандарымен әңгімелесу, олардың педагогикалық іс-әрекетімен танысу, арнайы құрастырылған сауалнаманы толтырту сияқты шаралар да жүргізілді.
Тексерілетін балалардың жеке құжаттарын (психоневрологиялық жеке картасын) алдын ала қарастыру олар туралы жалпы ақпаратты толықтыруға, әр баланың ерекшелігін дәл білуге септігін тигізді. Сонымен бірге, тексерілетін балалардың жас шамасы мен мамандардың қойған медициналық және педагогикалық диагнозымен танысуға мүмкіндік берді. Сөйтіп, тәжірибеге қатысқан балалардың жалпы саны 20, ал жасы 8 жас пен 9жас 3 ай аралығында болды. Тексерілген барлық бүлдіршіндерге « II деңгейіндегі сөйлеу тілінің жалпы дамымауы» деген диагнозы қойылған.
Анықтаушы тәжірибенің дайындық кезеңінде арнайы әдістемелік әдебиеттерді талдау негізінде отандық ғалым, Қазақстандағы логопедия саласының дамуына айтарлықтай үлес қосқан маман Қ.Қ.Өмірбекова ұсынған сөйлеу тілін тексерудің диагностикалық әдістемелері, бағалау көрсеткіштері алынған болатын. Нақты, «Сөйлеу тілінің бұзылуын тексеру» атты еңбегінде берілген «Сөздік қорын тексеру» тарауында көрсетілген әдістер таңдап алынды. Ең бастысы ондағы тексеруге қажетті сөздер мектепке дейінгі мекемелерінің бағдарламасына сәйкес құрастырылған, сөзік-буындық құрамы қолжетімді, қолайлы болуы ескерілген. Заттардың атын білдіретін сөздер, іс-әрекетті білдіретін сөздер, заттың сапасы мен қасиетін білдіретін сөздер, заттың санын білдіретін сөздер тақырыптық топтасу күйінде ұсынылды. Сөйлеу тілінің дамымауы бар балалардың сөздік қорын тексеруге алынған лексикалық және көрнекілік материалдар төмендегі қағидалар бойынша іріктелді:
- семантикалық болуы (заттың атын, бөлшегін сапасын, уақытын, кеңістікті білдіретін);
- лексикалық-грамматикалық болуы (барлық сөз таптарына қатысты);
- тақырыптық болуы (белгілі тақырып бойынша топталуы).
Анықтаушы тәжірибенің екінші кезеңінде 2 сынып оқушыларының сөйлеу тілінің қалпын анықтау үшін сынақ жүргізілді. Алдымен балалардың түрлі жағдай кезіндегі сөйлеу тілі бақылауға алынды. Бақылау нәтижесінде алынған мәліметтер хаттамаға түсіріліп отырды. Кейін әр балаға диагностикалық тапсырмалар ұсынылды.
Осы орайда ІІ деңгейде жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың сөздік қорын тексеру мақсатында анықтаушы тәжірибе ұйымдастырылған болатын. Анықтаушы тәжірибе 2014-2015 оқу жылының екінші жартысында 15 қаңтардан – 28 қаңтар аралығында жүргізілді. Сынақ Алматы қаласының №9 жалпы мектепте жүргізілді. Жалпы тәжірибеге қатысқан балалардың саны 20, оларға психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру нәтижесінде ІІ деңгейде жалпы сөйлеу тілі дамымаған диагнозы қойылған. Осы анықтаушы тәжірибенің мақсатына сәйкес келесідей міндеттер өз шешімін тапты:
- осы категория балаларын ойын және оқу іс-әрекеті кезінде бақылау;
- олардың практикалық іс-әрекет мазмұнының сипатын байқап білу;
- осы категориядағы балалардың сөздік қорын тексеру.
Жоғарыда айтылған міндеттерді жүзеге асыру үшін тәжірибеге қатысушы балаларға арнайы тапсырма берілді.
1.Белгілі бір тақырыпқа байланысты суреттерді атап шығу. Мысалы, «Отбасы мүшелері» тақырыбында суретке қарап ата, әже, әке, ана, аға, қарындасты көрсетіп, атап шығу.
Түстер
|
Көрсетілген суреттер
|
Өз бетінше айтуы
|
Айтқан жоқ
|
1
|
Қызыл
|
|
|
2
|
Көк
|
|
|
3
|
Сары
|
|
|
4
|
Жасыл
|
|
|
5
|
Қара
|
|
|
6
|
Ақ
|
|
|
7
|
Қоңыр
|
|
|
Дене мүшелері
|
Көрсетілген суреттер
|
Өз бетінше айтуы
|
Айтқан жоқ
|
1
|
Бас
|
|
|
2
|
Құлақ
|
|
|
3
|
Мұрын
|
|
|
4
|
Ауыз
|
|
|
5
|
Көз
|
|
|
6
|
Қол
|
|
|
7
|
Аяқ
|
|
|
8
|
Саусақ
|
|
|
9
|
Иық
|
|
|
10
|
Мойын
|
|
|
Көкеністер
|
Көрсетілген суреттер
|
Өз бетінше айтуы
|
Айтқан жоқ
|
1
|
Қырыққабат
|
|
|
2
|
Қызылша
|
|
|
3
|
Картоп
|
|
|
4
|
Қызанақ
|
|
|
5
|
Қияр
|
|
|
6
|
Сәбіз
|
|
|
7
|
Шалқан
|
|
|
8
|
Пияз
|
|
|
9
|
Сарымсақ
|
|
|
Жүргізілген тәжірибе барысында балалар жеке дыбысты буында сөзде айтады, ауызекі сөйлеу кезінде айтылуы ұқсас дыбыстармен шатастыратыны байқалды (сәбіз – сәпіз, саусақ – шаушақ, аяқ –аяғ және т.б.).
Р/с
|
Аты-жөні
|
Жасы
|
Уақыты
|
Дұрыс көрсе-туі
|
Дұ-рыс ай-туы
|
Көмек-ті қажет етуі
|
1
|
Кенен М.
|
7 жас 5 ай
|
9 мин 00 сек
|
-
|
+
|
+
|
2
|
Алимбеков Н.
|
7 жас 8 ай
|
9 мин 45 сек
|
-
|
-
|
+
|
3
|
Оразбаев Ж.
|
7 жас 2 ай
|
9 мин 30 сек
|
+
|
-
|
+
|
4
|
Жаксылыков А.
|
8 жас 7 ай
|
9 мин 55 сек
|
+
|
-
|
+
|
5
|
Омарбай Н.
|
8 жас 3 ай
|
9 мин 00 сек
|
-
|
-
|
+
|
6
|
Ушуров Н.
|
7 жас 6 ай
|
9 мин 50 сек
|
+
|
-
|
+
|
7
|
Жолдыбаев Р.
|
8 жас 2 ай
|
10 мин
50 сек
|
-
|
-
|
+
|
8
|
Бердікеева А.
|
8 жас 4 ай
|
10 мин
55 сек
|
-
|
-
|
+
|
9
|
Сейлиқан Н.
|
7 жас 7 ай
|
9 мин 55 сек
|
-
|
-
|
+
|
10
|
Ахмет А.
|
8 жас 4 ай
|
9 мин 35 сек
|
-
|
-
|
+
|
11
|
Серікова Л.
|
7 жас 6 ай
|
10 мин
55 сек
|
+
|
-
|
+
|
12
|
Қалиасқарова І.
|
8 жас 6 ай
|
9 мин 55 сек
|
-
|
-
|
+
|
13
|
Нұрахметова І.
|
7 жас 3 ай
|
9 мин 30 сек
|
+
|
+
|
+
|
14
|
Бақытова А.
|
8 жас 4 ай
|
10 мин
25 сек
|
-
|
-
|
+
|
15
|
Қуанышова Л.
|
8 жас 8 ай
|
10 мин
25 сек
|
-
|
-
|
+
|
16
|
Адильбекова А.
|
8 жас 9 ай
|
9 мин 35 сек
|
+
|
-
|
+
|
17
|
Бейсен Ш.
|
7 жас
11 ай
|
9 мин 55 сек
|
-
|
+
|
+
|
18
|
Шайық С.
|
7 жас
10 ай
|
9 мин 25 сек
|
-
|
+
|
+
|
19
|
Жәнібек Р.
|
8 жас 5 ай
|
10 мин
25 сек
|
+
|
-
|
+
|
20
|
Айбар С.
|
7 жас 6 ай
|
9 мин 55 сек
|
+
|
+
|
+
|
Жүргізілген тәжірибе барысында ІІ деңгейде жалпы сөйлеу тілі дамымаған зияты зақыдалған мектеп жасына дейінгі балалардың қол моторикасы мен қабылдау ерекшеліктері анықталды. Жоғарыда берілген кестеден олардың қол моторикасы мен қабылдау деңгейінің нормалық көрсеткіштерден біршама төмен екенін көреміз. Сөйтіп, «Мынау неге ұқсайды» әдістемесін орындау кезінде зияты бұзылған 6-7 жастағы балалар берілген жай фигуралардан біртұтас заттың бейнесін толықтай шығара алмады. «Мынау неге ұқсайды» әдістемесін орындау кезінде зияты бұзылған 6- 7 жастағы балалар ауызша нұсқауды соңына дейін тыңдамай жатып, тапсырмаға кірісіп кеткендігін айта кету керек. Осының салдарынан көптеген балалар тәжірибе жүргізушіге қайта-қайта сұрақтар қойды, ережеге сәйкес әрекет етпеді, керісінше біраз қателіктер мен түсінбеушіліктерге тап болды. «Мынау неге ұқсайды» әдістемесінің үш үлгісі ұсынылғандықтан, мектеп жасына дейінгі балалар оларды әртүрлі етіп орындады. Нақты айтқанда, қатысушылардың басым бөлігі төртбұрышты үйге (іргетасына, терезесіне, шатырына, есігіне) ұқсатты. Ал берілген дөңгелекті сынаққа қатысқан балалар күн бейнесіне ұқсатты. Жүректің схемалық суретін анықтау тәжірибесіне қатысқан балалар еш нәрсеге ұқсата алмады.
Сонымен бірге анықтау тәжірибесіне қатысқан балалар берілген уақытты үнемдемеді. Тапсырманы орындау барысында әдістеменің талаптарына жатпайтын басқа әрекеттерді де жасады. Мысалы, Қанат Т. жұмыс орнынан тұрып, оқу бөлмесін аралап жүрді. АлЖанай Н. қасында отырған «көршісіне» қарап істегенін қайталады, яғни ол бейнелеген суретті өзінің альбомына «түсіріп» отырды. Дайын болған суреттер бір-біріне қатты ұқсас болды, онда бейнеленген заттар күнделікті тұрмыстағы жақсы таныс нәрселер. Салынған суреттерді толықтыру, әсерлеу жағына келетін болсақ, балалар ешқандай тәсілдерді қолданбаған.
Ал «Суретті боя» әдістемесін орындау кезінде сынаққа қатысқан балалар ұсынылған бейнелерді сызықтан шығарып, қарындашты қатты басып тұрып, қою штрихпен бояды. Тапсырманы орындауға жұмсалған уақытта регламенттен 50 – 60 секундқа артық болды. Сонымен қатар кейбір балалар тәжірибе жүргізушіден көмектесуді сұрады. Оларға тапсырманың ережесін қайталау, мысал ретінде суретті бояп көрсету сияқты көмек көрсетілді.
Әдістемелерді орындау барысында балалардың әрекеттері мен қылықтарын бақылау, олардың ауызша берілген нұсқауларға зейін қоймайтынын да айта кеткен жөн. Анықтау тәжірибесі кезінде орын алған келеңсіз жағдайлар балалардың психологиялық ерекшелігімен, соның ішінде қол моторикасы дамуының төмендігімен түсіндіруге болады. Ал сурет сабағын бақылау нәтижесінде балалардың қабылдау үдерісін мақсатты түрде дамытуға ешқандай жұмыс жүргізілмейтіні анықталды.
Зерттеу нәтижесінде ІІ деңгейде жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың дыбыс айтуы мен сөздік қоры олардың жасына тәуелді болатыны анықталды. Зерттеуге қатысқандардың ішіндегі жеті-сегіз жасар ІІ деңгейде жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың көпшілігі тапсырманы толық орындаған жоқ. Ал орындағандарының қатесі көп болды. Сондықтан, ІІ деңгейде жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың дыбыс айтуы мен сөздік қорының даму деңгейі төмен екені байқалады. Демек, ІІ деңгейде жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың сөздік қоры қалыпты дамыған осы жастағы балалардан біршама төмен деңгейде дамиды деп есептеуге негіз бар.
Дыбыс айту мен сөздік қорын диагностикалауға арналған әдістемелерді орындау нәтижелерін үш деңгейге бөліп қарастыруға болады. Ол:
төменгі деңгей – тапсырманы қате орындау, көп көмекті қажет етуі;
орташа деңгей – бір-екі қатенің болуы, көмекті аз сұрау;
жоғарғы деңгей – қатенің болмауы және көмекті қажет етпеуі.
Сөйтіп, ІІ деңгейде жалпы сөйлеу тілі дамымаған 7-8 жастағы балалардың сөздік қорының дамуы төменгі және орташа деңгейлеріне сәйкес келді. Қатысқан 20 бала 100%, 1 бала 5% құрайды. Сөздік қорын анықтауға арналған бірінші тапсырманы орындау кезінде суреттерді дұрыс атауда жіберген қате саны бойынша 12 бала (60%) төмен деңгейде, ал қалған 8 бала (40%) орташа деңгейде орындағанын анық көруге болады. Дыбыстарды дұрыс айтуда жіберген қателер саны бойынша 15 бала (75%), ал қалған 5 бала (25%) орташа деңгейде орындағанын анық көруге болады.
Анықтау тәжірибесін жүргізу нәтижесінде алынған мәліметтерді № 3 кесте арқылы көрсететін болсақ:
Кесте № 3. Әдістемелерді орындау деңгейлері
-
тапсырма
деңгейі
|
төмен
|
орташа
|
Жоғары
|
Дұрыс көрсетуі бойынша
|
60 %
|
40 %
|
-
|
Дыбыс айтуы бойынша
|
75 %
|
25 %
|
-
|
2.2 Оқыту тәжірибесінің мазмұны мен нәтижесі
Анықтау тәжірибесінің нәтижелерін қорытындылай отырып, біз оқыту тәжірибесінің әдістемесін өңдеп жасадық. Оқыту тәжірибесі кестеге сәйкес, нақты айтқанда анықтау тәжірибесінен кейін 1 ақпаннан бастап – 18 сәуірге дейін жүргізілді. Оған анықтау тәжірибесі кезінде тексерілген ІІ деңгейде жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалар 8-9 жастағы 20 бала қатысты. Әдістемені өңдеп жасау барысында ІІ деңгейде жалпы сөйлеу тілі дамымаған 8-9 жастағы балалардың сөйлеу тіл ерекшеліктері, психикалық процестерінің өзгешелігі ескерілген болатын.
Оқыту тәжірибесінің мақсаты: ІІ деңгейде жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың грамматикалық сөйлеу тілін, байланыстырып сөйлеуін, дыбыс айтуын, фонематикалық естуін дамыту және сөздік қорын молайту.
Оқыту тәжірибесінің міндеттері: 1) ІІ деңгейде жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың сөздік қорын түрлі тапсырмалар арқылы дамыту;
2) іріктелген тапсырмалардың (әдістемелік жұмыстардың) түзете-дамыту жұмысын жетілдіруге деген ықпалын дәлелдеу.
Оқыту тәжірибесінің мазмұны: тәжірибеге қатысушы балаларды түзете-дамыту жұмысын жетілдіру үшін олармен оқыту және тәрбиелеу, түзету жұмысын ұйымдастырудың негізгі қағидалары ұсынылады:
Бұзылысты жоюдағы жүйелілік қағидасы. Құрылымдық компоненттері тығыз байланысты сөйлеу тілі күрделі функционалды жүйе деген түсінікке сүйенеді. Логопедиялық жұмыста ақаулықтың құрылымын, алғашқы бұзылысты, біріншілік және екіншілік бұзылыстардың өзара қатысын белгілеуді көздейді. Осыған сай сөйлеу тілі кемістігін түзету функционалды сөйлеу жүйесінің барлық жағына (лексикалық, грамматикалық, фонетикалық) әсер етуді көздейді. Аталмыш қағида түзете-дамыту әрекетінің нәтижесін болжауға мүмкіндік береді.
Онтогенетикалық қағида – балалардың тілін онтогенездегі ерекшеліктеріне (балалардың сөйлеу тілінің қалыпты жағдайда даму заңдылықтарын ескеру) сүйене отырып дамыту, себебі жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың сөйлеу тілі қалыпты дамыған балалардың бойындағы заңдылықтар бойынша дамиды. Логопедиялық әсер ету әдістемесін құрастыру сөйлеу тілінің түрлері мен функцияларының пайда болу кезектілігін және онтогенездегі баланың іс-әрекет түрлерін ескеріп жүргізіледі. Баланың сөйлеу функциясының қалыптасуының объективті және субъективті жағдайларын талдау, жүргізуші ақаулықты және соның салдарынан күрделенген психикалық дамуының кемістіктерін айқындау көзделеді.
Сөйлеу тілінің психикалық дамудың басқа жақтарымен байланысты қағидасы. Бұл қағида сөйлеу тілінің басқа психикалық процестермен қалыптасуының өзара байланысын ашады. Сөзсіз психикалық процестердің (зейін, ойлау, есте сақтау, қабылдау, т.б.) даму барысында сөйлеу тілі дамуы үшін, жазбаша сөйлеу тілін меңгеру үшін қажетті психологиялық қор (база) қалыптасады.
Шоғырландыру қағидасы. Түзете-дамыту әрекеті бір лексикалық тақырып ішінде бір кезеңнен екіншіге өту барысында күрделенеді. Осы қағидаға сәйкес, оқыту және тәрбиелеу жұмысында берілген оқыту кезеңдері өзара байланыста болуы қажет: оқытудың мазмұны әр кезеңде балаларды жаңа, күрделі материалды меңгеруге дайындайды.
Бірізділік қағидасы. Бір жағдайларда тақырыптық пәнаралық байланыс болса, басқа жағдайларда педагогикалық ойы бойынша жалпы болады. Бұл қағиданың іске асырылу мақсатында оқу материалы қайталанып отырады да, жалпы сөйлеу тілі дамымаған балаларда тұрақты біліктер мен дағдылар қалыптасады.
Жеке және дифференциалды ықпал ету қағидасы түзете-дамыту әрекетінде сөйлеу тілі бұзылысының құрылымын, этиологиясын, механизмін, бұзылыстың симптоматикасында балалардың тұлға ретінде қалыптасу ерекшеліктерін және танымдық мүмкіндіктерін ескеруді көздейді. Аталмыш қағида жұмыс темпінің жекешелігін өткен кезең материалын толық меңгергенде ғана оқытудың жаңа кезеңіне өтуді көздейді.
Сөйлеу тіліне үйретудің қатынастық бағыттылығы қағидасы. Баланы қатынас жасаудың құралдарына ғана оқыту емес, сол құралдарды белсенді түрде тәжірибелік қатынаста қолдануда үйретуге бағытталған.
Тұлғалық бағдарлау қағидасын жалпы сөйлеу тілі дамымаған мектеп жасындағы балаларды түзете-дамыту әрекетінде қолдану, білім беру процесін ұйымдастырудың ойын түрін эмоциялық қатынас негізінде көп қолдануды, қимыл белсенділігі тәртібін енгізуді, психикалық және физикалық жүктемені мөлшермен беруді, оқыту материалының баланың күнделікті өмірімен байланысын, көрнекі және дидактикалық құралдарды көп қолдануды қажет етеді.
Арнайы әдебиеттердегі деректерді, негізгі түзету жұмыс бағыттары мен қағидаларын ескере отырып жалпы сөйлеу тілі дамымауының ІІ деңгейіндегі балалардың сөз түсінігі мен сөз қорын молайтуға және тұрмыстық ситуацияда айналасындағылармен қатынас жасауын дамытуға бағытталған жұмыс барысында қосымша төмендегідей қағидаларды басшылыққа алу тиімді деп санаймыз:
Қатынас құралы ретінде тілді нақты өмірлік, тұрмыстық ситуацияда меңгерту. Бұл қағида алдымен балаға күнделікті өмірлік ситуацияда айналасымен қарым-қатынас жасауға қажет категориялар мен ұғымдарды меңгеруге мүмкіндік береді.
Сөз қорын молайтуға және сөздің мағыналық жағын түсінуге қажет. Сөздік материалдарды жүйелеуде сөздің сөз өзгерту белгісін мүмкіншілігін ескеру қағидасы.
Арнайы ұйымдастырылған сабақтардың ерекшелігі – балалардың сөздік қорын дамытуға бағытталған әдістемелік жұмыстарды кешенді әрі мақсатты түрде жүргізілуі. Арнайы ұйымдастырылған сабақтардың мазмұны:
Сөз түсінігін дамыту;
Сөйлеуін қалыптастыру;
Дыбыс айтуын қалыптастыру.
Дыбыс айтуын қалыптастыру.
Сөйлеу тілінің дамуының екінші деңгейіндегі балалардың дыбыс айтуының бұзылуы тұрақты болып келеді, фонетикалық-фонематикалық жағы толық деңгейде қалыптаспайды, 16-20 дыбыстарды айтуда әр түрлі кемшіліктер кездеседі:
Жеке дыбыстарды айта алмауды, үлгі бойынша қайталамайды;
Жеке дыбысты буында сөзде айтады, ауызекі сөйлеу кезінде айтылуы ұқсас дыбыстармен шатастырады (шана – сана, қайшы – қайсы, қозы- қожы, т.б.);
Жеке дыбысты дұрыс айтады, сөйлемде дыбыста тастап кетеді (Ағашқа қаға қонды);
Дыбыстарды бұзып айтады;
Сөздің буындық құрамы сақталғанымен, оның дыбыстық құрамының бұзылуы (ірімшік – іміршік, қуыршақ – құмыршақ, буратино – буритана, т.б.);
П.А.Каше, Г.В.Чиркина, Т.Б.Филичеваның деректері бойынша ЖСТД балаларда ысқырық, ызың, сонорлы, африкат дыбыстар бұзылады. Көбінесе сонорлы й, л, г, к, х дыбыстарды шатастырады, кейбір дыбыстарды артикуляциасы қарапайым дыбыстармен алматырады (жалау – далау, сиыр – тыил, қарға – қайға, лақ – вақ, т.б.).
ІІ деңгейдегі балалардың сөйлеу тілінің фонетикалық жағын дамыту жұмысының негізгі мазмұны:
Балаларды тіл дыбыстарын басқа дыбыстардан ажырата білуге үйретеді.
Дыбыс бағытын анықтауға, алыстан шыққан дыбысты ажыратуға үйрету.
Баланың сөйлеу тілінде бар дыбыстарын дұрыс айтуын анықтау.
Жоқ дауыссыз дыбыстарды (п, б, м, т, д, н, к, қ, х, г, ғ), дауысты (а, ә, о, ө, у, ы, и, ұ) дыбыстардың дұрыс айтуын қалыптастыру, қойылған дыбыстарды буында, сөзде, сөйлемде бекіту, машықтандыру.
Сөздің дыбыстық, буындық құрамын қалыптастыру, сөздің ырғақтың құрамын шапалақтап көрсетуге үйрету.
Құрылымы әр түрлі буындарды қайталауға үйрету.
Физиология саласында балалар мен жеткіншектерді зерттеу нәтижесінде (М.М.Кольцова) мынадай заңдылық анықталған: егер қолдың саусақтарының қимылы жасына сәйкес болса, онда сөйлеу тілі қалыпты дамиды. Егер де саусақ қимылдары қалыптаспай кешеуілдесе, онда сөйлеу тілі де кешеуілдейді. Сол себепті оқыту тәжірибесі кезінде біз
Арнайы әдебиеттерде фонематикалық қабылдауын дамыту жұмысы төмендегідей кезектілікпен жүргізу керектігін көрсетеді:
Сөйлеу тіліне жатпайтын дыбыстарды тану;
Бірдей сөздерді, фразаны, дыбыс жиынтықтарын, дыбыстарды дауыстық жоғарлығына, күшіне, тембріне қарай ажырату;
Дыбыс құрамы жақын сөздерді ажырату;
Буындарды ажырату;
Фонемаларды ажырату;
Қарапайым дыбыстың талдау дағдаларын дамыту.
Әр кезеңдегі жұмыс түрлеріне толығырақ тоқталайық.
Бірінші кезеңде арнайы ойын, жаттығулар қолдану барысында балалардың әртүрлі сөзсіз дыбыстарды естіп ажырату дағдылары қалыптасады және есту зейінімен есте сақтауы дамиды. Бірінші сабақтарда балаларға мынадай сұрақтар қойылды: Далада не шулап жатыр? Кім сөйлесіп жатыр? Не шиқылдап тұр? т.б. Сабақта әр түрлі ойындарды қолдануға болады.
1-ойын. Балалар дөңгеленіп тұрады. Одан кейін сылдырмақты әр бала кезек-кезек сылдырлатады. Ортада тұрған бала кімнің артында сылдырлағанын табу керек.
2-ойын. Үстел үстіне әр түрлі заттар (дыбыс шығаратын ойыншықтар) қойылады. Қарындашпен заттарды ақырын соғып, қандай дыбыс шығаратынына көңіл аудару керек. Содан соң шымылдық артына қойып, бала қандай заттың дыбысы екенін анықтайды.
Екінші кезеңде балаларды бірдей сөздерді, буынды дыбыстарды дауыстың күшіне, жоғарылығына және тембріне қарай ажыратуға үйрету керек. Дыбыс алыстан, жақыннан, қатты, ақырын естуін анықтау үшін әртүрлі ойын түрлерін кеңінен қолданадық. Мысалы, балаларға үй жануарларының суреттерін көрсетіп (бұзау, лақ, мысық, т.б.), жоғары, төмен, қатты, ақырын дауыстап еліктеуіш сөздерді (му, мә, мяу) айттым. Бала соған сәйкес суреттерді көрсетуі керек.
Үшінші кезеңде балалар дыбыстық құрамы ұқсас сөздерді ажырата білуге үйренеді. Ол үшін төмендегідей ойынды пайдалануға болады.
1-ойын. Тақтаға мынадай суреттер қойылады: бор, тор, лақ, бақ, май, тай, асық, қасық, балта, балға, т.б. Тақтаға шыққан балаға бір сурет беріледі, бала аталуы ұқсас суреттің астына қоюы керек. Нәтижесінде тақтада суреттер мынадай ретте орналасуы керек:
Бор лақ май асық балта
Тор бақ тай қасық балға
Төртінші кезеңде буындарды ажыратуға үйренеді. Алдымен мынадай ойыннан бастаған тиімді. Буындарды атайды «ба-ба-ба-па», «ма-ма-мо», «қа-қа-ға», т.б. Балалар артық буынды табу керек.
Бесінші кезеңде ана тіліндегі фонемаларды ажыратуға үйренеді. Алдымен дауысты дыбыстарды ажыратудан бастайды. Жұмыс тәсілдері. Балаларға суреттерді таратып, (поезд, торғай, жылаған кішкентай бала, т.б.) түсіндірдім: поезд «гу-у-у» деп гуілдейді; бала – «а-а-а» деп жылайды; жылан – «с-с-с» деп ысылдайды. Содан соң сол дыбыстарды кезекпен созып айттым: «а-а-а», «с-с-с» немесе «у-у-у». Бала соған сәйкес суретті көрсетуі керек. Біртіндеп бұл бағыттағы тапсырмаларды күрделендіріп ұсындым. Мысалы, сол дыбыстарды қысқа айттым (а, у, с); балаларға әр түсті текше таратылады. Балалар қызыл текшені «а» дыбысын естігенде, жасылды «у» дыбысын естіген кезде көтеру керек.
Сөйлеу тілінің лексикалық-грамматикалық жағын қалыптастыру
Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың сөз қорының және грамматикалық жағының даму ерекшеліктері Р.Е.Левинаның, Б.М.Гриншпуннің, С.Н.Шаховскаяның, Н.С.Жукованың, В.К.Воробьеваның, О.Е.Грибованың жұмыстарында қарастырылды. Ресей авторларының мағлұматтары бойынша ЖСТД балаларға тән ерекшеліктерге жататыны:
Ана тіліндегі тіл құралдарын меңгеру процессінің баялауы;
Енжар сөз қоры, белсенді сөз қорына қарағанда басым, бірақ оларды сөйлеу іс-әрекетінде өздігінен бірден қолдана алмауы;
Көбінесе заттың атын білдіретін сөздерді көп қолданып, етістік сөздер зат есімге қарағанда екі есе кем, ал сын есімдерді қолдануы мүлдем шектеулі болуы;
Сөздерді шатастыруы;
Жалпылама, абстанциялық сөздерді меңгеруінде қиындықтар кездесуі;
Жалғау, жұрнақтарды қолдану қиыншылықтары;
Сөз жасам, сөз өзгерту дағдыларының толық қалыптаспауы;
Сөйлемдегі сөз арасындағы байланыстың бұзылуы (аграмматизм);
Сөйлем құрылымының бұзылуы.
ІІ деңгейдегі балалар қарапайым фразаларды меңгере бастайды. Бұл бағыттағы балалармен жүргізілетін түзету жұмысының негізгі міндеттері:
Сөз түсінігін дамыту;
2-3 сөзден тұратын сөйлем құрамын меңгеру;
Белсенді сөз қорын молайту;
Алғашқы грамматикалық сөйлем категорияларын, түрлерін меңгеру.
Бұл деңгейдегі балалардың сөйлеу іс-әрекетін белсендіру және сөйлеу тілінің лексикалық-грамматикалық жағын дамыту жұмысының негізгі мазмұны:
1-3 буыннан тұратын сөздерді дұрыс айтуын бекіту (доп, маса, машина, балапан, қарындаш, қарлығаш, т.б.)
Сөз өзгерту дағдыларының қарапайым түрлерін меңгеру (заттарды кішірейтіп айту). Басында балалар ондай сөздерді естіп ажыратуға үйретеді. Сосын ол сөздерді өздігінен сөздерді қолдануға үйренеді. Ол үшін алдымен көлемі бойынша заттарды көріп салыстырады, кейіннен логопед бастаған сөйлемді аяқтайды. Мысалы, «Атамда үлкен кітапбар, балада кішкентай кітапша бар», «Мен үлкен үйде тұрамын, күшігім кішкентай үйшікте тұрады».
Ауызекі сөйлеуде әр түрлі грамматикалық категорияларды қолдануға үйрету:
Сын есімдерді (үлкен-кішкентай, тәтті, ащы, әдемі, т.б.)
Сан есімді (бір, екі, көп, т.б.)
Кеңістікті білдіретін сөздерді қолдану дағдыларын қалыптастыру (астында, үстінде, қасында, алдында, т.б.)
Есімдіктерді (менің, сенің, оның, менікі, т.б.)
Жиі қолданылатын етістік түрлерінауызекі сөйлеуде қолдану (барды, келді, кетті, ішті,ұйықтады,алды, берді, ойнады, т.б)
Іс-әрекеті бойынша зат есімдерді табуға үйрету (ұшады – ұшақ, құс; кеседі – нанды; оқиды – кітапты; секіреді -бақа)
Заттарды, аңдарды, құстарды сипаттамасы бойынша табу;
Аталған сөзге ситуациялық ұқсастығы бойынша сөз табу (шана –қыс; дәптер, кітап - мектеп);
Геометриялық фигуралардың аттарын, негізгі түстерді ауызекі сөйлеуде өздігінен қолдануға үйрету (шаршы, үшбұрыш, дөңгелек, шеңбер, қызыл, көк, жасыл, қара);
Заттың бөлшектерін атауға үйрету (орындықтың аяғы, арқасы; машинаның дөңгелегі, кабинасы);
Үлгі бойынша жай сөйлемдерді құрастыру дағдысын бекіту (Айдос кел. Әсем тұр. айдос келді. Әсем тұрды.);
Сөйлемге тұрлаулы мүшелерді қосу арқылы сөйлемді кеңейту (Болат пен Алмас ойнады. Дана доп, қонжық сатып алды.);
Есімдік пен етістікті дұрыс қолдануын қалыптастыру (Мен ойнадым, ол ойнады, олар ойнады);
Сұраққа дұрыс жауап беруге үйрету (Не ұшады? – Құс, маса ұшады.);
Септік жалғауларды дұрыс қолдануға үйрету.
Жалпы сөйлеу тілі дамымаған (ІІ деңгейдегі) балалардың сөйлеу түсінігін дамыту жұмысы мына бағыттарда жүреді:
Айналасындағылардың сөзін тыңдай білуге үйрету;
Заттың атын, іс-әрекетін, кейбір белгілерін анықтауға, түсінуге үйрету;
Сөздің жалпылама мағынасын түсінуін қалыптастыру;
Айтылуы және мағыналық жағы ұқсас сөздерді ажырату;
Диалогтік, монологтік сөйлеуге дайындау жұмыс барысында алдымен балалар логопедтің сұрағына сүйеніп жауап береді.
Логопедтің сұрағында жауаптың мазмұны, жауапқа қажет сөздер болуы керек. Мысалы: Кім отыр? – Ата отыр. Қыз не істеп жатыр? – Қыз ұйықтап жатыр. Бала сұрақты түсініп, өздігінен дұрыс жауап беруін меңгерген соң, етістіктің шақтарын, зат есімнің жекеше, көпше түрін, кеңістікті білдіретін сөздерді, жалпы белгілері бойынша заттарды топтастыруға, септік жалғауларды мағынасын түсінуге бағытталған әр түрлі тапсырмалар берілді:
1-тапсырма. Әр түрлі айтылуы бойынша ұқсас сөздерді (зат есім) ажыратуға үйрету:
Бас – тас балға – балта
Бал – бар сақа – бақа
2-тапсырма. Суреттен көрсету:
Кім жүгіріп келді? Кім секіреді?
Кім жатыр? Кім ұйықтап жатыр?
3-тапсырма. Қарама-қарсы іс-әрекеттерді ажырату:
Көйлекті шеш – көйлекті ки;
Допты алып бар – допты алып кел;
Есікті аш – есікті жап.
4-тапсырма. Суреттен дұрыс көрсету:
Қыз шашын тарап отыр.
Қыздың шашын тарап отыр.
Сөз түсінігін дамыту жұмысы нәтижесінде ІІ деңгейдегі балалар сөздің кейбір грамматикалық түрлерін, қарапайым, қысқа әңгімелерді, ертегілерді түсіне бастайды.
Бұл кезеңде белсенді сөз қоры тұрмыста қолданатын сөздермен толықтырылады, алайда бұл сөздер нақты түсінікті білдірмей орынды қолданылмайды. Мысалы, балалар заттардың атауларын әрекет атауларымен және керісінше шатастырады. Бір заттардың атауларын ұқсас жағдай бойынша, бала басқа жағдайда осы заттарды кездестірсе басқамен алмастыруы мүмкін (такан-кесе, стакан-кесе; омала-су, орамал-су, т.б.). Бір сөзбен бірдей белгілері бар әр түрлі заттарды атайды және керісінше бір затты әр түрлі жағдайда бала әртүрлі етіп атауы мүмкін. Баланың зиятының даму деңгейі неғұрлым төмен болса, сөздердің негізгі мәтіні күрделі түрде алмастыру соғұрлым күрделі және жиі кездеседі. Сөйлеу тілі дамуының бұл кезеңі әлі де өткен кезеңдегі сипатта болады: сөздердің полисемиясы, сөздердің өзара грамматикалық байланысының жоқтығы, үшбуындық сөздерде буындардың құрамының сақтамауы, дыбыс айтуының қалыптаспауы.
Сөз қорын молайту жұмысын бағдарламадағы көрсетілген лексикалық тақырыптарға сәйкес келесі бағыттар бойынша жүргізу тиімді:
Сөздің номинитивті функциясын дамыту;
Сөздің мағынасын дамыту;
Сөздің ассоциативтік байланысын дамыту;
Сөздің семантикалық аясын қалыптастыру, кеңейту;
Сөз өзгерту дағдысынқалыптастыру;
Сөз қорын бекіту.
Сөздің номинативтік функциясын дамыту заттың атын атаудан басталады, сосын затты оны бейнесімен сәйкестендіріп атайды, басқа заттың арасынан сипаттамасы, белгісі бойынша затты табады.
Жұмыс барысында сөздің нақты мағынасын түсінуге, семантикалық белгілеріне, іс-әрекетіне көңіл бөледі және сұрақ қою арқылы логопед етістік сөздерді ойын барысында бекітуге үйретеді.
Сөздер бір-бірімен байланысып сөз тіркестерін, сөйлем құрайды. Сөз арасындағы байланыс (сөздің валенттілігі деп аталады) балаларда әр түрлі ассоциациялар (айту ұқсастығы, мағыналық, семантикалық белгілері, ұқсастықтары бойынша, т.б.) тудырады және жаңа заттарды атауына, белгілерін айтуға, мағынасы бойынша сөзді табуға ынталандырады. Сондықтан сөйлеу тілін дамыту барысында ассоциативтік байланысты қалыптастыруға ерекше көңіл бөлу қажет. Көптеген ғалымдар сөз қорын молайтуда оның орны ерекше деп санайды, өйткені ассоциация ой-сананың, психиканың дамуының негізгі механизмі деп есептейді.
Ассоциацияны қалыптастыру зат есім, сын есім, етістіктердің семантикалық аясын құрастыру, кеңейту, синоним, антоним сөздерді меңгеру арқылы іске асады. Бұл бағытта жұмыс жүргізу барысында ескеретін жағдай:
Баланың берілген сөзді басқа сөздермен байланыстыра алу мүмкіншілігін ескеру;
Ұсынылатын сөз баланың жаңа сөздерді іздеп табуына, сөз өзгертуіне, сөз жасалуына, сөз тіркестерін, сөйлем құрауын ынталандыруна ықпал ететіндей болу керек. Мысалы, біз оқыту тәжірибемізде ынталандыру сөзі ретінде «қуыршақ» суреті беріледі. Ол сөзге балалар «әдемі, үлкен» деген ассоциацияларды айтады. Сосын логопед: Біз Айнашты (қуыршақты) серуенге шығуға дайындық. Не істейміз? – киіндіреміз. Қандай киімдер кигіземіз? – балалар киімдерді атайды (көйлек, пальто, бас киім, т.б.). Оларды бір сөзбен қалай атаймыз? Қуыршақтың пальтосы қандай? – Қызыл, жасыл, әдемі. Қуыршаққа негі жылы пальто кигіздік? (дала суық). Далада қуыршақ не істейді? – ойнайды, жүгіреді, секіреді.
«Ойлан тап»
Іс-әрекетті білдіретін сөздерге заттың атын білдіретін сөздерді табуға үйрету.
Жүгіреді (бала, ит, мысық, ат);
Секіреді (қыз, бақа, мысық);
Жатыр (ата, апа, аға, күшік, ит);
Ұшады (ұшақ, шыбын, торғай, ара, қоңыз).
«Қатемді түзет»
Есту қабілетін дамыту. Сөйлем құрау дағдысын бекіту.
Логопед сөйлемді айтады. Балалар қатесін түзетіп, дұрысын айту керек. Логопед: ит ұшады, мысық сурет салды.
«Бір сөзбен айт»
Балаларға жалпылама атауын қалыптастыру тақырыбы бойынша бірнеше суреттер көрсетеді (ойыншық, үй жануарлары, т.б.). Логопед суреттердегі заттарды дұрыс ата, сосын бұл заттарды бір сөзбен қалай аталатынын айт.
«Заттарды сипатта»
Сын есімдерді белсенді сөйлеуде қолдану дағдыларын дамыту. Логопед балаға суретті көрсетіп, «Бұл не? Қандай?» деген сұраққа жауап беруін сұрайды. Тапсырманы өздігінен бірден орындай алмаса, үлгі бойынша орындаудан бастайды.
Алма қандай? (тәтті, қызыл, дәмді, домалақ)
Пияз қандай? (ащы, сары, домалақ)
Ағаш қандай? (биік, жасыл, жуан)
Көйлек қандай? (әдемі, қызыл)
Қарындаш қандай? (көк, ұзын)
Оқыту тәжірибесінің нәтижесін анықтау:
Оқыту тәжірибесі кезінде қолданылған әдістемелік жұмыстардың тиімділігін тексеру үшін сынаққа қатысқан балаларға алдынғы диагностикалық тапсырмалар берілді. Мысалы: ІІ деңгейде жалпы сөйлеу тілі дамымаған 7-8 жастағы балалардың сөздік қоры қаншалықты дамығанын анықтау үшін «Белгілі бір тақырыпқа байланысты суреттерді атап шығу» әдістемесі қолданылды. Әдістеменің мақсаты - қатысушының қабылдауын, және сөздік қорының қаншалықты жетілгенін анықтау. Орындау ережесі: суреттердің атауын атау. Мысалы, «Отбасы мүшелері» тақырыбында суретке қарап ата, әже, әке, ана, аға, қарындасты көрсетіп, атап шығу.
Тапсырманы орындаған баланың сөздік қорын анықтау үшін келесі көрсеткіштерге көңіл аударылды: суреттерді дұрыс атау, дыбыстарды дұрыс айтуы, ұқсас дыбыстармен шатастырмау, жұмсалған уақыт, көмектің қажет етуі.
Р/с
|
Аты-жөні
|
Жасы
|
Уақыты
|
Дұрыс көрсе-туі
|
Дұ-рыс ай-туы
|
Көмек-ті қажет етуі
|
1
|
Кенен М.
|
7 жас 5 ай
|
8 мин 00 сек
|
+
|
+
|
+
|
2
|
Алимбеков Н.
|
7 жас 8 ай
|
8 мин 45 сек
|
-
|
-
|
+
|
3
|
Оразбаев Ж.
|
7 жас 2 ай
|
8 мин 55 сек
|
+
|
+
|
+
|
4
|
Жаксылыков А.
|
8 жас 7 ай
|
9 мин 20 сек
|
+
|
+
|
+
|
5
|
Омарбай Н.
|
8 жас 3 ай
|
8 мин 30 сек
|
-
|
-
|
+
|
6
|
Ушуров Н.
|
7 жас 6 ай
|
9 мин 15 сек
|
+
|
-
|
+
|
7
|
Жолдыбаев Р.
|
8 жас 2 ай
|
10 мин
10 сек
|
-
|
-
|
+
|
8
|
Бердікеева А.
|
8 жас 4 ай
|
10 мин
20 сек
|
-
|
-
|
+
|
9
|
Сейлиқан Н.
|
7 жас 7 ай
|
8 мин 40 сек
|
-
|
-
|
+
|
10
|
Ахмет А.
|
8 жас 4 ай
|
8 мин 35 сек
|
-
|
-
|
+
|
11
|
Серікова Л.
|
7 жас 6 ай
|
10 мин
25 сек
|
+
|
-
|
+
|
12
|
Қалиасқарова І.
|
8 жас 6 ай
|
9 мин 35 сек
|
+
|
+
|
+
|
13
|
Нұрахметова І.
|
7 жас 3 ай
|
8 мин 55 сек
|
+
|
+
|
+
|
14
|
Бақытова А.
|
8 жас 4 ай
|
9 мин 55 сек
|
-
|
-
|
+
|
15
|
Қуанышова Л.
|
8 жас 8 ай
|
9 мин 50 сек
|
-
|
-
|
+
|
16
|
Адильбекова А.
|
8 жас 9 ай
|
8 мин 45 сек
|
+
|
-
|
+
|
17
|
Бейсен Ш.
|
7 жас
11 ай
|
9 мин 25 сек
|
-
|
+
|
+
|
18
|
Шайық С.
|
7 жас
10 ай
|
8 мин 35 сек
|
-
|
+
|
+
|
19
|
Жәнібек Р.
|
8 жас 5 ай
|
9 мин 45 сек
|
-
|
-
|
+
|
20
|
Айбар С.
|
7 жас 6 ай
|
8 мин 55 сек
|
+
|
+
|
+
|
Жүргізілген оқыту тәжірибесі нәтижесінде ІІ деңгейде жалпы сөйлеу тілі дамымаған 7-8 жастағы балалардың сөйлеу тілі мен сөздік қоры біршама дамығаны байқалды. Жоғарыда берілген кестеден олардың практикалық дағдыларының осы параметрлері едәуір жоғары көрсеткіштерге бір қадам жақындағанын көреміз. Сөйтіп, «Белгілі бір тақырыпқа байланысты суреттерді атап шығу» әдістемесін орындау кезінде ІІ деңгейде жалпы сөйлеу тілі дамымаған 7-8 жастағы балалар берілген суреттердің атын атай алды. «Белгілі бір тақырыпқа байланысты суреттерді атап шығу» әдістемесін орындау кезінде ІІ деңгейде жалпы сөйлеу тілі бұзылған 7-8 жастағы балалар ауызша нұсқауды соңына дейін мұқият тыңдап, тапсырмаға кіріскен болатын. Педагогтің немесе тәжірибе жүргізушінің сұрақтары мен кеңестерін ескерді. Сондықтан берілген тапсырма барлық ережеге сәйкес, мазмұны жағынан толық және сапалы орындалды деп айтуға болады. «Белгілі бір тақырыпқа байланысты суреттерді атап шығу» әдістемесінің үш үлгісі ұсынылғандықтан, балалар оларды әртүрлі етіп орындады.
Достарыңызбен бөлісу: |