Диагностика: іштің төменгі бөлігіндегі толғақ тәрізді ауру сезімі және айқын қан ағулар, ұрық жұмыртқасы жатыр мойнының каналында анықталады, оның төменгі полюсіқынапқа түсуі мүмкін. Жүрістегі түсік толық немесе толық емес түсікпен аяқталады.
Тактика
-Ерте мерзімдегі толық емес түсікте– жедел түрде зерттеп және жатыр қуысын тазалау керек, антибактериалды терапия.
- Кеш мерзімдегі толық емес түсікте (қанақ суының кетуі) жүктілікті сақтап қалуға болмайды, жатыр қуысын қыру жүргізіледі.
- Жүктіліктің 14-16 аптасына дейін толық түсік болғанда –– жатыр қабырғасын қыру, кеш мерзімде- қырмайды.
Болмаған түсік (дамымаған жүктілік, missed abortion)
Нәрестенің шетінеуі – түсік түрінде клиникалық белгілерімен көрінеді.
Тактика: жүктіліктің мерзімі үлкен емес болғанда жатыр қуысын аспаптар арқылы тазалау керек, үлкен мерзімдерде босануды жасағанды (индукцияланған) жүргіземіз.