Зерттеу мақсаты мен болжамына сәйкес келесі міндеттер айқындалады:
- психологиялық-педагогикалық зерттеулер тұрғысынан «өзін-өзі дамытудың» феноменін талдау негізінде тұлғаның өзін-өзі дамытудың теориялық негіздерін анықтау;
болашақ маманның кәсіби өзін-өзі дамытудың моделін жасау;
тұлға дамуы тұрғысынан болашақ маманның кәсіби қалыптасуын анықтайтын факторлар жүйесін жасау;
болашақ маманның кәсіби қалыптасуындағы психологиялық-педагогикалық шарттарын анықтау.
Зерттеудің методологиялық негізі:
жоғары мектеп дидактикасы, білім беру теориясы, жүйелілік көзқарасы теориясы, тұлғаға бағытталған көзқарас теориясы, Л.С. Выготскийдің мәдени-тарихи тұжырымдамасы, экзистенционализмнің философиялық аспектілері, ҚР білімберу және тәрбие саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттар;
өзін-өзі дамыту үдерісінің тұжырымдамалық бағыттары, оларға жалпы ғылыми категорияларды «тұлға», «тұлғалық өсу», «өзін- өзі дамыту» талдау жатады;
дамыту педагогикасының идеялары, іс-әрекет теориясының негізгі ережелері (Л.С. Выготский[22], С.Л. Рубинштейн, А.Н. Леонтьев), тұлғаның жалпы психологиялық теориясы (А.В. Петровский[57]), тұлғаның өзін-өзі дамытудың тұжырымдамасы (А.Г. Ковалев[39]), басқару теориясы (П.Я.Гальперин), білімберудің гуманистік идеялары (В.А. Сластенин[66], Е.И. Шиянов[76] және т.б.);
білім беру философиясы, таным теориясы, тұлға қалыптасуының теориясы ( Л.С. Выготский[22], М.С. Каган, А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн және т.б.);
іс-әрекет тұжырымдамасының негіздемесі (Б.Г. Ананьев[10], Л.С. Выготский[22], А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн және т.б.);
жоғары кәсіби білім беру аймағындағы жалпы дидактикалық зерттеулері (В.Д. Шадриков, В.М. Филиппов, Ковалев С.В., В.В. Краевский және т.б.).
Психологиялық-педагогикалық зерттеудің пәні мен логикасына сәйкес, келесі педагогикалық-психологиялық әдістері қолданылады (анализ, синтез, классификациялау, жобалау және т.б.); эмпирикалық (педагогикалық-психологиялық бақылау, ауызша және жазбаша сұрақ-жауап, сауалнамалар, педагогикалық-психологиялық эксперимент, педагогикалық-психологиялық диагностика); математикалық (алынған мәліметтерді тіркеу, шкаласын жасау, ранжирование). Осы әдістерді экспериментальдық жұмыстың негізі болып, қойылған мақсаттар мен міндеттеріне сәйкес зерттеудің тұтастығы қамтамасыз етіледі.
1-ші тарауда философиялық, психологиялық және педагогикалық тұрғысынан болашақ маманды дайындау үдерісі мәнінің теориялық талдау негізіне ғылыми-методологиялық ережелері анықталған.
Болашақ маманның кәсіби мобильдігі мен біліктері дегеніміз практикалық және ғылыми іс-әрекетте, қоғамдық тәжірибеде үнемі туындайтын өзгерістерге жылдам жауап беру қабілеттілігі болып табылады. Егер жоғары оқу орны өз түліктерін кәсіби іс-әрекеттің кіріктірілген (пәнаралық) негіздері аумағындағы білім мен біліктермен қамтамасыз етсе, оларды маман етіп дайындаса, әр пәннің «аппаратын» (методологиясын, негізгі ұғымдары мен ережелерін) таным және кәсіби іс-әрекет міндеттерін шешудің тәсілі пайда алынатын етіп шығарса бұл мүмкін болар еді. Болашақ мамандарды кәсіби дайындаудың методологиялық алғышарттары ретінде жоғары кәсіби білім берудегі жүйелі-іс-әрекеттік тұжырым қарастырылады. «Жүйелі-іс-әрекеттік тұжырым» екі мағынаны біріктіреді: «жүйелі көзқарас» пен «іс-әрекеттік көзқарас».
Жүйелі көзқарас негізінде біржақты аналитикалық, зерттеудің себептік әдістерінен бас тартады да, объектінің кіріктірілген қасиеттері тұтастығына сүйенеді, олардың пайда болуына, сондықтан да қоршаған ортамен объектінің өзіндегі байланыстар мен өзара әрекеттестігін анықтауға назар аударылады. Жүйелілік көзқарасы – жинақталған термин. Онымен түрлі нақты ғылымдардан және өз объектілерін зерттеудің біртұтас тенденциясымен біріктірілген бағыттарды белгілейді. Жүйеллілік көзқарасы – жүйелі талдау позициясы тұрғысынан біртұтас ретіндегі құбылысты дамытудың мәнді заңдылықтарын кешенді зерттеу болып табылады. Сонымен, Жоғары оқу орындарында жүйелілік көзқарасы кәсіби дайындықты жоспарлау мен ұйымдастыруға, толығынан талдауға мүмкіндіктерді ашады.
Жүйе сипаттамаларының минимальды жиынтығына жататындар: әр элементтің құрамы (оған кіретін элементтердің жиынтығы), құрылымы (олардың арасындағы байланыс) мен әр элементтің қызметтері, оның рөлі мен жүйдегі мағынасы. Жүйенің элементі, өз кезегінде, жүйе бола алады, анағұрлым кең жүйеге оның бөлігі немесе шағын жүйесі болып кіреді.
Жүйелі талдау, зерттеу әдістері жүйесі туралы оқу, іс-әрекет негізінде күрделі жүйе болып табылады. Ол педагогикалық –психологиялық мәселелер шешімінің негіздемесі мен іске асуына бағытталған. Талдау барысында, зерттелініп отырған проблемасы тұрғысынан, іс-әрекеттің құрылымдық компоненттері қаралады: қажеттіліктері (мотивтері), мақсат орындаушылық, өзін-өзі басқару, басқару. Іс-әрекет философиялық тұрғыдан қоршаған ортаға белсенді қатынасының арнайы адами формасы болып табылады, мазмұнын мақсатты түрдегі және қайта құрылудың өзгерісін қамтиды. Кәсіби педагогикада іс-әрекеттік көзқарас – практикалық өмірдің түрлі аймақтарындағы іс-әрекеттің қанағаттануының және тиімділігі үшін қажетті, білімдер мен біліктердің бірінші меңгеруін қамтамасыз ететін, ұстанымдар, формалар мен әдістердің жүйесі. Іс-әрекеттік көз-қарастың мәні Б.Г. Ананьевтің, Л.П. Буеваның, Л.С.Выготскийдің, М.С. Каганның, А.Н. Леонтьевтің, С.Л.Рубинштейннің және т.б. еңбектерінде ашылады. Әлеуметтік және психологиялық іс-әрекет түрлі әрекеттер мен операциялар жиынтығынан құралатын нақты үрдіс ретінде анықталады (А.Н.Леонтьев); қоршаған ортамен субъектінің әрекеттестігі ретінде (Л.С.Рубинштейн); адамның өмір сүру тәсілі ретінде (М.С.Каган); әр адамның нақты өміріне қажетті белгілі бір формалардың жиынтығы ретінде (ойын, оқу, еңбек) және онтогенезде жетекші рөлді атқаратын (Б.Г.Ананьев) болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |