Кіріспе. Еңбекті қорғау туралы жалпы түсініктер
Еңбекті қорғау –бұл әлеуметтік-техникалық ғылым, өндірістік қауіпті жағдайларды және кәсіптік зиянды факторларды зерттейді, оларды болдырмау шараларын жасайды немесе оқыс жағдайлардың, кәсіптік аурулардың алдын алу тәсілдерін қарастырады. Толық қауіпсіз не зиянсыз кәсіпорындар мүлдем жоқ.. Еңбекті қорғаудың мақсаты – жұмыс істеушінің қауіпсіздігіне және ауырмауы үшін қолайлы жағдай жасап, еңбек өнімділігін барынша жоғары көрсете алатындай жағдайлармен қамтамасыз ету. Еңбек өнімділігін арттырумен қатар адамның денсаулығы және жұмыс істеу қабілетін сақтау, адам еңбегін, жұмыс уақытын үнемдеу,оның белсенді жұмыс істеу периодын ұзарту, өнімнің жоғары сапасын көтеріп, негізгі өндірістік қорларды қолдануды жақсарту , апаттар санын азайту және жасаған еңбегімен қоғамға пайдасын тигізу.
Еңбек жағдайларын жақсарту және оның қауіпсіздігі өндірістік жарақаттануды, кәсіптік ауруларды төмендетеді, бұл еңбекшілердің денсаулығын сақтайды және сонымен қатар қолайсыз жағдайларда жұмыс барысындағы төленетін жеңілдіктер мен қосымша ақша төлемдерін азайтады..
Соның бірі болып ғылыми – техникалық жетістіктің ең басты бағыттарының бірі электронды есептеуіш техника мен оның ғылыми – зерттеуде, конструкторлық – жобалау жұмысында, жобалық есептеу, өндірісте және басқару ортасында кеңінен қолданылуы жатады. Бағаның, габариттілігінің және электр тоғын үнемдеумен қатар есептеу мүмкіндігінің өсуі ЭЕМ-ді, бұрынғы есептеуіш техникаға қарағанда, үлкен ауқымда қолдануына және қызмет көрсетушілердің еңбек жағдайын жақсартуына мүмкіндік береді.
Еңбекті қорғау дегеніміз – тиісті заң және басқада нормативтік актілердің негізінде еңбек процессінде адамның қауіпсіздігін, денсаулығымен жұмыс қабілетін сақтауды қамтамасыз ететін әлеуметтік, экономикалық, ұйымдастыру, техникалық гигиеналық және емдеу алдын алу шараларын білдіреді. Еңбек қорғау пәні өндірістегі тазалық талаптары, техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын, алдын ала шаралар қолдануын қадағалау мен қатар еңбек туралы заңдар негізінде актілер мен нормативтерге сәйкес жұмыскерлер мәселелерін қарастырады.
Сонымен қатар еңбек қорғау пәні бірнеше саланы қамтиды , оның бірі еңбекті ұйымдастыру, қызметкерлердің кәсіпорнында, мекемеде, ұйымда еңбек шарты бойынша жұмыс істеуден туындайтын еңбек қатынастарын және осыған байланысты білікті кадр даярлау, еңбек қорғау, еңбек дауларын шешу, қартайған, ауру және еңбек ету қабілетінен айырылған мүгедек адамдар үшін мемлекет тарапынан қаржылай қамтамасыз ету шараларын қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |