Кім тапқыр, кім жылдам? (Сұрақ-жауап)



жүктеу 0,59 Mb.
бет2/4
Дата19.02.2018
өлшемі0,59 Mb.
#10106
1   2   3   4

( Ж: 1 кг)


  • 3 тауық 3 күнде 3 жұмыртқа салды. 6 тауық 6 күнде неше жұмыртқа салады? 9 тауық 9 күнде неше жұмыртқа салады?

( Ж: 1 тауық 3 күнде 1

жұмыртқа салады, демек ол күнде 2 жұмыртқа

салады, 9 күнде – 3 жұмыртқа салады, онда 6

тауық 6 күнде 12 жұмыртқа, ал 9 тауық – 27

жұмыртқа салады)


  • Айналдыра қоршаған қоршаудың ұзындығы 20м. Егер бір баған екінші бағаннан 2 м қашықтықта тұрса, қоршауда неше баған бар?

( Ж: 10 баған)


  • Әрқайсысына ең болмағанда 1 бананнан тиетіндей және ешқандай екі маймылда банандар саны бірдей болмайтындай етіп, маймылдарға 50 банан үлестірілді. Банан алған маймылдардың ең үлкен саны қандай болуы мүмкін?

( Ж: 9 маймыл)


  • Сағаттың бестен бір бөлігі неше минут?


( Ж: 12 минут)


  • Банкаға микроб түсті. 10 минуттан кейін банка микробтарға толатыны және де әр минут сайын микробтар саны екі еселеніп отыратыны белгілі. Неше минутта банканың жартысы микробтарға толады? ( Ж: 1мин -2, 2мин – 4, 3мин – 8, 4мин – 16, 5мин – 32, 6 мин – 64, 7мин – 128, 8 мин – 256, 9 мин – 512, 10 мин – 1024.




  • 240 км арақашықтықтағы екі велосипедші бір біріне қарама – қарсы жүріп келеді. Олар қозғала бастаған мезетте ұшып көтерілген шыбын кездескенге дейін екеуінің арасында ілгері – кейін ұшуын жалғастырды. Осы уақыт ішінде велосипедшілер 40 км/сағ жылдамдықпен жүрді, ал шыбын 60 км / сағ жылдамдықпен ұшты. Шыбын қандай жылдамдықты ұшып өтті?

( Ж: 40 • 2 =80 км/сағ жақындау жылдамдығы,

240: 80= 3 жолда болды, 60* 3= 180 км )


  • Досыңмен бірге таңғажайып пойызбен саяхаттап жүрміз деп ойла. Сендер көрші вагондарда келе жатырсыңдар. Досың пойыздың бас жағынан санағанда 17-ші, ал соңынан санағанда 134-ші вагонда келе жатырсыңдар. Пойызда неше вагон бар? ( Ж: 151 вагон)




  • Ескі сағат сағатына 20 секунд қалып қояды. Сағат тілдерін 12 сағатқа дәлдеп қойғаннан кейін, бір тәулік өткен соң олар қай уақытты көрсетеді?

( Ж: 24*20= 480с,480:60 =8мин 24•60 =1440 мин

тәул, 1440-8=1432мин =11сағ 52мин көрсетіп тұр.

  • Кішкентай коала бір эвкалипт ағашының жапырақтарын 10 сағатта жеп бітіреді, ал оның ата – аналарының әрқайсысы одан екі есе жылдам жейді. Осы тұқымдастар бір эвкалипт ағашының жапырақтарын қанша уақытта жеп бітіреді?

( Ж: Ағашта 1000 жапырақ делік.

1000: 10 = 100 кішкентай коаланың 1 сағ жейді

100•2=200 1 сағ ата-анасыны жейді

200•2+100=500 1 сағ бүкіл отбасы жейді

1000:500= 2 сағ тұқымдастар 1 ағаштың бүкіл жапырақтарын жеп бітіреді )


  • Дүкенге 100кг және одан 30кг артық алмұрт әкелінді. Дүкенге барлығы неше килограмм алмұрт әкелінді? ( Ж: 130кг )




  • Қандай екі таңбалы санның бірліктерінің саны ондықтарының санынан 8-і артық? ( 19)




  • 0, 1, 2 цифрларын, ең үлкен және ең кіші үш таңбалы сандарды жаз. (Ж: 210, 102)




  • Нәтижесінде бір таңбалы сан шығу үшін, ең үлкен үш таңбалы сан мен ең үлкен екі таңбалы санның айырмасын қандай санға бөлу керек?

( Ж: ( 999-99):100=9 )


  • 4 бетте 36 жапсырма бар. 9 бетте осындай неше

жапсырма болады?

( Ж: 81 )


  • Бір қатарда 25 оқушы бар, ал екіншісінде одан 7 оқушы кем. Екінші қатарда неше оқушы отыр?

( Ж: 18)


  • Бір сыныпта 34 бала бар, оның 15-і қыздар. Сыныпта неше ұл бар? ( Ж: 19 ұл)




  • Бір қорапта 15 түйме бар, ал екіншісінде одан 6 есе артық түйме бар. Екінші қорапта неше түйме бар? ( Ж: 90 )




  • Тұрақта 90 жеңіл машина және 15 жүк машина бар. Жеңіл машиналарға карағанда жүк машиналары неше есе кем? ( Ж: 6 есе )




  • 29 адам саяхатқа шығып кеткеннен кейін отрядта 13 адам қалды. Отрядта барлығы неше адам бар?

( Ж: 42 )


  • Көкөністерді түптеумен 75 бала айналысты.Бұл барлық оқушылардың үштен бір бөлігі. Лагерьде барлығы неше оқушы болған?

( Ж: 225 )


  • Бидонда 54 л сүт бар. Одан бірнеше литр сүт құйылып алынғаннан кейін онда 26 л сүт қалды. Бидоннан неше литр сүт құйылып алынды?

( Ж: 28 л )



  • Пойыз 76 км/сағ жылдамдықпен 5 сағат жүрді. Ол қанша жол жүрді? ( Ж: 380 км)




  • Нұрбек 14 км/сағ жылдамдықпен 3 сағат жүрді. Нұрбек қанша жол жүрді? ( Ж: 42км)




  • Тікұшақ 1500 км-ді 3 сағатта ұшып өтті. Оның жылдамдығы қандай? (Ж: 500 км/сағ)




  • 720 км жолды жүрдек пойыз 5 сағат жүрді. Оның жылдамдығы қандай? ( Ж: 144км/сағ)




  • Қарақат 60 км жолды шаңғымен 12 км /сағ жылдамдықпен жүрді. Қарақат осы жолды неше уақытта жүріп өтті? ( Ж: 5 сағ)




  • Ұлжан саяхат кезінде 12 км/сағ жылдамдықпен 4 сағ жүзіп өтті. Ұлжан қанша уақыт жол жүрді?

( Ж: 48 км )


  • Рамазан 240 км жолды мотоциклмен 40 км / сағ жылдамдықпен жүрді. Осы жолды ол қанша уақытта жүріп өткен? (Ж: 6 сағ)




  • Ерхан жолда екі тәулік және 16 сағат болды. Ерхан жолда неше сағат болды? ( Ж: 64 сағ)






  • 76 мен 84 сандарының қосындысын 10 есе кеміт.

( Ж: 16)


  • Пілдің жылдамдығы – 100м/мин. Ол 10 минутта қанша жол жүреді? ( Ж: 1000м)




  • Автобус 55 км /сағ жылдамдықпен 110 км жол жүрді. Ол қанша уақыт жол жүрді?

(Ж: 2 сағ)


  • Жолаушылар пойызы әр сағат сайын бірдей жылдамдықпен 2 сағатта 140 км жол жүрді. Ол қандай жылдамдықпен жүрді?

( Ж: 70км/сағ)


  • Кенгуру 2 сағатта 20 км жүгірді. Ол қандай жылдамдықпен жүгірген?

(Ж: 10км/сағ)


  • Қарлығаш 2 сағат 5км/сағ және 3 сағ 4км/сағ жылдамдықпен ұшты. Ол қандай қашықтыққа ұшты? ( Ж: 22 км)




  • Марғау 12 км жолда 4 сағатта, ал Арлан осы қашықтықты 3 сағатта жүгіріп өтті. Қайсысының жылдамдығы артық және қанша артық?

( Ж:Марғау 3км/сағ,Арлан 4км/сағ, 1км артық)


  • Қабырғалары 17мм болатын шаршының ауданы нешеге тең? ( Ж: 289мм²)


Математикалық диктанттар


  • 25-ті 100 есе арттыр.




  • Егер бірінші қосылғыш 60, ал қосындының мәні 310 болса, екінші қосылғыш неге тең?




  • 280 пен 4-тің бөліндісінің мәнін тап.




  • 9 т неше центнер бар?




  • 4 аптада неше тәулік бар?




  • 5 мен 400-дің көбейтіндісінің мәнін тап.




  • 5000г неше кг бар?




  • Әкесі 40 жаста, ал баласы одан 4 есе кіші. Баласы неше жаста?




  • 100-ді 5 есе кеміт.




  • 100-ді 15-ке кеміт.




  • Қандай сан 68-ден 2 есе артық?




  • 8 км неше метр бар?




  • Қалтада 700г күріш бар. 1кг болу үшін тағы қанша күріш керек?


Математикалық диктанттар


  • 500-ден 100 қанша кем?




  • 500 бен 50-дің айырмасының мәнін тап.




  • 700 санын 9 есе арттыр.




  • Бөлінгіш 99, бөлгіш 9. Бөліндінің мәні неге тең?




  • Денсаулығы жақсы адамның жүрегі минутына 75 рет соғады. Сонда 2 минутта жүрек неше рет соғады?




  • 54 ондықтан тұратын санды жаз.




  • 1498 бен 1500 сандары арасында қандай сандар болады?




  • 261 мен 100 сандарының көбейтіндісінің мәнін тап.




  • 1тонна 200кг қарағанда қанша артық?




  • Бірінші көбейткіш – 80, екінші көбейткіш – 9, көбейтіндінің мәні неге тең?




  • Отыз тоғыз мың бес санын жаз.







  • 634 және 30 сандары айырмасының мәні неге тең?




  • 4дм –де неше сантиметр бар?




  • Інжу 6 жаста, ал анасы Нұргүл одан 22 жас үлкен. Анасы нешеде?




  • 580 мен 300 сандарының қосындысының мәні нешеге тең?




  • 375-ті 25 арттыр.




  • 5799-ден 2-ге артық санды жаз.




  • 320 жұмыртқа бірдей 9 қорапқа тең бөлініп салынды. Әр қорапта неше жұмыртқа болады?




  • 6 жүздіктен 6 ондықты азайт.




  • 120-ны 3 есе арттыр.




  • 10 кг-да неше грамм бар?




  • Дүкенде 54 сатушы жұмыс істейді, ал кассирлер олардан 6 есе кем. Кассирлер нешеу?




  • 3 шығу үшін қандай санды 7 бөлу керек?




  • 18 бен 6 сандарының көбейтіндісін тап.




  • 240-ты 6 есе кеміт

  • 5 жүздік пен 7 ондықтың қосындысын тап.




  • 5 минутта неше секунд бар?




  • 60 қалу үшін қандай саннан 440 алу керек?




  • 890 санын 1000-ға арттыр.




  • Алматы қорығында 3600 ағаш өсіп тұр. Оның 900-ы қарағай, қалғандары қайың. Алматы қорығында неше қайың өсіп тұр?

( Ж: 2700 қайың)


  • 360-ты 190-ға кеміт.




  • Қандай сан 500-ден 5 есе артық?




  • 40 санының бестен бір бөлігі неше?




  • 300-ді 3 есе арттыр.




  • 4ц 32 кг –да неше килограмм бар?




  • Азайғыш – 390, азайтқыш – 140, айырманың мәні неше?




  • 900 жыл неше ғасырға тең?




  • 2400 санын 8 есе кеміт.




  • 4900 санын 7 есе кеміт.

  • Бөлінгіш 56, бөліндінің мәні 6-ға тең. Бөлгішті тап.




  • Дәптер 25 теңге тұрады. 250 теңгеге неше дәптер сатып алуға болады?




  • 65-ті 100 есе арттыр.




  • 540 минут неше сағатқа тең?




  • 20 минутта неше секунд бар?




  • 770 пен 70 сандарының бөліндісін тап.




  • 3-тен 60 неше есе артық?




  • 620 мен 30 сандарының айырмасы нешеге тең?




  • 190-нан 40 қанша кем?




  • Дінмұхаммед 48 марканы альбомның әр бетіне 8 маркадан жапсырды. Дінмұхаммед альбомның неше бетіне марка жапсырды?




  • Азайғыш – 850, азайтқыш – 220, айырманың мәні неше?




  • Қосылғыш 360, қосынды 600. Екінші қосылғыш қанша?




  • 2100-ді 7 есе кеміт.

  • 700-ді 4 есе арттыр.




  • 6400 санын 8 есе кеміт.




  • 5 ц 4 кг –да неше килограмм бар?




  • 10 жүздіктен 3 ондықты азайт.




  • 1сағ 30 минутта неше минут бар?




  • 29799-дан 1-ге артық санды тап.




  • 205 498 санын жазу үшін неше цифр қажет?




  • 9000г неше килограмм бар?




  • 6400-ді 3000-ға арттыр.




  • Қандай сан 800-ден 4-ке артық?




  • 80-нен 720 неше есе артық?




  • 320-дан 80 неше есе кем?




  • Сынып бөлмесінің ұзындығы 9 м, ені 5м. Сынып бөлмесінің ауданын тап.




  • Спорт алаңының ұзындығы 30 м, ені 15м. Спорт алаңының ауданын тап.




  • 350-ден 60-ты азайт.

  • Қандай сан 265-тен 25-ке кем?




  • 892 санын 1000 есе арттыр.




  • 7000 санының көршілерін тап.




  • 20 000 санының көршілерін тап.




  • 110 мен 140 сандарының қосындысын 3 есе артттыр.




  • 7 км 20 м-де неше метр бар?




  • 234 және 3 сандарының көбейтіндісін тап.




  • Азайғыш – 3000, айырманың мәні – 1500,

азайтқышты тап?


  • 7200-ны 8 есе кеміт




  • 345-ті 5-ке арттыр




  • 212-ні 2 есе арттыр




  • 700-ді 700-ге кеміт




  • 13 кг-да неше грамм бар?




  • 3 сағ 15 минутта неше минут бар?




  • 65 см –де неше миллиметр бар?

  • 9 жүздік шығу үшін 300-ге қандай санды қосу керек?




  • 40 ц бұл неше килограмм?




  • Каусар раушан гүлдердің 270 гүл шоғы және қызғалдақ гүлдерінің 180 гүл шоғын әкелді. Қызғалдақ гүлдеріне қарағанда раушан гүл шоқтарын қанша артық әкелді?




  • Жүнісбек 20 км/ сағ жылдамдықпен сырғанады. 4 сағатта ол қандай қашықтықты сырғанап өтті?




  • 8000г неше килограмға тең?




  • 998-ден 9-ды азайт.




  • 2000-ды 4 есе арттыр.




  • 6 дм 6 см неше сантиметрге тең?




  • Қарақат 3 сағатта 60 км сырғанап өтті. Ол қандай жылдамдықпен сырғанады?




  • 145 шығу үшін қандай санды 100-ге бөлу керек?




  • 64 шығу үшін қандай сандарды көбейту керек?




  • 720 шығу үшін қандай сандарды көбейту керек?




  • Қабырғалары 1 дм шаршының ауданы нешеге тең?




  • Қабырғалары 5 дм шаршының ауданы нешеге тең?




  • 100-ді 10 есе арттыр.




  • 5 сағ 25 минутта неше минут бар?




  • 70 саны 2-ден неше есе артық?




  • Тік төртбұрыштың ұзындығы 9 см, ал ені 3 см. Ауданы нешеге тең?




  • Тік төртбұрыштың ұзындығы 8 см, ал ені 4 см. Ауданы нешеге тең?




  • Тік төртбұрыштың ұзындығы 12см, ал ені 10 см. Периметрі неше сантиметр?




  • Тік төртбұрыштың ұзындығы 17 см, ал ені 9 см. Периметрі неше сантиметр?




  • Тік төртбұрыштың ұзындығы 14см, ал ені одан 2 см қысқа . Периметрі неше сантиметр?




  • Тік төртбұрыштың ұзындығы 22см, ал ені одан 2 см есе қысқа. Периметрі неше сантиметр?




  • 900 санының үштен бір бөлігін тап.

  • Тік төртбұрыштың ені 8 см, ал ұзындығы одан 2 см ұзын. Периметрі неше сантиметр?




  • Тік төртбұрыштың ені 15 см, ал ұзындығы одан 2 есе ұзын. Периметрі неше сантиметр?




  • Тік төртбұрыштың ені 13 см, ал ұзындығы одан 3 есе ұзын. Периметрі неше сантиметр?




  • Тік төртбұрыштың ұзындығы 16 см, ал ені одан 4 см қысқа . Периметрі неше сантиметр?




  • Тік төртбұрыштың ұзындығы 19 см, ал ені одан 7 см қысқа . Периметрі неше сантиметр?




  • Тік төртбұрыштың ұзындығы 15см, ал ені одан 5 см қысқа . Ауданы нешеге тең ?




  • Тік төртбұрыштың ұзындығы 20 см, ал ені одан 8 см қысқа . Ауданы нешеге тең ?




  • Қабырғалары 7 см шаршының ауданы нешеге тең?




  • Қабырғалары 12 см шаршының ауданы нешеге тең?




  • Қабырғалары 18 мм шаршының ауданы нешеге тең?




  • 2 тәул 12 сағатта неше сағат бар?

  • 33 күн неше аптаны құрайды?




  • 65 күн неше аптаны құрайды?




  • 365 (366) күнде неше ай бар?




  • Бір жылда неше ай бар?




  • Бір аптада неше тәулік бар?




  • Бір тәулікте неше сағат бар?




  • Екі тәулікте неше сағат бар?




  • 5 жылда неше ай бар?




  • 3 жыл 5 айда неше ай бар?




  • 12 жылда неше ай бар?




  • 10 тәулікте неше сағат бар?




  • 5 тәул 7сағатта неше сағат бар?




  • 6 тәул 22 сағ неше сағат бар?




  • 7 сағатта неше минут бар?




  • 7 минутта неше секунд бар?




  • 5 минутта неше секунд бар?

  • 2² нешеге тең?




  • 7² нешеге тең?




  • 5² нешеге тең?




  • 8² нешеге тең?




  • 4² нешеге тең?




  • 6² нешеге тең?




  • 3² нешеге тең?




  • 9² нешеге тең?




  • 10² нешеге тең?




  • 2³ нешеге тең?




  • 5³ нешеге тең?




  • 7³ нешеге тең?




  • 4³ нешеге тең?




  • 3³ нешеге тең?




  • 8³ нешеге тең?




  • 6³ нешеге тең?

  • 9³ нешеге тең?




  • 1³ нешеге тең?




  • 10³ нешеге тең?




  • 1² нешеге тең?




  • 101 мен 3 сандарының көбейтіндісі неге тең?




  • 203 пен 4 сандарының көбейтіндісі неге тең?




  • 700 пен 2 сандарының көбейтіндісі неге тең?




  • 505 пен 2 сандарының көбейтіндісі неге тең?




  • 606 мен 3 сандарының көбейтіндісі неге тең?




  • 3 жүзд 2 онд 3 бірлікті 2 есе арттыр.




  • 5 жүзд 3 онд 5 бірлікті 100-ге арттыр.




  • 9 жүзд 8 онд 6 бірлікті 150-ге кеміт.




  • 7 жүзд 6 онд 0 бірлікті 250 –ге кеміт.




  • 5 жүзд 5онд 2 бірл пен 1жүзд 2 онд 3 бірл қосындысы неге тең?




  • Қандай сан 800-ден 4 есе кем?

  • 4 жүзд 3 онд 8 бірл пен 2 жүзд 3 онд 2 бірл қосындысы неге тең?




  • 60-тан 12 неше есе кем?




  • 80-нен 40 неше есе кем?




  • 100-ден 10 неше есе кем?




  • 70-тен 5 неше есе кем?




  • 32 саны 4 –тен неше есе артық?




  • 27 саны 3 –тен неше есе артық?




  • 240 саны 6–дан неше есе артық?




  • 540 саны 9-дан неше есе артық?




  • 900 саны 3 –тен неше есе артық?




  • 110 мен 50-дің қосындысын 2 есе көбейт.




  • 180 мен 70-тің қосындысын 2 есе көбейт.




  • 300 бен 400-дің қосындысын 300-ге арттыр.




  • 200 бен 600-дің қосындысын 400-ге арттыр.




  • Қандай сан 400-ден 2 есе кем?




  • 45 санын 50 есе арттыр.




  • Мына сандарға қарағанда 1-ге артық сандарды жаз: 29 799, 12 049;




  • Мына сандарға қарағанда 1-ге кем сандарды жаз: 30 900, 58 600;




  • 1000 000 – нан 100-і кем болатын санды ата;




  • Ең үлкен төрт таңбалы санды ата.




  • Ең үлкен жеті таңбалы санды ата.




  • Ең үлкен алты таңбалы санды ата.




  • Ең кіші төрт таңбалы санды ата.




  • Ең кіші бес таңбалы санды ата.




  • Ең кіші жеті таңбалы санды ата.




  • 15 ц неше килограмм бар?




  • 7 т неше центнер бар?




  • 6 кг 500г –де неше грамм бар?




  • 8 мыңд 8жүзд 4 онд 3 бірлігі бар санды ата.




  • 5 мыңд 0жүзд 6 онд 1 бірлігі бар санды ата.

  • 7 мыңд 5 жүзд 0 онд 9 бірлігі бар санды ата.




  • 70 саны 2-ден неше есе артық?




  • Жарты метрде неше сантиметр бар?




  • 120 теңгелік 7 дәптер алу үшін неше теңге төлеу керек?




  • 9000 мың шығу үшін 300-ді нешеге көбейту керек?




  • 500 000 мың шығу үшін қандай санға 1-ді қосу керек?




  • 78 мыңдықтан 5 бірлікті азайт.




  • 8 кг неше грамм бар?




  • 32 565 санын 100 есе арттыр.




  • 9 мыңдық 9 ондықтан неше есе артық?




  • 4 километрде неше метр бар?




  • 2002 санын екі есе кеміт.




  • 2 сағат 20 минут 60 секундта неше минут бар?




  • 3 сағат 15 минут 60 секундта неше минут бар?



жүктеу 0,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау