Кез келген сызбада объектілерді атап көрсету үшін немесе оларға түсініктеме беру үшін қандай да бір мәтін кездеседі



жүктеу 262 Kb.
бет2/2
Дата14.11.2018
өлшемі262 Kb.
#19565
1   2

6. 2 Біржолды мәтін құру
Сызбадағы мәтіннің көп бөлігі қысқаша жазбалар мен түсіндірмелерден тұрады. Мәтіннің әрбір жолы жеке объект болуы үшін, немесе мәтіннің аз ғана мөлшерін жасау үшін біржолды мәтінді қолданыңыз.

Жазбалар Text (Текст-Мәтін) командасының немесе Dtext (Дтекст). -синоним- командасының көмегімен жасалуы мүмкін. Екі команда да бірдей жұмыс істейді.


_dtext (Дтекст) командасы – қарапайым мәтін жасау командасы. Команда Draw (Рисование-Сурет салу)  Text (Текст-Мәтін)  Single Line Text (Однострочный текст-Біржолды мәтін) құлайтын менюінен немесе Text инструменттер панелінен (сурет 6.5) таңдалады.

Сурет 6.5 –Text инструменттер панелі
Команда сұрауы:

Команда сұрауында алдымен стильдің ағымдық реттелуі жайлы хабарлама беріледі. Мәтіннің алғашқы нүктесі көрсетілген соң, нүкте мен әріптер арасындағы байланыс түзету (выравнивание) арқылы анықталады. Үнсіздік бойынша мәтін сол жақ шеті бойынша түзетіледі.

Мәтіннің мұндай орналасуын өзгерту үшін, алғашқы нүктені көрсету сұрауына жауап ретінде командалық жолда түзету параметрін j енгізіңіз. Команда параметрлер (опций) тізімін шығарады, олар мәтінді қою нүктесінің мәтіндік жолға байланысты орналасуын анықтайды:




  • Align – іштей салынған. Мәтіндік жолдың басы мен соңын сұрайды

(тінтуірмен көрсетіңіз). Содан соң, қысылу немесе созылу дәрежесі мәтін жолды толық қамтитындай етіп таңдалған мәтінді енгізіңіз. Әріптер биіктігі қаріп пропорциясына сәйкес өзгеретін болады;

  • Fit – ені бойынша. Мәтіндік жолдың басы мен соңын тінтуірмен көрсетіңіз. Содан соң мәтіндік символдардың қажетті биіктігін беріп, мәтінді енгізіңіз. Бұл опция да жолдға арнап көрсетілген кеңістікті толық толтыру үшін мәтінді не қысып, не созып орналастырады, бірақ мәтіннің орнатылған биіктігін сақтайды;

  • Center – центрлік қою нүктесін сұрайды. Мәтін базалық сызықтың бойында орналасқан осы нүктенің айналасында центр бойынша түзетіледі;

  • Middle – ортасы бойынша. Мәтін горизонталь бойынша да, вертикаль бойынша да түзетіледі. Вертикаль бойынша қою нүктесі базалық сызық пен ең биік әріптің төбесінің ортасында орналасады;

  • Right – Оң жақ шеті бойынша. Мәтіннің оң жақ шеті базалық сызық бойында орналасқан қою нүктесі бойынша түзетіледі.

Мәтінді сызу командасының соңғы шақыруы – бұрылу бұрышы. Бұл бұрыш жекелеген символдарға емес, мәтіндік жолға тұтас қолданылады.

Қажетті мәтінді теріп, Enter пернесіне басыңыз. Экранда жазба пайда болады, ал мәтіндік курсор төменгі жолға түседі де, келесі жолды енгізуге дайын тұрады. Команда орындалуын Enter пернесіне екі рет шерту арқылы аяқтауға болады.

Егер мәтінге арнайы белгі (мысалы, диаметр) қою қажет болса, онда мәтінді енгізуде төмендегі басқару кодтарын қолдануға болады:




  • %%o – үстін сызу режимі (вкл/откл-қосу/өшіру);

  • %%u – астын сызу режимі (вкл/откл- қосу/өшіру);

  • %%d – градус символын көрсету (°);

  • %%c - шеңбер диаметрі символын көрсету ();

  • %%p - допуск символын көрсету плюс-минус (±);

  • %%% - пайыз символын көрсету (%).

Жазбада астын және үстін сызу режимдері бірдей жұмыс істеуі мүмкін. Жолды енгізгеннен кейін автоматты түрде өшіріледі.


6. 3 Біржолды мәтінді редакциялау
Сызбада мәтінді жөндеу қажеттілігі жиі туындайды. Мәтіндік жолды редакциялаудың екі тәсілі ұсынылады.

  1. Бірінші – Text инструменттер панелінен _ddedit (Редактировать текст-Мәтінді редакциялау) командасы арқылы немесе мәтіннің өзіне екі рет шерту арқылы. Екі рет шерту нәтижесінде ол редакциялау аймағына ерекшеленеді (сурет 6.6).


Сурет 6.6 - Біржолды мәтінді орнында редакциялау


Жөндеулерді бірден енгізуді бастасақ, онда мәтін жаңамен ауыстырылады. Редакциялауды қандай да бір орыннан бастау қажет болса, онда сол жерге курсорды орнату керек. Енгізуді аяқтау Enter үшін пернесін басыңыз.

2. Біржолды мәтінді редакциялаудың екінші тәсілі қасиеттер палитрасын қолдануға негізделген. Мәтіндік объекті ерекшелеп, стандартты инструменттер панелінен Properties (Свойства) пернесіне шертіңіз. Қасиеттер палитрасы іске қосылады. Онда мәтін құрамын ғана емес, оның қасиеттерін де редакциялауға болады.


6.4 Көпжолды мәтін
Егерт сызбаға ұзақ жазба қосу керек болса, онда біржолды мәтін аса қолайлы емес. Біржолды мәтіннің бір кемшілігі келесі жолға көшірудің болмауы. Көпжолды мәтін бұл мәселені шешеді, сонымен қатар, біржолды мәтінге қарағанда форматтаудың көбірек мүмкіншіліктерін ұсынады.

_mtext (Мтекст) командасы – сызбаға мәтіннің абзацын(мультимәтін, немесе көпжолды мәтін жасап), түзету және редакциялауға жол аша отырып, қоюға мүмкіндік береді.Көпжолды мәтіннің абзацы толық бір объект болып табылады.

Mtext командасын Draw (Рисование)  Text (Текст)  Multiline Text (Многострочный) құлайтын менюінен немесе Text инструменттер панелінен (сурет 6.5) шақыруға болады.


Команда сұрауы:




Mtext командасы басталғанда әрекеттегі мәтіндік стиль аты жайлы ақпарат беріп, мультимәтіннің ені бойынша шекараларын анықтаушы екі нүктенің бірін көрсетуді сұрайды (сурет 6.7).

Сурет 6.7 – Мультимәтін шекарасын

беру
Биіктігі бойынша төменгі шегі бұл жағдайда белгіленбейді де, мәтінді енгізу барысында автоматты түрде жылжиды.


6.5 Көпжолды мәтінді орнында редакциялау
Нүктелерді көрсеткеннен кейін, мультимәтін редакторы терезесі ашылады (сурет 6.8).

Сурет 6.8 – Мультимәтін редакторы терезесі
Терезенің жоғарғы жағында белгілеу сызғышы орналасқан. Терезедегі вертикаль курсор мәтінді енгізу немесе редакциялау үшін ағымдағы позицияны көрсетеді.

Мультимәтін терезесінен жоғары автоматты түрде, Text Formatting (Формат текста-Мәтін форматы) (сурет 6.9) арнайы панелі шығады, онда редактор терезесін басқару инструменттері орналасқан.



Сурет 6.9 –Text Formatting панелі
Мәтінді теріп болған соң, Text Formatting панеліндегі ОК пернесіне шерту керек, содан соң AutoCAD жүйесі графикалық аймақта мультимәтін жасайды.

Text Formatting панелінде ОК пернесінен басқа, екі қатар болып орналасқан, пернелер, ашылатын тізімдер, есептегіштер бар.



Жоғарғы қатар:
- ағымдағы мәтін стилі атын орнату;

- ағымдағы қаріп атын орнату;

- қаріп биіктігін орнату;

- әріптердің жартылай қою жазылуын орнату;

- әріптердің қиғаш жазылуын орнату;

- мәтіннің астын сызу режимін орнату;

- соңғы әрекетті жою пернесі;

- жойылған әрекетті қайта қалпына келтіру;

- бөлшектерді форматтау пернесі;

- әріптер түсін орнату;

- мультимәтіннің терезесінің жоғарғы бөлігінде сызғыштың бейнеленуін басқару;

- мультимәтін опциялары менюін шақыру пернесі.
Төменгі қатар:
- сол жаққа горизонталь түзеу пернесі;

- центр бойынша горизонталь түзеу пернесі;

- оң жаққа горизонталь түзеу пернесі;

- жоғары қарай вертикаль түзеу пернесі;

- ортасы бойынша вертикаль түзеу пернесі;

- төмен қарай вертикаль түзеу пернесі;

- нөмірленген тізім пернесі;

- маркіленген тізім пернесі;



- латынның бас әріптерімен маркіленетін тізім пернесі;

- шеткі жиек қою пернесі;

- ерекшеленген символдарды жоғарғы регистрға ауыстыру пернесі;

- ерекшеленген символдарды төменгі регистрға ауыстыру пернесі;

- ерекшеленген символдардың үстін сызу пернесі;

- арнайы символдарды қою пернесі;

- вертикальға қатысты көлбеу бұрышының есепшісі;

- әріптер арасындағы қашықтық коэффициентінің есепшісі;

- ерекшеленген мәтін ені коэффициентінің есепшісі.
6.6 Көпжолдық мәтінді редакциялау
Абзац мәтінін редакциялау үшін (көпжолды мәтін), оған екі рет шертіңіз, соның нәтижесінде сол жерде редактор іске қосылады.

Редакциялау терезесінде барлық қажетті өзгерістерді жасаңыз:




  • Мәтін фрагментін алып тастау үшін, оны ерекшелеңіз де, Enter пернесін басыңыз;

  • Енгізу курсорын қажет жерге қою үшін, тінтуір пернесін шертіңіз де, мәтінді енгізіңіз;

  • Мәтін форматын күйге келтіру үшінредактор және контекстік менюдің инструменттер панелін қолданыңыз.

Символдарды форматтау параметрлерін өзгерту үшін, ең алдымен оларды ерекшелңіз, содан соң қаріп биіктігін, жекелеген сөздер немесе әріптердің басқа да параметрлерін өзгертіңіз.

Абзацтың толығымен қасиеттерін өзгерту үшін (мысалы, абзацты түзеу) оның жекелеген символдарын ерекшелеп қажетыі жоқ.

Көпжолды мәтін редакторы терезесіне, курсор мәтін жолында болған кезде, тінтуірдің оң жақ пернесімен шертсеңіз, редакциялау, жаңалау және мәтіндік жолды әдеттегі мәтінге ауыстыру командалары бар контекстік меню шығады.


6.7 Контурлық мәтін
Мәтін дегеніміз – сызба файлын біршама үлкейтетін және оның регенерациясы мен қайта салуы үшін қосымша уақытты талап ететін күрделі типті объект. TrueType секілді күрделі қаріптер файлдың ашылуы мен сақталуына көп әсер етуі мүмкін.

_qtext (Контурный текст-Контурлық мәтін) командасы – мәтіндік объектілердің барлығын сызбада мәтіннің орналасуын көрсету үшін тіктөртбұрыштармен ауыстырады (сурет 6.10).

Бұл мәтіндік объектілердің барлығына қатысты, соның ішінде өлшем жазулары және атрибуттар да бар (атрибуттар – құқрамында мәтіні бар блоктардың арнайы элементтері).



Qtext командасын іске қосу үшін, командалық жолға qtext енгізіңіз, содан соң мәтіндік тіктөртбұрыштарды ауыстыру үшін On (Вкл-Қосу) немесе мәтіннің әдеттегі кескініне көшу үшін Off (Выкл-Өшіру) енгізіңіз.

Сурет 6.10 – Мәтінді контурлық кескіндеу режимі



Команда сұрауы:

Сосын сызбаны регенерациялаңыз: меню View (Вид-Түр)  Regen (Регенерировать-Регенерациялау). Мәтіннің контурлық кескіні тек сызбаны регенерациялағаннан соң ғана пайда болады.



жүктеу 262 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау