14
ұйымның және белгілі бір жоғары білікті мамандардың ұжымдық қызметінің тәжірибесін
студенттермен бірге зерттеуді ұйымдастыруға қатысады; студенттердің қауіпсіздік
техникасы ережелерін сақтауы бойынша ұйымнан іс- тәжірибе жетекшісімен бірлесіп
жауапкершілікті алады; іс-тәжірибе базасының әкімшілігі мен білім алушы-практиканттар
арасындағы бірлесе отырып орнатылған және қорытынды конференцияларды, әдістемелік
семинарларды ұйымдастырады; студенттерге олардың индивидуалды тапсырмаларын
орындау барысында және бітіру біліктілік жұмысына материалдарды жинау барысында
әдістемелік көмек көрсетеді; іс-тәжірибе барысында әдістемелік жиналыстар мен
семинарлар өткізеді; студенттердің жұмыстың негізгі түрлерін орындау сапасын талдайды,
бағалайды; студенттердің жұмысты орындау кестесін бақылайды, олардың кәсіби жұмыс
режимін сақтауын, функционалдық міндеттерін сақтауына бақылау жасайды; іс-тәжірибе
барысында, еңбек тәртібін қатаң бұзу жағдайларында, іс-тәжірибе бағдарламасын
орындамау жағдайлары туралы кафедраны, деканатты уақытылы ақпараттандырады;
студенттердің есептік құжаттарын талдайды және ұйымнан іс-тәжірибе жетекшісімен
бірлесе отырып олардың жұмысын бағалайды; студенттің есептік құжаттарын жинайды
және талдайды, іс-тәжірибе бойынша қорытынды шығаруға қатысады және комиссия
мүшелерімен бірлесе отырып студенттерден орнатылған тәртіпте іс-тәжірибе
қорытындысы бойынша сынақ қабылдайды; кәсіби іс-тәжірибеге сынақ ведомостында,
студенттердің сынақ кітапшасында университеттің базасында бағалардың уақытылы
қойылуына жауапты болып табылады; іс-тәжірибе қорытындысын, студенттердің
дайындығының кемшіліктерін талдайды, кәсіби іс-тәжірибені өткізу туралы уақытылы
есеп құрайды және оны оқу-әдістемелік басқармасына ұсынады; іс-тәжірибені дамыту
бойынша ұсыныстар енгізеді және оны іске асыруды ұйымдастыруға қатысады; іс-тәжірибе
аяқталған соң бір апта көлемінде іс-тәжірибеден өту туралы кафедра меңгерушісіне жазба
есебін ұсынады. Іс-тәжірибе базасынан басшысының міндеттері: іс-тәжірибені
ұйымдастыру және өткізу туралы орнатылған келісімнің шарттарын сақтау. Кәсіпорыннан
іс-тәжірибе басшысының міндеттері: кәсіби іс-тәжірибеге білікті жетекшілікті іске
асырады және әрбір білім алушы/практикантты жұмыс орнымен қамтамасыз етеді;
практиканттарға еңбек қорғауы және қауіпсіздік техникасы бойынша кіріспе нұсқаулық
беруді қамтамасыз етеді; іс-тәжірибеден өтуге байланысты сұрақтар бойынша қажет
түсіндірме береді және практиканттың жұмысты уақытылы және сапалы орындауын талап
етеді; іс-тәжірибе бағдарламасына сәйкес іс-тәжірибені басқарады; іс-тәжірибе аяқталған
соң әрбір практикантқа жазбаша сипаттама береді. Мектеп басшысы немесе оның
орынбасарының міндеттері: педагогикалық іс-тәжірибеден өтудің нормалы жағдайларын
қамтамасыз ету, іс- тәжірибе алдында мұғалімдермен, қызмет көрсетуші персоналмен және
оқушылармен іс-тәжірибе сұрақтары бойынша жұмыс жүргізеді; студенттерді мекеменің
оқу-тәрбие жұмыстарымен, мұғалімдер құрамымен, құжаттармен, оқу-өндірістік
базасымен кабинеттермен, шеберханалармен, кітапханамен және т.б.), оқу-өндірістік және
тәрбие жұмысының жалпы жағдайымен, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибемен
таныстырады, студенттерге педагогикалық кеңестің отырыстарына, пәндік бейіндік)
комиссиялар отырыстарына қатысуға мүмкіндік береді, олардың жұмыс жоспарымен
таныстырады; іс-тәжірибе жетекшілерімен бірлесе отырып студенттерге сыныптарды
бекітеді; студент-практиканттың сабақтарына, тәрбие жұмыстарына және басқа да іс-
шараларына қатысады және олардың талқылануына қатысады; педагогикалық іс-
тәжірибені дамыту сұрақтары бойынша ұсыныстарын енгізеді; оқу-көмекші мекемелерде
педагогикалық іс-тәжірибе қорытындысы бойынша жиналыс жасайды; және мүмкіндік
бойынша, университеттегі орнатылған және қорытынды конференцияларға қатысады. Пән
мұғалімінің міндеттері: өзіне бекітілген студенттерді өзінің оқу-тәрбие жұмыстарымен
таныстырады, ашық сабақтар және сыныптан тыс сабақтар өткізеді, олардың талдауын
ұйымдастырады; іс-тәжірибе жетекшісімен бірлесе отырып, пән бойынша сабақтар
тақырыбын
және сыныптан тыс іс-шараларды студенттер арасында бөледі; студенттерге
сабақтарға дайындалу және өткізу барысында кеңес береді, жоспар-конспектті қарайды
15
және бекітеді; студенттерге түрлі типті сабақтарға дайындық барысында көмек көрсетеді,
практикалық және зертханалық сабақтар өткізу барысында көмектеседі; студенттердің
берген сабақтарының әрқайсысына талдау жасауға және бағалауға қатысады; студентке
сипаттама және олардың оқу жұмысына баға береді, мүмкіндігінше, институттағы
орнатылған және қорытынды конференцияларға қатысады. Сынып жетекшісінің
міндеттері: студенттерді сыныптың жалпы сипаттамасымен, негізгі тәрбие міндеттерімен
және өзінің жұмыс жоспарымен таныстырады; іс-тәжірибе жетекшілерімен бірлесе
отырып, студенттерге тәрбие жұмысының жоспарын құру барысында көмектеседі, оның
орындалуына бақылау жасайды, кеңес береді; іс-тәжірибе жетекшісімен бірлесе отырып,
оқушылар мен сынып ұжымын зерттеу бойынша, психологиялық-педагогикалық
сипаттама құрастыру барысында практикант жұмысына жетекшілік етеді; студенттердің
өзіндік тәрбие іс-шараларына қатысады, оларды талдау және бағалауға қатысады;
студенттерді сыныппен ағымдағы тәрбиелеу жұмыстарына тартады; студенттерге
сипаттама береді, олардың тәрбие жұмысына баға береді, мүмкіндігінше, институттағы
орнатылған және қорытынды конференцияларға қатысады. Факультеттердегі кәсіби іс-
тәжірибені ұйымдастыруды бақылау және реттеуді факультет декандары іске асырады.
Бөлім5
ІС-ТӘЖІРИБЕНІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Кәсіби іс-тәжірибенің барлық түрлеріне бағыттау оқу орнының басшылығының,
мерзімдерін, базасын және оқу орнынан іс-тәжірибе жетекшісін көрсетілген бұйрығымен
бекітіледі. Білім алушыға аталған Ережелердің қосымшасына сәйкес форма бойынша
бағыттаушы беріледі. Оқу және өндірістік іс-тәжірибе ұйымы барлық кезеңдерінде
студенттердің кәсіби қызметтерді түлектің дайындық деңгейінің талаптарына сәйкес
меңгеруінің кезектілігін және үзіліссіздігімен қамтамасыз етуге бағытталған болуы керек.
Оқу іс-тәжірибесі университеттің құрылымдық бөлімшелерінде мысалы, оқу- өндірістік
зертханаларында, кафедраларда), дайындық мамандық) бағытының бейініне сәйкес
ұйымдарда, білім беру мекемелерінде, балалар сауықтыру лагерлерінде өтіле алады.
Студенттердің өндірістік іс-тәжірибесі сонымен қатар диплом алды іс-тәжірибе)
университет пен ұйым арасындағы келісім негізінде, ұйымдарда және кәсіпорындарда,
ғылыми ұйымдарда, зертханаларда өткізіледі. Іс-тәжірибе өткізу мерзімдері
мамандықтардың оқу жұмыс жоспарларымен және оқу процесінің кестесімен сәйкес
орнатылады, дегенмен университет және ұйымның оқу- өндірістік базасының
мүмкіндіктерін есепке алу керек. Студенттерге іс-тәжірибе кезеңінде, оларды жұмыс
орындарына бөлу барысында, оларға ұйымда жұмыс жасайтын, еңбекті қорғау тәрітібі және
ішкі тәртіп ережелері қатысты болып табылады. Оқу және өндірістік іс-тәжірибелері
университет пен ұйымдар арасындағы келісім- шарт негізінде іске асады. Іс-тәжірибелерді
ұйымдастыру және өткізу туралы келесімдерді тіркеуді Оқу-әдістемелік басқармасыда іске
асырады. Іс-тәжірибе ұйымдастыру және өткізу жауапкершілігін, жоғары оқу
мекемелерінің жетекшілері және орнатылған келісім шарт негізінде, іс-тәжірибе базасының
жетекшісі алады. Жоғары оқу мекемелері: іс-тәжірибе базасы ретінде бекітуге білім
мекемелерімен келісім орнатады және оқу жылының басына дейін базалармен іс-тәжірибе
бағдарламаларын мақұлдайды және білім алушылардың іс-тәжірибеден өту күнтізбелік
кестесін мақұлдайды. Іс-тәжірибе базаларымен келісім шарттар, кәсіби іс-тәжірибені
ұйымдастыру және өткізу бойынша типтік келісім-шарт формасына сәйкес жасалуы керек,
және оқу жылы басталғанға кем дегенде 1 ай қалғанға дейін; іс-тәжірибе жетекшісі ретінде
іс-тәжірибе базасының қызметін және мамандықтың бейінін жақсы білетін тәжірибелі
оқытушыларды тағайындайды; білім алушылар іс-тәжірибеден өтетін білім мекемесін және
практиканттардың өздерін іс-тәжірибе бағдарламаларымен қамтамасыз етеді; білім