Белгілі бір кәсіпорынды басқарудың ақпараттық база жүйесін құру кәсіпорынның салалық ерекшеліктерімен, құқытық-ұйымдастырушылық формасымен, шаруашылық қызметтің диверсификациясының көлемі мен дәрежесіне және тағы басқа жағдайлармен байланысты
Сондықтан кәсіпорынды басқаруда қолданылатын ақпараттық базаға енгізілетін көрсеткіштерді ақпарат көздері бойнша жіктеуге болады. Олар:
Мемлекеттің жалпы экономикалық дамуын ерекшелейтін көрсеткіштер.
Бұл топтың ақпараттық көрсеткіштері стратегиялық шешімдерді қабылдау кезінде кәсіпорынның сыртқы орта жағдайын болжамдау үшін қолданылады. Бұл топқа келесі көрсеткіштер енеді:
мемлекеттік бюджет кірісі;
мемлекеттік бюджет шығысы;
бюджеттік дефицит көлемі;
ақша эмиссиясының көлемі;
халықтың ақша табысы;
халықтың банкке салымдары;
инфляция деңгейі,
Ұлттық Банктің пайыздық қойылымы.
Кәсіпорынның саласына байланысты көрсеткіштер
Бұл топтың көрсеткіштер жүйесі кәсіпорыннның оперативті шешімдер қабылдауына жәрдемдеседі. Бұл топқа келесі көрсеткіштер енеді:
өнімнің баға индексі;
негізгі қызметтен түскен пайда бойынша салық ставкасы;
активтердың жалпы құны, соның ішінде айналым активтері;
қолданылып жатқан капиталдың жалпы құны, соның ішінде өзіндік капитал;
өндірілген және сатылған өнімнің көлемі.
Бұл топқа бәсекелестер қызметін ерекшелейтін көрсеткіштерді жатқызған жөн.
Бұл топтың көрсеткіштерін құру көзі болып прессадағы жария етілген есеп беру материалдар, сәйкесінше рейтингтер, ақпараттық қызмет нарығындағы ақылы бизнес-мәліметтер.
Қаржылық нарықтың конъектурасын ерекшелейтін көрсеткіштер.
Бұл топтың ақпараттық көрсеткіштер жүйесі ұзақмерзімді қаржылық салымдар портфелін құру кезінде, қысқа мерзімді қаржылық салымдарды және басқа операцияларды жүзеге асырған кезде қолданылады.
Бұл топқа келесі көрсеткіштер енеді:
биржалық және биржалық емес қор нарықтарында айналысқа түсетін бағалы қор құралдарының (акция, облигация және т.б.) негізгі түрлері;
негізгі бағалы қор құралдарының ұсыныс және сұраныс бағалары;
негізгі бағалы қор құралдары бойынша мәміле көлемдері мен олардың бағалары;
қор нарығындағы баға динамикасының жалпы индекстері
кейбір валюталардың ресми бағамдары;
банкаралық биржаларында кейбір валюталардың сату-сатып алу бағамдары және т.б.
Бұл топ көрсеткіштерінің жүйесінің құрылу көзі болып комерциялық басылымдардың мәліметтері болып табылады.
Кәсіпорынның ішкі ақпарат көздерінен құралатын көрсеткіштер.
Осы көрсеткіштер жүйесі негізінде талдау, жобалау, болжамдау және басқарудың барлық бағыттарындағы оперативті шешім қабылдаулар жүзеге асады.
Бұл топтың артықшылығы болып олардың құрылуының қалыптылығы, сенімділігі мен шынайлығы табылады. Осы көрсеткіштердің ең негізгі көзі болып қаржылық есеп берушілік болып табылады.
Қаржылық есеп берушілік – қолданушының шешім қабылдауы үшін кәсіпорынның жағдайы туралы объективті, шынайы, жанажақты ақпаратты ыңғайлы және түсінікті формада беру мақсатында документтерге негізделген қаржылық есеп көрсеткіштер негізінде құрылған есепберушілік формаларының жиынтығы /14,45-бет/.
Нарықтық экономика жағдайында қаржылық есеп берушілікке келесі қолданушылар қызығушылық білдіреді:
міндеттері сала немесе аймақтың экономикалық өсуі болып табылатын мемелекеттік органдар үшін, сонымен қатар бюджеттік қаржыландыру қызметкерлері, салықтық есептеулер мен есепберушіліктің дұрыстығын тексеретін салықтық орган қызметкерлері үшін;
Кәсіпорын саясатын реттеу мақсатында салынған ресурстарының нәтижелігін бағалауы қажетті кәсіпорынның иеленушілері, акционерлер үшін;
өзінің кәсіпорының дамуы үшін банктен несие алғысы келетін немесе инвесторларды тартқысы келетін кәсіпорынның басқарушылары үшін. Қаржылық есеп берушілік олар үшін инвесторларға үшін проекттің бизнес-жоспарын талдап ұсынуға мүмкіндік береді, есепберушілік мәліметтер негізінде қаржылық ресурстарға деген қажеттілікті анықтауға болады, инвестициялық шешімдердің дұрыстығын, капитал құрылымының тиімділігін, дивиденттер саясатының негізгі бағыттырын бағалауға болады.
қызметтік байланыстардың сенімділігін анықтайтын сатушылар мен сатып алушылар үшін;
осы кәсіпорында жұмыс істеу перспективасын бағалау үшін қызметкерлері үшін;
жеке және институционалды несие берушілер, инвесторлар, сақтандандыру компаниялар үшін инвестициялық проекттердің тиімділігін бағалауға, несиенің беруі мен ұзартылуы немесе несиені қайтарылу кепілдігі жөнінде несие шарттарының дұрыстығын бағалауға жәрдемдеседі;
қор биржалар үшін кәсіпорынды тіркеген кезде есеп берушілікте берілгкн ақпаратты бағалаған кезде;
контракт шарттарын орындауын, пайданы бөлу, диведенттерді төлеу, зейнетақылық қамсыздандыру шарттарын анықтау кезіндегі заңға сәйкестіліктін бағалау үшін керекті есепберушілік ақпаратқа деген қажеттілігі бар заңгерлер үшін;
ақпараттық агенттіктер мен баспа үшін сала мен кәсіпорын қызметін талдау мақсатында даму тенденцияларын, сондай-ақ статистикалық көрсеткіштерді бағалаған кезде;
сауда-өндірістік ассоциациялар үшін есепберушілікті кәсіпорынның қызмет нәтижесін сала деңгейінде бағалау мен салыстырмалы талдау үшін пайдаланады;
еңбек келісімдердің шарттарын анықтау кезінде және кәсіпорын жататын саланың даму тенденцияларын бағалағау кезінде есепберушілік ақпаратқа қызуғушылық білдіретін профсоюздер үшін;
есепберушілікті капиталды орналастыру жөнінде клиенттер үшін кеңесті құру кезінде консультальтациялық фирмалар, қаржылық мәселелер жөнінде кеңесшілер үшін;
аудиторлық қызмет үшін инвестор мүддесін қорғау мақсатында есепберушілік ақпаратының заңдық талаптарына, шарттары мен стандарттарына сәйкестігін тексеру кезінде.
Достарыңызбен бөлісу: |