Кәсіпорынды басқарудағы бухгалтерлік есептің АҚпараттық ЖҮйесін тұРҒызу алматы 2006 мазмұНЫ



жүктеу 1,41 Mb.
бет6/8
Дата14.05.2018
өлшемі1,41 Mb.
#12799
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8

2.3. Ақпараттық база


Ақпарат базасы – бұл АЖ-ні жұмыс істеуде қолданылатын реттелген ақпараттың бірігуі. Ақпарат базасы машинадан тыс ақпарат базасы және машинада ішіндегі ақпарат базасы бөлімдерінен тұрады.Машинадан тыс ақпарат базасы – АЖ-ні жұмыс істетуде құжаттар мен белгілердің (сигналдардың), мәлімдемелердің бірігуін бейнелеп, есептеу техникасынсыз (ЕТ) адамға түсінікті болатын ақпарат базасының бөлігі. Машинадан тыс ақпарат базасына жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері, мөлшерлік анықтама құжаттар, жедел ақпарат жатады. Жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері мәліметтерді бірмәнді жазып, ақпаратты есептеу желісінің жадында тиімді іздеп және белгілеу үшін қолданылады. Ал мөлшерлік анықтама құжаттар (МАҚ) – шартты-тұрақты ақпарат қатарына жатады және ұзақ уақыт бойы есеп айырысуда өзгеріссіз қолданылатын әр түрлі тәртіптегіш мөлшерлеулерді, мөлшерлерді және басқа да мәліметтерді құрайды.

Жедел ақпарат дегеніміз – ол объектінің күйін осы уақыт сәтінде бейнелейтін, яғни бастапқы, өңделмеген ақпарат. Жедел ақпаратқа әдетте бухгалтерлік және жедел есеп мәліметтері жатады. Машина ішіндегі ақпарат базасы – бұл АЖ-ні жұмыс істетуде қолданылатын, машиналық тасығыштарды мәліметтер массивінің бірігуін бейнелейтін ақпарат қорының бөлігі. Мұндағы машиналық тасығыш – ДЭЕМ-ға ақпаратты автоматты түрде ендіруде пайдаланылатын материалдық объект. Оған қатты магниттік табақшалар, иілгіш магниттік табақшалар, магниттік барабандар, магниттік карталар, фотохромды тасығыштар, микрофильмдер және басқа да тасығыш түрі жатады.

Ақпарат массиві – нақты тәсілмен аталған және ұйымдастырылып өзара мәндік түрде байланысқан мәліметтердің бірігуі. Ақпарат массивін ұйымдастыру дегеніміз – бұл оның құрамын, құрылымын, яғни әрбір ақпарат массиві үшін реквизиттердің ұзындығын және олардың ақпарат массивінде орналасу тізбегін табу. Ақпарт массиві қолданылу белгісіне қарай кіретін, шығатын және ішкі болып бөлінеді. Кіретін массив, объектіні басқару есебін шешу үшін сұранысты және жедел немесе алғашқы ақпаратты қамтиды. Шығатын массивтер, баспа құрылғысы – принтерге басылып шығатын мәліметтерді құрайды. Осы ақпарат негізінде, қолданушылар керекті шешім қабылдайды, яғни осы ақпаратты қолданады.

Машина ішіндегі ақпарат массивтері тұрақты, сақтаулы, жедел және қызмет көрсететін болып келеді. Тұрақты ақпарат массиві мөлшерлік құжаттар мен анықтамалардан алынып, мәліметтерді өңдеуге дейін қалыптасады және ол АЖ есептерін шешуде пайдаланылады. Тұрақты ақпарат массивіне жіктегіштер, анықтамалар, шартты-тұрақты ақпараттар қатысты болады.

Сақтаулы массивтер өзара байланысқан басқа есептерді шешу үшін қолданылатын ақпаратты жазады. Мысалы, кварталдық есеп беруді алу үшін, осы кварталға кіретін айлардағы ақпаратты жинау қажет.

Жедел массивтер жедел құжаттар негізінде құрылады, яғни біртіндеп жиналған айнымалы ақпаратты құрайды. Сондықтан, жедел массивтер әр өңдеу аралықтарында өзгеріп отырады.

Қызмет көрсететін массивтер, массивтерді автоматты өңдеуде қажетті қызмет көрсету ақпаратын құрайды.

Машина ішіндегі ақпарат базасы жергілікті есепке, немесе есептер жиынтығына бағыталған массивтер түріндегі тәсілмен немес мәліметтер базасына массивтерді қалыптастыру жолының тәсілімен ұйымдастырылады.

Мәліметтер базасы (15-кесте), ол тікелей мәлімет алуға болатын жадыда, сақтағыш құрылғыларда сақталып, өзара байланысқан ақпарат массивтерінің бірігуін бейнелеп және АЖ-нің басқару фукциясының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.

Мәліметтер базасын тұрғызудың себептеріне – мәлімет өңдеу уақытын қысқарту, сақтаулы мәліметтердің артықшылығын азайту, мәліметтердің сыйыспаушылығын және қарама-қарсылығын жою, есептерді шешу үшін мәліметтерді кең көлемдегі қолданушылардың бірігіп қолдануы, есептерді шешу программасынан мәліметтердің тәуелсіздігі, мәліметтер базасындағы мәліметтерді сақтаудың сенімділегі жәнге т.б. жатады.

Мәліметтер базасын қолдану, ондағы мәліметтерді басқарудың программалық жабдығының бар болуын қажет етеді. Оны мәліметтер базасын басқару жүйесі (МББЖ) деп атайды.

МББЖ – бұл АЖ-ны қолданушылардың қолданбалы есептерден мәліметтерге енуін қамтамасыз ететін, ақпарат массивтеріне кіру-шығу, оны тиеу, жөндеу үшін қажетті жалпы жүйелік программалар жиынтығы. Мәліметтер базасын МББЖ-мен біріктіріп, мәліметтер банкісі деп атайды. Мәліметтер банкісінің құрамы – мәліметтер қоймасы мен МББЖ-дан тұрады.



2.3.1. Машинадан тыс ақпараттық база



Машинадан тыс ақпараттық база – адамның есептеу техникасы құралдарын қолданбай қабылдайтын, АЖ функциялау үшін қолданатын мәліметтер жиынын ұсынатын ақпараттық базаның бөлігі. Машинадан тыс ақпараттық классификация мен кодтау жүйесінен, нормативті анықтамалық құжаттан және жедел ақпараттан тұрады [В.В. Дик. Экономикадағы ақпарттық жүйелер].

Классификация мен кодтауды анықтау жүйесі ақпараттық есептеуіш жүйесінің жадысында мәліметтерді сипаттау, тиімді іздеу және идентификациялау үшін қолданылады.

Нормативті-анықтамалық құжаттар шартты-тұрақты ақпарат категориясына жатады, олар ұзақ уақыт бойы есепте өзгерілмей қолданылатын регламенттік норматив, норма және басқа мәліметтерден тұрады. Берілген дипломдық жұмыста нормативті-анықтамалық құжат болып: нормативтік актілер, бағалы зат кодтарының каталогі валюта кодының каталогі, ҚР Ұлттық банкінің әр валюта түрі үшін ресми курсы жатады.

Жедел ақпарат нақты уақыттағы объект жағдайын, яғни алғашқы, өңделген ақпаратты сипаттайды. Оған клиент құжатынан (паспорт, жеке құжаты, әскери билет, шетелдік паспорт) алынатын мәліметтер жатады.

Кодтау мақсаты мәліметті құжатқа толтыруға, оларды машина тасығыштарына ауыстыруға, өңдеуге, жіберуге және басқа операцияларды орындау үшін қажет ақпаратты ықшам және ыңғайлы формаға келтіру.

Ақпараттың сыныпталуы ақпаратты мәлімет базасынан өңдеу және іздеуді жеңілдету үшін қажет. Сыныпталу белгілі бір ұқсас немесе әртүрлі ұқсастық белгісіне сәйкес көптеген объектілерді (пән, оқиға, үрдіс, түсінік) бөлу.

Сыныпталудан кейін таңдалған кодтау жүйесіне сәйкес ақпараттық бірлікті кодтау орындалады.

Кодтау дегенде объектіні ықшамдалған нысанда ұсыну мақсатымен объект сыныпталуына символдық мән (код түрінде) беру үрдісін түсінеміз.

Кодтау жүйесі деп объект сыныпталуына кодтық мән (кодтарды) беру ережелер жиынтығы.

Код – белгілі бір ережелер бойынша тұрғызылған шартты белгілеуді тұрғызу немесе орнатудың барлық номенклатуралар үшін жалпы жүйе. Әрбір код үшін төмендегілер анықталады:


  • код ұзындығы (код белгілеуіндегі белгілер саны);

  • код тобы (код белгілеуіндегі белгілердің орны);

  • код алфавиті (кодтық белгілеудегі болатын белгілер, олар цифрлық, әріптік және әріптік-цифрлық бола алады);

  • код құрылымы (код белгілеуіндегі белгілердің орналасу орны).

Кодтарды қолдану ақпарат өңдеуінің еңбеккөлемдігін төмендетуге, мәліметтер топтамасын жеңілдетуге; машиналық тасығыштарға ақпаратты жазуды жеделдетуге мүмкіндік береді.

Кодтау жүйесінің тізімдік, сериялық-тізімдік, тізбектей, комбинирленген, шахматтық және басқа жүйелері бар.

Мәселені шешу үшін кодтаудың тізімдік жүйесі қолданылады да, бағалы заттарды кодттау мен валютаны кодтаудың келесілері өңделеді. Бағалы заттарды кодтау құрылымы екі белгіден; валютаны кодтау құрылымы үш белгіден, айырбастау пунктінің номерінің тіркеу кодының құрылымы бес белгіден тұрады.

2.3.2. Ішкі машиналық ақпараттық база



Ішкі машиналық ақпараттық база – белгілі бір белгілер бойынша бапталған машиналық тасығыш жүйесінің (қатты магниттік диск, дискета, магниттік карта, т.б.) АЖ-да қолданылатын мәліметтер жиынтығын сипаттайтын ақпараттық база бөлігі [В.В. Дик Экономикадағы ақпарттық жүйелер].

АЖ ішкі машиналық ақпараттық базаның құрылымы араларында ақпарат ауыса алатын жеке мәліметтер базасы түрінде сипатталынады, ол арқылы ақпараттық базаны құру мен мәліметтер дұрыстығын жоғарылатуды оптималдауға болады.

АЖ ішкі машиналық ақпараттық базаның құрылымы өзінің функционалды бағытымен анықталады, АЖ қолданушының функционалды есеп талаптарын максималды қанағаттандырып, ұсынылған техникалық мүмкіндіктерге сай құрылуы керек.

Басқарма АЖ құрамына кіретін МБ C++ Builder – Windows 98/2000/XP ОЖ жұмыс үшін Object Pascal программалау тілін қолданатын қосымша арқылы жазылған. МБ екі негізгі бөлімнен тұрады:


  • басқаратын модуль;

  • экранды нысандағы модуль.

Ішкі машиналық ақпараттық база қатты және икемді магнитті ленталарда орналасқан ақпарат массивтерінен (файлдардан) тұрады. Жазуға тікелей ену прораммалық түрде, ол массивтерді өңдеу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. МБ басқармада жүргізіледі. МБ-мен жұмыс модемді байланыстың қолдануымен, яғни ақпаратты файл сервер негізінде қоданылатын компьютердің желілік дискісінде орындалады. Модем арқылы сервер байланысты орнатқаннан кейін Басқарма қызметшісі МБ файлдың жолын көрсетуі тиіс. Өзгерту операциялары орындалғаннан кейін МБ сақталынады. Сонымен қатар әртүрлі филиалдың бірнеше қызметкерлері бір мезгілде МБ-мен жұмыс істеп енуге рұқсаты бар толықтырулар мен кестедегі өзгерістерді жүргізе алады.

МБ Windows 98/Me/XP ОЖ сәйкес келетін дисктік тасығыштар мен стандартты шығару құралдарына сай жасалынған.

МБ жұмысының жылдамдығы басқа программалық өнімдердегідей қолданылып отырған жабдықтарға тәуелді. Тәжіребие көрсеткендей компьютерлерді Pentium IY процессоры базасында қолдану нақты уақыттағы жұмыс үшін толық жеткілікті.

2.4. Программалық жабдықтау



Программалық жабдықтау (ПЖ) ТҚК (техникалық құралдар кешені) функциясын жабдықтайтын АЖ функцияларын өңдейтін программалар жиынтығы түсіндіріледі. Программалық жабдықтау төмендегілерден тұрады:

  • Windows XP ОЖ-сі бар жалпы (жүйелік) жабдықтау;

  • жұмыс кезінде валюталық, кассир жүргізетін негізгі операциялардың автоматтандыруын жабдықтайтын программалық модульдер жиынтығынан тұратын арнайы (қосымша) жабдықтау;

  • бір жағынан қолданушы интерфейс пен ОЖ, екінші жағынан МБ-мен жұмыс арасындағы өзінің интерфейс құраладрының көмегімен жабдықталған Borland Delphi 7 интегрирленген программалау ортасы.


2.4.1 Бағдарламалық қамтамасыз етудің құрылымы
Жалпы жүйелік бағдарламалық қамтамасыз ету – бұл ұымның шығару процесіне қатысты және ақпаратты қайта өңдеуде жиі кездесетін есептерді шешу, кең ауқымыды пайдаланушыларға есептелген және бағдарлама жиынтығын ұсынатын бағдарламалық қамтамасыз ету бөлігі. Бұған операциондық жүйелер, кестелік процессорлер, бағдарлама генераторлары, графикалық және мәтіндік редактолар, ҚПП, МББЖ және т.б. жатады.

Операциондық жүйелер барлық басқару шығару жүйелерінің қорларына жауап береді. Бірақ жүйелік қамтамасыз етудің бірнеше аспектілері бар, шығару жүйелерінің типімен сәйкес болмайды. Оперпциондық жүйе персоналды компьютердегі аппарат құралқ абықшасының ең төменгі деңгейіндегі дәрежесін құрайды.

Персоналды компьютердің әр түрлі модельдері мүмкіншіліг және архетиктурасы әр түрлі операциондық жүйелер қолданылады. Оларды сақтауға және жұмыс істетуге әр түрлі оперативті жадының қорлары қажет. Бағдарламаны өңдеуге және оны құруға берілген пайдаланушыларсервисі бірдей болмайды операциондықжүйе түйіні әдетте сервистік бағдарламалардың жиналуымен қосылады. Осы бағдарламалардың көмегімен сыртқықұрылғылардың параметрлерін орнату, оперативті жадыны тестілеу және т.б. болып табылады.

WINDOWS XP операциондық жүйесінің мінездемесі:

WINDOWS файлдармен, дисктермен және т.б. операцияларға арналған ыңғайлы және көрнектәі интерфейспен қамтмасыздандырылған, сонымен қатар WINDOWS ортасында жаңа бағдарламаларды орнатуға мүмкіншілік жасаған. Әрине бұл бағдарламалармен жұмыс жасау үшін WINDOWS талаптарына сай келу керек, сондықтан оны WINDOWS –бағдарламалар немесе WINDOWS-қосышалар деп атайды, олар игеруде өте қарапайым және қолдануда ыңғайлы.

Бұл ОЖ өзіне енгізілген мультимедиа құралдары, енгізілген тасымал компьютерлері және енгізілген электрондық поштасы бар. WINDOWS ХР ОЖ Microsoft фирмасының Microsoft Office деп аталатын программа пакеттері құрылған. Бұл пакеттерге келесі программалар кіреді:



  • Microsoft Word -2000 XP Professional мәтіндік редакторы;

  • Microsoft Word -2000 XP Professional электрондық таблицасы;

  • Microsoft Word -2000 XP Professional презентациялық редакторы;

  • Microsoft Word -2000 XP Professional мәліметтер базасын басқару жүйесі;

Сонымен қатар WINDOWS ХР құрамына қызмет бағдарламалары мен пайдалы қосымшалар жатады. WINDOWS ХР қолданғанда аппарат бөліміне қойылатын талаптар:

Активтер мен пассивтерді басқарудың есеп кешенін объектілі-бағытталған программа Delphi қосымшасының өңдеу ортасында өндіруге болады.

Delphi қосымшаларды өндіруге арналған тиімділігі жоғары құрал.

Delphi жеке жұмыс станцияларына, сондай-ақ серверлерге арналған қосымшаларды ұстану мен өндіруде қолданылатын өндіру құралы болып табылады. Delphi Windows 98, Windows 2000 немесе Windows XP операциондық жүйе басқарымында құрыла алады.

Delphi жұмыс ортасының айқындауыш белгілеріне төмендегілер жатады:



  • Delphi арқылы құрылған қосымшалардың көбісі өндіру және бизнеспен байланысты мәселені шешуге бағытталады; ол мәліметтер базасын құру мен есеп беруді құруды қамтамасыздандыру жиі шешілетін есеп екенін білдіреді;

  • Қосымшалардың бірігуі маңызды болып келуде. Ол аппаратты жабдықтаудың қарқынды дамуының шарты:

    1. компьютерлердің кең таралуы;

    2. ақпараттың цифрлық, тексттік, көрініс және дыбыстық түрлерін қабылдау, қайта құру және жіберу үшін арналған техникалық құралдардың дамуымен байланысты.

Қолданушының көзқарасы бойынша, Delphi-ді қолануда келесі екі құбылыс көрінуі мүмкін:

  • бар функционалды мүмкіндіктерді өндіру;

  • осы функионалды мүмкіндіктерді өндіру әдісі

Delphi-дің негізі қосымшаларды өндірудің графикалық ортасы болып табылады, ол интегрирленген өндіру ортасы (Integrated Development Environment, IDE) деп аталынады.

Қолданушы интерфейс визуалды құрылатындықтан, Delphi туралы қосымшаларды тез құруға арналған орта деп айтады. Қосымшалардың тез құру ортасының негізі Two Days Tools атты технология болып табылады. Бұл компонентті белгілі-бір нысанда орнату немесе өзгерту кезінде сәйкес программалық код автоматты түрде толықтырылуын немесе өзгертілетінін білдіреді. Керісінше, қосымшаларды өндірудегі программалық кодтағы барлық өзгерістер компонент нысанының функционалды сипаттамасында автоматты түрде айқындалады.

Delphi объектілі-бағытталған программалауға негізделген. Осы программалау технологиясы Delphi-дің барлық функционалды мүмкіндіктерін өндіруге мүмкіндік беретін негіз болып табылады. Белгілер, әдістер мен алдын-ала анықтаған оқиға өндірушілерін қолдана отырып, дайын компонент негізінде қосымшаларды құру кезінде программалау кодының кішігірім көлемімен де жұмыс істеуге болады. Бұл өндіруші үшін өзінің қосымшаларының қолданушы интерфейсін құруда ол едәуір уақытты үнемдей алатындығын білдіреді.

Мәліметтер базасы мен есеп беру генераторлары қолданылатын бизнес-қосымшаларды өндіруді ұстану Delphi-де өте тиімді әдіспен жүргізіледі. BDE (Borland Database Engine) делдалдығымен Delphi ортасында жұмыс істеу кезінде мәліметтер базасының dBase-, Paradox-, FoxPro- , Access- ASCII-кестелеріне тікелей ену мүмкіндігін алуға болады. Borland SQL Links for Windows драйверлер жиынтығы SQL-сервермен барлық қажетті байланысты қамтамасыз етеді.





2.4.2. Программалық жабдықтау құрылымы

Программалық жабдықтау құрылымы жалпы жүйелендірілген және арнайы ПЖ-дан тұрады.



Жалпы жүйелендірілген ПЖ – есептеу үрдісі немесе жиі кездесетін ақпаратты өңдеуді (операциондық жүйе, кестелік үрдіс, программа генераторлары, графикалық және тексттік редактор, ҚПП (Қолданбалы программалар пакеті), МББЖ және т.б. құруға арналған кең қолданушылардың программалық жиынтығы болып табылатын ПЖ бөлігі.

ОЖ есептеуіш жүйесінің барлық ресурстарын басқаруға жауапты. Әдетте ОЖ ядросы арнайы бағытталған сервистік программа жиынымен толықтырылады. Осы программалар көмегімен дискілердің алғашқы белгіленуі, ішкі құрылыс параметрлерін орнату, жедел жадыны және компьютердің басқа компоненттерін тестілеу, ақпаратты баспаға шығару, үлкен машиналармен немесе локальді желімен кезігуі жүргізіледі. Осылайша ОЖ аппаратты құралдарды толықтыра отырып ДК бөлінбейтін бөлігі болып табылады. Басқарма АЖ-сі Windows 98/Me/XP операционды жүйесінде жұмыс істейді.

Windows 98/Me/XP операционды жүйесі Microsoft фирмасымен шығарылған, қолданушылар мен программистердің мүмкіндіктері мен ыңғайлылығының көлемін ұлғайғандығын қамтамасыз етеді. Windows-тің кең көлемде таратылуы IBM PC үшін негізгі стандарты болған – біріккен компьютердің: көптеген тұтынушылары Windows-те жұмыс істегендіктен 90-шы жылдары айтарлықтай жаңа программалардың барлығы Windows ортасында жұмыс үшін өндірілген.

Windows 98/Me/XP тек файлдармен, дискілермен т.б. операциялардың ыңғайлы интерфейсін ғана емес, сонымен қатар Windows ортасында программаларды жіберу үшін жаңа мүмкіндіктерді ашады. Осы мүмкіндіктерді қолдану үшін программалар Windows талаптарына сай жобалануы керек. Осы программалар Windows ортасынан тыс орындала алмайды, сондықтан олар Windows – программа немесе Windows қосымша деп аталады.

Windows программисттерге қолданушы интерфейсті құру үшін барлық қажетті құралдарды ұсына алады, сондықтан өздерінің ұқсас құралдарын құрмай программисттер Windows ұсынған құралдарды қолданады. Соның нәтижесінде Windows – программа қолданушы интерфейсі уникалды және қолданушылар әр программа үшін байланысты ұйымдастыру принципін жаттамайды.

Windows бір мезгілде бірнеше программамен жұмысты және бір программадан басқа программаға ауысуын қамтамасыз етеді.

Windows – программа арасындағы мәліметтердің ауысу құралдары қолданушы жұмысын оңайлатып, бір программадан көп программаларды қолдануды қажет ететін күрделі мәселелерді шешуге көмектеседі.

Windows ОЖ-мен бірге Office XP компоненттер жиыны ұсынылады. Office XP компоненттері күрделі жұмыстарын автоматтандырып, ірі мәселелерді шешуді шоғырландыру мүмкіндігін береді.



Office XP қосымшаның құрамы:

  • Word тексттік процессор;

  • Excel электронды кестенің редакторы;

  • Power Point презентацияларды дайындау программалары;

  • Access МББЖ; және т.б..

Windows-пен жұмыс істеу үшін тактылық жиілігі 1,8 GHz және одан да жоғары 80 486 SX және одан да жоғары процессорлардың болуы қажет. Жедел жады көлемі 256 MBt-тен жоғары. VGA (SVGA) мониторы және жұмысты жеңілдету үшін тышқан керек.

Арнайы ПЖ. Бұл АЖ-ның функцияларын өндіру үшін арналған нақты АЖ-ны құруға өндірілген программалар жиынтығы.
Минималды шығындар
Дерекқорларды құруға және эксплуатациялауға кететін шығындарды азайту үшін сыртқы жадыға қойылатын талаптарды минималдайтын ұйымдастыру әдістері таңдалады. Бұл әдістерді пайдалануда жадыдағы деректерді физикалық көрсету қолданбалы бағдарламалаушы қолданатын көрсетуден қатты ерекшелене алады. Бір көрсетуді екіншісіне түрлендіруді бағдарламалық қамтамсыздандыру не, егер мүмкін болса, аппараттық немесе микробағдарламалық құралдар жүзеге асырады. Мұндай жағдайларда түрлендіру алгоритміне кететін шығындар мен жадыны үнемдеудің арасында таңдауға тура келеді.
Минималды артықшылық

Дерекқорлармен басқарудың жүйелерін қолдануға дейінгі қолданыстағы өңдеу жүйелерінде ақпараттық қорлар артықшылықтың өте жоғары деңгейіне ие болды. Ленталық кітапханалардың көпшілігі артық деректердің үлкен мөлшерінен құралды. Тіпті интегралданған дерекқорларға біріктірілетін ақпараттың өсу мөлшері бойынша дерекқорларды пайдалану да артық деректердің пайда болу жаймен өсуде. Артық деректер қажет болғанға қарағанда, көп жадыны алатын ұғымда қымбат және олар жаңартудың бір операциядан астамын талап етеді. Дерекқорды ұйымдастырудың мақсаты тиімді жердегі артық деректерде жою және артық деректердің қолда бар болуымен келетін қарама-қайшылықтарға бақылау болуы тиіс.


Іздеудің мүмкіндіктері

Дерекқордың қолданушысы оған сақталатын деректр бойынша ең түрлі-түрлі сұрақтармен бара алады. Қазіргі коммерциялық қолданбалардың көпшілігінді сұраулардың түрлері алдын-ала анықталады, және талап етілетін жылдамдықпен оларды өңдеу үшін дероектерді физикалық ұйымдастыру құрастырылады. Жүйелерге қойылатын өскен талаптар алдын-ала жоспарланбаған осындай сұрауларды өңдеу немесе осындай жауаптарды қалыптастыруды қамтамасыз етуде.


Тұтастық

Егер дерекқор көптеген қолданушылармен пайдаланатын деректерден құралатын болса, деректердің элементтері мен олардың арасындағы байланыстар бұзылмағаны өте маңызды.Қатерлер мен түрлі кездейсоқ тоқтамдардың пайда болу мүмкіндігіне ескеру қаджет. Деректерді сақтау, олардың асаңартулары, деректерді қосудың процедуралары тоқтамдардың пайда болуы жағдайында жүйе деректерді жоғалтуларсыз қалпына келтіре алатын болуы тиіс. Есептеуіш жүйе ондағы сақталатын деректердің тұтастығына кепіл беруі тиіс.


Пайдаланудың қарапайымдылығы

Деректердің, жалпы логикалық бейнесін көрсету үшін қолданылатын құралдар қарапайым және көркемді болуы қажет.

Бағдарламалық қамтамасыздандырудың интерфейсі соңғы қолданушыға бағытталуы және қолданушы дерекқорлардың теориясы бойынша білімдердің қажетті қорына ие еместігінің мүмкіндігін ескеруі керек.
Деректер банктерін құрудың негіздері

Есептеуіш техника жыл сайын адам қызметінің түрлі сфераларында кеңінен қолданылуда. Өңделетің ақпараттың көмектерінің бірден өсуі мен адам қызметінің түрлі аумақтарындағы электронды-есептеуіш техниканы пайдаланудың жиналған тәжірибесі деректермен басқару сияқты ақпаратты өңдеудің дәстүрлі аумағын қарастыру керектігіне алып келеді.

Дерекқорларды құруға деректерді әртүрлі қолданбаларда кеңінен пайдалануға дәне деректерді пайдаланудың тәсілдерін оңай және жылдам өзгертуге болатынына ерекше назар аудару қажет. ДҚ пайда болғанға дейін пайдаланылатын деректерді ұйымдастыру тәсілін өзгерту тым қиын болды.

Деректерді пайдаланудың иілгіштігін қамтамасыз ету үшін ДҚ құрастырудың екі аспектісін ескеру қажет:



  • Біріншіден, деректерді бағдарламаларды өзгертпей қосу немесе құру үшін, деректер бағдарламалардан тәуелсіз болуы тиіс;

  • Екіншіден, бағдарламалаудың әдеттегі тілінде бағдарламаларды еңбек сыйымдылықсыз жазалаудың ДҚ-ға қажетті ақпаратты сұраудың және іздеудің мүмкіндігі қамтамасыздандырылуы керек. Осылайша, ДҚ жобалау толық белгіленген жағдайлар жүйесіне – айқын қалыптастырылған концепцияға негізделуі керек. [23]

ЭЕМ-ны өнеркәсіптің түрлі аумақтарында, басқаруды және ғылыми зерттеулерде пайдаланудың жалғасушы маңызды өсуі деректердің көп мөлшерін өңдеуді автоматтандыруға алып келеді. XX ғасырдың 50-ші жылдарының соңында 60-шы жылдардың басында көптеген мекемелер деректерді ЭЕМ-ға қол жетімді файлдар түрінде жинауды және сақтауды юастады. Уақыт өтісімен мекемелер деректер мен қолданбаларды басқаруды орталықтандыру қажеттігін жаймен аңғара бастады.

Дерекқор бір немесе бірнеше ұйымдардың шеңберінде көптеген қолдаушылардың қажеттіктерін қанағаттандыру үшін қызмет ететін деректердімашиналық өңдеу үшін арналған жиынтығы ретінде анықталуы мүмкін. Дерекқорда құралатын ақпарат қажетті ұйымның барлық мүшелерімен қолдануға дерекқордың арналғандығы негізгі мезет болып табылады. Ақпарат логикалық жазбалардың көптеген әртүрлі түрлерін қоса алатын дерекқорда сақталады. Дерекқор деректердің дербес файлдарымен болғандай, бір бағдарламаға емес, интегралданған талаптарға бағдарланған.

Алайда, тек дерекқордың бар болуы ғана деректерді өңдеудің және шешімдерді қабылдаудың аумағында ұйымдастырудың проблемаларын өз-өзінмен толығымен шешпейді.

Мекеменің ішіндегі көптеген қолданушылардың иелігі болып табылатын дерекқорлармен басқару мекеменің көз қарасы тарапынан жалпы жеке қолданушылардың емес, бүкіл мекеме үшін пайдамен жүргізілуі тиіс. Дерекқормен орталықтандырылмаған басқарусыз оның пайдалылығы уақыт өткен сайын төмендейді.

Дерекқорлармен реттеу және басқару проблемаларын шешу үшін екі концепция дамытылды. Біріншіден, бағдарламалық қамтамасыздандыру барлық қолданушылар мен интегралданған дерекқор арасындағы жалпы интерфейсті ұстануды қамтамасыз ететін бағытта дамыды. Қолданушылар ақпаратты тәуелсіз тәсілмен сақтай алмайды, олар, ақпаратты мекеменің талаптарымен сәйкес пайдалануы және жаңартуы қажет. Дерекқорлармен басқару жүйесі (ДБЖ) ретінде белгілі қамтамасыздандыру ЭЕМ-ны пайдаланумен деректердің бақылауын жүргізуге мүмкіндік береді, ДБЖ – бұл оның көмегімен дерекқормен орталықтандырылған басқару жүзеге асатын және деректерге қол жеткізу қамтамасыз етілетін, бағдарламалардың арнайы дестесі.

Әрбір ДБЖ-де ең алдымен, бүкіл дерекқор (АҚ) үшін деректерді бейнелеу тілімен (ДБЖ) және деректермен айла-шарғы жасау тілімен (ДАТ) интрепретаторлар немесе трансляторлар бар.

Қалыптастырылған тілде кейбір түрдің дерегінің құрылымын бейнелеуді осы деректің сұлбасы деп атайды. Деректерді бейнелеудің тілі (ДБТ) – бұл дерекқордың сұлбасын беруге арналған жоғарғы деңгейдің тілі. Оның көмегімен қорда немесе одан таңдамада сақтауға жататын деректердің түрлері, олардың құрылымы және өзара байланыстары бейнеленеді. Осы тілде жазылған бастапқы мәтіндер трансляциядан кейін басқарушы кестелерге бейнеленеді: мекен-жайлық константаларға, константаларға және ДБЖ бағдарламаларының деректерімен жұмыс үшін қажетті басқа ақпаратқа алынған бейнемен сәйкестікте ДБЖ қордан қажетті деректерді ала алады, оларды дұрыс түрлендіре және өңдей алады, мысалы, оларға қажетті болған қолданбалы бағдарламаға. Қорға деректерді жазуда ДБЖ оларды орналастыруға қажетті ЭЕМ-ның жадысындағы орнын анықтайды, берілген түрге түрлендіреді, керекті байланыстарды орнатады.

ДАТ деректермен айла-шарғы жасаудың командалар жүйесімен берілген. Онда, мысалы, келесі командалар болуы мүмкін:



  1. Мәні берілген шарттарды қанағаттандыратын, нақты деректің дерекқорынын таңдаманы жүргізу;

  2. Мәндері берілген шарттарды қанағаттандыратын, белгілі түрдің барлық деректердің ДҚ-нан таңдаманы жүргізу және т. б.

Дерекқормен басқарудың жүйелерін ДАТ жүзеге асырудың тәсілінен тәуелді түрге екі топқа бөледі:

  1. Қосымша тілмен ДБЖ;

  2. Базалық тілмен ДБЖ.

Базалық тілмен ДБЖ деректермен айла-шарғы жасаудан басқа арифметикалық операцияларды, терминалға еңгізудің – шығарудың операцияларын және тағы басқаларын орындауға мүмкіндік беретін, жеке алгоритмдік тіл құрастырылады.

Көптеген ДБЖ-де деректерді құзыретсіз пайдалану мен техникалық құралдардың тоқтамдарынан қорғаудың қамтамасыздандырудың арнайы құралдары, деректердің сенімділігін бақылау құралдары, қолданушылардың түрлі категорияларымен сол немесе өзге деректерді пайдаланудың статистиканың автоматты жиналуының құралдары бар.

Басқа концепция дерекқордың әкімшісінің (ДӘ) концепциясы болып табылады. Дерекқордың әкімшісі (ДӘ) - бұл дерекқормен басқаруды жүзеге асыратын тұлға (немесе тұлғалардың тобы). Ол жоғарғы деңгейдің басқармасымен сияқты, және деректерді өңдейтін қолданушымен де өзара байланыстарды ұстануы қажет, сондай-ақ, техникалық мамандар штатымен басқаруы керек.

Бұл штат ДБЖ бағдарламалық қамтамасыздандыру, операционды жүйелер, ЭЕМ-ны техникалық қамтамасыздандыру, қолданбалы бағдарламалау, жүйелік бағдарламалау сияқты аумақтарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалардын тұруы қажет.

ДӘ негізгі функциясы – қолданушылар ұжымына қызмет көрсетудің тиімді әдісімен деректердің құрылымдары мен олардың арасындағы өзара байланыстарды қамтамасыз ету.

ДӘ функциялары келесілер:



  • БҚ-дың объектілері жөніндегі деректерді ұйымдастырудың сұрақтарын шешу, және түрлі объектілер туралы ақпаратты біріктірудің мақсатымен олардың арасындағы ара байланыстарды орнату, қолданушылар сұрауларын келісімдеу;

  • ДҚ жобалау, жүзеге асыру және жүргізу бойынша барлық әрекеттерді белгілеу;

  • қлданушылардың келешектегі және ағымдағы талаптарын ескеру;

  • БҚ шекараларының өзгеруіне орай ДҚ кеңеюімен байланысты сұрақтарды шешу;

  • Деректерді құзыретсіз пайдаланудан, техникалық құралдардың тоқтамдарынан қорғауды қамтамасыз ету, бойынша шараларды құрастыру және жүзеге асыру, деректердің белгілі бөлігінің құпиялылығын қамтамасыздандыру және оларға қол жеткізуді шектеу;

  • дректердің артықшылығы мен қарама-қайшылығын, олардың сенімділігін бақылау;

  • жүйенің техникалық қамтамасыздандырылуының, жүйелік бағдарламалаушылар мен қолданбалы бағдарламаушылардың жұмысын белгілеу.

ДӘ орны ұйымдар дерекқормен байланысты деректерді өңдеу мен басқа да аспектілермен, деректер ресурстармен орталықтандырылған басқаруды ұққан кезде анықталады. Қолданушылар топтары және жеке қолданушылар жалпы мекеменің мақсаттары мен мүмкіндіктерінен шығып, бүкіл құралдармен қызмет көрсетуі тиіс.
Бағдарламаның сипаттамасы

Ақпаратты сақтаудың құрылымы

Қойылған есепті шешу үшін бірінші кезекте ақпаратты сақтаудың құрылымын таңдау қажет.

Ақпараттық массивтерді ұйымдастырудың екі тәсілі бар:

Файлдық ұйымдастыру және дерекқорды ұйымдастыру. Файлдық ұйымдастыру мамандандыруды болжайды және бір қолданбалы есепке бағдарланып, ақпаратты сақтау, және бағдарламаушының өзімен қамтамасыздандырылады. Файлдық ұйымдастыру ақпаратты өңдеудің жоғары жылдамдығына жетуге мүмкіндік береді, бірақ деректермен бағдарламалар және файлдардың тар мамандандыруы үлкен артықшылықтың себебі бола алады.

Біздің уақытымызда АБЖ-ні құруда деректерді ұйымдастыруға сапалы түрде жаңа тәсіл қажет. АБЖ-де деректерді ұйымдастыруға екі негізгі талапты қояды:



  • Пәндік аумақтың динамикалық жаңартылатын модерн құра отырып барлық деректер орталықтандырылып жиналғанда және сақталғанда деректерді интеграциялау;

  • Қолданбалы бағдарламалардан максималды мүмкін тәуелсіздік.

Осы талаптарды орындау ортақ (жүйенің барлық есептері үшін) дерекқорды ДҚ құруға алып келеді. АБЖ-дегі ДҚ-дың артықшылықтары келесіде құралады:

а) Барлық ресурстармен орталықтандырылған басқару, барлық қолданбалы үшін деректерді синхронды ұстау.

ә) Олардың интеграциялануы салдарынан деректер артықшылығының проблемаларының жоқтығы.

б) Қосарланушылықты жоюдың арқасында деректерді бір еселік еңгізу және көп еселік пайдалану.

в) Деректерді ұйымдастыру құралдарының үйлесімділігі және деректерді ұйымдастырудан қолданбалы бағдарламалардың тәуелсіздігі келтірілген мәлімдемелерден шығып, дерекқорды ұйымдастыру таңдалды.
Жобаның ұйымдастырушылық-экономикалық бөлімі

Бағдарламалық өнімді құрастыруды ұйымдастырудың негізгі жұмысты орындау мерзімдерін жоспарлау және олардың сметалық бағасын анықтау болып табылады. Жоспарда құрастыру үрдісінде құрастырудың кезеңдері мен әр кезеңде орындалатын жұмыстардың тізімі орындалады, олардың еңбексыйымдылығы, жалғасымдылығы мен атқарушылардың қажетті саны анықталады.

Жоспарлау үшін бастапқы деректер көлемдік және еңбектік нормативтер болып табылады. Көлемдік нормативтердің негізінде орындалатын жұмыстардың құрамы орнатылады. Еңбектік нормативтер әрбір жұмысты орындауға нормо-сағаттарда уақыттың шығындарын анықтайды.

Бағдарламалық өнімді құрастыруды ұйымдастыру үшін орындалатын жұмыстардың өзара байламдылығын, тар жерлерді анықтау және құрастырудың жоспарлы тиімділеуді қамтамасыз ететін, желілік жоспарлау мен басқару әдісін қолданған мақсатқа сай. Ол жұмыстарды айқын ұйымдастыру мен олардың орындалуының оперативті бақылауына көмектесетін, бағдарламалық өнімді құру үрдісінің көркемділігіне ие.

Бағдарламалық өнімді құрастыру мен еңгізудің орындылығы жөніндегі шешім базалық және енгізілетін нұсқалардағы келтірілген (ағымдағы және капиталды) шығындарды салыстырудың жолымен анықталатын, күтудегі экономикалық эффекттің есептелуі негізінде қабылданады.
Бағдарламалық өнімнің ұйымдастыру әзірлемесі. Жобаның құрамы мен құрылымы

Бағдарламалық әкімдердің (БӨ) бұрынрақ орындалған әзірлемелерін талдау және “Бағдарламалық құжаттаманың ортақ жүйесі” (МЕСТ 19.001) Мемлекеттік стандарттардың ұсыныстары жобаның құрылымы мен 6.1-суретінде бейнеленгендей, шешілетін есептердің кезеңдерін мақсаттар ағашы түрінде көрсетуге мүмкіндік береді.


┌────────────────────────────┐

│ программалық өнімді │

│ өндіру │

└─────────────┬──────────────┘

┌────────────┬─────────────┴─┬──────────────┬──────────┐

┌─────┴─────┬──────┴───────┬───────┴──────┬───────┴──────┬───┴─────┐

│техникалық │ эскиздік │ техникалық │ жұмысшы │ енгізу │

│тапсырма │ жобалау │ жобалау │ жобалау │ │

├───────────┼──────────────┼──────────────┼──────────────┼─────────┘

│ ├шешу әдісін ├алгоритмді ├программаны ├тапсырыс

├мәселе │ таңдау │ әзірлеу │ әзірлеу │ берушіге

│ қойылымы ├тех.құрал ├мәлім. нысанын├сынақ өткізу │ программа

├шығыс ақп. │ конфиг. │ анықтау │ және дұрыстау│ өнімін

│ жинау │ таңдау ├өнімді ├жолдамалы │ беру

├техникалық ├программаның │ енгізудің │ құжаттаманы │

│ тапсырманы│архитектуралық│ техникалық │ әзірлеу

│ құру │ жүйесін │ экономикалық │ прораммалық

│ әзірлеу │ негіздемесін │ өнімді

├әзірлемені │ әзірлеу │ сынақтан өткізу

│ ұйымдастыру ├түсіндірме

│ жазуды


│ құрастыру

Сурет 6.1 Программалық өнімді әзірлеу мақсаттары


Жұмыстар тізімі және олардың орындалуының кезеңдері

Жаңа бағдарламалық өнімді құру бағдарламалық құжаттар мен бағдарламаларды құрастырудың әрбір кезеңіңдегі жұмыстар жиынтығының орындалуын қарастырады. Жұмыстардың құрамы бағдарламалық құжаттаманың әзірлемесін ұйымдастырумен және шарттармен және жобаланатын бағдарламалық модульдердің санымен анықталады. БӨ әзірлемесінің жаңашылдығы мен күрделілігінен тәуелді түрде жобалайдың кезеңдері анықталады және әр кезеңде орындалатын жұмыстардың тізімі орнатылады.

Кез келген жұмыстың орындалуы жұмыстың мақсаты мен алынған нәтижелер бейнеленген құжаттар жазумен аяқталады. Эскиздік және техникалық жобалаудың кезеңдерінде әзірленетін мәтіндік құжаттардың жинақтығы жобаны қорғау үшін керекті плакаттар мен түсіндірме жазбаша түрінде пішімделеді.

Олардың орындалуының кезеңдерін және шығарылатын құжаттаманың (А4 форматтың парақтарында) көлемін көрсетумен нақты жұмыстардың тізімі 7 кестеде келтірілген.


Кесте 7.


Орындалатын жұмыс тізімі.


NNпп

Орындалатын жұмыс атауы

Деңгей

А4 форм саны

1
2
3

4
5


6

7

8


9
10

11

12


13

14

15


16
17

18
19


20
21

22
23


24

25

26



27

28

29



Мәселе проблемасы мен қойылымының нысаны

Шығыс материалдарының жиналуы мен жұмыс істелуі

Қажетті өндіріс негізі

Кіріс/шығыс мәліметтерінің өңделу құрылымы, қолданушы мен интерфейс функциясы

Мәселені шешу мүмкіндігінің негізі

ТЗ құру, келістіру және бекіту

Жобаның графикалық бөлімін дайындау

Программалық және техникалық талаптарын анықтау

Орындалатын жұмыс құрамы мен өңделу деңгейін анықтау

Мәселені шешудің жалпы алгоритмін өңдеу

Тех-қ құрал конфигурациясын анықтау

Желілік графика түрінде программалық өнімнің жоспарын анықтау

Программа құрылымын құру

Желілі графиканы бейнелеу

Кіріс/шығыс мәліметтерін, ұсыну нысандарын анықтау

Орындалатын жұмыстың еңбеккөлемділігін анықтау

Мәселені шешу әдісін таңдау

Программалық өнімді өндіруге және ендіруге кеткен шығынды анықтау

Мәселені шешуге байланысты шектеулікті анықтау

Программалық өнімді ендірудегі экономикалық тиімділікті бағалау

Программалау тілін таңдау

Программаның функциялық және логикалық құрылымын сипаттау

Жобаның түсіндірмелі жазуын құру және бекіту

Программаның алгоритмін құру

Программаны жазу

Программаны тестілеу

Оператор нұсқауын өңдеу

Прорамманы үйлестіру

Программалық өнімді тапсырыс берушіге беру


ТЗ
ТЗ
ТЗ

ЭП
ЭП

ТЗ

ТП

ТЗ


ТЗ
ЭП

ТП

ЭП


ТП

ТП

ТП


ТП
ЭП

ТП
ТП


ТП
ТП

ТП
ТП


ТП

РП

РП



РП

РП

ВН



2
120
2

7
4


4

24

2


3
8

3

6


4

8

3


4
4

6
2
6


1

2
85


6

16

6



8

8

25




Концептуалдық схема
Кәсіпорынның концептуалды сызбасы жабдықтаушы және атқарушы бөлімдерден тұрады.

Жабдықтаушы бөлім өңдеу деңгейі және ақпарттық қозғалысы бойынша графикалық түрдегі ақпараттық және технологиялық байланыстарды көрсетеді.

Атқарушы бөлім мәліметттер базасынан немесе басқа көздерден алынатын өңделуін және шығысында қандай құжаттар алынатынын көрсетеді.

Берілген есептің сыныпталу жүйесі иерархиялы болып келеді. Кодтау жүйесі сериялық-тізімдік. Бұзылу мен рұқсатсыз енуден программалық және ақпараттық құралдарды қорғау міндеті қойылады.



Ақпаратты қорғау мәліметтер жүйесінде сақталынатын, орындалатын программаны басқаруға мүмкіндік беретін әдістер жиынтығы.

Концептуалды схема


III-ТАРАУ



жүктеу 1,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау