Кәріпжанова айнұр оралқызы фразеологиялық коннотацияның прагмастилистикасы


Фразеологизмдердегі ұлттық-мәдени стереотип



жүктеу 0,55 Mb.
бет2/4
Дата20.05.2018
өлшемі0,55 Mb.
#14500
түріДиссертация
1   2   3   4

1.4 Фразеологизмдердегі ұлттық-мәдени стереотип

Әрбір ұлттың және халықтың өзіне тән болмыс-бітімі, салт-дәстүрі, материалдық және рухани мұралары, ұлттық ерекшелігі – сол халықтың тарихи даму жолының көрінісі.

В.Н.Телия кез-келген тілдер жүйесіндегі фразеологизмдер мәдени белгілердің экспоненттері ретінде қабілетті екендігін, фразеологизмдердің ұлттық-мәдени дүниетанымға синхронды түрде еніп қана қоймай, оның фрагменттерін ұрпақтан ұрпаққа табыстаушы ретінде жеке тілдік тұлғаның, сондай-ақ тілдік ұжымның дүниетанымын қалыптастыруға қатысатынын айтады [2].

Фразеологизмдердің ұлттық-мәдени ерекшеліктерін қарастыру барысында фразеологиялық аспектідегі «бір ұлт өкілдерінде бірыңғай ұлттық сана-сезім құрылымы» концептісін талдау мәселелері алғашқы орынға қойылады.

Фразеологизмдердегі ұлттық нышанды анықтаудың тіл білімінде бірнеше жолы бар: 1) Бір тілдің ұлттық-мәдени болмысын екінші бір тілдің ұлттық-мәдени болмысымен салыстыру арқылы анықтайтын – салыстырмалы тәсіл; 2) Бір тілдің ұлттық-мәдени нышаны сол тіл иелерінің көзқарасымен қарастырылатын, яғни өзіндік талдау, өзіндік бақылау жүзеге асырылатын – интроспективті тәсіл.

Осы тұрғыда мәдени коннотация фразеологияның ең маңызды компоненті болып табылады. Бұл – жеке бір халықтың, ұлттың нышаны. Мәдени коннотация фразеологизмдердегі ассоциативтік-бейнелік негіздердің интерпретациялануының нәтижесінде туады, ол ұлттық-мәдени стереотиптермен сәйкестендірілуі арқылы жүзеге асады.

Стереотип – дүние туралы таным-түсініктің қайталануынан тұрақталған әрекеттер мен құндылықтар шаблоны. Стереотиптер өз семантикасында ұлт мәдениеті дамуының ұзақ уақыттық үдерісін көрсетеді, ұлттық сипат, тарихи және мәдени колоритті береді. Тіл білімінде стереотипті ситуацияның ойбейнесі ретінде фреймдер қарастырылады.

Әрбір суреткер тілді қолдануда сол тілдің негізінен, дәстүрінен қол үзбейді және автор тұлғасы көркем шығарманың мазмұндық құрылымында идеялық-эстетикалық позициясын танытумен ерекшеленеді. Мәшһүр Жүсіп шығармалары образды, ұлттық ерекше белгілері сайрап тұрған фразеологизмдерге өте бай. Олар мал шаруашылығына байланысты туындаған, қазақтың салт-дәстүрінен көрініс беретін, қазақтың ас-тағам дәстүрінен көрініс беретін, қазақтың үй әбзелдері мен жиһаздары атауларының қатысуы арқылы жасалған фразеологизмдер бойынша фреймдер түрінде келеді. Мысалы: Сөз деген – жайылған мал: далаға өрсе, Кәне, қора табылып, соған кірсе; Түспесін алдауына пенде не ғып? Жүрген соң дайым аңдып қойдай бағып; Боламын кейде жүйрік, кейде жорға, Бұл дүние көп қуғанмен түспес қолға; Кеудеме Құдай кеңес берген шақта, Қағазға он саусағым атша желген; Жаяу қыл, нәпсіңді атқа мігізбей бақ, Міне қалса, жортқызып, желгізбей бақ; Байлардың қолындағы жиған мүлкі: Кем-кетік, жоқ-жітіктің сыбағасы; Екеуі құда болды: «Құдай»-десіп, Биылғы жыл құйрық пен бауыр жесіп; Зеректігі – Мәшһүрдің болды соры, Таусылмайтын сабаның болып қоры және т.б.

Фразеологизмдердегі сөз-компоненттер адам санасындағы мәдениеттің тақырыптық кодтарының жүйесімен сәйкестендіріледі. Мәдениет кодтарында аталған компоненттің мәдени мағынасын іздеу жүзеге асады, олардың мәдениеттің вербалды белгілері ретіндегі тұрақтылығы мен маңыздылығы дәлелденеді. Мысалы,

Жерге қиып тастамай көрген кісі,

Әбдіреде жансыздай жатып қалам фразеологизмінің коннотациясында назар әбдіре сөзіне аударылады. Әбдіре – үй әбзелдерінің бірі. Әбдіреде күнделікті қолданыла бермейтін заттар, киімдер ұзақ уақыт сақталынатын болған. Ұлттық мәдениеттен көрініс беретін де – әбдіре лексемасы. Осы жерде ақын өзінің өнерін «тастауға қимай, әбдіреге салып, ұзақ уақыт пайдаланбай сақтап қойған» затқа балап, ассоциациялайды. Айта кететін жайт, фразеологизм бойындағы бейнелі-уәжді компонент мәдениет аясында интерпретацияланған кезде мәдени коннотацияны туғызады.

Ұлттық тіл семантикасында бекіген образдар жүйесі тілдегі мәдени ақпараттың негізі болмақ. Нәтижесінде мәдени кодтар мәдени ұлттық коннотация мазмұнын құрайды. Осындай мәдени коннотациялар Мәшһүр Жүсіп қолданысындағы фразеологизмдерде, олар қолданылатын мәтін мағынасына да қажетті мәдени сипат береді.

Демек, коннотацияның пайда болуына ұлттық-танымдық стереотиптер, ассоциациялар күшті негіз бола алады. Коннотациялар бағалаушы рөлінде келіп, әлем бейнесін құрайтын тілдің ұлттық ерекшелігін айқын байқатады.

Мәшһүр Жүсіп қолданысындағы кез келген фразеологизм құрамында мәдени коннотация бар және ол ұлттық мәдениет бейнесіне өз үлесін қосады.



«Фразеологиялық коннотацияның прагматика-стилистикалық аспектісі» деп аталатын екінші бөлімде фразеологизмдердің символдық және бағалағыштық коннотациясы, олардың стилистикалық амал-тәсілдер арқылы көріну жолдары анықталады.

2.1 Фразеологиялық коннотацияның стилистикалық сипаты

Фразеологизмдердің негізгі және орныққан, жүйеге енген қасиеттері – бейнелілік болуы немесе стилистикалық коннотация құрауы прагмастилистикалық мақсатқа сай үйлестірілуінде. Фразеологиялық тіркестер автордың ойын мәнерлі түрде жеткізу үшін жұмсалатын әсерлі, бейнелі сөздер жиынтығы. Фразеологизмдердің нормадан ауытқуының бәрі бірдей сәтсіз, теріс әрекет бола бермейді. Керісінше нормадан белгілі бір қарым-қатынастық мақсатта ауытқудың оқырманға тигізер ықпалы зор. Осы тұста Н.Уәлиев: «Белгілі бір мақсатты көздеп, нормадан ауытқуды прагматикалық ауытқу деп атаймыз»,-дейді [3, 108б].

Көркем әдебиетте фразеологизмдер көріктеуші бейнелі тәсіл, көркемдік нәр беру, эмоциялық уыттылық таныту үшін алынатыны әсерлі ой, сезімге бөленуді көрсетеді, олардың әрқайсысының астарында жасырын қосымша мағына және прагматикалық бағдар жатады. Қай қаламгер болмасын өз шығармасында фразеологизмдерді дайын күйінде де, авторлық өңдеумен де қолданады. Фразеологизмдердің шығарма тілінде өзгеріске ұшырауы автордың өзіне тән стилі әрі көркем тілдің аясының емін-еркін екендігін көрсетеді.

Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы фразеологизмдер өзінің коннотациясы, стилистикалық сипаты жағынан сан алуан. Себебі автор фразеологизмдерге жаңартулар жасап, өңдеп, құбылтып көрсетеді:



1. Жалпы халықтық формадағы фразеологизмдерді өзгертіп қолдану. Мысалы: «Бір тойған – шала байлық» деген қазақ, Қызығып тойғандыққа қалар жатып (Кедейдің бір тойғаны – шала байығаны); Жан семірер жақсы сөзге, Көркейдім хатыңды оқып, сол бір жасап (Жақсы сөз жан семіртеді); Беріп қойды аямай денсаулықты, Отырғызып қасына ақ жаулықты. Саусаң бие, артуға түйе беріп, Қотаныңнан өргізіп жүз саулықты (Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық, үшінші байлық – он саулық); Жетім көрсең, жексұрын көрме!-дейді. Тіленшіні телміртіп жүрме!-дейді (Жетім көрсең, жебей жүр).

2. Фразеологизмдердің құрылысы өзгертіліп қолданылады. Мысалы: «Бұл күнде алтын азып, жез болыпты, Дүниеде жақсы-жаман сөз болыпты»; Құр босқа текке айғайлап зорықпайын, Жаяудан шаң шықпайды, жалғыздан үн; Құлағында тесік жоқ бұл күнгі жан, Саңырауға сәлем берсең: «Атаң басы!»; Тең теңін олжаламақ, тезек қабын, Болмайды саған енді ешкім құмар; «Адамға пәле – тілден, бейнет – көзден» және т.б.. Осы мысалдардағы «Адамға пәле – тілден, бейнет –көзден» тіркесіндегі «бейнет – көзден» қазір қолданылмайды. Мәшһүр Жүсіп өлеңінде: «Жаяу қыл, нәпсіңді атқа мінгізбей бақ, Көз соңынан көңілді тізгіндеп бақ»,-деп, «бейнет-көзден» деген тіркестің мағынасын аша түседі. Демек, адамның көзінен көп күнәнің шығатынын, адамның байқамай шариғатқа қайшы іс істеп қоюы мүмкіндігін ескертеді. Танымдық тұрғыдан қарасақ, Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінде Құран мен хадистерді көп қолданып, «Көз зинасы» ұғымына байланысты хадистің мазмұнын алғанын аңғаруға болады. Ал стилистикалық тұрғыдан алғанда, екі бөлек айтуға болатын сөз тіркесін ақын біріктіріп, контаминация тәсіліне сүйенеді.

3. Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінде қолданыс өрісі кең сөздер кездеседі. Ақын тіліндегі көңіл сөзінің қатысуымен жасалған фразеологизмдер адамның ішкі жан дүниесінің, психологиялық жай-күйін білдіреді: «Күлігім бар!»,-деп, мен жүрмін көңілім тойып; Махаббат, мархабатлы болмаған соң, Уыз жас қалды көңілім замандастан; Менменсіген талайдың көңілін бастым; Кісінің көңілін жықпаған; Біреуді жақсы көріп, жылы тартсаң, Кіршіксіз болып көңілің ақ қағаздай.

Ертеден келе жатқан тіркестерге жан бітіріп, мағынасы жағынан жуық емес сөздерді шендестіріп, тіркесімділік қабілеті жоқ сөздерді байланыстырып, жаңа мағынамен байытудың жолын көрсеткен үлгілері: Көңілің бір өлік еді жансыз жатқан; Көңілдің ел қалмаған жайлауында; Көңіліме ерте қонған сөздің ауылы және т.б.



Көңіл сөзі ақын танымында аналогия, ассоциация сияқты ойлау процесі заңдылықтарының нәтижесінде туындайтын ұғымдардың атауы, жаңа лексикалық мағына туғызуға негіз бола алады. Ол – фразеологизм жасауға тірек сөз бола алатын тілдік бірлік.

4. Фразеологизм сыңарларының арасынан сынамалап сөз ендіру. Дистант құбылысы Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы фразеологизмдерде де кездеседі. Тісіңді алыс жауға көп қадайсың, Қас пен көздің, кірпіктің арасында; Құлақтың, естігенде, құрышы қансын; Шаһар жаққа түзейді енді бетті.

5. Фразеологизмдердің орнын алмастырып қолдану. Инверсия – сөйлем ішіндегі бір-біріне қатысты сөздердің, сөйлем мүшелерінің, күрделі сөз оралымдарының, әдеттегі орын тәртібінің бұзылып берілуі. Мәшһүр Жүсіп инверсияны тек ырғақ пен ұйқас талабынан ғана емес, сөзге логикалық екпін түсіру, негізгі идеяны алдыңғы тармақта немесе тармақ басында беру сияқты стилистикалық-прагматикалық мақсатты пайдаланады. Дүниеден қалған жан жоқ аяп күшін, Қайраумен шықыр-шықыр отыз тісін; Қызыл тіл, сен басымды салдың дауға; Отырмын бұ жалғаннан үзіп күдер.

Ақынның фразеологизмдерді жаңартып жұмсау тәсілі, халық тілі үлгісімен жасалған, өз қаламынан шыққан қанатты сөздері қазақтың ауыз әдебиеті тілімен ұштасып жатқандығын дәлелдейді. Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы фразеологизмдердің окказионалды қолданыстары жасалу тәсілі жағынан сан алуан. Ақын жалпыхалықтық тілдің тұрақты тіркес құрамынан ең қажетін талғай отырып, мүмкіндігіне орай оларды түрлендіріп пайдаланады. Тұрақты тіркестерді жаңғыртып, өңдеп, құбылтып, айшықты сөздермен толықтырып қолдану арқылы фразеологизмдердің мәнмәтіндегі мәніне экспрессивті-эмоционалды реңк беріп, көркемдегіш қасиетін құлпыртып, стилистикалық қызметін күшейтеді, прагматикалық мақсатын айқындай түседі.



2.2 Фразеологизмдердің символдық коннотациясы

Халық мәдениеті, танымы, өмір-тіршілігі негізінде қалыптасқан фразеологизмдер тұрақты символдық мәндерді игеруге өте қабілетті. Әлем, табиғат, адамның сыртқы түрі мен ішкі қасиеттері танымдық процесінде ерекше семиотикалық мағынаға – мәдени мағынаға ие болады. Әлем өзінің физикалық, материалдық табиғаты, негізі туралы мағынасынан босатылып, адам танымында әлеуметтік, рухани уәжділікке ие болады. Мәдени мағынасы бар материалдық әлемнің таңбалары мәдени таңбаларға айналып, адамда оның екіншілік қасиеті бойынша қолданыс табады. Осыған байланысты Р.Авакова: «Кез-келген халық санасында қалыптасқан символдар болады, ол символдар әрқашан уәжделеді, яғни олар дәлелді. Тіл-тілдің идиомасында фразема жасайтын символдық компоненттер болады, оларды кейбір ғалымдар ұйытқы компоненттер деп атайды» [4, 161б.].

Символдық коннотация Мәшһүр Жүсіп шығармаларында соматикалық фразеологизмдер, зооморфтық фразеологизмдер, түр-түстік және сандық фразеологизмдер арқылы беріледі.

2.2.1 Соматикалық фразеологизмдер

Ә.Болғанбаев: «Анатомиялық атаулар негізгі сөздік қорға жататындықтан, көп мағыналы, туынды жаңа сөз жасауға соншама бейімділігімен ғана сипатталмайды, сонымен бірге тұрақты тіркестер жасаудағы белсенді қызметімен де айрықша көзге түседі»,-деп, соматизмдердің фразеология жасаудағы маңызын айтады. [5, 107б].

Адам – күрделі де, айрықша құбылыс. Адам баласы басынан небір күйлерді кешіреді, олар қуанады, шаттанады, күледі, ашуланады, күйінеді, ренжиді, жақсы көреді, жек көреді. Бір сөзбен айтқанда адам бойындағы қасиеттер әр түрлі. Осындай қасиеттер қазақ тіліндегі соматикалық фразеологизмдерден де мол көрініс табады.

Соматизмдерді метафоралы қолдану Мәшһүр Жүсіп фразеологизмдерінде де бар. Олар көз, құлақ, іш, ауыз, тіл соматизмдерінің қатысуымен жасалады. Көзіңнің бір қарап қой ұшыменен, Сырты түгіл үйірілсін ішіменен; Кем-кетік, жоқ-жітікке қайырылысып, Қаріп пенен қасерді көзіңе іл; Көзге түс, ауызға ілін, майданға кел; Бірі боп көзге күйік, жүрмей-ақ қой; Ғылым мен ақылды бердім бұған, Бәрің бұған боласың құлақ кесті; Құмырсқа қыбырлайды, о да жүрсе, Жұрт құлағын салады ит те үрсе; Нашарға жаның ашып, ішің күйсе; Мұнымен түсті жастар жұрт алдына, Бос сөзге бейпіл ауыз желдей есіп; Бой тоқтатып өз аузын баға алмайды; Тілің ұзын болғанмен, қолың қысқа және т.б.



Қылады шүкір, сабыр білген адам, Ашылып жүрек көзі, көрген адам деген тіркестегі «Жүрек» сөзі – адамзат денесінің орталығы, оның өмірлік күшінің негізі болатындығы жалпыға белгілі, егер жүрек өзінің соғуын тоқтатса – онда адам да өз тіршілігін тоқтатады. «Жүрек» концептісі адамның рухани өмірінің орталығы болып саналатын сезім мүшесі ретінде қабылданып жүр. Мәшһүр Жүсіптің бұл жерде «жүрек» деп отырғаны – адамның ішкі жан дүниесі. Осылайша ел-жұртын үнемі адамгершілікке, имандылыққа шақырады. Ақынның айтуынша, маңдайдағы екі көздің болуы жеткіліксіз. Адамда ең алдымен «жүрек көзі» болуы керек. «Жүрек көзі» болса ғана адамда сабырлылық болады, сонда ғана адамға имандылық ұялайды дегенді айтқысы келеді. Абайда осы тіркеспен синонимдес «көкірек көзі» деген қолданыс бар:

Қарны тоқ хасса надан ұқпас сөзді,

Сөзді ұғар көкірегі болса көзді (Абай).

«Көкірек көзі» тіркесінде Абай аллитерацияны ұтымды пайдаланса, Мәшһүр Жүсіп «жүрек көзі» сөз әуезділігін, үйлесімділігін таңдайды және бейнелі жаңа фразеологизм жасап, поэтикалық қорды молайтады.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы соматикалық фразеологизмдерді қолдануда тек бейнелеу мақсатын ғана көздеп қоймайды, стильдік тұтастықты, дәстүр жалғастығын сақтау сияқты суреткерлік талаптарды сақтап отырады. Бұлардың барлығы коннотация қызметіне сәйкес келеді. Демек, коннотанттық компонент бейнеліліктің дамуы барысында пайда болады және фразеологизмдердің эстетикалық құндылығын арттыруға себепкер болады.

2.2.2 Зооморфтық фразеологизмдер

Қазақ тілінде малға байланысты көрініс тапқан фразеологизмдер өте көп. Сондықтан ұлттық өмірдің айнасы болып табылатын фразеологизмдердің әлемнің тілдік бейнесін жасаудағы орны ерекше болса, оны танымдық тұрғыдан талдау – қазақ өркениетіндегі ұлттық мәдениеттің табиғатын ашуда үлкен мүмкіндік береді.

Мәшһүр Жүсіптің адам мінезіне, сырт келбетіне, іс-әрекетіне, түрлі қасиетіне байланысты қолданылған жан-жануарлар атаулары ұйытқы болған фразеологиялық тіркестерінің семантикасы образдылық, бағалауыштық, эмоционалдық, экспрессивтік мағына үстейді: Түспеген тұғырынан ақ сұңқарым; Бәйге алған тұлпарымсың шабысқанда мысалдарындағы сұңқар, тұлпар секілді құс, жануар атауларын білдіретін сөздердің номинативтік мағынасының бір семалық элементі ретіндегі – күштілігі, биіктігі, алдына жан салмас жүйріктігі ескеріледі. Онтологиялық қасиеттері бойынша сұңқар – аспанда биік ұшатын құс, тұлпар – жүйрік ат, олардың бұл қасиеттері адамның әрекеті барысында танылып, рухани категория бойынша жаңа мәнге ие болған. Сөйтіп, бұл зооатаулар жағымды эмоциялы образды сөздер ретінде қолданылған.

Белгілі бір фразеологиялық үлгіні жасауда сол жануардың бейнесі, пошымы, іс-әрекеті т.б. жайлы мәліметтер жинақталып, этнос мәдениетіне сай тұрақты тіркес туындайды. Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінде де «ит» сөзі қатысқан бейнелі тіркестер: Дау болса, екі ит шығар ырылдауға; Өтті ғой ит қорлықпен өмір шіркін; Жаның қалмас талай ит талағанда; Иттің кетпес ойынан жерік асы; Ит дүние, сен бір сәурік айғырдайсың. Бұлардан жағымсыз бағалағыштық коннотацияны аңғаруға болады.

Ақынның ит образына деген көзқарасының қалыптасуына мұсылман дінінің де өзіндік ықпалы болғанын да айта кеткен жөн. Пайғамбарымыздан қалған, халқымыз ұстанатын сүннет бар, ол ит пен мысыққа байланысты. Пайғамбарымыз иттердің нәжіс екенін, оның сілекейі тиген сумен дәрет алуға болмайтындығын, егер бір ыдысқа аузы тисе әлгі ыдысты әуелі топырақпен, сосын алты мәрте сумен жуу керектігін айтқан. Пайғамбарымыздың осы сүннеттеріне халқымыз мойынсұнып, үйде ит ұстағанда оны аулаға байлап, үйдің ішіне кіріп кетпеуін қадалаған. Дінді аса дәріптеген Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларындағы итке деген жағымды көзқарастың көрініс таппағаны осы себептен болуы мүмкін. Себебі ақынның діни дүниетанымы бойынша иттің арамдық символы болуына құран сүннеттері себепші болған.

Мәшһүр Жүсіп шығармаларында жылан лексемасы да фразеологизмдеріне жағымсыз коннотация үстеу үшін қолданылады: Бозарған сұр жыландай, іші зәрлі; Жыландай құр сыртымен жылтырайды.

Жан-жануарлар әлеміне қатысты қолданылған атаулардың шығарма мазмұнына, сөйлем ұйқасына сай келіп, ерекше бір қиысын табу – ақынның табиғи ортаны бақылай білуінен туындаған сан алуан пайым-байқаулары, өзіндік бір сөз саптау шеберлігін, суреткерлігін танытатын дүниелер болып келеді. Мәшһүр Жүсіп туындыларында көркемдеу, белгілі бір образ жасау, өз көзқарасын білдіру мақсатымен қолданылаған зооморфизмдер бағалағыштық коннотацияны танытып тұрады.

2.2.3 Фразеологизмдердегі түр-түстік символ

Адамзат мәдениеті жүйесінде түр-түс қоғамдық санада қалыптасқан тұрақты ассоциациялардың нәтижесінде нақты бір заттық мазмұнмен сәйкестендірілгенде символ бола алады.

Түр-түс ұғымы субъектінің/этностың ментальды қасиеттерін, ұлттық сипатын саралауға, индивидуальды болмысын танытуға септігін тигізеді. Оны концептуалды талдап, жүйелеу әлемнің тілдік бейнесінің санадағы құрылған моделін тануға мүмкіндік береді.

М-Ж.Көпейұлы шығармаларындағы түр-түс атаулары ұйытқы болған фразеологизмдер көркемдегіш-бейнелегіштік қасиеттерімен ерекшеленеді. Оларды қарастырғанда, түр-түс атаулары ауыс мағыналарының өзі бірдей еместігін анықтадық. Олардың бір тобы түр-түстің негізгі номинативтік мағынасына жақын болып келсе, енді бір тобы о бастағы семантикалық мағынасынан алшақ жатқан мағыналарды білдіреді.

1. Ақ. Көрген соң ата-анасы ақ дидарын, Жарылып ақ түйеден жатыр қарын (М-Ж.).

«Ақ түйенің қарны жарылды» тіркесі халық ұғымында аса молшылықты білдіреді. Ежелгі түркі халқының өмірінде түйе ерекше орын алған, киелі саналған. Мереке-қуаныштарға шынпейілділік пен салтанаттылық мән беру мақсатында, ерте кездерде түйенің қарнын жару салты болған. Бұл тіркес халық қолданысынан алынған. Мәшһүр Жүсіп инверсия тәсілі арқылы фразеологизм құрамындағы сөздердің орын тәртібін бұзып қолданады. Ата-анасының баласымен қауышу сәтіндегі ерекше қуанышты көрсету үшін интонациялық екпін түсіреді.

Сондай-ақ, Ақ жүзіңді көрген соң, көңілім толды; Алланың ісі – ақ өлім; Мұсылмандар бергей-ді ақ батасын; Төресін даудың айтар сен ақ пейіл; Түзелген ақ сапарға менің бетім фразеологизмдерін номинативтік фразеологизмдер қатарына жатқызамыз.

Сүйенішім, қолымдағы ақ тұйғыным

Тұйғын-зат.1. Қаз, үйрек т.б. аулап қоректенетін, лашын тұқымдас жыртқыш құс. 2. Ауыс. Алғыр, сезімтал, қырағы (ҚҚТС, 528).

Мәшһүр Жүсіп «тұйғын» сөзіне «ақ» сөзін байланыстыра отырып, өзіндік фразеологизмін жасайды. Ақ тұйғыным фразеологизмі адал, нағыз жанашыр деген мағынаны білдіреді. Осылайша ақын әдеби тілге өзіндік жаңа бір тіркесін ұсынады.

2. «Қара» түсінің табиғатта, адам қоғамында басқа түр-түстер сияқты толып жатқан ауыспалы, шартты, символикалық мағыналары бар.

Ғалым Б.Қасым қара түске байланысты толыққанды тұжырым жасаған: «Қара» сөзінің архисемасына зер салсақ, көне түркі тілінің өзінде бірнеше мағынасы болған. Ал монғол тіліндегі хар сөзі қазақ тілінде қара, өзінің мағыналық жағынан үйлесіп, сәйкес келеді. Көне түркі тілінде де, монғол тілінде де және басқа түркі халықтарының тілінде негізгі мағынасы мен кейінгі мағыналық дамуы бірдей деуге болады. Барлық тілде де жалаң, күрделі түрде де қолданылған. Көне жазба ескерткіштегі: 1. қара (түс); 2. түнек (жарық жоқ); 3. ауыс.бақытсыздық, сәтсіздік, қайғылы; 4. ауыс. Жамандық, қара көңіл; 5. ауыс. күнделікті, жай; 6. лас. 7. сия [6, 25б].

Мәшһүр Жүсіп өлеңдеріндегі қара сөзі қатысқан фразеологизмдер де басқаларына қарағанда қолданылу жиілігі өте жоғары екенін байқадық. Отырса қасын керіп кеш қара қас, Қылады көрінгенді көзімен мас; Жан кетіп, тән барады қара жерге; Қара күндер басына салды дейді; Басыма қара шатыр салынғаным; Үстіме қара шекпен жамыламын және т.б.

Ақыреттің жолы бар: бір сара сол!

Даңғыл, соқпақ алдыңда бар қара жол немесе

Намазбенен сал маған қара жолды,

Қош көремін иілген момын құлды

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «қара жол» тіркесіне жүргінші көп жүретін үлкен жол және үлкен, даңғыл жол деген анықтама беріледі. Бірақ Мәшһүр Жүсіп «қара жол» тіркесін бірінші мысалда мүлдем басқа мағынада қолданады. Ақын қолданысындағы «қара жол» - өмір, жалған дүние. Ол ақыреттің жолын сара жол деп сипаттайды да «қара жол» фразеологизмін соған қарама-қарсы мәнде алады. Екінші мысалда ақын «қара жол» тіркесін үлгі, өнеге көрсет деген мағынада алады. Демек, «қара» сөзінің ауыс, коннотативтік мағынасы, оның номинативтік мағынасына қарағанда әлдеқайда кең.



3. «Қызыл» түсі Күннің, Оттың түсіне байланысты қабылданып, күні бүгінге дейін көптеген халықтар үшін солардың символы ретінде қасиетті түс болып саналады.

Қазақ тілінде қызыл атауы өзінің негізгі мағынасынан басқа ауыс мағыналарында да қолданылады. Жалпыхалықтық тілден нәр алатын Мәшһүр Жүсіп тілінде де «қызыл» атауы әр түрлі сипатқа ие болып, құбылып отырады.



Қу нәпсің – бір биік шың қызыл қия

Қия. 1 таудың, шыңның тік құлама беті. 2. Ауыспалы. Аспан, көк, биік (ҚТТС, 456).

Мәшһүр Жүсіп адам баласында болатын қанағатсыздық, нәпсіқұмарлықтың зиян жақтарын айту үшін оны адамның игеруі мүмкін емес «қызыл қия» тіркесімен сипаттайды, коннотациялық мән үстейді. Сондай-ақ, Қызыл тіл сөйлемесе, керек неге?; Есі енбеген баладай ұмтыламыз, Жан үзіп, жанып тұрған қызыл шоққа деген мысалдардан қызыл атауы қатысқан тіркестерді номинативтік мағынасынан алшақтап, ауыспалы мағынаға өткен тіркестер қатарына жатқызамыз және олар әр түрлі коннотативтік реңкке ие болады.

4. Қазақ ұғымында «көк» түс – ең таза, киелі, қасиетті түс. Көк түсті киелі санаумен халық шығысты да қасиетті санаған. Шығысқа қарап тілек тілеген, киіз үйдің есігін шығысқа қаратқан.

Мәшһүр Жүсіп қолданысындағы көк сөзінің қатысуымен жасалған фразеологизмдер: Тіреусіз үстімізге қойған көкті, Жайнатып жер жүзіне неше шөпті; Жеті көктің есігі ашық қалып, Тамашаға қор қыздар қарасып тұр. Ақынның «көк» деп отырғаны – аспан әлемі екенін ажырату қиын емес. Аспанды жерге тіреусіз қойған Алланың құдіреті екенін көрсетеді.



Көк шыбық солқылдаған өрім талдай фразеологизміндегі «көк шыбық» фразеологизмін адам сымбатын суреттеу үшін қолданады. Осы тіркес арқылы адамның жас екенін, нәзіктігін көз алдымызға елестете аламыз. Көк түс атауы өзінің денотативті мағынасынан алшақтап, жанама мағына мазмұнын қамтыған тілдік бірлік ретінде қолданыс тапқан.

жүктеу 0,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау