Кербұлақ аудандық білім бөлімінің 2019 жылға арналған жұмыс жоспары



жүктеу 1,05 Mb.
бет1/10
Дата24.12.2019
өлшемі1,05 Mb.
#24806
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

«Қаралды» «Бекітілді»

2018 жылы 27 желтоқсан күні Кербұлақ аудандық

білім бөлімінің кеңесімен бекітілді білім бөлімінің басшысы

хаттама №12 ____________Б. Ақылбек

«____» _________2018 ж.

КЕрбұлақ аудандық білім бөлімінің

2019 жылға арналған

жұмыс жоспары







м а з м ұ н ы

беті

1

Кербұлақ ауданы білім бөлімінің 2018 жылғы жұмысына талдау және 2019 жылға міндеттері

5-34

2

Кербұлақ ауданы білім бөлімі іс-әрекетінің 2019 жылға арналған мақсаттары және негізгі бағыттары

35-43

3

«Кербұлақ аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс регламенті


44

4

Кербұлақ ауданы білім беру бөлімінің кеңесінде 2019 жылы талқыланатын күн тәртібіндегі мәселелер.

45-49

5

Білім бөлімі мамандарының мектеп әкімшілігімен бірлескен мәжілісінде қаралатын мәселелер


49-50

6

Аппарат жиналысында қаралатын мәселелер

51-52

7

Семинарлар мен кеңестер

52-53

8

Есеп беру

54

9

Білім берудегі тәрбие жүйесін дамыту жөніндегі жұмыстары

55

10

Педагог кадрлармен жұмыс.Біліктілікті арттыру жұмыстары. Мемлекеттік қызметшілердің кадр жұмысы, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» Заңының орындалуы және мемлекеттік қызмет стандарттары бойынша атқарылатын шаралар

56-59

11

Білім ұйымдарының іс-әрекеттерін реттеу және бақылау

60-61

12

Қоғамдық саяси және әлеуметтік саладағы іс-шаралар

62-66

13

Білім беру ұйымдарындағы материалды-техникалық базаны нығайту

66

14

Құқықтық-нормативтік базасын қамтамасыз ету бойынша атқарылатын шаралар

67-68

15

Жалпыға бірдей білім беруді қамтамасыз ету бойынша атқарылатын шаралар

69-73

16

Қамқоршылық және қорғаншылық органының 2019 жылғы жұмыс жоспары.

73-74

17

Аудандық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталықтың жұмыс жоспары



75-93

18

Білім мекемелерінің кураторлары.

94-96



  1. Кербұлақ ауданының білім беру бөлімінің

2018 жылғы жұмысына талдау және 2019 жылға міндеттері
Кербұлақ ауданы бойынша жалпы білім беретін 52 мектеп бар. Оның ішінде 11 бастауыш, 8 негізгі, 33 орта мектеп оқу-тәрбие үрдісін жүргізеді. 2017-2018 оқу жылындағы оқушы саны – 8678. Оның ішінде 1-4 сыныптарда - 3701, 5-9 сыныптарда - 3907, 10-11 сыныптарда – 1066 оқушы білім алды. Денсаулығына байланысты 50 оқушы үйде оқытылды.

Аудан бойынша 7 мемлекеттік балабақша, 26 мектеп жаныдағы шағын орталық бар. Мектепке дейінгі мекемелерде 2045 бала тәрбиеленуде. 995 бала шағын орталықта, 1050 – балабақшада.

Ауданымыздың 52 мектебінде 1565 педагог маман қызмет атқарады. Оның ішінде 1368 жоғары білімді, 197 – орта білімді. Санаты бойынша: 231 – жоғары санатты, 537 – бірінші санатты, 398 – екінші санатты, 399 – санаты жоқ. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 402 педагог курстан өтті.

2017-2018 оқу жылының І-ІІ тоқсанында АІІБ-де 26 оқушы тіркелген. Осы аталған әр оқушыға жекелей жоспар құрылып, тәлімгерлері бекітілді. Сонымен қатар, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагог, мектеп инспекторы ішкі істер бөлімінде тіркелген оқушылардың тұрмыс жағдайларын анықтау актілерін жасап, ата-аналарына балаларының тәртіптерін назарда ұстауларында керек екендіктеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түнгі кезекшілік барысында осы оқушылардың үйіне барып зерделеу жұмыстары жиі жүргізіліп отырылады. Мектеп психологтары тарапынан оқушылармен жекелей жүргізілген жұмыс түрлері тренинг, консультация, анкета және отбасы мүшелерінің қарым-қатынасын анықтау жұмыстары жүргізілді. Ата-аналары сыныптағы «Ата – ананың баланы тәрбиелеудегі рөлі» атты ата – аналар оқуына шақырылды. Сонымен қатар волейбол, баскетбол, футбол, «Жас суретшілер», «Шебер қолдар», «Қағазбен жұмыс оригами» үйірмелеріне қатысты.

Әр тоқсан сайын кәмелетке толмағандардың қылмысқа бару себебін анықтау барысында жергілікті ІІБ-нің инспекторы, полиция қызметкері оқушылармен кездесу, дөңгелек үстел ұйымдастырып, мағлұмат беріп отырады.

Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын өткізу, оларды сауықтыруды және жұмыспен қамтуды ұйымдастырып, өткізу жөніндегі аудандық комиссияның құрамы мен іс-шаралар жоспары бекітілді. Білім беру мекемелерінің балалар мен жасөспірімдерді 2018 жылы жаз айларында қабылдау дайындығына тексеру жүргізілді.

Кербұлақ ауданы бойынша 1-10 сынып арасында 8084 оқушы бар. Шұбар орта мектебінде күрделі жөндеу жүргізілуіне байланысты 156 оқушы мектеп жанындағы жазғы демалыстан босатылды. Демалыспен және сауықтырумен қамтылатын бала саны 6088, еңбекпен қамтылатын балалар саны- 5516 .

Аудан мектептерінде жазғы демалыстың ашылуы 5 маусым күні өткізілді. 28 мектепте мектеп жанындағы тамақтандырылатын лагерьлерде 3 ауысымда кесте бойынша жұмыс атқарылуда. Тамақтандырылатын бала саны - 1590, 12 мектепте тамақсыз лагерь, ондағы бала саны -2254 . Мектеп жанындағы пәндік, ойын алаңы, спорттық лагерьлерлердегі бала саны – 1943. Ағылшын тілін үйренудің жазғы мектебі жазғы сауықтыру ұйымдарының барлығында ұйымдастырылды. Ондағы бала саны –849. Мектеп жанындағы лагерлерге әр ауысымға жетекшілер тағайындалып, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, еңбек тәрбиесі және спорт-сауықтыру жұмысын жүзеге асыру үшін қимыл-қозғалыс ойындары, эстафеталар, жаттығу, спорт сабақтары жоспар бойынша өткізіледі. Тәрбиешілердің жоспар  бойынша  өткізілетін ойындары, сайыстары тәрбиенінің барлық  бағыттарына сәйкес бағытталған. Мектеп жанындағы демалыс лагерлерді қаржыландыру және тамақтандыру ата- аналар демеушілердің көмегі арқылы жүзеге асырылады.

Аудан әкімінің қаулысын негізге ала отырып, аудандағы білім беру ұйымдарының жанынан ұйымдастырлыған лагерьлерде аудандық кітапхана, аудандық мәдениет бөлімі, жастар орталығы, спорт бөлімдері аудандық білім бөлімімен бірлескен жоспар бойынша түрлі іс-шаралар, жазғы сауықтыру мекемелеріндегі тәртіп бұзушылықтың алдын алуға, санитарлық- гигиеналық тәрбиеге, өмір қауіпсізідігін сақтауға, жарақаттануға, суға шомылуға, жол жүруге байланысты профилактикалық сақтық шаралары ұйымдастыру жоспарлануда.

Жалпыға бірдей оқумен қамту қорынан аудандық бюджеттен 5 млн 325 мың теңге бөлінген. Бөлінген қаржыға бірінші кезекте аудандағы жетім және ата-аналарының қамқорынсыз қалған балалардың, жағдайы нашар жанұя, көп балалы, толық емес отбасылары балаларының, мүгедек балалардың қамтамасыз етілуі қадағаланып, қала сыртындағы лагерьлерге 400 бала демалу, еңбекпен 5516 оқушы қамтылу, жоспарланды

Әлеуметтік аз қамтылған санаттағы балалардың жазғы демалыспен қамтылуы жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалғаны 42, мүгедек балалар және мүмкіндігі шектеулі -45 баланың 19-ы, аз қамтамасыз етілген отбасы балалары 509. 1-10 сыныптағы «үздік» бітірген оқушылар саны 1677, аудандық ішкі істер бөлімінің есебінде тұрған 25 оқушы, мектепішілік есепте тұрған 57 оқушы , сәтсіз отбасыдан шыққан -41 оқушы , жазғы демалыспен қамтылады.

Аудандық білім бөлімі аудан бойынша балалар мен жасөспірімдердің рухани- мәдени тынығуына, ой-өрісін байытуға, достық, патриоттық сезімдерін ояту, балалардың жазғы демалысын дұрыс ұйымдастыру барысындаАстана Алматы қалаларына , Ш. Уәлиханов мұражайына, Алтынемел ұлттық паркінде орналасқан Айғайқұмға танымдық топ саяхаттарын ұйымдастыру жоспарлануда.

Кәмелетке толмағандарға байланысты жыныстық қол сұғылмаушылық қылмыстары мен құқық бұзушылықтардың алдын-алу және жолын кесуге байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасының алқасында қаралған «Балаларды бірігіп қорғайық!» Жол картасын негізге ала отырып Кербұлақ ауданы бойынша кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі 2017-2019 оқу жылына арналған ведомствоаралық іс-қимыл жоспары бекітіліп, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша барлық үлгідегі білім беру ұйымдары, ішкі істер бөлімі, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыстар жүргізілуде.

Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік жағдайдың және жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында білім беру мекемелерінде психологтар, сынып жетекшілер, мейірбикелер, мектеп инспекторлары құрамымен «жедел анықтау» топтары құрылды. Барлық білім беру мекемелері бар ауылдық жерлердегі қараусыз қалған, жарамсыз ғимараттар бала өміріне қауіпті орындар болып табылатындықтан, қараусыз қалған ғимарттарға кешкі уақытта «Жедел анықтау топ» мүшелері тарапынан қадағалануда. Аудан бойынша жасөспірімдердің арасында жиі кездесетін бұзақылықтарға байланысты болатын келеңсіз оқиғалардың алдын алуға байланысты іс-шаралар өтіп, жастарға адамгершілікке қатыгез болмауға бағыт-бағдар берілуде. Жасөспірімдер жиналатын көпшілік орындарын түнгі кезекшілікте бақыланып отырады.

Барлық білім беру мекемелері бар ауылдық жерлердегі қараусыз қалған, жарамсыз ғимараттар бала өміріне қауіпті орындар болып табылатындықтан, қараусыз қалған ғимарттарға кешкі уақытта мектеп әкімшілігі тарапынан қадағалануда. Аудан бойынша жасөспірімдердің арасында жиі кездесетін бұзақылықтарға байланысты болатын келеңсіз оқиғалардың алдын алуға байланысты іс-шаралар өтіп, жастарға адамгершілікке қатыгез болмауға бағыт-бағдар берілуде. Жасөспірімдер жиналатын көпшілік орындарын түнгі кезекшілікте бақыланып отырады.

Мектептің тәрбие орынбасарлары, психологтары мен қоғамдық инспекторлар және сынып жетекшілер жағдайы төмен отбасы балаларына, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, өгей әке-шешелерімен тұратын оқушыларға ерекше назар аудару, тұрмыс жағдайын бақылау мақсатында ай сайын рейдтер мен әңгімелер өткізіп отырады.

1-4 сыныптарда «Өзін-өзі тану», «Дүниетану», «Технология», «Дене тәрбиесі», 5-11 сыныптарда «Биология», «Адам. Қоғам. Құқық» , «Өзін-өзі тану», «Технология», «Дене тәрбиесі», «Технология», «Дене тәрбиесі» пәндерінің үлгілік оқу бағдарламаларына зорлық-зомбылық іс-әрекеттердің алдын алуға және жыныстық қолсұқпаушылыққа, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған тақырыптар бойынша дөңгелек үстелдер семинарлар өткізілді.

Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында үйірме, сыныптан тыс жұмыстар, спорттық жарыстар ұйымдастырылады. Мектептердегі үйірме жұмыстарына әсіресе әлеуметтік қорғалмаған отбасынан шыққан оқушылар көптеп тартылып, оқушы балалардың бос уақыттарын тиімді өткізулеріне баса көңіл бөлінеді. Осыған байланысты аудан аумағындағы білім беру мекемелерінде «Менің құқығым», «Отбасындағы бала тәрбиесінің рөлі», «Жасөспірім, заң, қауіпсіздік», «Мектеп, тәртіп және заң», «Қоғамда зорлыққа жол жоқ!», «Мен бақытты баламын», «Заң және біз» және т.б., тақырыптарында пікір алмасулар, ата-аналар жиналыстары өткізілді. Қолайсыз отбасылармен және «тәуекел тобындағы» балалармен (оның ішінде мектепшілік және аудандық ювеналды полиция бөлімшесінің есебінде тұрғандармен) профилактикалық жұмыстар жүргізіліп отырады. Рейд кезінде есепте тұрған, сәтсіз отбасындағы оқушылардың мекен-жайларына тексеру жүргізілді. Жасөспірімдердің түнгі уақытта ойын – сауық мекемелерінде және тұрғын үй жайларынан тыс жерлерде жүруіне жол бермеу, құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері тексерілді.

Оқушылар арасында құқықтық білім мен тәрбие беру, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Құқықтық кеңес», «Қыздар кеңесі», «Ұлдар кеңесі», «Полицияның жас достары» ұйымдары жұмыс iстейдi. Аталған ұйымдар оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелерi бойынша түсiндiру және кеңес беру жұмыстарын жүзеге асырады. Мектептерде қоғамдық инспектор міндетіне директордың тәрбие iсi жөнiндегi орынбасарлары тағайындалған.

Қоғамдық инспекторлар жағдайы төмен отбасы балаларымен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Мектептер бойынша әлеуметтік жағдайы төмен барлық санаттағы балалардың тiзiмi жасалып, ауыл әкiмiмен бекiтiлген. Өмiрде қиын жағдайға тап болған балаларға әлеуметтiк көмек көрсету барысында мектеп психологтары оқушылармен тығыз қарым қатынаста жұмыс жүргiзедi. Әлеуметтік қорғалмаған отбасынан шыққан балаларға «Мектепке жол», «Баланың жүрегіне жақында» т.б акциялар кезінде үлкен қолдау көрсетіп, қомақты қаржы, материалдық көмек ұйымдастырылды.

Тәрбие міндетін тиімді атқару үшін тек қана отбасы мектеппен бірігіп жұмыс істегенде нәтижелі болады. Ата-аналарға арналған құқықтық және педагогикалық мәдениетін көтеру үшін ата-аналық құқықтық оқыту жүргізіледі. Оның шеңберінде: ата-аналар жиналысы, конференциялар, психологиялық ойындар, отбасылық кездесулер, сұрақ-жауап кештері, семинарлар мен тренингтер өткізілді.

Оқушылардың сабаққа қатысуына, күнделіктерінің жүргізілуіне, бос уақытын тиімді өткізілуіне үнемі мектепшілік бақылау жасалып отырады.

Мектеп әкімшілігі мен ата-аналар комитеті бірігіп, оқушылардың күнделікті сабаққа қатысуын қадағалау, олардың сабаққа дайындалу жағдайын бақылау, оқушылардың бос уақытта немен айналысатындығын білу мақсатында бірнеше рейдтер ұйымдастырды.

Кәмелетке толмағандардың аутодиструктивті мінез-құлқына ықпал етуші жағдайлар мен себептерді анықтау үшін психолог мамандар, әлеуметтік педагогтар, дәрігер психологтарды, заңгерлерді тарту арқылы жұмыс топтары құрылып жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Аудан мектептерінде жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу жұмыстары жүйелi түрде жүргiзiледi.

2018 жылғы аудандағы мектеп бітірушілер саны – 600 болды, оның ішінде ҰБТ-ға өтініш білдіріп, тестілеуге қатысқаны – 413 түлек. Бұл барлық мектеп түлектерінің 68,8 пайызын қамтыды. 2017-2018 оқу жылындағы қорытынды аттестаттау нәтижесінде 44 түлек «Алтын белгі» иегері, 25 түлек «Үздік аттестат» иегерлері атанды.

ҰБТ кезінде жергілікті бюджеттен оқушыларды тасымалдау жұмыстарына 605 мың теңге, оқушыларды тамақтандыруға 185 мың теңге көлемінде қаражат жұмсалды.

ҰБТ-ға Беріктас орта мектеп бітірушілері 100 пайыз қатысса, Қарашоқы ОМ, Күреңбел қазақ орта мектептері 92, Қосағаш ОМ 87,5 пайызы қатысты. ҰБТ нәтижесіне талдау жасай келе, орташа балдың былтырғы жылмен салыстырғанда төмендегенін байқауға болады. Аудан бойынша 2017 жылғы ҰБТ орташа көрсеткіші - 78,2 балды құраса, биылғы жылы 75,5 балды құрады. Соңғы үш жылдың ҰБТ қорытындысының сараптамасы бойынша облыс, аудан көрсеткіштерінен төменгі нәтиже көрсетіп келе жатқан мектептерді атап айтсақ:Н.Әлмұханбетов, Райымбек батыр атындағы, ҰБТ қорытындысы бойынша екі жыл қатарынан төмен нәтиже көрсеткен 5 мектептің деңгейінен көтеріле алмай келеді, ҰБТ-де биылғы жылы мүлдем төменгі деңгейде Қосағаш ОМ, Майтобе ОМ, Жоламан ОМ, Аралтобе (К) ОМ, Көксу ОМ, Н.Әлмұханбетов, П.Дутов ат. ОМ, Ақжар орта мектептері төмен көрсеткіш көрсетіп отыр.

Үш жылдың қорытындысын салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, жоғары нәтижелерін сақтаған мектептер Нұрым ОМ, Қарашоқы ОМ, Тастыөзек ОМ, Сарыөзек ОМ, Сарыбұлақ ОМ, Беріктас ОМ, Ш.Уалиханов атындағы орта мектептері.

Көксу ОМ, Майтобе ОМ, Сарыбастау ОМ, Қосағаш ОМ, Ж.Тобаяқов атындағы орта мектептері бойынша ҰБТ нәтижесінде ауытқушылық , яғни төмендеу орын алған.

ҰБТ- ға қатысқан 413 мектеп бітірушіден 1- 49 балл аралығында, яғни шектік деңгейден өте алмаған оқушылар саны - 54 (13 %) , 2017 жылы бұл көрсетіш 29 болатын болса, 2015 жылы 46 болған. Биылғы жылы шектік деңгейден өте алмаған оқушылар қатары № 49 , Қонаев атындағы ОМ, Күреңбел қазақ ОМ, Т.Құлыбеков атындағы ОМ, Жоламан ОМ, П.Дутов ат. ОМ, Жаңалық ОМ, Алтынемел ОМ, Әлмұханбетов атындағы орта мектептерінен көрініс тауып отыр.

Биылғы жылы ҰБТ қорытындысы біршама төмендеді, жекелеген пәндер бойынша алған білімдерінің деңгейі төмен екендігін растап, оқушылар білімінің төмендігінен 88 «екілік» баға тіркеліп отыр. № 49 ОМ - 16, Қонаев ат.ОМ - 12, Күреңбел қазақ ОМ, Қарашоқы ОМ, Жоламан ОМ, Т.Құлыбеков ат. ОМ, Райымбек батыр ат. ОМ – 5, Сарыөзек ОМ, Жаңалық ОМ,Тастыөзек ОМ, Алтынемел ОМ – 3, Қаспан ОМ, Көксу ОМ, Қосағаш ОМ, Панфилов ат. ОМ, Н.Әлмұханбетов ат. ОМ, Аралтөбе (К) – 2, Сарыбастау ОМ, Майтобе ОМ, Сарыбұлақ ОМ, Шұбар ОМ, Ақжар ОМ, Ж.Жапаров ат. ОМ, Алтынсарин ат. ОМ, Тобаяқов ат. ОМ, Беріктас орта мектептерінде - 1 оқушы «екілік» баға алды.

Бұл жағдай «екілік» баға алып отырған мектептердегі білім сапасының қандай деңгейде екендігін анықтап берді, яғни педагогикалық ұжымның кәсіби шеберлігі мен біліктілігінің төмендігінен және тестілеу нәтижелеріне талдау үстірт жасалынғандықтан осындай кемшіліктер орын алып отыр.

Пәндер бойынша сараптау жұмыстарына тоқталатын болсақ, 2018 жылғы ҰБТ нәтижесі бойынша :

Қазақстан тарихынан 20 баллдан, орташа балл- 12,8 балл.

Оқу сауаттылығы 20 баллдан, орташа балл - 16,4 балл.

Математикалық сауаттылық 20 баллдан - 9,4 балл көрсеткішті құрады.



Таңдау пәндері бойынша:

Математика пәнінен – 18,8 балл;

Физика – 18,6 балл;

География – 18 балл;

Химия -18;

Биология – 20;

Дүниежүзі тарихы –18 балл;

Қазақ тілі – 21,4 балл;

Қазақ әдебиеті – 17,4 балл;

Орыс тілі -14 балл;

Орыс әдебиеті - 11 балл;

Ағылшын – 24 балл;

Адам. Қоғам. Құқық – 17 балл;
Бұл мәселе бойынша аудан бойынша математика, физика, қазақ тілі пәндерін атамағанда, орыс тілі ме әдебиеті пәні төмен дәрежеде көрсеткіш көрсетуміз, педагог мамандардың өз ісіне салғырт қарап, өздерінің іскерлігінің, біліктілігінің төмен екенін көрсеткені болды. 2018 жылғы ҰБТ сараптамасы бойынша қай пәнді алсақ та, өз деңгейіндегі білім сапасын көрсеткен жоқ. Қорытындылай келе, ҰБТ нәтижесіне ықпал ететін төмендегідей факторларға назар аударуымыз қажет сияқты: ҰБТ-дің негізгі міндеті - мемлекеттік қадағалау арқылы білім сапасын әділ бағалау. ҰБТ - оқушылар мен ұстаздардың бірлескен еңбегін бағалайтын, білім сапасына қол жеткізетін өте дәл көрсеткіш болып табылады. Тест әр пән бойынша 20 - 40 тапсырмадан тұрады, барлығы 140 жауап. Мұнда мектеп бағдарламасының негізгі бөлімдерінің мазмұны мен әр түрлі қиындық деңгейлері қамтыла отырып, мемлекеттік білім стандарына сай жасалған. ҰБТ –ны сәтті тапсыру педагогикалық ұжымның алдындағы маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Сондықтанда әр ұстаздың көкейінде мына сұрақтарға жауап болу керек :

-Оқушыны ұлттық бірыңғай тестілеуге қалайша жақсы дайындауға болады?

- Қалай бітірушілер білімін жоғары көрсеткішке жеткіземіз?

- Осы бағыттағы біздің жүргізген жұмыстарымыздың нәтижесі қандай?

ҰБТ-да жақсы нәтижеге жетудің ең негізгі жолы- оқушы белсенділігі. Барлық оқушыға арналған тест нәтижесіне мониторинг жасау, мектеп психологының оқушылармен жеке жұмыстар жүргізуі мектептерде қалып қойған. Мектеп әкімшілігі сараптау жұмыстарын жүргізіп, нәтижесімен ата-аналарды таныстырып отырғанымен,пән мұғалімдерінің әр тесттен кейін оқушылардың жіберген қателіктерімен жұмыс жасап, сұрақтарды талдауы жетіспейді. Оқушы мұндай жағдайда өзінің мүмкіндіктерін, қол жеткен табыстарын өзгелермен салыстыра отырып, саралап, белсенділіктері артып, алға ұмтыла түсері сөзсіз. Осы бағыттағы жұмыстарды атқаруда оқушы, мұғалім, ата-ана үштігі бірлесіп жұмыс атқарғаны нәтижелі болады.

Аудандағы «Алтын белгіге» және «Үздік аттестатқа» үміткер оқушыларымыздың өзі соңғы уақытқа дейін пәндер бойынша толық «5» бағасын алған жоқ. Сол себепті, «Алтын белгіге» үміткер және «Үздік аттестатқа» үміткерлерді ұсынуда және дайындау барысында қатаң бақылауды қажет етеді.


Білімді дамыту оқу-әдістемелік орталықтың 2018 жылдағы алға қойған мәселесі:

Білім мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтарға әдістемелік қолдау көрсету арқылы кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Мақсаты:

Әдістемелік қолдау көрсете отырып, педагогтардың кәсіби дамуына, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ету, өз бетімен жаңа білім, білікті игеру, мұғалімнің теориялық білімін педагогикалық жағдаяттарда тиімді қолдана отырып, педагогтың құндылық бағдарын тәжірибеде пайдалану

Білімді дамыту оқу-әдістемелік орталық жыл бойы жоспар негізінде төмендегідей іс-шараларды атқарды.

Білім мазмұнын жаңарту жағдайында педагогикалық, басқарушы кадрларды дайындау, қайта даярлауды қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізді. Жалпы білім беретін мектепте критериалды бағалау үлгісі негізінде оқу-тәрбие процесін ұйымдастырды. Педагогтарға ғылыми-әдістемелік қолдау көрсетті. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, отандық және әлемдік тәжірибе негізінде келешекте оқу-тәрбие үрдісіне заманауи әдістемелер мен технологияларды енгізу арқылы білім сапасын жақсарту бойынша жұмыстарды жалғастырды. ТIMMS, PISA, PIRLS халықаралық зерттеулері аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда оқушылар жетістігін бағалаудың психологиялық-педагогикалық негіздерін қалыптастырды. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтардың іс- тәжірибелерін таратылды.Мектепке дейінгі ұйымдардағы оқу-тәрбие үрдісіне инновацияларды енгізуге көмек көрсетілді. Үштілділік білім беруді жүзеге асыру бойынша әдістемелік қызмет көрсетілді.Оқу үрдісіндегі тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану және тарату мақсатында семинарлар ұйымдастырылды.Үздік білім беру мекемелерінің іс-тәжірибесін тарату мақсатында ашық есік күндерін өткізілді.Оқу үрдісінде кездесетін кедергілерді жою мақсатында әдістемелік кабинет тарапынан әдістемелік көмек көрсетілді. Жаңа модификациялық кабинеттердің қолдану сапасын дұрыс жолға қою бағытында, сабақ үрдісінде кабинеттердің мүмкіндіктерін толық пайдалану жұмыстары жүргізілді.Жас мамандар мектебінің жұмысын жандандыру мақсатында әдістемелік көмек көрсетілді.Нәтижеге бағытталған білім беру жағдайында дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру формалары үйретілді.Педагогтардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыру мақсатында кәсіби байқаулар ұйымдастырылды.Педагогтардың бұқаралық ақпарат құралдарына әдістемелік өнімдерін жариялауына ықпал етілді.

Жоспар негізінде жыл бойы 4 әдістемелік кеңес өткізілді. Кеңесте әр түрлі мәселелер қаралды. Атап айтқанда, олимпиада,интеллектуалдық ойындар,оқушылардың ғылыми қоғамдық жұмыстарының қорытындысы, жаңартылған білім беру мазмұны аясында пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту жұмысын зерделеу қорытындысы, 11 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттауға арналған жазбаша емтихан жұмысына дайындық барысын зерделеу қорытындысы, білім беру ұйымдарындағы жаңа модификациялық кабинеттердің қолданылу сапасы, химия, биология, физика пәндерінің оқытылуын зерделеу қорытындысы,үштілділік білім беру жүйесіне пән мұғалімдерінің дайындық барысы, «Абайтану», «Өлкетану», «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәндерінің оқытылу барысы, жас маман мен тәлімгер жұмысының барысын зерделеу т.б. көптеген сұрақтар қаралды.

Ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыс бойынша оқу жылының басында ауданның пән мұғалімдері бойынша деректер базасы жасақталды. Пән мұғалімдерінің сапалық құрамдары жинақталды.

Әдіскерлер тарапынан 1,2,5,7 сыныптарда білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушыларды бағалаудың түрлері және оны іске асыру барысына талдау жасау, проблемаларды анықтау, мектеп тренерлерінің «Тәжірибедегі рефлексия» жұмыс жағдайларының жүргізілуіне, жаңартылған білім беру жағдайында критериалды бағалауды ұйымдастыру жолдары, оқу ісі меңгерушілерінің білім сапасын арттырудағы мектепішілік бақылаудың рөлін күшейту бағытындағы жұмыстары, «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» (1,2,3) деңгейлік бағдарламалары бойынша оқыған мұғалімдердің қызметіне және «Тиімді оқыту мен оқу», «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» және «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» деңгейлік бағдарламалары бойынша сертификатталған мұғалімдердің жұмыстарына, барлық мектептегі білім сапасын бағалау (диагностика, мониторинг), оқушыларды ғылыми жобаларға дайындау жұмыстары бойынша, сынып жетекшілеріне тәрбие жоспарын құруда, оқушылардың адами құндылықтарын дамыту жолдарын қарастыру жағынан әдістемелік көмек көрсетілді.

Төртінші басымдық ретінде аталған «Адами капитал сапасын жақсарту» бөлімінде: «Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау, ІТ-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға көңіл бөлу қажет,» - деген тұжырымын жүзеге асыруда аудан мұғалімдерінің қолданбалы курс бағдарламасы аясында да бірқатар шаралар өткізілді.

Тоқсан сайын әдіскерлер бекітілген пәндері бойынша білім сапасы бойынша есеп алып, анализ жасап отырды. Білім беру саласы - үнемі ізденіс үстінде дамитын үдеріс. Біздің мақсат – оқушыларға қолдау көрсете алатын, оларды тұлға ретінде бағалап, сұранысын қанаттанарлық дәрежеде нәтижелі білім беретін жауапкершілігі мол кәсіби құзіретті ұстаздарды қалыптастыру. Арнайы біліктілікті жетілдіру курстарынан өткен және жауапкершілікті серік еткен мұғалімдер осы ұстанымды нәтижелі еңбектерімен дәлелдеуде. Бүгінгі білім мазмұнын жаңарту мақсатында жүзеге асырылып жатқан нәтижелі жұмыстар – осы игі істердің бастауы. Алда оларға да қолдау мен көмек көрсетіледі. Сонда ғана Елбасымыздың «Төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту» бөлімінде көрсеткен: «Бірінші. Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру» міндеті жүзеге асырылады.

Білім мекемелеріндегі педагог-мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру жұмыстары да өз деңгейінде өтті. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалында «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» (І деңгей) курсынан жалпы – 73 мұғалім, «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бойынша біліктілік арттыру (2-деңгей) курсына – 51 мұғалім, «Тиімді оқыту мен оқу» (ІІІ деңгей) бағдарламасы курсынан – 72 мұғалім өтті. Жалпы - 296 мұғалім біліктілігін арттырды. Жалпы аудан бойынша АӘД-пәнінің оқытушы-ұйымдастырушы 32, 2 офицер, 14 сержант, 7 қатардағы жауынгерлер, шені жоқтар-9. 2017-2018 оқу жылы Астана қаласы «КАЗГЮУ УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ-ның негізінде АӘД-пәнінің 5(бес) оқытушы-ұйымдастырушысы курстан өткізілді. 2017-2018 оқу жылында дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған «Өрлеу» «БАҰО» АҚ Филиалы «Алматы облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтына» жаңартылған бағдарлама бойынша көшпелі курс ұйымдастырылып 50 (елу) мұғалім өткізілді. Жалпы 120 дене шынықтыру мұғалімдерінен 95 жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курстан өткізілді. Бейнелеу өнері пәнінің 40 мұғалімнен, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 40 мұғалім курстан өтті. Музыка пәнінің 41 мұғалімнен, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 32 мұғалім курстан өтті. Технология пәнінің 80 мұғалімнен, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 53 мұғалім курстан өтті. Заманауи білім берудің негізгі мақсаты-балаға қоршаған әлемді, айналаны тануға, еркін әрекет етуге мүмкіндік беретін өзінің жеке әлеуетін ашатын орта құру. Педагогтің жаңа рөлі балаға тиісті білім беру кеңістігін құру және оның танымы мен іс-әрекетін ашуға түрткі болу. Робототехника баланың бағдарламалау дағдыларын дамытады және оқушыларға математика, физика, информатика пәндерін жақсы меңгеруге көмектеседі, яғни робототехника дегеніміз – бірнеше пәннің үйлесім табуы, - дей келе «Робототехника негіздері» бойынша біліктілігін арттыру курсынан жалпы 68 педагог өтті.







Күреңбел қазақ орта мектебінде Алматы қаласындағы "Білім және жаңа инновация орталығының" директоры Сманкулова Жанат Ерекенқызының ұйымдастыруымен "RoboKids" қосымша білім беру орталығы ашылды. Осы аталған іс-шара 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 464 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «Ақпараттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасы, 2017 жылғы 12 желтоқсандағы №827 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген «Цифрлі Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының Адам капиталын дамыту; орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру саласында цифрлық сауаттылықты арттыру, дарынды жастарды, тұрақты хакатондарды, олимпиадалар мен байқауларды дамыту, сондай–ақ робототехника және бағдарламалау бойынша халықтың санитарлық сауаттылығын арттыру (оқыту, қайта даярлау) және 2014 жылғы 1 тамыздағы №874 Қазақстанды индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында сынып ашылып отыр.

Аудандық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 2018 жылдың 22 ақпан күні Жоламан орта мектебі базасында жаратылыстану бағытындағы пән мұғалімдеріне «Топтық жұмыстың оқушы белсенділігін арттырудағы рөлі» тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинардың негізгі мақсаты топтық топтық жұмыстың белсенділігін арттыру рөлін түсіндіру. 2018 жылдың наурыз айында Панфилов атындағы орта мектеп базасында жаратылыстану бағытындағы пән мұғалімдеріне «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында жаратылыстану бағытындағы пәндерде тұлғаға бағытталған оқыту» тақырыбында әдістемелік күн өткізілді. Мақсаты: әдістемелік бағытта көмек көрсету. 2018 жылдың сәуір айында Дутов атындағы орта мектеп базасында жаратылыстану бағытындағы пән мұғалімдеріне «Жаратылыстану бағытындағы пәндерін оқытуда АКТ-нің мүмкіндіктерін тиімді пайдаланудың білім сапасына әсері» атты семинар өткізілді.Семинардың мақсаты жаратылыстану бағытындағы пәндерін оқытуда АКТ-нің мүмкіндіктерін тиімді пайдалану арқылы нәтижеге қол жеткізу. 2018 жылдың 11 мамыр айында №49 орта мектебі базасында жаратылыстану бағытындағы пән мұғалімдеріне «Жаңа модификацияда жабдықталған пән кабинеттеріндегі құрылғыларын тиімді пайдалану» тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинардың негізгі мақсаты жаңа модификацияда жабдықталған пән кабинеттеріндегі құрылғыларын тиімділігін көрсету және нығайту. «Kundelik» бірыңғай ақпараттық жүйесіне еліміздің мектептері 2016 жылдан бастап біртіндеп қосылуда, бүгінгі күні 46 мектеп қосылды. Осыған сәйкес, Министрліктің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті білім беру ұйымдарының «Kundelik» бірыңғай ақпараттық жүйесіндегі электронды журналдарды, сабақ кестелерін, күнтізбелік тақырыптық жоспарлау және басқа да тиісті құжаттар толықтырулар енгізу бойынша 2018 жылдың тамыз айында Сарыөзек орта мектебі базасында Күнделік KZ электрондық оқыту жүйесіне қосылған мектептер және 2018-2019 оқу жылында қосылатын мектептердің директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына оқу-әдістемелік күн ұйымдастырылып өткізілді. Басты мақсат электрондық журналды толтыру жұмыстарын қолға алу.

Қойылған талаптарға жауап беретін білім беру жүйесіндегі болашағы зор бағыттардың бірі – білім алу аясын кеңейтіп, мұғалімдердің шығармашылық ойлауын дамытуға жағдай туғызатын, үш тілде өз бетінше білім алуға көмекші құралдар, электронды білім беретін ресурстары. Осы орайда «Bilim Media Group» сайты кез келген мұғалімнің өзінің қызықты, мазмұнды оқыту әлемімен баурап алды. 2018 жылдың қыркүйек айында «BilimLand «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы» тақырыбында оқу-әдістемелік күн ұйымдастырылып өткізілді. Жалпы 35 мектеп онлайн, 16 мектеп офлайн режиміне қосылып, онлайн мектептерге логин пароль берілді, офлайн режиміндегі мектептерге «BilimDesk» құрылғылары таратылды.

2018 жылдың ақпан айында Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте ұйымдастырушы-ұстаздарға «ЖасҰлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының жұмысы мен ұйымдастыру әдісін үйрету және құжаттармен таныстыру, іс-тәжірибе алмасу жөнінде аудандық семинар ұйымдастырылды. 2018 жылдың наурыз айында Аралтөбе (к) орта мектебінің базасында сызу және бейнелеу пәнінің мұғалімдеріне арналған «Сызу және бейнелеу өнері сабағында ақпараттық-коммуникативтік технологияны пайдалану өзектілігі» тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинар мақсаты ақпараттық-коммуникативтік технологияны пайдалануда мұғалімдердің кәсіби біліктіліктерін арттыруға ықпал ету.

2018 жылдың сәуір айында дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне арналған «Дене шынықтыру пәнінде қазақтың ұлттық ойындарының рөлі» тақырыбында Сарыбұлақ орта мектебінде аудандық семинар өтті. Семинардың мақсаты жаңартылған орта білім беруді енгізу жағдайында ұлттық ойындарды дәріптеу арқылы балалардың мықты және күшті болып жетілуіне қол жеткізу. 2018 жылдың мамыр айында Н.Әлмұханбетов атындағы орта мектепте алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдерімен «АӘД пәнінің сабағында қауіпсіздік ережелері» тақырыбында аудандық семинар ұйымдастырылып өткізілді. Семинардың мақсатымен міндеті ауданның АӘД-пәні ұйымдастырушы-ұстаздар арасында іс-тәжірибе тарату, ой бөлісу. Жеке жауапкершілік сезімі мен жұмыс ережелеріне және қауіпсіздік әдістеріне саналы көзқарас қалыптастыру үшін мұғалім оқушыларды қауіпсіздік техникасы мен еңбек гигиенасын сақтауға үйрету. Жасөспірімдерді төтенше жағдайлар кезінде адамдардың өмірлеріне төнген қауіп пен қатерлерден сақтануды меңгеру. Сабақ кезінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқушылардың білім-білік дағдысын дамыту, жауапкершілік сезімдері мен қауіпсіздік әдістеріне саналы қөзқарасын дамыту.

2018 жылы қаңтар айында қоғамдық - гуманитарлық пәндердің мұғалімдерімен «Жаңаша білім беру –заман талабы» Алтынемел орта мектебінде аудандық семинар өтті. 2018 жылдың мамыр айында қоғамдық гуманитарлық пәндердің мұғалімдеріне «Жаңартылған білім беру жағдайында қоғамдық-гуманитарлық пәндерді оқытудың мәселелері» тақырыбында Сарыбұлақ орта мектебінде семинар өткізілді. 2018 жылдың жылдың наурыз айында «Критериалды бағалау-сапалы білімнің кілті» тақырыбында қоғамдық- гуманитарлық пәндердің мұғалімдеріне Қарашоқы орта мектебінде семинар өткізілді. Шилісу негізгі мектебінде 2018 жылдың ақпан айында ШЖМ директорларына «Шағын жинақталған мектепте педагогикалық үдерісті басқарудың ерекшеліктері және оларды жетілдіру жолдары» тақырыбында оқыту семинары, наурыз айында «Шағын жинақталған мектептердегі көшбасшылық және оқыту ерекшеліктері» тақырыбында ШЖМ мектеп директорларына, сәуір айында Майтөбе ОМ «Білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізу жағдайындағы шағын жинақталған мектептің проблемалары» тақырыбында пән мұғалімдеріне дөңгелек үстел, Беріктас ОМ мамыр айында «Оқу үдерісіне АКТ енгізудегі проблемалар және шағын жинақталған мектептерде оларды шешу жолдары» тақырыбында пән мұғалімдеріне ашық есік күні ұйымдастырылып өткізілді. 2018 жылдың сәуір айында қоғамдық гуманитарлық бағытындағы пәндер бойынша ҰБТ – ға дайындықтың барысы тақырыбында теориялық семинар өткізілді.

Сарыөзек ауылы, Күреңбел қазақ орта мектебі базасында « Отбасылық қарым-қатынастағы психологиялық факторлар» атты тақырыбында облыстық аймақтық семинар-тренинг өткізілді. Семинарды «Өрлеу» «БАҰО»АҚ филиалы Алматы облысы бойынша ПҚ БАИ», Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қолдау» кафедрасының аға оқытушысы Қамбаралиева Индира Талғатқызы отбасылық қарым-қатынаста қолдау көрсету, кикілжіндерді болдырмау жайлы айтып, семинар нәтижелі болды. Өйткені психологтар түрлі жаттығулар үйреніп, көрген жаңа жаттығуларды өздерінің оқушыларымен жүргізуіне себепкер болды. Жалпы бұл семинар қызықты болды, семинарда психологтардың көшбасшылық қабілеттерді байқалып, олардың шебер сыныптарының мақсаты жүзеге асты. Ең бастысы сырт қалған психолог болмады.Топқа бөлінді, әрбір психолог өздігінен ізденді, ойланды,бір-бірімен емін еркін қарым-қатынас жасап отырды.Байқағалғаны казіргі психологтар жаңа әдіс-тіслдерді толық меңгерген, кез-келген жағдайда кеңес беруші, ұсыныс айтушы.Әріптестер біршама болса да өз жаттығуларын түрлендіріп өткізді, тақырып бойынша өз ойларын айтты. Оқушыларды емтиханға дайындау-үлкен біліктілікті, тиянақты да қажырлы іс-әрекетті қажет ететін жүйелі жоспарлы жұмыс. Осы мақсатта Шаған ауылы, Дутов атындағы орта мектеп базасында «Мектеп бітірушілерді мемлекеттік қорытынды аттестаттауға дайындауда психологиялық тұрғыда суйемелдеу» атты тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинардың басты мақсаты- 11 сынып оқушыларын жан-жақты зерттей отырып, оларды мақсатты іс-әрекетке жұмылдыру, білімге деген ынтасын оятудың маңызы ерекше екенін көрсетті.Семинар бағдарламасында шебер-сыныптар, тренинг-сабақтар,авторлық идеялаларын, педагогикалық жаңашылдықтың, шығармашылықтың өзекті мәселелерін қорғау қарастырылған. Сарыөзек ауылы, Сарыөзек орта мектеп базасында «Жағымды қарым-қатынас қалыптастыру жолдары» атты тақырыбында аудандық семинар өткізілді.Бұл семинарда ұжымды ынтымақтастыруға, қарым-қатынас дағдысын дамытуға,өз-өзіне деген сенімділігін, жағымды қатынасты арттыруға, көңіл-күйлерін көтеруге бағытталған тренингтер көрсетілді.Тренинг барысындағы тренинг жаттығулары педагогтардың бір-бірін түсінуін, өзін жетілдіру,өзін-өзі тануын дамытты.Семинар өте әсерлі болды ауданның педагог-психологтары өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, аудандық білім бөлімінің грамотасымен марапатталды.

Жылдық жоспарға сәйкес аудан мектептерінде ағылшын тілі пәнінен теориялық және практикалық семинарлар өткізіліп, пәннің оқытылуы зерделеніп, әдістемелік көмек көрсетілді.



Білім беру жүйесінде сындарлы оқыту теориясының рөлі мен маңыздылығын ашып, ұлттық құндылықтарды бағалай, қолдана білуге машықтандыру мақсатында 2018 жылдың қаңтар айында «Жаңаша білім беру- заман талабы» тақырыбында Қарашоқы орта мектебі базасында оқыту семинары өткізілді. Жалпы семинарға 137 тіл мамандары мен бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Семинар ары қарай «Жаңартылған бағдарлама – білім негізі» тақырыбында коучинг, тренингімен жалғасты. Қысқа мерзімді жоспарын құру қазіргі кезде көптеген ойландырып жүрген мәселе. Сондықтан да бізге берілген орта мерзімді жоспарды пайдалана отырып, ҚМЖ-ға мақсат содан аламыз және де ОМЖ-да қолданылатын әдіс –тәсілдерге дейін берілген,- деп көптеген мәселелер бойынша ой бөлісті. Коучинг барысында ұстаздардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берілді. Ұстаздар өзара ой бөлісті. Үлгілі сабақтар өткізу барысында көш басын қазақ тілі пәнінен «Жануарлар әлемі» тақырыбында Р.Батымбетов сабақ өткізді. Сонымен қатар 5-7 сыныптарда жаңартылған білім беру мазмұны бойынша Ғ.Қойшыбекова, «Жануарлар әлемі» тақырыбында орыс тілі пәнінен К. Джантемирова «Дружба-это дар» тақырыбында, қазақ тілі пәнінен «Достық - асыл қасиет» тақырыбында С. Мустафаева, ағылшын тілі пәнінен «My school» тақырыбында А. Шарипбай үлгілі сабақтар өткізіп, өз іс – тәжірибесімен бөлісті. Бастауыш сынып мұғалімі А.Шилменбетова «Заман талабына сай білім беру» тақырыбында шебер сынып жүргізілді. 1-2 сыныптар бойынша іс- қағаздарының жүргізілу ретімен таныстырылды. Әр пән бойынша жинақталған портфолиолармен, оқушылардан жұмыстарын көрсетті. Өзінің жұмыс жүйесіндегі іс- тәжірибелерімен, әдіс – тәсілдерімен бөлісті. Семинарға қатысқан ұстаздар өтілген үлгілі сабақтар туралы өздерінің пікірлерін жазбаша және ауызша талдап, қорытындылады. Әрбір сабақтан алған әсерлері мен ұсынылып отырған тақырыптың маңыздылығын, жарияланған проблеманың тақырыптың бүгінгі таңда дұрыс көтеріліп отырғанын, үлгілі сабақтарда қолданған әдіс- тәсілдердің тиімді қолданғанын ұстаздар қауымы атап өтті. Жаңа бағдарлама аясында кездесіп отырған қиындықтарды шешуде, үнемі тәжірибе алмасып отыру туралы ұсыныс білдірді.«Жаңартылған білім беру мазмұнында тиімді оқытуды ұйымдастыру жолдары» тақырыбында Алтынемел орта мектебі базасында тіл мамандары мен тарих пәні мұғалімдеріне арналған аудандық семинар өткізілді. Семинардың мақсаты- пән мұғалімдері арасында өзара тәжірибе алмасуға ықпал ету. Семинарға қатысқан пән мұғалімдері сабаққа қатысу арқылы көптеген әдіс- тәсілдерді меңгерді. Көксу орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі К.Исрайлова оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға көптеген әдіс – тәсілдерді қолданды. Жаңартылған білім мазмұнындағы критералды бағалау жүйесі бұрынғы бағалауға қарағанда қалыптастырушы және жиынтық бағалаумен ерекшеленеді. Критералды бағалаудың тиімді әдіс- тәсілдері туралы тәжірибе алмасу, критериалды бағалаудың түрлерін іс тәжірибесіне енгізу мақсатында «Критериалды бағалау- сапалы білімнің кілті » тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинар барысында мектеп психологы ұстаздар арасында психологиялық жағымды ахуал қалыптастыра отырып, көңіл күйлерін көтеріп, бір бірлеріне құрметпен қарап, бірлесе жұмыс істеуге ықпал ете отырып ұстаздарға әр түрлі тапсырмалар орындатты. Қарашоқы орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Э.Төлемисова, тарих пәнінің мұғалімі Г.Куренбаева үлгілік сабақтар көрсетті. Пән мұғалімдерінен талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін, өз пәнін жетік меңгерген кәсіби білікті мұғалімді анықтау, қолдау, мадақтау мақсатында «Үздік инновациялық шет тілі сабағы» атты аудандық сырттай байқау өткізілді. Байқау- білім беруге заманауи әдістемелер мен тиімді педагогикалық технологияларды ендіру, білім берудегі құзырлық, ақпараттық- коммуникативтік технологияларды пайдалану, білім сапасын көтеру және гуманитарландыру, үздіксіз білім беру жүйесінде білім беру үдерісін психологиялық- педагогикалық сүйемелдеу, «Үш тұғырлы тіл» мемлекет бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған. 1 тур бойынша «Мен және менің мамандығым», «Менің кәсіби ұстанымым» атты эссе жазды, 2 тур ведеоролик. Үздік 1 сабағының электронды толық нұсқасын өткізді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер аудандық білім бөлімінің І,ІІ,ІІІ дипломдарымен, «Педагог- новатор», «Педагог- тьютор», «Креативті мұғалім» номинациялармен марапатталды.

«Қазақстан бүкіл әлемде үш тілді пайдаланып, жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар-қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі- ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» -деп Елбасымыз өз жолдауында айтып кеткендей, үштілділік-заман талабы. Осыған орай Жоламан орта мектебінде «Үштілділік –заман талабы» тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинардың мақсаты мұғалімдерге жаратылыстану –математикалық пәндерін ағылшын тілінде оқытуға арналған пилоттық жобаны іске асыру және әдістемелік көмек көрсету. Семинарға облыстан ментор тренер Жандос Серік Абдрахманұлы мен жаратылыстану –математикалық циклінде сабақ беретін ауданның пән мұғалімдері қатысты. Жаратылыстану –математикалық пәндерін ағылшын тілінде оқытуға арналған пилоттық жобаны іске асыру мақсатында үштілділік бойынша курстан өткен мұғалімдер 7-8 сыныптарға биология, химия, физика пәндерінен сабақ көрсетіп, әріптестерімен іс-тәжірибе бөлісті. Жоламан орта мектебінің биология пәні мұғалімі А.Акимбекова 8 сынып оқушыларымен «Зәр шығару жүйесі», «Human urinary system» тақырыбында сабақ өткізді. Көксу орта мектебінің ағылшын тілі пәні А.Имангожаева «CLIL әдісі» туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қазіргі заманғы қоғамда этносаралық және мәдениетаралық кеңістіктегі заманауи адамдарды әлеуметтендіру мәселелері басымдыққа ие болып, шет тілін білу кәсіби білім мен мүмкіндіктерді кеңейтудің бір құралы ретінде қарастырылады. Осыған байланысты шет тілдерін оқытуда жаңа білім беру технологиялары пайда болады. Мұндай технологиялардың бірі CLIL (Content and Language Integrated Learning) тілдік интеграцияланған оқыту болып табылады.Бұл тәсіл оқытудың құралы ретінде шет тілін қолданудың әртүрлі формаларын қамтиды, болашақта лайықты сәтті күтпестен оқушыларға жаңа тілдік дағдыларды практикада қолдануға тиімді мүмкіндік береді. Осылайша, ағылшын тілін оқыту пәнаралық пән болып табылады және мектептің оқу бағдарламасынан басқа пәндермен тығыз байланысты. CLIL-әдіснамасының ерекшелігі - тілдің білімі пәннің мазмұнын зерттеу құралы болып табылады. Сонымен бірге, назар аудару мәтіннің мазмұнына да, қажетті тақырып терминологиясына да бағытталған. Сонымен қатар, тіл оқыту бағдарламасына біріктіріледі және тілдік ортада тақырыптық материалды талқылау мүмкіндігі зерттелетін тақырыптың контекстінде тілді қолданудың тиімді тұстарын презентациясында айтып өтті. Райымбек батыр орта мектебінің химия пәні мұғалімі Р.Джалгасбекова «Эндотермиялық және экзотермиялық реакциялар» тақырыбында 8 сынып оқушыларымен сабақ өткізді. Ж.Тобаяқов атындағы орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Д.Буджубаев «Өкпе құрылымы және оның қызметі», «The structure of the lung and its function» тақырыбында сабақ өткізді. Сарыбастау орта мектебінің физика пәні мұғалімі Н.Амерханова «Серпімділік күші», «Гук заңы. Elastic force», Hook`s law тақырыбында 7 сынып оқушыларымен сабақ өткізді.

Семинар соңында ментор тренер Жандос Серік Абдрахманұлы сабақ берген, презентация қорғаған, тренинг өткізген мұғалімдермен қатысушыларға алғысын айтып кәсіби сұхбат жүргізді. «Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №455 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің 2017 жылғы 31 қазанындағы №556 бұйрығына сәйкес, жаратылыстану- математикалық цикл пәндерін ағылшын тілінде оқыту бойынша пилоттық мектептердің ережесінің негізінде Кербұлақ ауданды бойынша пилоттық жоба мектептерінде педагогикалық кеңестің және «Қамқоршылық» кеңестің кеңейтілген отырысы өткізіліп, мектептерде пилоттық жобаның шығармашылық топ мүшелерінің жетекшісі және топ мүшелері тағайындалып, шешімі шығарылды және шығармашылық тобының 2018-2019 оқу жылына арналған жұмыс жоспары құрылып, бекітілді. Пилоттық жоба ашылған сыныптардың ата- аналарымен жиналыс өткізіліп, жаратылыстану – математикалық циклде ағылшын тілін оқыту пилоттық жобаның ережесі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, пилоттық жобаға көзқарастарын анықтау мақсатында ата- аналармен сауалнама адынды. Сауалнама нәтижесіне байланысты, ата- аналардың пилоттық жобаға байланысты ой пікірлерінің дұрыстығы айқындалды. Ата-аналар мектеп директорларына жаратылыстану – математикалық циклпәнін ағылшыт тілінде оқытуға рұқсат беруі туралы өтініштер жазды. Пилоттық жоба мектебімен ата- аналар арасында ынтымақтастық туралы «Келісім шарт» жасалынды. Ағылшын тілін білу деңгейін анықтау мақсатында сынып оқушыларымен тест алынып, мониторингісі жүргізілді.

Кербұлақ ауданы бойынша жаратылыстану- математикалық циклдегі ағылшын тілінде оқыту пилоттық жоба бойынша 8 мектептен 9 сынып енгізілді. Атап айтсақ: Сарыөзек орта мектебінен биология 7 сынып, информатика 8 сынып, Ж.Тобаяқов атындағы орта мектебінен биология 7 сынып, Беріктас орта мектебінен физика 7 сынып, Сарыбастау орта мектебінен физика 7 сынып, Қосағаш орта мектебінен биология 8 сынып, Жоламан орта мектебінен биология 8 сынып, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептен физика пәнінен 8 сынып, Райымбек батыр атындағы орта мектебінен химия 8 сынып. Осы аталған мектептерге 1 сағат вариативті жүктеме берілді. Жаратылыстану – математикалық пәндерін ағылшын тілінде оқытуға арналған пилоттық жобаны іске асыру және әдістемелік көмек көрсету мақсатында аудандық білім бөлімінің 2018 жылдың 3 қыркүйегіндегі №351 бұйрықпен аудандық пилоттық жобаның шығармашылық топ жетекшісі тағайындалып, мүшелері құрылып, жұмыс жоспары бекітілді. Сарыөзек орта мектебінің базасында «Ағылшын тілі сабағында ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастырудың тиімді жолдары» тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинар жоспарына сәйкес Сарыөзек орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Т. Мұқышбаева 6а-сынып оқушыларымен үлгілі сабақ көрсетсе, № 49 орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің ұстаздары Қ. Жунусова мен А. Кодебаеваның ұйымдастыруымен Д. Қонаев атындағы орта мектеп, Күреңбел қазақ орта мектебі, Сарыөзек орта мектебі оқушыларының арасында жарыс сабақ өткізілді. Жарыс сабақ барысында Күреңбел қазақ орта мектебінің оқушылары 1-орынды, Сарыөзек орта мектебінің оқушылары 2-орынды, Д. Қонаев атындағы орта мектебінің оқушылары 3-орынды иеленді. Сарыөзек орта мектебі ағылшын тілі пәні ұстаздарының ұйымдастыруымен кофе-брейк, яғни қонақтарға арналған шағын ғана дастархан жайылды. Сарыбұлақ орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А. Муслимова оқушыларымен керемет мән-мағыналы «Шалқан» ертегісін сахналық көрініс негізінде ағылшын тілінде көрермендерге тамашалауға ұсынды.Д. Қонаев атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Е. Галиева семинарға қатысушы ұстаздармен бірлесе отырып «Ағылшын тілі сабағында сөйлеу дағдысын қалыптастырудың тиімді жолдары» тақырыбында коучинг өткізді. Семинар соңында Гульвира Өміржанқызы ұстаздармен бірлесіп кәсіби сұхбат өткізді. Сұхбат барысында ұстаздарға ағылшын тілінің оқытылу тиімділігі, оқушыларға меңгертудің оңай жолдары тақырыбында ұтымды сұрақтар қойылып, ұстаздар арасындағы тығыз қарым-қатынас орнады.

Елбасы айтқандай жас  жеткіншектерді тәрбиелеу  біздің  басты мақсатымыз: Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру стандартының  негізгі ережелері   мен  талаптарын  басшылыққа ала отырып, білім  салаларында білім  алу құзіреттіліктерін  қалыптастыру. Балабақшаларда қазіргі таңда 1008 бүлдіршін,ал шағын орталықта 993 бала тәрбиеленіп, білім алуда. Тәрбиеленушілерге тәлім-тәрбие беру жолында арнаулы және жоғары білімді педагогтар жұмыс істейді. Балабақшадағы оқу тәрбие жұмысы негізінен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Жалпыға міндетті білім беру стандарты, «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік» бағдарламасымен жұмыс істейді. Қазіргі уақытта 7 балабақша және 26 шағын орталық мемлекеттік тілде жұмыс істейді. Әрбір балабақшада және шағын орталықта тәрбие, жаңа технология әдіс-тәсілдерімен ойын түрлері жоспарын жасап, бекітіп, сол бойынша  біршама жұмыстар  атқарды. Қазақстан Республикасының  мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты  негізінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасы балабақшаларда  жүзеге асырылуда. Бес  білім беру  саласымен жұмыс жасау елеулі  нәтижелер берді.

2018 жылдың қараша айында «Мектепке дейінгі ұйымдарында күннің екінші жартысын ұйымдастырудың маңыздылығы» тақырыбы бойынша «Айсана» бөбекжай-балабақшасы базасында аймақтық семинар өтті. Семинарға 93 педагог қатысып, іс-тәжірибелерімен бөлісті. 2018 жылдың 13 желтоқсан күні Ж.Жапаров орта мектебінде «Мектепке дейінгі білім беру процесін ұйымдастыру» тақырыбы бойынша аудандық семинар өтті.Семинардың мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтарына білім беру процесін ұйымдастыру және жоспарлауда әдістемелік көмек беру. Жұмыс барысында психологиялық «Амандасу» сәт , дөнгелек үстел, баяндама, және тәжірибелік алаң өткізілді.Семинарға шағын орталық тәрбиешілері қатысып,өз ойларын ортаға салды.

Аға әдіскер С.Имуханбетова қараша айында Шұбар орта мектебінде ауданның мектеп директорларына арналған «Білім беру мазмұнының жаңаруы жағдайында нәтижеге бағытталған басқару» тақырыбында семианр өткізді. Семинардың мақсаты: Білім жүйесін басқарудың жаңа модельдерін қамтамасыз етудің тиімді жолдары мен бағыттары жөнінде пікір алысу,ой бөлісу,ортақ шешімдерді белгілеу.Күтілетін нәтиже:Мектеп директорлары білім беру мазмұнының жаңаруы жағдайында оңтайлы басқарудың жолдарын біледі.Басқаруда жаңашыл әдістерді қолданады. Білім сапасын көтеруде,білім беру жүйесін осы бағытта басқарудың негізгі тетіктерін анықтайды. Семинарға барлық мектептердің мектеп директорлары қатысты, Қарашоқы ОМ директоры К.Букабаева, Қаспан ОМ директоры Д.Ешкенов өз іс тәжірибиесімен бөлісті. Қараша айында аға әдіскер С.Имуханбетова Ақжар ОМ базасында оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарларына«Қазіргі әдістемелік қызметтің құрылымы,мазмұны және ұйымдастырылуы» семинар ұйымдастырды. Мақсаты: Нәтижеге бағдарланған білім беруде әдістемелік қызметтің ұйымдастырудың тиімді жолдарын көрсету, ой бөлісу,ортақ шешімдерді белгілеу.Күтілетін нәтиже: Сапалы білім берудегі мектепішілік әдістемелік қызметтің ұйымдастырылудың бағыттарын анықтайды.Нәтижеге бағдарланған білім беруде мұғалімнің шығармашылық,кәсіптік қызметін ұйымдастырудың тиімді жолдарын біледі. Нәтижеге бағдарланған білім беруде тұлғалар қызметін ұйымдастыру үлгілерін айқындайды. Семианарға барлық оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты, іс-тәжірибиесімен жоламан ОМ директордың орынбасары А.Хамзаинова, Жаңалық ОМ С. Омарбекова бөлісті.

Іс-тәжірибиенің таратылуы, әр түрлі баспа беттеріне жариялану бойынша жұмыстар да өз дәрежесінде өтті.

Мұғалімдердің шығармашылығын қалыптастыру, «Озат тәжірибені жинақтау мен тарату» бағытында «Жаңартылған білім беру аясында оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру және басқару» атты облыстық жинаққа 55, «Жаңаша оқыту жолында» республикалық ғылыми-әдістемелік журналға 300 мұғалімнің жұмысы жарияланды. Облыстық әдістемелік кабинеттің тарапынан шығарылған «Білім беру мазмұнының жаңару жағдайында психологиялық қызметтегі түзету, дамытудың тиімді жолдары» жинағына Қарашоқы ОМ психологы Ж.Мырзаханованың, Нұрым ОМ психологы А.Турусбекованың, «Қорытынды аттестаттау және ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбында Қоғалы ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.Утегенованың, Күреңбел ҚОМ тарих пәнінің мұғалімі Б.Садуақасованың, «Жаңартылған бағдарлама аясында ұйымдастырылған оқу қызметіндегі инновациялық әдіс-тәсілдер» тақырыбындағы жинаққа Ай-Сана балабақшасынан: Ж.Даулетбекова, М.Койчубекова, А.Чюлембаева, Ж.Шамамбековалардың, Ақтиін балабақшасынан Ж.Төребаеваның іс-тәжірибелері жинаққа енгізіліп, облыс көлемінде таратылды.

«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамының филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» Білім беру мазмұның жаңарту жағдайында оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру жолдары атты конференция материалдарының жинағына «Мектеп жасында дене тәрбиесі мен спортқа деген құштарлықты қалыптастыру» тақырыбында Алматы облысы, Кербұлақ ауданының дене шынықтыру пәнінің әдіскері Т.Сыздықовтың мақаласы шықты. «Өрлеу» «БАҰО» АҚ Филиалы «Алматы облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» бағдарламасына сәйкес дене шынықтырудың білікті мұғалімдерінің жаңартылған бағдарламасы бойынша «Орта білім беру мазмұның жаңарту аясында өмірдегі белсенділік пен денсаулықты ұштастыра отырып құзыретті тұлға қалыптастыру» тақырыбында ұйымдастырылған дене тәрбиесі пәні бойынша облыстық семинар материалдарының жинағына ауданның әдіскері және дене шынықтыру мұғалімдерінің мақалалары жинақталып, іс тәжірибелері таратылды.

Аудандық білім бөлімінің және білімді дамыту орталығының жоспарына сәйкес педагогтардың кәсіби байқаулары мен оқушылардың түрлі байқаулары өткізілді.

Қаспан орта мектебі «Үздік ауыл мектебі -2018» облыстық байқаудан І орынды, «Үздік балабақша-2018» облыстық байқауынан «Балдырған» балабақшасының ұжымы бас жүлдені, «Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы әдістеме, тәжірибе,мәселелер» тақырыбындағы өңіраралық сырттай педагогикалық оқудан Сарыбұлақ орта мектебінің директоры С.Имуханбетова, Сарыөзек орта мектебінің директоры Т.Тазабековалар ІІІ дәрежелі дипломмен, «Шағын жинақталған мектептерде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбымен өткен облыстық директорлар Форумында Шилісу негізгі мектебінің директоры Е.Нүсіпбеков І дәрежелі дипломмен мараппаталды.

Облыс көлемінде жаңашыл сипатта он-лайн режиміндегі өткізілген сабақтардың ішінен №49 орта мектептің физика пәнінің мұғалімі А.Тулемисова үздік сабақ өткізгені үшін Алматы облыстық білім басқармасының Алғыс хатымен, облыстық «Алтын диск» байқауында Ш.Уалиханов атындағы орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі Серік Бағлан «Креативті мұғалім» номинациясын, «Үздік информатик-2018» облыстық байқауында Тастыөзек орта мектебінің мұғалімі Шарипбеков Жомарт жүлделі ІІІ орынды иеленді.

«Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы әдістеме, тәжірибе,мәселелер» тақырыбындағы өңіраралық сырттай педагогикалық оқудан ІІ жүлделі орындарды; Сарыбұлақ орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Э.Жолмурзаева, Қоғалы ОМ бастауыш сынып мұғалімі А.Медельханова, Қоғалы ОМ математика пәнінің мұғалімі А.Абдрахманова, №49 орта мектептің денешынықтыру пәнінің мұғалімі М.Құсмановтар, ІІІ жүлделі орындарды: №49 ОМ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Г.Джаксингаева, Сарыбұлақ ОМ директоры С.Имуханбетова, аудандық білім бөлімінің аға әдіскері К.Абильдаевалар иеленіп, облыстық әдістемелік кабинеттің дипломдарымен марапатталды.

«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасынан Ш.Уалиханов атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Ж.Жұмажанова ІІ дәрежелі дипломды иеленді. Облыстық әдістемелік кабинетінің тарапынан өткізілген «Биология пәнінің мұғалімдері арасындағы пән олимпиадасы» байқауына қатысқан Ақжар ОМ биология пәнінің мұғалімі Қ.Биболатова Алғыс хатпен марапатталды. «Үздік жыл психологы-2018» атты облыстық байқауынан Беріктас ОМ педагог-психологы А.Аульбекова бас жүлдені иеленіп, республикалық байқаудан «Креативті психолог» номинациясын жеңіп алды. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының базасында өткен «Үздік психолог-2018» облыстық байқауынан Күреңбел ҚОМ педагог-психологы М.Жексембаева, «Үздік бастауыш сынып мұғалімі-2018» облыстық байқауынан Күреңбел ҚОМ бастауыш сынып мұғалімі Г.Сарекенова, «Үздік балабақша тәрбиешісі-2018» облыстық байқауында Балдырған балабақшасының тәрбиешісі А.Ақылбековалар жүлделі бірінші орындарды иеленіп, І дәрежелі дипломдармен марапатталуы – кадрларымыздың кәсіби өсуінің айғағы.

Аудандық «Үздік тарихшы» сырттай портфолио байқауының жеңімпазы Ш.Уалиханов атындағы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Ж.Жұмажанова бас жүлдені иеленіп,облыстық байқауға қатысты, алайда, орын алған жоқ. «Алаш арысы» байқауынан Күреңбел қазақ орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі А.Ильясова бас жүлдені иеленіп, облысқа жолдама алып, байқауға қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды. «Шағын жинақталған мектебінің үздік мұғалімі» бас жүлдесін Доланалы негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бакетова Алия алып,облыстан «Ізденімпаз мұғалім» номинациясына ие болды.

Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығының ережесіне сәйкес 2018 жылдың 26 ақпан күні Ш.Уалиханов атындағы орта мектептің базасында «Sport FEST Kazakstan» әскери-спорттық аудандық Спартакиадасы өткізіліп I-орынды Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп жеңіп алып облысқа жолдама алды. 2018 жылдың 08-11 наурыз күндері «Жастар» спорт сарайында облыстық «Sport FEST Kazakstan» әскери-спорттық ойынында II-орынды жеңіп алды.

2018 жылдың 28 ақпан күні «ЖАС ҰЛАН» әскери-спорттық аудандық ойындары Қоғалы ОМ базасында ұйымдастырылып өткізіліп I-орынды Шұбар ОМ оқушылары жеңіп алып, облысқа жолдама алды. 2018 жылдың 03-04 сәуір күндері Талдықорған қаласында, Агро-техникалық колледж базасында өткен облыстық «ЖАС ҰЛАН» әскери-спорттық ойынында III-орынға ие болды. 2018 жылдың 17 мамырында Отан қорғаушы күнін және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 73 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспары құрылып, № 49 ОМ базасында әскери спорттық сайыс ұйымдастырылып өткізілді, оның мақсаты әскери патриоттық рухқа тәрбиелеу, әскери борышын өтеуге деген ынталарын арттыру, бұқаралық спортты дамыту.

2018 жылғы 14- 22 шілде күндері аралығында Қарағанды облысы «Спасск» оқу-жаттығу орталығында өткен Халықаралық Республикалық «Айбын» жастар жиынына Күреңбел қазақ ОМ, Сарыөзек ОМ, № 49 ОМ, Д.Қонаев ат. ОМ оқушылары қатысып III-орынды иеленді.Облыстық білім басқарма басшысының 2018 жылдың 30 наурыздағы бұйрығына сәйкес технология және бейнелеу пәні бойынша , 2018 жылдың 12 сәуір күні Ж.Жапаров атындағы орта мектептің базасында «Шабыт шуағы»-«Бояулар құпиясы» аудандық байқауы өткізілді. Кескіндеме өнері бойынша I-орынды № 49 ОМ оқушысы Сыдықбекова Мадина және қолөнер бұйымдарынан Көксу ОМ оқушысы Мурликина Мария жеңіп алып облысқа жолдама алды. 2018 жылдың мамыр айының 16-17 күндері Талдықорған қаласында, Оқушылар сарайында «Шабыт-шуағы»-«Бояулар-құпиясы» атты облыстық байқауында кескіндеме өнері бойынша III-орынды № 49 ОМ оқушысы Сыдықбекова Мадина және қолөнер бұйымдарынан Көксу ОМ оқушысы Мурлыкина Мария II-орынды жеңіп алды. «Мұғалімнің кәсіби дамуы- білім беру жүйесін жаңартудың негізі» кітабында облыс көлемінде 10 мұғалімнің іс-тәжірибесі таратылды, ІІІ Республикалық «Үздік сабақ жоспары» педагогтар конкурсында №49 орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Қ.М.Жунусова ІІ- дәрежелі дипломен, А. Көдебаева ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.

Облыстық білім басқармасының басшысымен бекітілген ережесіне сәйкес 2018 жылдың 03 мамыр күні Д.Қонаев атындағы орта мектептің базасында «Қауіпсіз дөңгелек-2018» аудандық байқауы өткізіліп, бас жүлдені Қаспан орта мектебі жеңіп алып облысқа жолдама алып, 2018 жылдың 22-24 мамыр күндері Талғар ауданы, «Тау-Тұран» оқу-сауықтыру кешенінде «Қауіпсіз дөңгелек-2018» байқауында Қаспан орта мектебінің оқушылары III-орынды жеңіп алды.

2018 жылдың 28 қыркүйек күні Қоғалы орта мектебінің базасында «Алау-2018» аудандық әскери-спорттық ойыны өткізілді, оны ұйымдастырудың мақсатымен міндеті өскелең ұрпқты Қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу және олардың азаматтық сана-сезімін қалыптастыру. Ойын әрекеті негізінде оқушылардың бастамашылдығын және дербестігін дамыту. Салауатты өмір салтын қалыптастыру және қолданбалы спорт түрлерін насихаттау. Аудан аймақтарында өскелең ұрпақты патриоттылыққа тәрбиелеу бойынша жұмыстарды жетілдіру және белсендіру. Ойын арқылы балалар арасындағы бауырмалдық, ынтымақтастық пен достықты нығайту. Облыстық білім басқармасының 2018 жылғы 06 қарашадағы № 691 –н бұйрығына сәйкес 2018 жылдың желтоқсан айының 06-07 күндері Талдықорған қаласы, Оқушылар сарайында «Үздік қосымша білім беру педагогы» атты облыстық байқауында Ш.Уалиханов атындағы орта мектебінің АӘД-пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Қабыланов Жанат Болатханұлы III дәрежелі дипломмен марапатталды. Қарашоқы орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі Умарова Бағдат Кадырбековна II дәрежелі дипломмен марапатталды.

2018 жылдың 07 желтоқсан күні Күреңбел қазақ орта мектебінің базасында «Үздік АӘД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы-2018» аудандық байқауы өтті. Сайыстың негізгі мақсаты - алғашқы әскери дайындық оқытушы-ұйымдастырушыларының шығармашылық бастамаларын қолдау, кәсіптік өсуіне ықпал ету, осы мамандық мұғалім еңбегінің мәртебесін көтеру. Сайыстың негізгі міндеттері шығармашылықпен жұмыс істейтін педагог қызметкерлерді анықтау және ынталандыру, педагогикалық идеяларымен, шығармашылық нәтижелерімен алмасу, педагогтардың өз тәжірибесіндегі жетістіктерді тарату болып табылады.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне орай ұйымдастырылған 2018 жылдың 12 желтоқсан күні Қаспан орта мектебінің базасында «Қол өнер бұйымдары және суреттен » оқушылар арасында байқау өткізілді, байқаудың мақсаты 16-желтоқсан Тәуелсіздік тақырыбына қол өнер бұйымдарын жасау оқушылардың өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып, ой –өрісін дамыту.

Қарашоқы орта мектебінің мұғалімі Б.Абикенова облыстық жаратылыстану пәндерін оқытуда критериалды бағалау жүйесін енгізудің оқу әдістемелік негіздері тақырыбындағы семинарға қатысып тәжірибесімен бөліскені үшін Құрмет грамотасымен марапатталды. Панфилов ат ОМ мұғалімі Сүттіқожанова С Арал Сырдария, Іле Балхаш Үстірт жобалық аймақтарда Астана қаласы мектептерінде қосымша экологиялық білім беруді енгізу жобасының аясында ұйымдастырылған экология және балалар ғылыми практикалық конференция мұғалімдер арасында 1 дәрежелі дипломмен марапатталып, Астанаға жолдама алды.

Қараша айының 1 күні № 49 ОМ базасында аудандық «Дарын» ғылыми жобалар байқауы өткізілді. Байқауға барлығы 27 оқушы қатысты. Соның ішінде 12 бала жеңімпаз атанды және облысқа жолдама алды. Облысқа 5 желтоқсан күні Талдықорған қаласына ғылыми жобалар байқауына 6 оқушы қатысып, жеңімпаз атаңды. Олар: ІІ орын алғандар: Ж.Жапаров ат.ОМ Қазбек Руслан, Қоғалы ОМ Сейсенбаева Айша,Баймолда Назерке,Қарашоқы ОМ Марат Назым, ІІІ орындар алғандар: Күренбел ҚОМ Еркінов Бекзат,Қарашоқы ОМ Иржан Ерасыл, Нұралы Алишер, Ш.Уалиханов ат.ОМ Мақсұт Алтыншаш және белсенді қатысқаны үшін Нұрым ОМ Нұрмолда Медеуге, Ш.Уалиханов ат.ОМ Есім Даниялға,Сарыөзек ОМ Ясын Сымбатқа сертфикат берілді. Желтоқсанның 6-7 күндері аудандық оқушылар арасындағы пән олимпиадасы өткізілді. Аудандық кезеңге барлығы 510 бала қатысты. Аудандық кезең нәтижесі бойынша І орын алғандар саны-45 оқушы, ІІ орын алғандар- 78 оқушы, ІІІ орын алғандар- 99 оқушы,барлығы 222 оқушы жеңімпаз атаңды. Облыстық пән олимпиадасына 24 оқушы жіберілді. Желтоқсан айының 24 жұлдызында аудандық «Зерде» зерттеу және шығармашылық жобалар байқауы өткізілді. Аудандық кезеңге 33 оқушының жұмысы бойынша сұраныс жинақталды. Аудандық кезеңге 23 жұмыс қаралып, жеңімпаз ретінде 10 жұмыс бағаланып, облыстық кезеңге жіберілді.

Білім басқармасы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық білім беру деректер қоры» (ҰБДҚ) ақпараттық жүйесіне әкімшілік деректерді жинақтап, толық ақпарат беріліп отырды.

2018 жылдың 30 қазан күні «НұрОтан» партиясы Кербұлақ аудандық филиалының ұйымдастыруымен аптасына 2 сағат, 80 оқушыны қамтитын Д.Қонаев атындағы орта мектеп базасында «IT-технологияны мектепте оқытудың жаңа траекториясы ретінде қолдану» мақсатында сынып ашылды.

Компьютермен жабдықталған кабинет – бұл оқушыларды әлемдік ақпараттық қоғам шартына, ҚР білім беру деңгейін көтеруге даярлауды қамтамасыз ететін, ҚР Рпезидентінің білім беру жүйесін ақпараттандыру туралы Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру құралы болып табылатын мектептің оқу-тәрбие құралы.

Аудан бойынша 52 мектеп 1805 компьютермен жабдықталған, 2018 жылдың сәуір айынан бастап 260 компьютер есептен шығарылып, құжаттары толықтырылды. Ауданның 30 мектебінде 18 физика, 12 биология, 18 химия, 23 лингафонды-мультимедиялық кабинеттері орнатылған. Райымбек ат.ОМ, Д.Қонаев ат.ОМ, Жоламан орта мектептеріндегі кабинеттер істен шығуына байланысты құжаттары дайындалып есептен шығарылды. Жаңа модификациялық кабинеттерде құрылғыларды қолдану бойынша 3 күндік оқыту семинар-курсқа мұғалімдермен кабинет меңгерушілер тізімі жасақталып облыстық әдістемелік кабинеттке жіберіліп, облыстық әдістемелік кабинеті тарапынан 05-06 ақпан аралығында оқыту семинар өткізіліп, 50 мұғалім сертификат алды.

Аға әдіскер С.Имуханбетова және әдіскерлер Г.Жүніспаева, А.Сарыбаева,Т.Сыздықов,А.Аульбекова әр-түрлі сұрақтар бойынша негізгі мектептер: Архарлы, Аралтөбе, Шанханай, Доланалы, Шилісу, Көксай, Ақбастау мектептеріне қараша-желтоқсан айларында барып әдістемелік көмек көрсетті. Әдіскер Т.Сыздықов Қазақстан Республикасы Тұнғыш Президенттінің-Елбасының тестілерін өткізу қағидалары бойынша Қосағаш ОМ, Ақжар ОМ, Қарымсақ ОМ, Байғазы ОМ, Ақбастау негізгі мектебінің дене шынықтыру мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсетілді. Спорттың 10 (он) түрінен «Мектеп лигасы» спорттық ойындарының жоспарын құру және ұйымдастырып өткізу бойынша Сарыбастау ОМ, Архарлы НМ, Шанханай НМ, Т.Құлыбеков атындағы орта мектептерінің дене шынықтыру мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсетілді. АӘД-пәнінің оқытушы-ұйымдастырушыларының әскери-патриоттық іс-шараларының жоспарын жоспарлау және жоспар бойынша кең көлемде іс-шараларды өткізу жөнінде Қарымсақ ОМ, Байғазы ОМ, Көксу ОМ, № 49 орта мектептеріне әдістемелік көмек көрсетілді.

Мектепке дейінгі ұйымдарына,шағын орталықтарға әдіскер Р.Атамкулова 24.10.18.-25.10.18, 27 11. 2018 Қарашоқы ОМ, Сарыбастау ОМ , Архарлы НМ, Жоламан ОМ, Жапаров ОМ , Майтөбе ОМ,Сарыбұлақ ОМ., Қоғалы ОМ, Алтынсарин ат. ОМ, Әльмуханбетов ат. ОМ ,Тобаяков ат. ОМ,Байғазы ОМ, Шұбар ОМ әдістемелік көмек көрсетті.

Мектеп оқушыларының спартакиадасы, Мектеп лигасы, Президенттік сынақтар жоспар негізінде өткізілді.

2018 жылғы аудандық оқушылар арасындағы спартакиадасының ережесі бойынша білім беру мекемелерінде қантар-мамыр айларында шаңғыдан, баскетболдан, волейболдан, тоғыз-құмалақтан, шахматтан, үстел теннисінен, футболдан, Президенттік көпсайыстан жарыстар ұйымдастырылды. Футболдан I-орынды № 49 ОМ, II-орынды Панфилов ат. ОМ, III-орынды Қаспан ОМ иеленді. Баскетболдан I-орынды Д.Қонаев ат. ОМ, II-орынды № 49 ОМ, III-орынды Сарыөзек ОМ иеленді. Волейболдан I-орынды Райымбек ат. ОМ, II-орынды Ш.Уалиханов ат. ОМ, III-орынды Ж.Тобаяқов ат. ОМ иеленді. Тоғызқұмалақтан I-орынды Сарыөзек ОМ, II- орынды Күреңбел ОМ, III-орынды Қаспан ОМ иеленді. Шахматтан I-орынды Жоламан ОМ, II-орынды Т.Құлыбеков ат. ОМ, III-орынды Аралтөбе (к) ОМ иеленді. Үстелдегі теннистен I-орынды Райымбек ат. ОМ, II-орынды Көксу ОМ, III-орынды Қосағаш ОМ иеленді. Шаңғыдан I-орынды Тастыөзек ОМ, II-орынды Панфилов ат. ОМ, III-орынды Т.Құлыбеков иеленді. Аудандық спартакиадасынан жеңіп шыққан командалар облыстық жарыстарға қатыстырылды. Облыстық спартакиадасында тоғызқұмалақтан I-орынды Сарыөзек ОМ оқушысы Қадырханов Бауыржан Жанатұлы жеңіп алып Республикалық жарысқа жолдама алды. Шаңғыдан Тастыөзек ОМ оқушылары Елубай Ғалымжан I-орын, Сайдрахман Ғабит III-орын және Панфилов ат. ОМ оқушысы Оразбек Адемі II-орындарды иеленді. Үстелдегі теннистен III-орынды Райымбек атындағы ОМ оқушысы Залалдин Дилназ Нұрланқызы жеңіп алды. Шахматтан IV-орынды Жоламан ОМ оқушысы Қырықбай Алмат Саятұлы жеңіп алды. Асық атудан Д.Қонаев атындағы орта мектептің оқушысы Болатқан Саят II-орынды иеленді. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігінің 2017 жылдың 29 қарашадағы № 316 бұйрығының негізінде қысқы және жазғы Президенттік тестілер 4,7,9,11 сынып оқушылары және мұғалімдерден белгіленген кесте бойынша сынақтар алыны п, білім басқармасына толық есебі берілді. Алматы облысы әкімінің орынбасары Ж.Омардың 18 қазан 2017 жылғы Алматы облысы мектептерінде Мектеп лигасын құру туралы ережесіне сәйкес 2018 жылдың 08 ақпан күні Д.Қонаев атындағы орта мектептің базасында «Мектеп лигасы-2018» аудандық спорттық жарыстарының ашылу салтанаты өткізіліп, «Кербұлақ жұлдызы» газетіне жарияланды. «Мектеп лигасы» аудандық ашылу салтанатының мақсаты оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортпен шұғылдануға шақыру.Аудан бойынша Күреңбел қазақ орта мектебі, Сарыөзек орта мектебі және № 49 орта мектептерінде кадет сыныптары жұмыс жасауда. Кадет сыныптарының ашу мақсаты оқушылар арасында әскери-патриоттық сезімін ояту және келешекте отан қорғайтын әскери азамматтарды тәрбиелеу.

Кербұлақ ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен бірігіп, 2018 жылдың 30 мамыр күні Сарыөзек гарнизонының 12740 әскери бөлімінің оқу-жаттығу полигонында бір күндік далалық жиынына АӘД-пәнінің оқытушы ұйымдастырушылары және 10-сынып оқушылары қатыстырылды. Оқушылар арасында 12740 әскери бөлімінің оқу жаттығу полигонында далалық жиын өткізу себебіміз келешекте отан қорғаушы сарбаз дайындау.2018 жылдың 17 мамырында Отан қорғаушы күнін және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 73 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспары құрылып, № 49 ОМ базасында әскери спорттық сайыс ұйымдастырылып өткізілді, оның мақсаты әскери патриоттық рухқа тәрбиелеу, әскери борышын өтеуге деген ынталарын арттыру, бұқаралық спортты дамыту.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы «Туған жер» арнайы жобасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы шеңберінде балалар мен жасөспірімдердің азаматтылық пен отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Шанханай ауылында, Ш.Уалиханов музейінің базасында «Туризм күні» ұйымдастырылды. 2018 жылдың 21 қыркүйек күні Сарыөзек ауылында № 31 Өрт сөндіру бөлімінің спорттық алаңында «Жас құтқарушы» аудандық сайысы ұйымдастырылып өткізілді және аудандық Кербұлақ жұлдызы баспасөз бетіне жарияланды. Ұйымдыстырудың мақсаттары мен міндеттері оқушылар арасында жас құтқарушылар жұмыстарын жандандыру, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, құтқарушы тәсілдері арқылы салауатты өмір салтын дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ балалар мен жастарды қолданбалы спорт түрімен шұғылдануға тарту, жасөспірімдерді әскери-патриоттық негізде тәрбиелеу болып табылады және оқушылар арасында ең мықты команданы анықтау және тәжірибе алмасу.Спорт секция саны-104, қамтылған оқушылар саны-2493. Үйірме саны-199, қамтылған оқушы саны-5686. Спорт залдар саны-37, спорт залдары жоқ мектептер Тастыөзек ОМ, Қарымсақ ОМ, Шанханай НМ, Ақбастау НМ, Шилісу НМ және 11 шағын жинақталған бастауыш мектептерінде.


  1. БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ 2019 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ


жүктеу 1,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау