Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық



жүктеу 1,4 Mb.
Pdf просмотр
бет33/100
Дата17.01.2020
өлшемі1,4 Mb.
#27032
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   100

105
- отбасыларға көмек бөлімі;
- қоғамдық қабылдау.
Орталыққа  кəмелетке  толмағандарды  қабылдау  бөлімінің 
қызметкерлері мынадай шаралар атқарады:
-  санитарлық-гигиеналық  жұмыстар,  алғашқы  медициналық 
көмек көрсету, сыртқы киімдер мен ішкі киім-кешекті ауыстыру 
(баланың  денсаулығына,  өміріне  кері  ықпал  етуші  заттар,  ата-
аналары  немесе  қамқоршылардың  үйлерінде  сақталып  тұрған 
заттарды тексеру);
-  кəмелетке  толмағандардың  жеке  басын  құқық  қорғау 
органдарының көмегімен анықтау, оның ата-анасы не ата-анасы 
құқығындағы заңды тұлғалардың тұрғылықты мекенін анықтау;
-  ата-аналарды  не  олардың  құқығындағы  заңды  тұлғаларды 
жəне  директорларды  кəмелетке  толмағанның  қай  жерде 
жүргендігі жайлы хабардар ету;
- алғашқы психологиялық көмек көрсету.
Орталықтағы станционарлық бөлім кəмелетке толмағандарды 
мыналармен қамтамасыз етеді:
-  ата-аналар  қамқорлығынан  шет  қалған  кəмелетке 
толмағандарды Орталық ережелері шеңберінде тұрғылықты ме-
кен-жаймен;
-  көрпе-жастықтарын жиі ауыстырып, тазалап отырумен;
-  мезгілге сəйкес келетін үйде жəне көшеде киетін киімдермен;
- жеке гигиена шараларымен (сабын, тіс щеткасы, тіс пастасы 
жəне т.б.);
-  кəмелетке  толмағанның  бойындағы  психофизикалық 
ауытқушылықты жою;
- кəмелетке толмағанның əлеуметтік-психологиялық оңалтуын 
қамтамасыз ету мен бейімделе алмауын жою үшін жүйелі шара-
лар жасау;
- кəмелетке толмаған тұратын отбасы мен ол жердегі жағдайды 
түзету бағытында жүйелі шаралар атқару;
- заң шеңберінде білім алу құқығын жүзеге асыру;
-  еңбек,  спорттық  жəне  шығармашылық  іс-шаралар  жасау 
мүмкіндігін жүзеге асыру.
Əлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бөлімі:
-  отбасылық қарым-қатынасты түзету арқылы баланың келе-
шекте жақсарып кетуі үшін жұмыстар жасау;
-  барлық  сатыларда,  ұйымдар  мен  ведомстволарда,  соттар 


106
мен  құқық  қорғау  органдарында  баланың  мүддесі  үшін  жұмыс 
істейді;
-  кəмелетке  толмағанның  тұрақты  мекен-жайына  бойының 
үйреніп кетуі үшін əлеуметтік бейімдеу шараларын атқарады.
«Отбасыларға қызмет көрсету» бөлімі:
-  кəмелетке  толмағанның  Орталыққа  шағым  жасағанына 
дейінгі аралықтағы жағдайын зерттейді;
-  кəмелетке  толмағанның  өз  отбасына  қайта  қосылуы  үшін 
қажетті тетіктер қалыптастыру (ата-аналар мен туыстарын іздеу 
жəне олармен байланыс орнату, т.б.);
- отбасыларға бару, оларға психологтың, педагог пен заңгердің 
көмегін көрсету. 
Қоғамдық қабылдау:
-  кəмелетке  толмағандар  мен  олардың  ата-аналарына 
əлеуметтік-құқықтық, 
медициналық-психологиялық 
жəне 
тұрмыстық көмек көрсету ұйымдары туралы ақпараттар жинай-
ды;
-  телефон  арқылы  психологиялық  жəне  ақпараттық  көмек 
көрсетеді;
-  кəмелетке  толмағанның  өміріне  төеіп  тұрған  қатер  жайлы 
полицияны, жедел медициналық жəрдемді, т.б. орындарды дереу 
хабардар етеді;
- «сенім тефондары» қызметін ұйымдастырады.
7.2.4.  Балалардың  қадағалаусыздығы  мен  панасыздығы, 
əлеуметтік 
жетімдігі 
профилактикасымен 
айналысатын 
ұйымдармен өзара əрекеттесу
Кəмелетке 
толмағандарды 
бейімдеу 
орталығының 
қызметкерлері  бала  мен  оның  отбасы  жайлы  толықтау  көрініс 
жасай алмауы жəне оларға қажетті көмек бере алмауы мүмкін. 
Сондықтан  баланың  осы  жағдайға  жетуіне  себеп  болған 
ақпараттарды алу үшін жəне келешекке бағытталған жоспарлар 
түзу үшін мемлекеттік жəне үкіметтік емес ұйымдардың балаға 
мəселесіне байланысты бірігіп əрекет етуі керек. 
Балаларға  жəне  оның  отбасына  қажетті  көмек  берілгеннен 
жəне  оның  өз  отбасына  оралғанынан  кейінгі  жағдайды  жіті 
бақылап отыру қажет. 
Өзге  де  ұйымдармен  жəне  қызмет  көрсету  орталықтарымен 
тығыз қарым-қатынас жасау – Орталықтың негізгі жұмыстарының 


107
бірі.  Өз  ұсыныстары  бар  өзге  де  ұйымдармен  тығыз  қарым-
қатынас  орнату  арқылы  балаларға  медициналық,  кеңесшілік 
көмек жəне сот үрдістері жайлы, келешек жоспардың сенімділі 
жайлы ақпараттар алуға болады. 
Үкіметтік  емес  ұйымдар  өз  қызметтерін  ұсына  алады,  ал 
мемлекеттік  органдарға  сенімсіздік  білдіретін  ата-аналар 
осылардың қызметіне жүгіне алады.
Орталық  үкіметтік  емес  ұйымдардың  көмегін  мынадай 
сауықтыру жəне бейімдеу жұмыстарына бағыттай алады:

кəмелетке толмағандарды отбасылық тəрбиелеу топтары-
на  қосу  (отбасыларды  іздеу,  тəрбиелеуге  ниет  білдірушілермен 
байланыс жасау, ата-аналық мүмкіндігі бар кісілерге тест жүргізу 
жəне олардың қамқоршылығы мен қорғаншылығына жағдай жа-
сау, т.б.);

балалардың  танымдық  жəне  шығармашылық  ізденіс 
құштарлығын дамыту (үйірмелер, студиялар жəне клубтар құру, 
компьютерлік  білімді  жақсарту  жұмыстары,  викториналық 
сұрақтар жүргізу, шығармашылық байқаулар, т.б.);

балаларды  көпшілікке  пайдалы  жұмыстарға  араласты-
ру  (балалар  үйі  мен  көп  балалы  отбасыларға  жіберілетін  суве-
нирлер  мен  ойыншықтар  жасау,  қайырымдылық  шараларына 
қатыстыру;  соғыс  жəне  еңбек  ардагерлеріне  мереке  күндері 
сəлем беріп, олардың батасын алу, т.б.);

кəмелетке  толмағандардың  өз  отбасыларымен  қарым-
қатынасын  жолға  қою  (мереке  күндері  өз  отбасы  мен  туған-
туыстарын құттықтау бастамаларын енгізу, олар үшін балалардың 
өз қолдарымен сыйлықтар жасауына ықпал ету, т.б.);

кəмелетке  толмағандардың  бос  уақытын  ұйымдастыру 
(концерттер  ұйымдастыру,  мереклелік  іс-шаралар  өткізіп, 
мұражайға, циркке, театрларға саяхат жасау, дене шынықтыру-
спорттық іс-шаралар ұйымдастыру, арнайы орындарға туристік 
саяхат жасау жəне басқалар);
-  кəмелетке  толмағандардың  жазғы  демалыстарын  тиімді 
өткізу жұмыстары (балаларды жазғы лагерлерге жіберу). 
Билік органдары, үкіметтік емес ұйымдары жəне кəсіпкерлік 
секторлары арасындағы қатынастарды бірізділендіру əлеуметтік 
серіктестік жүйесін құруды көрсетеді.
Аталған  секторлар  бойынша  əлеуметтік  серіктестік  үлгісін 
құру ынтымақтастықтың келесі сатысына алып келеді (мəселен, 


жүктеу 1,4 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау