Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық



жүктеу 1,4 Mb.
Pdf просмотр
бет41/100
Дата17.01.2020
өлшемі1,4 Mb.
#27032
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   100

130
10) жалпы оқытудың, жұмыс орны бойынша оқытудың жəне 
еңбек  нарығының  қажеттері  арасындағы  өзара  байланысты 
қамтамасыз  ететін  жəне  əркімге  өзінің  білім  мен  біліктілікке 
негізделген  жеке  əлеуетін  қоғамда  барынша  пайдалануға 
көмектесетін оқыту жүйесін өмір бойы дамыту;
11) білімнің, ғылымның жəне өндірістің интеграциясы; 
12) білім алушылардың кəсіптік ұмтылысын қамтамасыз ету;
13)  жұмыс  берушілермен  жəне  басқа  да  əлеуметтік 
əріптестермен белсенді өзара іс-қимыл арқылы техникалық жəне 
кəсіптік білім берудің озық қарқынмен дамытылуын қамтамасыз 
ету;
14) мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алуына ар-
найы жағдайлар жасау болып табылады.
 
4-тарау. Білім беру мазмұны
 
13-бап. Білім беру мазмұнының ұғымы
Білім беру мазмұны - жеке адамның біліктілігі мен жан-жақты 
дамуын қалыптастыру үшін негіз болып табылатын білім берудің 
əрбір деңгейі бойынша білімдер жүйесі (кешені). 
Білім  беру  мазмұны  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға 
міндетті  стандарттары  негізінде  əзірленетін  білім  беретін  оқу 
бағдарламаларымен айқындалады.
28-бап. Оқу-тəрбие процесін ұйымдастыру 
1. Білім беру ұйымдарындағы оқу-тəрбие процесі жұмыстық 
оқу  жоспарлары  мен  жұмыстық  оқу  бағдарламаларына  сəйкес 
жүзеге асырылады. 
2.  Білім  беру  ұйымдары  жүзеге  асыратын  оқу  жəне  тəрбие 
жұмысын  жоспарлау  мен  есепке  алу  оқу-тəрбие  процесін 
ұйымдастырудың негізі болып табылады. 
Оқу  жəне  тəрбие  жұмыстарын  жоспарлау  оқу  жоспарлары 
мен  бағдарламаларының  толық  көлемде  уақтылы  жəне  сапалы 
орындалуын қамтамасыз етуге тиіс.
Білім  беру  ұйымдарындағы  оқу  жəне  тəрбие  жұмыстарын 
жоспарлау оқу жылына арналған оқу-тəрбие процесінің графигі 
мен  теориялық  жəне  практикалық  сабақтардың  кестесін  бекіту 
арқылы жүзеге асырылады.
Білім беру ұйымдарындағы оқу жəне тəрбие жұмыстарының 


131
есебі теориялық жəне өндірістік оқытудың есепке алу журналда-
рын жəне оқу бағдарламаларының оқу сағаттарында орындалу-
ын есепке алу табельдерін жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
3.  Білім  беру  ұйымдарындағы  тəрбие  бағдарламалары  білім 
беру  процесінің  құрамдас  бөлігі  болып  табылады  жəне  білім 
алушылардың,  тəрбиеленушілердің  патриоттық,  азаматтық, 
интернационалдық, жоғары моральдық жəне имандылық сезімін 
қалыптастыруға,  сондай-ақ  жан-жақты  қызығушылықтары  мен 
қабілеттерін дамытуға бағытталған. 
Білім беру ұйымдарында нəсілдік, этностық, діни, əлеуметтік 
ымырасыздық  пен  айрықшалықты  насихаттауға,  милитаристік 
жəне  де  халықаралық  құқық  пен  ізгіліктің  жалпыға  танылған 
принциптеріне  қайшы  келетін  өзге  де  идеяларды  насихаттауға 
тыйым салынады. 
4.  Оқу-тəрбие  процесі  білім  алушылардың,  тəрбиеле-
нушілердің,  педагог  қызметкерлердің  адамгершілік  қадір-
қасиетін өзара құрметтеу негізінде жүзеге асырылады. 
Білім алушылар мен тəрбиеленушілерге қатысты күш көрсету, 
моральдық жəне психикалық қысым жасау əдістерін қолдануға 
жол берілмейді. 
5.  Азаматтарды  күндізгі  бөлімдерінде  оқыту  уақыты 
мерзімді  əскери  қызметті  өткеруге  теңестірілетін  білім  беру 
ұйымдарындағы  білім  беру  қызметін  ұйымдастыру  тəртібін 
олардың мемлекеттік басқару органдары айқындайды.
6.  Əскерге  шақырылуға  дейінгі  жəне  шақырылу  жасындағы 
білім алушылардың негізгі орта білім беру базасындағы алғашқы 
əскери даярлығы - жалпы орта білім берудің жалпы орта білім 
беретін  оқу  бағдарламаларын,  техникалық  жəне  кəсіптік,  орта 
білімнен  кейінгі  білім  беретін  кəсіптік  оқу  бағдарламаларын 
іске  асыратын  білім  беру  ұйымдарында  (арнаулы  білім  беру 
ұйымдарынан  басқа),  ал  жоғары  білім  беретін  кəсіптік  оқу 
бағдарламаларын  іске  асыратын  білім  беру  ұйымдарында 
Қазақстан 
Республикасының 
заңнамасында 
белгіленген 
тəртіппен əскери кафедраларда жүзеге асырылады.
7.  Білім  беру  ұйымдары  білім  алушылардың  білім  беретін 
оқу  бағдарламаларын  меңгеруін  бақылау  мақсатында  білім 
алушылардың  үлгерімін  ағымдағы  бақылауды  жəне  білім  алу-
шыларды аралық аттестаттауды жүзеге асырады. 
Білім  беру  ұйымдары  білім  алушылардың  үлгеріміне 


132
ағымдағы  бақылауды  жəне  білім  алушыларды  аралық  аттес-
таттауды  жүргізудің  нысандарын,  тəртібін  жəне  мерзімділігін 
таңдауда дербес болады.
8. Негізгі орта, жалпы орта, техникалық жəне кəсіптік, орта 
білімнен кейінгі, жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім 
берудің  білім  беретін  оқу  бағдарламаларын  меңгеру  білім  алу-
шыларды міндетті қорытынды аттестаттаумен аяқталады.
9.  Жалпы  орта  білім  беру  ұйымдарында  білім  алушыларды 
қорытынды  аттестаттау  ұлттық  бірыңғай  тестілеу  нысанында 
немесе мемлекеттік бітіру емтиханы нысанында жүзеге асыры-
лады.
Жалпы орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды жəне 
оқуын бiтiретiн жылы орта бiлiмнен кейiнгi немесе жоғары бiлiм 
беру ұйымдарына оқуға түсуге ниет бiлдiрушiлердi қорытынды 
аттестаттау ұлттық бiрыңғай тестiлеу нысанында жүзеге асыры-
лады.
Қазақстан  Республикасы  Үкіметі  айқындаған  жағдайларда 
ұлттық  бірыңғай  тестілеуге  қатыспаған,  жалпы  орта  білім 
беру  ұйымдарында  білім  алушыларды  қорытынды  аттестаттау 
мемлекеттік  бітіру  емтиханы  нысанында  жүзеге  асырылады 
жəне оқуын бiтiретiн жылы орта бiлiмнен кейiнгi немесе жоғары 
бiлiм беретiн білім беру ұйымдарына кешенді тестілеу арқылы 
түсуге мүмкіндік береді.
10. Техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру 
ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттау:
1) білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды ат-
тестаттауды;
2) кəсіптік даярлығының деңгейін бағалауды жəне біліктілікті 
беруді қамтиды.
Жоғары  білімнен  кейінгі  кəсіптік  оқу  бағдарламаларын 
меңгерген  білім  алушыларды  қорытынды  аттестаттау  ерек-
шеліктерін білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындайды.
11.  Білім  беру  ұйымдары  кəмелетке  толмаған  білім 
алушылардың,  тəрбиеленушілердің  ата-аналарына  жəне  өзге 
де  заңды  өкілдеріне  оқу-тəрбие  процесінің  барысымен  жəне 
мазмұнымен, сондай-ақ білім алушылардың үлгерімімен танысу 
мүмкіндігін қамтамасыз етеді.


жүктеу 1,4 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау