40
Өз құзыреті шегінде қамқоршылық жəне қорғаншылық орган-
дары ҚР Конституциясының 27 бабында «балаларына қамқорлық
жасау жəне оларды тəрбиелеу – ата-ананың етене құқығы əрі
мiндетi» деп бекітілген ата-аналық міндеттерін орындамаған аза-
маттарды ата-ана құқықтарынан айыру жөнінде сотқа талаптар
мəлімдейді.
Мəселен, Солтүстік Қазақстан облысы Тайыншы ауданы
білім беру бөлімінің қамқоршылық жəне қорғаншылық органы
Б. есімді азаматшаны ата-ана құқықтарынан айыру туралы Тай-
ыншы аудандық сотына талап білдірді. Ол азаматша іс жүзінде
өзінің ата-аналық міндеттерін орындамай, ішімдікке салынған,
адамгершілікке жат өмір сүріп, өзінің қызын тамақпен жəне
киім-кешекпен қамтамасыз етпеген.
Осы істі қарау кезінде ҚР «Неке жəне отбасы туралы» Заңының
24 бабы ережелеріне сəйкес əлеуметтік педагогтың қатысуымен
кəмелетке толмаған қыз баланың пікірі тыңдалды. Қыз баланың
сөзі жоғарыда аталған айыптауларды дəлелдей түсті. Жас
қыз анасымен бірге өмір сүрген кездері өзінің қауіпсіздігіне
қатты алаңдайтынын, үйде бейтаныс кісілердің көп келетінін
мəлімдеген. Қыз бала мектепке жиі қоңырау шалып, үйді
тексеруін жəне мұғалімдер мен учаскелік полиция қызметкерінен
ата-анасынан бөлек алынып, интернатқа жіберілуін сұраған.
Сот ҚР ƏҚҚК 111 бабының 1 тармағына сəйкес (ата-анасының
өз балаларын тəрбиелеу жəне оқыту міндетін орындамағаны
үшін) ананы қызының алдында кінəлі деп тауып, Б. есімді аза-
матшаны ата-ана құқықтарынан айырды. Сондай-ақ, сот ол кісіні
баласына алимент төлеуге де міндеттеген болатын.
Ата-ана құқығынан айыру жөнінде сотқа арызданудың негізгі
себебі – спирттік ішімдіктерді асыра пайдалану. Солтүстік
Қазақстан облысы Тайыншы ауданы білім беру бөлімінің
қамқоршылық жəне қорғаншылық органы кəмелетке толмаған
қыз баланың əкесі В. есімді азаматтың ата-ана құқығынан айыру
жөнінде сотқа шағым түсірді.
Сот В. есімді азаматтың өз қызының адамгершілік, дене жəне
психологиялық тəрбиесіне, білім алуына немқұрайды қарайты-
нын дəлелдеген. Сондай-ақ, В. еш жерде жұмыс істемейді жəне
спирттік ішімдіктерді асыра пайдаланады. Тайыншы аудандық
сотының шешімі бойынша В. ҚР ƏҚҚК 111 бабының 1 тармағы
бойынша кəмелетке толмаған қызын тəрбиелелеу жəне оқыту
41
міндеттерін орындамағаны үшін айыпты деп табылды. Осыдан
кейін қыз бала Петропавл қаласындағы жетімдер үйіне жолдан-
са, əкесі қызына алимент төлеп тұруға міндеттелді.
Статистикалық деректерден байқағанымыз, ата-анасының
қамқорлығынсыз
қалған
балалар
саны,
балаларының
қамқорлығынсыз қалған қарттардың, жалғыз басты кісілердің
саны секілді жыл сайын артып келеді. Жұмысқа қабілетті жəне
жасы да ұлғаймаған ересектер жалғызбастылықтан жапа шекпесе
балалар төтеп бере алмайды. Оларға міндетті түрде демеу керек
болады. Ата-аналарының жəне туыстарының ыстық алақанысыз,
мейірімінсіз өскен балалар қатыгез, ашуланғыш келеді. Мұндай
балалар көбінесе екі жолмен кетеді: панасыз қалады немесе
жетімдер үйіне жіберіледі. Балалардың мұндай күйге ұшырауына
бірінші кезекте ата-аналары кінəлі болады.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жəне жетім
балалардың заңды құқықтарын қорғау – Қазақстан Республика-
сы отбасы саясатының негізгі бағыттарының бірі.
Қазіргі таңда Қазақстанда 42 мыңға жуық жетім балалар
бар. Бұлардың ішінде ата-анасы барлары да жоқ емес. Олардың
15 мыңдайы жемімдер үйінде, емдеу орталықтарында жəне
əлеуметтік қорғау мекемелерінде орналасқан. Ал 25 мыңдайы
балаларды қамқорлыққа алған өзге отбасыларда өмір сүріп жа-
тыр. 2 мыңға жуық бала баланы асырап алғаны үшін мемле-
кеттен арнайы ақша алып отыратын педагогикалық білімі бар
азаматтардың қолында өсіп жатыр.
2011 жылы 1 тамызда «Ата-анасынан айырылған толықтай
жəне жартылай жетім балаларды қамқорлыққа алғандарға төлем
көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
№893 қаулысы жарық көрді. Осы қаулының күшіне енуімен жетім
балаларды қамққорлыққа алған отбасылар мемлекеттен ай сайын
15 мың 120 теңге жəрдемақы алып отырады. Мемлекет тарапы-
нан жасалған осындай қадамдар интернатта өмір сүріп жатқан
балалардың санын қысқартып, бюджетті де елеулі көлемде,
яғни 30 пайыз үнемдеуге мүмкіндік береді. Ата-аналарының
қамқорлығынан айырылған жетім балаларды қамқорлыққа алған
отбасыларға арнайы жəрдемақы бөлуді қамқоршылық жəне
қорғаншылық органдары бекітіп береді.
Үкімет қабылдаған осындай шараның нəтижесінде жылдан
жылға жетім балалардың саны азайып келе жатыр. 2010 жылдың
42
1 қазанындағы статистикаға сəйкес, еліміздегі 21 жетімдер үйінде
жалпы саны 264 бала тəрбиеленді. 2010 жылдың қазан айынан
2011 жылдың қыркүйек айына дейінгі аралықта 3 жетімдер үйі
қысқартылды (ШҚО-нда орналасқан 2 жетімдер үйі жабылса,
Қарағанды облысында 1 жетімдер үйі Кəмелетке толмағандарды
бейімдеу орталығына қосылды). Қазіргі таңда жетімдер үйінің
саны – 18, онда 381 бала тəрбиеленуде.
Психологтар мен педагогтардың көптеген зерттеулері
көрсеткендей, баланы интернат типіндегі мекемеге орналастыру
оның негізгі қажеттіліктерін өтей алмайды, ал бұл өз кезегінде
баланың жеке басы ерекшеліктерінің бұзылуына əкеледі.
Интернаттық мекеме жағдайында отбасының, жақын адамдары
мен достарының жоқтығынан баланың əлеуметтік дамуы əдетте
шектеулі болады. Жетім балалар балалық шағының ерте кезінен
ата-аналарының əрекеттеріне бейімделіп, өз мінез-құлқын
түзеу мүмкіндігінен айырылған, сондықтан балалар үйлері мен
интернаттардағы біртекті ортада өмір сүру осы балалардың бой-
ында төмендетілген өмірлік қалыптарын қалыптастырады.
Жетім балалар мен қамқорлықсыз қалған балалар үшін
отбасылық ортаға барынша жақын жағдай туғызу мақсатында
республикада балалар үйлері мен интернаттық мекемелерді
ықшамдап қайта құру бойынша жұмыстар атқарылуда. Бүгінде
отбасы типінде жұмыс жасап жатқан балалар үйлерінде балалар
туыстық, жаны жақын қатынастары мен достықпен біріккен, 8-10
адамнан тұратын топтарда тұрып жатыр. Сонымен қатар, балалар
үйлерінде баланың жеке басы ерекшеліктері ескеріліп, тəрбиелеу
бағдарламалары енгізілген, отбасылық ортаға жақындатылған
жағдай жасалған.
Сонымен, кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыз-
дық пен құқық бұзушылық профилактикасының бүкіл жүйесі
кəмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға, ата-аналар
міндеттерінің тиісті орындалуын бақылауға, ата-аналар мен
балалардың теріс мінез-құлықтарын түзеуге, тəрбиелеу ісінде
жəрдем көрсетуге бағытталып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |