Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық



жүктеу 1,4 Mb.
Pdf просмотр
бет11/100
Дата17.01.2020
өлшемі1,4 Mb.
#27032
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   100

34
орналастыру, баланы отбасымен қайта қосып, отбасыға одан əрі 
көмек көрсету. 
Адамгершіліктендіруге  деген  бүкіл  əлемдік  үрдісінен 
туындаған  шешім  елде  қалыптасқан  балалардың  қадаға-
лаусыздығы  мен  панасыздығының  профилактикасы  жүйесін 
өзгертті.
Бұрын Кəмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу 
жəне  оңалту  орталықтары  (КТУОБОО)  ҚР  ІІМ  жүйесінің 
режимдік  объектілері  болып,  кəмелетке  толмағандар  тəулік 
бойы  режимде  оқшаулауда  болатын.  Жасөспірімдер  арнаулы 
бөлмелерде  абақтыда  ұсталып,  олардың  емін-еркін  жүруіне 
мүмкіндік жоқ еді. 
КТУОБОО-ға  кəмелетке  толмағандардың 5 санаты  орналас-
тырылатын: 
1)  қылмыстық  жауапкершілік  басталатын  жасқа (14 жас) 
толғанға дейін қоғамға қауіпті əрекет жасағандар;
2)  өмір  сүру  жəне  тəрбиелену  жағдайына  орай  бұрынғы 
тұрғылықты  жерінде  тұру  мүмкін  болмаған  жағдайда  қылмыс 
жасағаны үшін кінəлі деп табылғандар;
3)  арнаулы  білім  беру  ұйымдарына  жəне  ерекше  режимде 
ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберілетіндер;
4) ата-аналарын немесе басқа заңды өкілдерін анықтау үшін 
3-тен 18 жасқа дейінгі қадағалаусыз жəне панасыз қалған бала-
лар;
5)  ата-анасының  немесе  заңды  өкілдерінің  қамқорлығынсыз 
қалған балалар.
Бүгінде КТБО-ға үш санаттағы кəмелетке толмағандар орна-
ластырылады, олар – 3-тен 18 жасқа дейінгі қадағалаусыз жəне 
панасыз қалған балалар, ата-анасының немесе заңды өкілдерінің 
қамқорлығынсыз  қалған  балалар  жəне  арнаулы  білім  беру 
ұйымдарына жіберілетін кəмелетке толмағандар.
Аталған өзгерістерге орай, Орталықтарда «пагон таққан» адам-
дар емес, əлеуметтік педагогтар, психологтар, мұғалімдер жұмыс 
істейді,  олар  жасөспірімдердің  мінез-құлық  ерекшеліктерін, 
жастық психологиясы мəселелерін жақсы біледі əрі түсінеді. 
КТБО-ның мақсаты қадағалаусыз жəне панасыз қалған жəне 
ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балаларды,  сонымен 
қатар,  арнаулы  білім  беру  ұйымдарына  жіберілетін  кəмелетке 
толмағандарды  қабылдауды,  олардың  ата-аналарын  немесе 


35
басқа заңды өкілдерін анықтағанға дейін уақытша күтіп бағуды, 
бейімдеуді жəне бұдан əрі орналастыруды қамтамасыз ету болып 
табылады. 
Кəмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында  кəмелет-
ке толмағандарды күтіп бағу ережесіне сəйкес қадағалаусыздық 
пен  панасыздықтың  профилактикасы  саласындағы  КТБО 
жұмысының негізгі бағыттары: 
- өмірде қиын жағдайға тап болған кəмелетке толмағандарға 
жəне олардың ата-аналарына немесе басқа заңды өкілдеріне осы 
жағдайдан  шығу  үшін  əлеуметтік  жəне  психологиялық  көмек 
көрсету; 
-  кəсіптік-еңбек,  оқыту-танымдық  жəне  шынықтыру-
сауықтыру 
бағыттарындағы 
компоненттерден 
тұратын 
кəмелетке  толмағандарды  əлеуметтік  бейімдеудің  жекелеген 
бағдарламаларын əзірлеу жəне оның іске асырылуын қамтамасыз 
ету;
-  кəмелетке  толмағандардың  əлеуметтік  мəртебесін  қалыпқа 
келтіру;
-  Орталықта  кəмелетке  толмағандарға  медициналық  қызмет 
көрсетуді жəне білім беруді ұйымдастыру;
- Орталықтағы кəмелетке толмағандарды бұдан əрі орналас-
тыру  бойынша  Қамқоршылық  жəне  қорғаншылық  органдары-
мен өзара əрекеттесу;
-  Орталықтағы  кəмелетке  толмағандарды  отбасыларына 
қайтаруға қолғабыс ету;
-  кəмелетке  толмағандардың  арасында  қадағалаусыздықты 
жəне панасыздықты ескерту бойынша профилактикалық жұмыс 
жүргізу;
-  Орталықтағы  кəмелетке  толмағандардың  құқықтары  мен 
заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету.  
Кəмелетке  толмағандарды  бейімдеу  орталықтары  өмірде 
қиын жағдайға тап болған кəмелетке толмағандарды əлеуметтік 
оңалтуға, 
əлеуметтік 
бейімдеуге, 
сондай-ақ 
кəмелетке 
толмағандар  арасындағы  қадағалаусыздық  пен  панасыздықтың 
профилактикасын  жақсартуға  бағытталған  тұрақты  жұмыстар 
жүргізуде. 
Кəмелетке  толмағандар  арасындағы  қадағалаусыздықты 
жəне панасыздықты ескерту бойынша профилактикалық жұмыс 
аясында  КТБО-лар  кəмелетке  толмағандардың  істері  жəне 


36
олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиямен, кəмелетке 
толмағандардың  істері  жөніндегі  инспекциямен,  жергілікті 
білім  беру  органдары  мен  ұйымдарымен  тұрақты  түрде  өзара 
əрекеттесіп, жұмыс істейді. Орталықтар аталған бағытта жылдық 
жəне  күнделікті  жұмыс  жоспарын  құрады.  Профилактикалық 
жұмысты іске асыра отырып, мамандар ішкі істер органдарының 
қызметкерлерімен  бірлесе  өмірде  қиын  жағдайға  тап  болған 
кəмелетке  толмаған  балалар  мен  отбасыларды  анықтау  үшін 
рейдтер жүргізеді. 
Орталықтарға  жеткізілетін  қадағалаусыз  жəне  панасыз 
балаларға,  сондай-ақ  ата-аналардың  қамқорлығынсыз  қалған 
балаларға келесі қажетті көмек көрсетіледі:
- медициналық тексеру жəне қажет болғанда сауықтыру ша-
ралары;
- əлеуметтік-психологиялық көмек;
- құқықтық көмек.
Кəмелетке толмаған қадағалаусыз жəне панасыз қалған бала-
лармен профилактикалық жұмыстағы маңызды кезең өзіне жеке 
қарым-қатынасты қажет ететін баламен жеке профилактикалық 
жұмыс  жүргізу  болып  табылады.  Сондықтан  балалардың  бой-
ында  туындайтын  əлеуметтік-психологиялық  проблемаларды 
шешу  мақсатында  Орталықтың  мамандары – психологтар  мен 
əлеуметтік  педагогтар  жеке  консультациялар  береді.  Қажетті 
көмек көрсетілгеннен кейін кəмелетке толмаған баланың бұдан 
кейінгі өмірін құру бойынша жұмыстар жүргізіледі. Кəмелетке 
толмағандардың  істері  жəне  олардың  құқықтарын  қорғау 
жөніндегі  комиссияның  баланы  отбасыға  тапсыру  туралы 
шешімі бойынша кəмелетке толмағандар отбасы тұратын жерге 
оралады.
КТБО  қызметі  балалар  өмірінің  сақталуын,  олардың 
қауіпсіздігін,  баланың  заңды  құқықтары  мен  мүдделерінің 
қорғалуын қамтамасыз етуге, қажет жағдайда оған жедел көмек 
көрсетуге  бағытталған.  Басқа  мекемелермен,  ұйымдармен 
ынтымақтаса отырып, Орталық білікті құқықтық, психологиялық, 
сондай-ақ материалдық қолдауды жүзеге асырады.   
Балалар  мен  жасөспірімдерді  мекемеге  қабылдау  кезінде 
олардың ауыр эмоциялық күйінде болуы мүмкін екені ескеріледі. 
Олардың бойындағы мінез-құлық проблемалары қорқыныш пен 
үреймен, агрессиямен, қатты зəбір сезімімен байланысты болуы 
мүмкін.  


жүктеу 1,4 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау