Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық



жүктеу 1,4 Mb.
Pdf просмотр
бет10/100
Дата17.01.2020
өлшемі1,4 Mb.
#27032
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   100

31
психологиялық 
жəне 
əлеуметтік-педагогикалық 
көмек 
көрсетілуін қамтамасыз ететін инфрақұрылымды қалыптастыру 
бойынша кешенді шараларды іске асыруға бағыт беріп отыр.
3.1.  Кəмелетке  толмағандардың  істері  жəне  олардың 
құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия
Тиімді  ведоствоаралық  үйлестіруді  қамтамасыз  ету 
үшін  Қазақстан  Республикасы  Үкіметі  жанында  Кəмелетке 
толмағандардың  істері  жəне  олардың  құқықтарын  қорғау 
жөніндегі  ведомствоаралық  комиссия  құрылған,  оның  жұмыс 
органы – ҚР  Білім  жəне  ғылым  министрлігі.  Қадағалаусыздық 
профилактикасының ведомствоаралық жүйесінің құрылуы проб-
леманы  шешуде  дұрыс  қадам  болғаны  сөзсіз.  Сонымен  бірге, 
жұмыстың  негізгі  бағыты  ретінде  қадағалаусыздықтың  басты 
факторы саналатын отбасымен жұмыс белгіленді.
«Кəмелетке  толмағандар  арасындағы  құқық  бұзушылықтар-
дың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз жəне панасыз 
қалуының алдын алу туралы» Заңына сəйкес жасөспірімдермен 
профилактикалық  жұмысты  үйлестіру  жəне  белсендету  үшін 
Астана, Алматы қалалары мен облыс əкімдерінің қаулыларымен 
Кəмелетке  толмағандардың  істері  жəне  олардың  құқықтарын 
қорғау жөніндегі облыстық комиссиялар туралы ережелер жəне 
мүдделі ведомстволардың өкілдерінен құрамдары бекітілген бо-
латын.
Комиссия 
отырыстарында 
жасөспірімдер 
арасындағы 
қылмыстардың 
профилактикасы 
саласындағы 
мүдделі 
органдардың  (əкімдіктердің,  білім  беру,  ішкі  істер,  денсаулық 
сақтау, əлеуметтік қорғау органдарының) қызметін үйлестіретін 
мəселелер талқыланады. 
Кəмелетке толмағандардың істері жəне олардың құқықтарын 
қорғау  жөніндегі  комиссия  (бұдан  ары – Комиссия)  кəмелетке 
толмағандар  арасындағы  құқық  бұзушылықтардың,  олардың 
қараусыз жəне панасыз қалуын алдын алу, олардың құқықтарын 
жəне заңды мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік орган-
дар  мен  мекемелердің  қызметін  үйлестіруді  қамтамасыз  ететін 
тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады.
Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституци-


32
ясы,  Қазақстан  Республикасындағы  «Бала  құқықтары  туралы», 
«Кəмелетке  толмағандар  арасындағы  құқық  бұзушылықтардың 
профилактикасы  мен  балалардың  қадағалаусыз  жəне  пана-
сыз  қалуының  алдын  алу  туралы»  заңдары  жəне  Қазақстан 
Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері, сондай-
ақ  Қазақстан  Республикасының  халықаралық  келісімшарттары 
негізінде жүзеге асырады.
Комиссияның  негізгі  қызметі  кəмелетке  толмағандардың 
құқықтары  мен  заңды  мүдделерін  іске  асыруда  жəне  қорғауда 
оларға  жəрдем  беру;  өмiрi  мен  денсаулығына  қауiп  төнетiн 
жағдайдағы кəмелетке толмағандарды анықтау жəне əлеуметтiк 
оңалту, кəмелетке толмағандарды тəрбиелеу, оқыту, күтіп-ұстау, 
олардың өмiрi мен денсаулығын қорғау жөнiндегi өз мiндеттерiн 
орындамайтын,  сондай-ақ  кəмелетке  толмағандардың  қалыпты 
дене  жəне  рухани  дамуына  терiс  əсер  ететiн  немесе  олармен 
қатыгездiкпен  қарым-қатынас  жасайтын  ата-аналарды  неме-
се  өзге  де  заңды  өкiлдерiн  анықтау  жөнiндегi  жұмыстарды 
ұйымдастыру;  кəмелетке  толмағандардың  құқықтары  мен 
заңды мүдделерiнiң бұзылуына немесе шектелуiне байланысты 
кəмелетке  толмағандардың,  олардың  ата-аналарының  немесе 
өзге  де  заңды  өкiлдерi  мен  басқа  адамдардың  шағымдары  мен 
өтiнiштерiн қарау болып табылады.
Комиссия  кəмелетке  толмағандарды  дене  жəне  психикалық 
күш  көрсетуден,  кемсiтудiң  барлық  нысандарынан,  жыныстық 
жəне өзге де пайдаланудан, сондай-ақ кəмелетке толмағандарды 
қоғамға  қарсы  əрекет  жасауға  тартудан  қорғауды  қамтамасыз 
ету  жөнiнде  шаралар  қабылдайды;  қылмыстық  жауапкершiлiк 
шектелетiн жасқа толғанға дейiнгi кəмелетке толмағандар жаса-
ған  қылмыстық  белгiлерi  бар,  қоғамға  қауiптi  əрекет  фактiлерi 
бойынша материалдарды қарайды. 
Комиссия  спирттiк  iшiмдiктердi,  есiрткi  құралдарын, 
психотроптық  немесе  есеңгiрететiн  заттарды  қолданатын 
кəмелетке толмағандарға қатысты материалдарды тиiстi емдеу-
алдын  алу  жəне  оңалту  шараларын  жүргiзу  үшiн  ата-аналары 
келiсiмiмен  денсаулық  сақтау  мекемелерiне  жiбереді;  жалпы 
бiлiм  беретiн  оқу  орындарына  мектеп  жасындағы  кəмелетке 
толмағандардың  ұзақ  қатыспағандығы  туралы  бiлiм  беру 
ұйымдары  əкiмшiлiгiнiң  ұсынымдарын  қарайды;  кəмелетке 
толмағандарға  жəне  олардың  ата-аналарына  немесе  өзге  де 


33
заңды  өкiлдерiне  Қазақстан  Республикасының  заңнамалық 
актілерінде көзделген жағдайлар мен тəртiпте ықпал ету шарала-
рын қабылдаумен айналысады.
Комиссия отырысы қажетiне қарай, бiрақ кемiнде айына екi 
рет  өткiзiледi  жəне  əдетте,  ашық  болып  табылады.  Комиссия 
қажет  кезiнде  iстерi  қаралатын  адамдардың  оқу,  жұмыс  орны 
немесе тұрғылықты жерi бойынша көшпелi отырыс өткiзе ала-
ды.  Кəмелетке  толмағанға  қатысты  материалдарды  комиссия 
тек кəмелетке толмағанның, оның ата-анасының немесе өзге де 
заңды өкiлдерiнiң қатысуымен ғана қарайды.
Қаралатын  материалдардың  мəнi  бойынша  өтiнiштердi 
кəмелетке  толмаған,  оның  ата-анасы  немесе  өзге  де  заңды 
өкiлдерi,  қорғаушысы,  материалдарды  қарауға  қатысушы  ма-
мандар,  сондай-ақ  комиссияға  кəмелетке  толмағанға  қатысты 
ұсынымдармен  өтiнiш  бiлдiрген  адамдар  жəне  олардың  заңды 
өкiлдерi бередi. 
3.2. Кəмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары 
Қадағалаусыз  жəне  панасыз  қалған  балалармен  жүргізілетін 
профилактикалық 
жұмыста 
кəмелетке 
толмағандарды 
қабылдауды  жəне  уақытша  күтіп  бағуды  қамтамасыз  ететін 
Кəмелетке  толмағандарды  бейімдеу  орталықтары  (бұдан  əрі – 
КТБО) маңызды орын алады. 
ҚР Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы №1039 «Құқық 
қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі 
шаралар  туралы»  Жарлығын  жүзеге  асыру  мақсатында 18 
Кəмелетке  толмағандарды  уақытша  оқшаулау,  бейімдеу  жəне 
оңалту  орталығы  ішкі  істер  жүйесінен  жергілікті  атқарушы 
органдардың  білім  беру  жүйесіне  тапсырылып,  Кəмелетке 
толмағандарды бейімдеу орталықтары болып қайта құрылды.
Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым министрінің 
2011  жылы 10 қаңтарда  №1  бұйрығымен  бекітілген  Кəмелетке 
толмағандарды 
бейімдеу 
орталықтарында 
кəмелетке 
толмағандарды күтіп бағу ережесі əзірленген.  
КТБО-ның басты мақсаты – кəмелетке толмағандардың қиын 
жағдайдан  жол  тауып  шығуына  жедел  көмек  көрсету,  оларды 


жүктеу 1,4 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау