Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық



жүктеу 1,4 Mb.
Pdf просмотр
бет40/100
Дата17.01.2020
өлшемі1,4 Mb.
#27032
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   100

126
8-тарау. Кəмелетке толмағандар арасындағы 
қадағалаусыздық пен панасыздық, құқық 
бұзушылық профилактиакасы мен олардың 
құқықтарын қорғау мəселелері бойынша 
нормативтік құқықтық база
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 
КОНСТИТУЦИЯСЫ
(Үзінділер)
ІІ бөлім
АДАМ ЖƏНЕ АЗАМАТ
12-бап
1.  Қазақстан  Республикасында  Конституцияға  сəйкес  адам 
құқықтары мен бостандықтары танылады жəне оларға кепілдік 
беріледі.
2.  Адам  құқықтары  мен  бостандықтары  əркімге  тумысынан 
жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра 
алмайды,  заңдар  мен  өзге  де  нормативтік  құқықтық  актілердің 
мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады.
3.  Республиканың  азаматы  өзінің  азаматтығына  орай 
құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады.
4.  Конституцияда,  заңдарда  жəне  халықаралық  шарттар-
да  өзгеше  көзделмесе,  шетелдіктер  мен  азаматтығы  жоқ  адам-
дар  Республикада  азаматтар  үшін  белгіленген  құқықтар  мен 
бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады.
5.  Адамның  жəне  азаматтың  өз  құқықтары  мен 
бостандықтарын  жүзеге  асыруы  басқа  адамдардың  құқықтары 
мен  бостандықтарын  бұзбауға,  конституциялық  құрылыс  пен 
қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс.
14-бап
1. Заң мен сот алдында жұрттың бəрі тең.
2. Тегіне, əлеуметтік, лауазымдық жəне мүліктік жағдайына, 
жынысына,  нəсіліне,  ұлтына,  тіліне,  дінге  көзқарасына,  наны-
мына,  тұрғылықты  жеріне  байланысты  немесе  кез  келген  өзге 
жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.


127
15-бап
1. Əркімнің өмір сүруге құқығы бар.
2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім 
жазасы  адамдардың  қаза  болуымен  байланысты  террористік 
қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ соғыс уақытында ерекше 
ауыр  қылмыстар  жасағаны  үшін  ең  ауыр  жаза  ретінде  заңмен 
белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамның кешірім жасау тура-
лы өтініш ету хақы бар.
17-бап
1. Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.
2. Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай 
қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жəбір 
көрсетуге не жазалауға болмайды.
27-бап
1.  Неке  мен  отбасы,  ана  мен  əке  жəне  бала  мемлекеттің 
қорғауында болады.
2. Балаларына қамқорлық жасау жəне оларды тəрбиелеу – ата-
ананың етене құқығы əрі міндеті.
3. Кəмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарам-
сыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті.
30-бап
1.  Азаматтардың  мемлекеттік  оқу  орындарында  тегін  орта 
білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.
2.  Азаматтың  мемлекеттік  жоғары  оқу  орнында  конкурстық 
негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар.
3.  Жекеменшік  оқу  орындарында  ақылы  білім  алу  заңмен 
белгіленген негіздер мен тəртіп бойынша жүзеге асырылады.
4.  Мемлекет  білім  берудің  жалпыға  міндетті  стандарттарын 
белгілейді. Кез келген оқу орнының қызметі осы стандарттарға 
сай келуі керек.
34-бап
1.  Əркім  Қазақстан  Республикасының  Конституциясын 
жəне  заңдарын  сақтауға,  басқа  адамдардың  құқықтарын, 
бостандықтарын,  абыройы  мен  қадір-қасиетін  құрметтеуге 
міндетті.
2. Əркім Республиканың мемлекеттік рəміздерін құрметтеуге 
міндетті.


128
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ТУРАЛЫ ЗАҢЫ
(2011.24.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
(Үзінділер)
Осы  Заң  білім  беру  саласындағы  қоғамдық  қатынастарды 
реттейді,  осы  саладағы  мемлекеттік  саясаттың  негізгі 
принциптерін  айқындайды  жəне  Қазақстан  Республикасы 
азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты 
тұратын шетелдіктердің жəне азаматтығы жоқ адамдардың білім 
алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.
 
1-тарау. Жалпы ережелер
3-бап.  Білім  беру  саласындағы  мемлекеттік  саясаттың 
принциптері
1.  Білім  беру  саласындағы  мемлекеттік  саясаттың  негізгі 
принциптері мыналар болып табылады: 
1) баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі; 
2) білім беру жүйесін дамытудың басымдығы;
3)  əрбір  адамның  зияткерлік  дамуы,  психикалық-
физиологиялық  жəне  жеке  ерекшеліктері  ескеріле  отырып, 
халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі; 
4) білім берудің зайырлы, гуманистік жəне дамытушылық си-
паты, азаматтық жəне ұлттық құндылықтардың, адам өмірі мен 
денсаулығының, жеке адамның еркін дамуының басымдығы; 
5) адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу;
6)  жеке  адамның  білімдарлығын  ынталандыру  жəне 
дарындылығын дамыту; 
7) білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін 
білім беру процесінің үздіксіздігі; 
8) оқытудың, тəрбиенің жəне дамытудың бірлігі;
9) білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білім беру 
жүйесі қызметінің ашықтығы; 
10) білім беру ұйымдарының меншік нысандары, оқыту мен 
тəрбиенің  нысандары,  білім  беру  бағыттары  бойынша  алуан 
түрлі болуы.
2.  Білім  беру  ұйымдарында  саяси  партиялар  мен  діни 


129
ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын құруға 
жəне олардың қызметіне тыйым салынады.
3-тарау. Білім беру жүйесі
11-бап. Білім беру жүйесінің міндеттері 
1. Білім беру жүйесінің міндеттері:
1) ұлттық жəне жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен 
практика  жетістіктері  негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға, 
дамытуға жəне кəсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу 
үшін қажетті жағдайлар жасау. 
2)  жеке  адамның  шығармашылық,  рухани  жəне  күш-қуат 
мүмкіндіктерін  дамыту,  адамгершілік  пен  салауатты  өмір 
салтының  берік  негіздерін  қалыптастыру,  даралықты  дамыту 
үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту; 
3)  азаматтық  пен  патриотизмге,  өз  Отаны - Қазақстан  Рес-
публикасына  сүйіспеншілікке,  мемлекеттік  рəміздер  мен 
мемлекеттік  тілді  құрметтеуге,  халық  дəстүрлерін  қастерлеуге, 
Конституцияға қайшы жəне қоғамға жат кез келген көріністерге 
төзбеуге тəрбиелеу; 
4) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тəрбиелеу, 
республиканың  қоғамдық-саяси,  экономикалық  жəне  мəдени 
өміріне  қатысу  қажеттігін,  жеке  адамның  өз  құқықтары  мен 
міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру; 
5)  отандық  жəне  əлемдік  мəдениеттің  жетістіктеріне  баулу; 
қазақ  халқы  мен  республиканың  басқа  да  халықтарының  тари-
хын,  əдет-ғұрпы  мен  дəстүрлерін  зерделеу;  мемлекеттік  тілді, 
орыс, шетел тілдерін меңгерту; 
6) педагог қызметкерлердің əлеуметтік мəртебесін арттыруды 
қамтамасыз ету;
7)  білім  беру  ұйымдарының  еріктілігін,  дербестігін  кеңейту, 
білім беру ісін басқаруды демократияландыру; 
8) қоғам мен экономиканың қажеттеріне жауап беретін білім 
беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің жұмыс істеуі;
9)  оқытудың  жаңа  технологияларын,  оның  ішінде  кəсіптік 
білім  беру  бағдарламаларының  қоғам  мен  еңбек  нарығының 
өзгеріп  отыратын  қажеттеріне  тез  бейімделуіне  ықпал  ететін 
кредиттік,  қашықтан  оқыту,  ақпараттық-коммуникациялық  тех-
нологияларды енгізу жəне тиімді пайдалану; 


жүктеу 1,4 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау