Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық



жүктеу 1,4 Mb.
Pdf просмотр
бет43/100
Дата17.01.2020
өлшемі1,4 Mb.
#27032
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   100

136
жəне докторанттар жатады.
Тəрбиеленушілерге мектепке дейінгі, интернаттық ұйымдарда 
білім алушы жəне тəрбиеленуші адамдар жатады. 
3. Білім алушылар мен тəрбиеленушілердің: 
1) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына 
сəйкес сапалы білім алуға; 
2)  білім  беру  ұйымы  кеңесінің  шешімі  бойынша  жалпыға 
міндетті мемлекеттік білім беру стандарттары шеңберінде жеке 
оқу жоспарлары, қысқартылған білім беретін оқу бағдарламала-
ры бойынша оқуға; 
3) оқу жоспарларына сəйкес баламалы курстарды таңдауға; 
4)  өзінің  бейімділігі  мен  қажеттеріне  қарай  қосымша  білім 
беру қызметтерін, білімдерді ақылы негізде алуға; 
5) білім беру ұйымдарын басқаруға қатысуға; 
6)  қайта  қабылдануға  жəне  бір  оқу  орнынан  басқасына,  бір 
мамандықтан  басқасына,  ақылы  негізден  мемлекеттік  білім 
беру тапсырысы бойынша оқуға немесе оқудың бір нысанынан 
басқасына ауысуға; 
7)  білім  беру  ұйымдарында  ақпараттық  ресурстарды  тегін 
пайдалануға, оқулықтармен, оқу-əдістемелік кешендермен жəне 
оқу-əдістемелік құралдармен қамтамасыз етілуге; 
8) спорт, оқу, акт залдарын, компьютерлік сыныптарын жəне 
кітапхананы тегін пайдалануға; 
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес халықты 
жұмыспен қамту саласындағы жағдай туралы ақпарат алуға;
10) өзінің пікірі мен сенімін еркін білдіруге; 
11) өзінің адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне; 
12) оқудағы, ғылыми жəне шығармашылық қызметтегі табыс-
тары үшін көтермеленуге жəне сыйақы алуға құқығы бар. 
4.  Меншік  нысаны  мен  ведомстволық  бағыныстылығына 
қарамастан, барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу ныса-
ны бойынша білім алушылары мен тəрбиеленушілерінің: 
1) жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша қоғамдық 
көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруге; 
2) оқудан бос уақытта оқуды жұмыспен ұштастыруға; 
3)  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сəйкес  əскери 
қызметке шақырылу мерзімін кейінге қалдыруға құқығы бар. 
5.  Медициналық  айғақтар  бойынша  жəне  өзге  де  ерек-
ше  жағдайларда  білім  алушыға  академиялық  демалыс  берілуі 


137
мүмкін. 
6.  Азаматтар  бітірген  білім  беру  ұйымдарының  меншік  ны-
сандарына  қарамастан,  келесі  деңгейдегі  білім  беру  ұйымына 
түсу кезінде бірдей құқықтарға ие болады. 
6-1.  Білім  беру  саласындағы  уəкілетті  орган  «Назарбаев 
Зияткерлік  мектептерін»  бітіргеннен  кейін  білім  туралы  құжат 
алған адамдарға білім беру гранттарын алуға арналған конкурсқа 
қатысу  үшін  ұлттық  бірыңғай  тестілеу  нəтижелері  туралы  сер-
тификаттар  береді.  Сертификаттардың  балдары  білім  беру 
саласындағы уəкілетті орган бекітетін шəкіл бойынша қорытын-
ды бағаларды (балдарды) ауыстыру арқылы белгіленеді.
6-2.  Жалпы  білім  беретін  пəндер  бойынша  халықаралық 
олимпиадалар  мен  ғылыми  жобалар  конкурстарының  (ғылыми 
жарыстардың)  соңғы  үш  жылдағы  жеңімпаздары,  сондай-
ақ  жалпы  білім  беретін  пəндер  бойынша  ағымдағы  жылғы 
осы  халықаралық  олимпиадалар  мен  ғылыми  жобалар 
конкурстарының (ғылыми жарыстардың) қатысушылары (ерек-
ше үлгідегі аттестат жəне «Алтын белгі» белгісін алуға үміткер 
түлектерді  қоспағанда)  білім  беру  саласындағы  уəкілетті  ор-
ган  қорытынды  бағаларды  сертификаттар  баллына  ауыстыру 
негізінде  берген  ұлттық  бірыңғай  тестілеудің  нəтижелері  тура-
лы  сертификаттар  алады.  Білім  алушының  жылдық  бағаларын 
сертификаттар баллына ауыстыруға арналған шəкілді білім беру 
саласындағы уəкілетті орган бекітеді.
7.  Білім  беру  ұйымдарында  күндізгі  оқу  нысаны  бойын-
ша  мемлекеттік  білім  беру  тапсырысы  бойынша  білім  алу-
шы  (кəсіптік  лицейлердің  оқушыларынан  басқа)  студенттер-
ге,  интерндерге,  магистранттарға,  докторанттарға,  резиден-
тура  тыңдаушыларына,  жоғары  оқу  орындарының  дайындық 
бөлімдерінің 
тыңдаушыларына 
мемлекеттік 
стипендия 
төленуі  мүмкін.  Мемлекеттік  стипендияны  тағайындау  жəне 
төлеу  қағидаларын,  сондай-ақ  оның  мөлшерін  Қазақстан 
Республикасының Үкіметі бекітеді.
Мемлекеттiк  атаулы  стипендия  жоғары  оқу  орындарының 
неғұрлым дарынды магистранттарына жəне Қазақстан Республи-
касы  жоғары  оқу  орындарының  күндiзгi  оқу  нысаны  бойынша 
бiлiм алушыларына жоғары оқу орындары ғылыми кеңестерiнiң 
шешiмдерi негiзiнде төленеді.
Көзі  көрмейтін  мүгедектердің  жəне  құлағы  естімейтін 


138
мүгедектердің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығын-
сыз  қалған  жəне  қорғаншылыққа  (қамқорлыққа)  алынған 
балалардың,  сондай-ақ  кезекті  аралық  аттестаттаудың  нəтиже-
лері  бойынша  «үздік»  деген  бағаға  ғана  оқитын  студенттер 
мен  магистранттардың  мөлшерін  Қазақстан  Республикасының 
Үкіметі  айқындайтын  жоғары  мемлекеттік  стипендия  алуға 
құқығы бар.
Жеке жəне заңды тұлғалар тағайындайтын атаулы стипендия-
лар техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары жəне 
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқытудың 
күндізгі нысаны бойынша білім алушыларға тағайындалады. 
Атаулы стипендиялардың мөлшерін жəне оларды төлеу тəрті-
бін оларды тағайындаған органдар мен тұлғалар айқындайды. 
8. 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен алып тасталды 
9.  Мемлекеттік  білім  беру  тапсырысына  сəйкес  оқуға 
қабылданған  білім  алушыларды  білім  беру  ұйымдары  өздері 
белгілеген тəртіппен жатақханалардағы орындармен қамтамасыз 
етеді. 
10.  Білім  алушылар  мен  тəрбиеленушілерді  оқу  процесінен 
алаңдатуға жол берілмейді. 
11. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 
балаларға  арналған  білім  беру  ұйымдарында  білім  алушы 
жəне  (немесе)  тəрбиеленуші  жетім  балалар  мен  ата-анасының 
қамқорлығынсыз қалған балалар толық мемлекет қамқорлығында 
ұсталады. 
12. Білім алушылар мен тəрбиеленушілердің жекелеген санат-
тарына  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сəйкес  басқа 
да жеңілдіктер беріледі. 
13.  Техникалық  жəне  кəсіптік,  орта  білімнен  кейінгі  жəне 
жоғары білім беретін ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсы-
рысы негізінде білім алушылардың қысқы жəне жазғы каникул 
кезінде қалааралық теміржол жəне автомобиль (таксиден басқа) 
көлігінде жеңілдікпен жол жүруге құқығы бар.
14.  Білім  алушылар  мен  тəрбиеленушілер  мемлекеттік 
жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарттарының  талаптарына 
сəйкес білімді, шеберлікті, практикалық дағдылар мен біліктілікті 
меңгеруге, ішкі тəртіп ережелерін сақтауға, білім беру ұйымының 
жарғысында жəне білім беру қызметтерін көрсету туралы шарт-
та көзделген басқа да талаптарды орындауға міндетті. 
15.  Білім  алушылар  мен  тəрбиеленушілер  өздерінің 


жүктеу 1,4 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау