Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық



жүктеу 1,4 Mb.
Pdf просмотр
бет32/100
Дата17.01.2020
өлшемі1,4 Mb.
#27032
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   100

102
Əлеуметтік  қызметкер  бала  өмір  сүріп  жатқан  ұйымға  жиі 
барып,  оның  бұл  жерде  болуына  қандай  себептер  əсер  еткенін 
анықтап, баланы өз үйінен қашып кетуіне алып келер əлеуметтік 
жəне  өзге  де  себептерге  талдау  жасағаны  абзал.  Орталықта 
орналасқан  балалармен  жəне  өзге  де  балалармен  Орталық 
қызметкерлерінің  тең  дəрежеде  сұхбаттасу  зерттеу  жұмысына 
пайдалы болар еді. Зерттеу жұмыстары кезінде балалармен жеке 
сөйлескен дұрыс.
Егер  зерттеу  жұмыстарының  алғашқы  қорытындысы  неме-
се зерттеу жұмыстарына берілген баға бойынша баланың үйден 
не өз мекен-жайынан қашып кету ықтималдығы сақталса, оның 
Орталықта тағы да қала тұрғаны жөн. Ал баланы орналастыру ту-
ралы шешім шығарған қамқоршылық жəне қорғаншылық органы 
баланың орналасуы мəселесі жөнінде жан-жақты мүмкіндіктерді 
қарастырады.
Егер  баланың  өз  отбасына  не  тұрғылықты  мекен-жайына 
оралуына  толық  негіз  бар  болса,  Орталық  қызметкері  баланы 
бұл жөнінде хабардар етіп, оны өз үйіне дейін шығарып салуы 
тиіс. Баланың шығарып салуына Орталық орналасқан аудандағы 
қамқоршылық  жəне  қорғаншылық  органының  өкілдері  де 
қатысуы тиіс. 
Бастапқы бағалау мен зерттеу жүргізілген, баланың жамандық 
көрмейтіндігі жөнінде қорытынды алынған жағдайда ғана бала-
ны ұйымға жібірген жөн. 
Егер  бала  ұйымға  оралатын  болса,  ол  баламен  үш  ай  бойы 
екі рет кездесу жасап тұрған абзал. Бұл кедесулерде əлеуметтік 
педагог  баламен  жеке  əңгімелесіп,  оның  жағдайының  жақсы 
екендігіне  көзін  жеткізуі  тиіс.  Мұндай  міндет  баланың  ме-
кен-жайына  жақын  жердегі  қамқоршылық  жəне  қорғаншылық 
органының қызметкерлеріне жүктелуі мүмкін. 
  
7.2.  Əлеуметтік  патронаж  жəне  кəмелетке  толмағандардың 
отбасыларына көмек көрсету
Зерттеу жұмыстарының нəтижесі көрсеткендей, бала қандай 
жерде  өмір  сүргеніне  қарамастан  өз  отбасында  тұрғанындай 
жайлы өмір сүре алмайды. Өз отбасынан кеткен не қашқан бала 
өз кезегінде түрлі теріс қылықтар көрсете бастайды. Бұл мінез-
құлық ерекшеліктері баланың ішінде бұғып жатқан алай-дүлей 


103
сезімдерін  көрсетеді.  Жайсыз  отбасылардан  шыққан  кəмелетке 
толмағандармен  жұмыс  жасайтын  қызметкер  бірінші  кезекте 
баланың ішкі сезімдерімен жұмыс істегені жөн.
Өз балаларына тиісті тəрбие мен білім бере алмайтын жайсыз 
отбасылармен де кездесіп, оларға осы теріс қылықтарын түсіндіре 
білген пайдалы. Көбінесе ата-аналар Орталық қызметкерлерінің 
осындай  іс-қимылдарын  жылы  қабылдай  бермейді.  Алайда 
мұндай шаралар жасаудың үлкен пайдасы бар. Өйткені кездесу 
нəтижелері ата-аналардың кейбір мінездеріне оң өзгерістер алып 
келуі  мүмкін.  Ал  баланың  бақытты  болуы  Орталық  қызметі 
мақсатының негізгі бағыты болып есептеледі.
  Орталық  ата-аналар  жəне  отбасы  мүшелерінің  əрекеттерін 
мынадай шаралар арқылы жақсарта алады:
- отбасы мүшелерін түрлі іс-шараларға қатыстыру;
-  балалардың  бақытты  болуына  бағытталған  кездесулерге 
шақыру;
- балаға кері ықпал етуші факторларды, проблемаларды ше-
шуге кеңес беру;
- баланы тəрбиелеу жұмыстарына іс жүзінде қатысып отыру.
Қауіп жағдайына тап болған балалардың ата-аналарының кей 
кездері өздері көмек сұрап, мəселені шешуге тырысатыны бар. 
Осыған орай олар əлеуметтік педагог пен психологтың көмегіне 
де  жүгініп  жатады.  Орталық  қызметкерлері  ата-аналардың  өз 
балаларының  бақытты  өмір  сүруі  үшін  өз  еріктерімен  жұмыс 
істеуіне ықпал етуге тырысады. Бұл жерде əңгіме ата-аналарды 
жергілікті  басқару  органдары  жанындағы  қосымша  қызметке 
жіберу жөнінде айтылып отыр.
Осы  консультациялар  мен  отбасыларға  көмек  жұмыстары 
баланың өз үйіне қайта оралуына негізделген жоспарлар бойын-
ша іске асырылады.
Бұл  жерде  ата-аналарға  өз  балаларын  үлгілі  түрде 
тəрбиелеулеріне  көмек  беруге  арналған  профилактикалық 
жұмыстар  маңызды  рөл  атқарады.  Бұл  шаралар  өз  балаларына 
тиісті  тəрбие  бермеген  жəне  білім  алуына  жағдай  жасамаған, 
осының  нəтижесінде  мінез-құлқындағы  ауытқушылығы  бар 
балаларға  себеп  болған  ата-аналарға,  үй  ішінде  берекесіздік 
орын алған жəне əлеуметтік тұрғыдан жайсыз отбасыларға арна-
лып жасалған. Тəрбиеленіп жатқан кəмелетке толмағанның ата-
аналарына қоғамдық ұйымдар, отбасы клубтары мен одақтары, 


104
көп  балалы  отбасылар  не  жартылай  отбасылар  қауымдастығы, 
т.б. көмек бере алады.
 Қауіп тобындағы отбасылар мен кəмелетке толмағандармен 
əлеуметтік-профилактикалық 
жұмыстар 
барысы 
келесі 
əлеуметтік  қызмет  көрсетудің  негізгі  түрлерін,  формалары  мен 
əдістерін қамтиды: 
-  əлеуметтік-экономикалық:  қауіп  тобындағы  əлеуметтік 
жағынан  аз  қамтылған  жайсыз  отбасыларға  материалдық  жəне 
өзге көмек көрсету, соның ішінде азық-түлік жеткізу, ата-аналар-
ды  жұмысқа  орналастыру,  балаларды  киім-кешекпен,  кітаптар 
мен ойыншықтармен қамтамасыз ету шаралары;
-  медициналық-əлеуметтік:  телефон  арқылы  медициналық-
əлеуметтік   консультация беру, есірткі қолданушыларға консуль-
тация беру, кəмелетке толмағандардың жүктілігіне байланысты 
профилактикалық жұмыстар;
-  психо-əлеуметтік:  кеңесшілік  көмек,  əлеуметтік  бейімделе 
алмаудың 
диагностикасы, 
психологтармен 
əңгімелесу, 
психологиялық  тренингтер,  психологиялық-əлеуметтік  түзету 
жұмыстары, отбасы, мектеп жəне тəрбиесі қиын балалар арасын-
да психотерапевтік жұмыстар;
-  əлеуметтік-педагогикалық:  əлеуметтік  басқосу,  үйірмелік 
жəне клубтық жұмыстар, ұжымдық-шығармашылық іс-шаралар, 
саяхаттар жəне жазғы лагерлер;
-  əлеуметтік-құқықтық:  адвокаттық  көмек,  кəмелетке 
толмағандардың құқықтарын қорғау, т.б.
7.2.3.  Отбасыға  қолдау  көрсету  қызметін,  отбасыға  жəне 
кəмелетке  толмағанға  əлеуметтік-құқықтық  көмек  көрсету 
қызметін ұйымдастыру
Орталықта орналасқан кəмелетке толмағандарға жүргізілетін 
профилактикалық,  бейімдеу,  оңалту  жұмыстары  кəмелетке 
толмағандарға кері ықпал еткен отбасы-тұрмыстық кедергілерді 
жойып, олардың қалыпты деңгейге түсуіне ықпал етеді.
Жоғарыда  аталған  міндеттерді  іске  асыру  үшін  Орталық 
құрамында келесі құрылымдық бөлімшелер құрылуы мүмкін:
- қабылдау бөлімі;
- стационарлық бөлім;
- əлеуметтік-құқықтық көмек бөлімі;


жүктеу 1,4 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау