ПЭМ-4М-К жеткізу жиынтығы
- ПЭМ-4М-К –тасымалданатын газталдағыш;
- қуаттау блогы/қуат беру құрылғысы;
- сынама іріктейтін зонд, ұзындығы (Тапсырыс берушінің қалауы бойынша) 500...2000 мм;
- көлемді сүзгі–конденсат жинағыш;
- көлемді сүзгіге арналған сүзгілеуіш элементтердің жиынтығы;
- ақпаратты компьютерде таладу үшін бағдарламалық жасақтамасы бар CD-диск;
- пайдаланушылық құжаттама (тексеру әдістемесі, паспорт, пайдалану жөніндегі нұсқаулық,
бағдарламалық жасақтаманы пайдалану жөніндегі нұсқаулық).
5 Техникалық қызмет көрсету.
Техникалық қызмет көрсету пайдаланушылық қызметін қолдау немесе қалпына келтіруе бағытталған
шараларды, сонымен қатар жабдықты немесе торапты тексеру және қызмет етуін бағалау бойынша іс-
шараларды қамтиды. Техникалық қызмет көрсетудің негізгі құрамдас бөліктері:
- инспекциялау;
- қызмет көрсету және жан-жақты техникалық тексеру;
- жөндеу.
Инспекциялауға пайдаланушылық қалпын тексеру және бағалау үшін қажетті барлық іс-шараларды,
соның ішінде кенеттен және жоспарлы тексерулер кіреді.
Қызмет көрсету мен жан-жақты техникалық тексеруге қолдау немесе қалпына келтіру үшін қажетті
барлық шаралар кіреді.
Қызмет көрсету немесе инспекциялау барысында кемшіліктер анықталған жағдайда неғұрлым ертерек
жөндеуді жоспарлап, жүргізу қажет.
5.1 Техникалық қызмет көрсетудің бағдарламасы.
Техникалық қызмет көрсету бағдарламасы жабдықтың әрбір түрі үшін жеке болып табылады
және оның қызмет етуіне, тозу дәрежесіне және әзірлеушінің ұсыныстарына байланысты болады.
Инспекциялауды мамандар жүргізуі тиіс.
Техникалық қызмет көрсетудің негізіне жоспарлы-алдын алу жүйесі салынған, онда техникалық
қызмет көрсетуді жоспарлау қызмет ету мерзіміне қарай жүзеге асырылады және белгілі бір ресурсты
өтелген соңтораптар мен агрегаттардың қалпына қарамастан, міндетті тәртіппен жүргізіледі.
Техникалық қызмет көрсету пайдаланудың құрамдас бөлігі болып табылып, төмендегілерге
бағытталған:
1) қоғамның объектілерін жылу, сумен жабдықтау, су бұрумен, ауаны желдету және баптауға
байланысты энергетикалық жабдықтың үнемі техникалық даярлығын қолдау;
2) пайдалану барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
3) нақты пайдалану жағдайында жабдықтың сенімділігін арттыру.
Жылу-энергетикалық жабдыққа техникалық қызмет көрсету келесі операцияларды қамтиды:
Тазарту-жуу, толтыру, майлау, бақылау-диагностикалық, бекіту, ретке келтіру, тоқтаулар мен
жарамсыздықтарды анықтау. Тазарту-жуу,майлау, бақылау-диагностикалық жұмыстар міндетті
тәртіппен орындалады, ал майлау, ретке келтіру жұмыстары мен жарамсыздықтарды жою жұмыстары
– керегіне қарай, қажеттілігін анықтау нәтижесінде орындалады.
5.2. Техникалық қызмет көрсету мерзімділігі
Пайдалану жағдайларына, энергиялық жабдыққа техникалық қызмет көрсету жұмыстарының
мерзімділігі мен көлемдеріне сәйкес келесі түрлерге бөлінеді:
1. Күнделікті техникалық қызмет көрсету;
2. Келесілерге қарай мерзімді техникалық қызмет көрсету:
- қызмет ету мерзіміне;
- уақыт аралықтары бойынша;
3. Маусымдық техникалық қызмет көрсету.
Мерзімдік техникалық қызмет көрсетудің негізгі мақсаты – бөлшектердің тозуының қарқындылығын
төмендету, бақылау-диагностикалық, майлау, бекіту, ретке келтіру және басқа да жұмыстарды уақтылы
орындау арқылы тоқтаулар мен жарамсыздықтарды анықтау және алдын алу болып табылады.
Маусымдық қызмет көрсетудің негізгі мақсаты – энергетикалық жабдықты күзгі-қысқы (жылытылатын
маусымда) және көтем-жазғы мерзімде пайдалануға дайындау болып табылады. Маусымдық қызмет
көрсету жылына екі рет, КЖА, КҚА бойынша іс-шараларға сәйкес жүргізіледі, оның барысында
жүйелерді, жабдықты және тораптарды пайдаланудың тиісті кезеңіне дайындауға байланысты бірқатар
жұмыстар орындалады.
5.3. ЖӨНДЕУ.
Жөндеудің мақсаты –қазан жабдығының жарамдылығын қалпына келтіру және ресурстарын немесе
олардың құрамдас бөліктерін қалпына келтіру. Сапалы жөндеу оларды жоғары техникалық дайындық
қалпында ұстаудың қажетті шарты болып табылады және төмендегілермен қамтамасызетіледі:
1) ЖТжәнеСТҚҚ жабдығының техникалық жағдайына жүйелі бақылау жасау және оларды
уақтылы жөндеуге қою;
2)
технологиялық жабдықпен жасақталған жөндеу шеберханаларының және білікті
орындаушылардың болуы;
3) жөндеу өндірісін дұрыс ұйымдастыру;
4) жөндеу шеберханаларын шығыс материалдарымен, қосалқыбөлшектермен және мүлікпен
уақтылы қамтамасыз ету;
5) жабдықты жөндеудің технологиялық үрдісін үнемі жетілдіру және жөндеудің прогрессивті
әдістерін енгізу.
Орындалатын жұмыстардыңмақсаты мен сипатына сәйкес жөндеу күрделі және ағымдағы жөндеу
деп бөлінеді. Жөндеудің аталған түрлері қызмет мерзімі бойынша немесе жабдықтың нақты жағдайы
бойынша жүзеге асырылады.
Ағымдағы пайдалану тәртібінде жұмыстарды өндіру үшін қолданылатын электр-слесарлық
аспап, аппараттар:
Әмбебап мультиметр, әмбебап вольтметр, авометр, электрдоғалы дәнекерлеуге арналған
тасымалданатын дәнекерлеуші аппарат, платик құбырларға арналған тасымалданатын дәнекерлеуші
аппарат (үтік), стационарный дәнекерлеуші түзеткіш, болгарка, дрель-перфораторлар, шоферлік аспап
жиынтықтары, құрама кілттердің жинағы, сақиналы, бұрағыштардың жиынтықтары, алынғыштар.
Сурет
6 Еңбекті қорғау
Еңбекті қорғау дегеніміз – бұл еңбек қызметі барысында қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының
қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі.
6.1 Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар, құбырлар және қазандардың жұмысына қойылатын
талаптар.
1. Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар, құбырлар және қазандарға қызмет көрсету және оларды
пайдалануға байланысты жұмысқа 18 жасқа толған, сәйкес медициналық куәландырудан,
мамандандырылған курстарда немесе оқу орындарында оқытудан және аттестаттаудан өткен, сонымен
қатар жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөнінде нұсқама мен білім тексеруден өткен тұлғаларға рұқсат
етіледі.
2. Ыдыстардың құрылмасы сенімді болып, пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және
оларды толық босату,тазарту, жуу, үрлеу, қарап тексеру және жөндеу мүмкіндігін көздеуге тиіс.