Келісілген Бекітілген



жүктеу 439,09 Kb.
Pdf просмотр
бет12/13
Дата19.02.2018
өлшемі439,09 Kb.
#10178
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

 

 

 



 

1. Ауыртып алу, ток соғу, жарақат немесе жану және нәрлеу өнімдерімен уланған жағдайда 

жұмысты тоқтата тұру, қызмет басшысына хабарлау және зардап шеккен тұлғаға бірінші көмек 

көрсетіп,  71-85, 72-03 телефоны бойынша медициналық пункттің кезекші дәрігерін шақырту. 

2. Жұмыс орнында өрт шыққан жағдайда жұмысты тоқтатып, 72-01 телефоны бойынша 

Іздестіружәне ұшуларды авариялық-құтқару қамтамасыз ету қызметін шақырту, 

қызметтіңбасшысына хабарлау және қолда бартөрт сөндіру құралдарымен өрт сөндіруге кірісу 

қажет.  


 

6.2 Газ қауіпті жұмыстарды жүргізуге қойылатын талаптар 

 

Газ дәнекерлеуші жұмыстарды жүргізушілерге қойылатын жалпы талаптар – газ-

электрдәнекерлеу жабдығымен жұмыс барысында еңбекті қорғау ережелерін, өрт қауіпсіздігі 

техникасын сақтау: газ-электрдәнекерлеу жұмыстарын орындауға 18 жастан кішіемес, арнайы 

оқытудан өткен, техникалық емтихан тапсырған және газ-электрдәнекерлеу жұмыстарын жүргізу 

құқығын беретін куәлігі бар тұлғаларға рұқсат етіледі.  



Қауіпті өндірістік факторлар:  

 

-Дәнекерлеу аэрозолі. 



-Жұмыс аймағының газдануы мен шаңдануының жоғарылатылған дәрежесі.  

-Жабдықтың, материалдардың бетінің жоғарылатылған температурасы. 

-Инфрақызыл сәулелендірулер. 

-Жарылыс-өрт қауіптілігі. 

-Шудың жоғарылатылған дәрежесі.   

-Жарықтың жоғарылатылған жарықтығы. 

-материалдардың, дайындамалардың бетіндегі өткір жиектер, қылаулар.  

-Статикалықэлектрдің жоғарылатылған дәрежесі және электр қауіптілігі.  

-Ылғалдылықтың, температураның, атмосфералық ауаның жылжымалылығыныңғ жоғарылатылған 

немесе төмендетілген дәрежесі.  

-Еңбектің ауырлығы мен қауырттылығы.  

 

Пайдалану барысында қызметтің қызметкерлеріне ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:  



 

1. 


Арнайы киімсіз, арнайы аяқ киімсіз және ЖҚҚ-сыз жұмыс істеуге.  

2. 


Медициналық тексерусіз жұмыс істеуге рұқсат беруге.  

3.  Газ-электрдәнекерлеу  жұмыстарын  отқа  қауіпті  және  оңай  тұтанатын  материалдарға  тікелей 

жақын жерде жүргізуге, дәнекерлеуге арналған орынжайда оңайтұтанатын сұйықтықтарды сақтауға.  

4. Жанатын сұйықтықтары сақталған ыдыстарды алдын ала мұқият тазартусыз, күйдіргішсодасы 

бар ыстық сумен жуусыз, буландыру және желдетусіз дәнекерлеуге.  

5. Қысыммен немесе электр тогымен тұрған ыдыстарды дәнекерлеуге.  

6. Резервуар ішіндебақылаушысыз және жұмыс орнына ауабермей жұмыс істеуге.  

7. Жұмыс үшін 10 кем емес және 40 м артық ацетилендік және оттегі құбыршектерін пайдалану.  

8. Ацетилен құбыршегін оттегімен және оттегі құбыршегін ацетиленмен үрлеу.  

9. Газ-генераторы қоңырауының қақпағына жүк салып, пред.клапанды сынамалауға. 

10.  Баллондарды  жол  бөліктері  мен  өтпелерде  орнатуға,  жылдың  суық  мезгілінде 

жылытылмайтын орынжайда және ашық ауада үзіліс мерзіміне жәнежұмыстан кейін суы ағызылмаған 

газ генераторын қалдыруға.  

11. Ацетилен генераторларын өтпе жолдарда, адамдар жиналатын орындарда, ацетиленмен бірігіп 

өздігінен  жарылатын  қоспалар  түзетін  заттардың  бөлінуі  мүмкін  орынжайларда,  жұмыс  істеп  тұрған 

қазандықта,  ұста  бөлімшесінде,  ағаш  өңдеу  учаскелерінде,  сонымен  қатар  компрессорлар  мен 

желдеткіштер ауа соратын орындардың маңында орнатуға.  

12.  Су  бекітпесіз  жұмыс  істеуге,  сонымен  қатар  екі  дәнекерлеуші  бір  су  бекітпесінен  жұмыс 

істеуге, жанарғыны ыстық металлдан немесе басқа да заттардан жағуға.  

13.  Майланған  киіммен  жұмыс  істеуге,  майланған  қолмен  оттегі  баллондарын,  редукторларды, 

жанарғыларды,  кескіштерді  ұстауға.  Оттегісі  бар  баллондар  орнатылған  жерден  10м-ден  кем 

қашықтықта  темекі  тартуға,  агық  отты  пайдалануға.  Газдың  жылыстауын  ашық  отпен  тексеруге. 




 

 

 



 

Құбыршектерді қатты бүгу, қатты бұрауға, қысуға.  

14.  Жұмыс  кезінде  құбыршекті  қолтықта  ұстауға,  аяқпен  басуға.  Жанып  тұрған  жанарғымен 

жұмыс орнынан тыс жерге орын ауыстыруға.  

15.  Жанарғы  шамадан  тыс  қызған  жағдайда  жұмысты  уақытша  тоқтатып,  жанарғыны  бітеп 

жауып, сөндіріп, толықтай салқындағанға дейін суыбар ыдыста ұстау.  

16. Баллондардан немесе газ құбырларынан жанғыш газдардың жылыстауы анықталған жағдайда 

ашық отпен жұмыстарды бірден тоқтату.  

17. Барабандарды ашу  үшін болат кескіштерді,  балғаны және ұшқын туындатуы  мүмкін бюасқа 

да аспаптарды пайдалануға.  

18.  Қысыммен тұрған құбырларда және ыдыстарда газ-дәнекерлеу жұмыстарын орындауға.  

19. Манометрлері жоқ немесе манометрлері жарамсызредукторларды пайдалануға.  

20. Генератормен жанарғыны (кескішті) қараусыз қалдыруға.  

21.  Жұмысқа  оқушыларға  және  нұсқамадан,  дәнекерлеу  жұмыстары  бойынша  тағылымдамадан 

өтпеген  жұмысшыларға  олардың  қауіпсіздік  техникасы  бойынша  және  өрт  қауіпсіздігі  ережелері 

жөніндегі білімдерін тексерусіз жұмыс істеуге рұқсат етуге.  



Жұмысты бастар алдындағы арнайы талаптар:  

1. Арнайы киімді (брезент костюм, алжапқыш, қолғап, қорғаныс каска мен қалқаншалар), арнайы 

аяқ киім және тиісті шынысы (ГС-3, ГС-7 маркалы) бар қорғаныс көзілдірігін кию. Арнайы киім мен 

қолғап құрғап, майдың іздерінсіз болуы тиіс.  

2.  Жұмыс  орнын  қарап  шығу,  жұмыс  орны  маңындағы  сорыпалатын  құрылғының  әрекетін, 

генератордың,  баллондардың  жағдайын  тексеру,  құбыршектердің  жанарғыға,  оттегі  жәнеацетилен 

баллондарына  немесе  тасымалданатынгенераторға  жалғасу  дұрыстығы  мен  тығыздылығын  тексеру, 

ацетилен құбыршегі газ құбырына немесе генераторға субекітпесі арқылы жалғанғанына көз жеткізу.  

3. Редукторлардың, манометрлердің, құбыршектердің, жанарғылардың вентильдерінің жағдайын, 

су  бекітпесіндегі  су  деңгейін,  дәнекерлеу  қондырғысын,  сымдар  мен  электрод  ұстағыш  тұтқасының 

оқшаулануын тексеру, жұмыс орнындағы қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқамадан өту.  

4.  Су  бекітпесінің  аппаратын  және  ацетилен  құбыршегін  ацетиленмен  үрлеп,  ацетиленнің 

алғашқы мөлшерін ауаға шығару, оттегі құбыршегі мен жанарғыны оттегімен үрлеу.  

5. Орынжай ішінде жұмыс істеген кезде жергілікті желдетуді қосу.  

6. Жұмыс орнын жанарғы ұштығын салқындату үшін суы бар ыдыспен қамтамасыз ету.  

7.  Корпустың  жерге  тұйықталу  сенімділігін  және  дәнекерлеу  қондырғысы  мен  жұмыс  үстелінің 

(бөлшектің) екінші мәрте оралуын тексеру. Дәнекерлеу сымдарын олар өтуге кедергі келтірмейтіндей 

және  олар  зақымдалмайтындай  етіп  жатқызу.  Аумақта  немесе  цех  ішінде  жұмыс  істеу  кезінде 

жанбайтынматериалдан биіктігі 1,8 м кем емес жарық өткізбейтін қалқандар орнату.  

8.  Жұмыстар  құрғақ  орынджайда  жүргізілуі  тиіс,  жұмысты  ылғалды  жерлерде  немесе  металл 

құрылмаларда жүргізген жағдайда резеңке калош пен саусақты қолғап кию.  

9.  Қуаттау  пункті  мен  жылжымалы  дәнекерлеу  қондырғысы  арасындағы  біріншілік  тізбектің 

ұзындығы 10м –ден аспауы тиіс.  

Жұмыс ауысымы кезінде:  

1. Газ-электрдәнекерлеу жұмыстарын жүргізген кезде жабық типті көзілдірікті пайдалану қажет.  

2. Қол жанарғысын немесе кескішті жаққан кезде алдымен оттегі вентилін сәл (¼-1/2 айналымға) 

ашу, содан кейін ацетилен немесе басқа да жанғыш газдың вентилін ашып, құбыршекті ауадан қысқа 

мерзімі үрлеген соң бірден жалын жағыңыз.  

3.  Мүштік  ішіндегі  қоспаның  жарылысына  жол  бермес  үшін  жанарғы  мүштігінің  500

С  дейін 



қызуына жол бермеңіз, ол үшін жанарғыны мерзімді түрде таза су бар күбіде салқындатыңыз.  

4.  Су  бекітпесіндегі  су  деңгейін  жүйелі  тексеріңіз.  Айына  бір  реттен  сирек  емес  ажыратып,  су 

бекітпесін тазартып, жуу қажет.  

5. Қазандар мен резервуарлардың ішінде жұмыс істеген кезде желдетуді қолдану, мерзімді түрде 

жұмысқа  үзіліс  жасап,  резервуардан  шығу  қажет,  шұңқырлар  мен  құдықтарда  дәнекерлеген  кезде 

алдымен онда газдың жоқ екендігіне көз жеткізу, диэлектрлік саусақты қолғаптарды, калоштарды және 

кілемшені  пайдаланып,  сонымен  қатар  полиэтиленкаскаларды  кию  қажет.  Бұндай  жағдайда  металл 

қалқаншаларын пайдалануға тыйым салынады. Жабық ыдыстарды жұмысты кем дегенде екі қызметкер 

жүргізеді.  

6. Дәнекерлеу сымдары металл тростарға, оттегі және ацетилен құбыршектеріне және ыстық 




жүктеу 439,09 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау