Вентиляция — орынжайдан қолданылған ауаны шығару және оны сыртқымен ауыстыру процессі.
Сонымен қатар қажетті жағдайда келесілер жүргізіледі: ауаны кондиционирлеу, сүзгілеу, жылыту
немесе салқындату, ылғалдау немесе кептіру, иондау және т.б. Вентиляция санитарлық
нормалардың, технологиялық процестердің, ғимараттардың құрылыс конструкцияларының, сақтау
технологияларының және т.б. талаптарына жауап беретін адамның денсаулығы мен өзін жағымды
сезінуі үшін орынжайдағы ауа ортасының санитарлық-гигиеналық жағдайларын қамтамасыз етеді
(температураны, қатынастық ылғалдылық, ауаның қозғалыс жылдамдығын және ауа тазалығын).
2 Жылыту жүйесінің сипаттамасы
Жүйенің сипаттамасы бар суретті көрсету. Үлгі
2.1. Орталық қазандық
ПК-22 қазандық ғимараты жеке тұрған ғимарат. Қолданыста SELNIKEL Oks/a түріндегі су
жылыту
қазандықтары.
3
бірлік
мөлшерінде.
Әрбір қазандық отынмен жарақтау жүйесімен, білте құрылғысымен, басқару қалқанымен, құбыр
өткізгішпен және қазандық шегіндегі арматурамен жабдықталған. Қазандықтар үрлегіш арқылы жұмыс
істейді. Қазандықтардың газ жүргізгіштері жеке түтін құбырларына қосылады. Әрбір қазандық үшін
қазандық жұмысын қорғауға арналған 110-80С/100-70С параметрлері бар жеке жылу
алмастырушылары қарастырылған. Қазандықтарда судың қысымың қазандықта асып кетуінен екі
сақтандыру клапаны орнатылған. Қазандықта жабдықты режимдік жөндеу кезінде сақтандыру
клапандарын баптау жүргізіледі. Сақтандыру клапандарының қысымдық құбыр өткізгіші үрлеу
құдығына жеке желімен шығарылған. Жылу
желілері:
2 құбырлық есептеудегі құбырөткізгіштің жалпы ұзындығы 4420 м.
Элеваторлық тораптар – 16 дана
Жылу алмастырушылар – 17 дана
Жылу тасымалдаушы параметрлерін реттеу сыртқы ауа температурасы бойынша жүзеге асырылады.
Қазандықтарға кірудегі кері су температурасын реттеу араластыру сорғылары арқылы контроллермен
жүзеге асырылады. Ғимараттың жылыту және жылумен жарақтаудың тәуелді қоректендіру жүйесі
қолданыстағы жүйеден көзделген. Қысымның түсіп кетуін ұстау үшін компрессоры бар кеңейтілген
бак қарастырылған.
Қызмет жұмысшыларының функционалдық міндеттері_____________, пайдаланудың ағымдық
тәртібіндегі жұмыс жүргізу режимі (орталық қазандық):
КИПиА инженерлері:
- ауысымалды медтексеруден өту; -
ауысым басталуға дейін 15 мин. ауысымды қабылдау-тапсыру (резервті жабдықтың, электр-слесарлық
құралдың болуын тексеру); -
бақылау-өлшеу аспаптары мен электр жабдықтарын техникалық пайдалануды ұйымдастыру, ( ПРА
жұмысын тұрақты бақылау, суды регенерациялау өндірісі - суды химтазарту, білтелердің
белбеулік берілісінің және ауа жинау вентиляторының тартылуын бақылау);
- қондырғылардағы және қазандық жабдықта тұрған бақылау-өлшеу аспаптарының және
автоматиканың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;
- орнатылған жабдықтың профилактикалық және күрделі жөндеулерін жүргізу кестесін сақтау және
олардың өз уақытында сапалы орындалуын қамтамасыз ету;
- КИПиА бойынша техникалық құжаттаманы жүргізу;
- қорғау, өлшеу және есептеу аспаптарының мемлекеттік тексеру жүргізу кезіндегі бақылау;
- мердігерлік ұйымдардың жөндеу-реттеу жұмыстар жүргізуін бақылау.
Қазандық операторлары:
- ауысымалды медтексеруден өту; -
ауысым басталғанға дейін 15 мин. ішінде ауысымды қабылдау-тапсыру (газ пропанның бар болуы,
бекітілген аумақты тазарту);
- технологиялық процессті жүргізу, жылу энергиясын шығару және босату; бекітілген температуралық
кестенің берілген параметрлеріне сай, қазандықтардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;