Конференцияға міндетті түрде барлық мектеп бірлестігі қатысуы керек: оқушылар,
педагогтар, басшылар, ата-аналар.
Барлық қатысушылар құқықтары мен міндетті бірдей.
Әр қатысушы кітаптарды өздігінен таңдап және оны оқырман конференциясына ұсынады.
Сөйлеушінің міндеті: кітаптың тартымдылығын көрсету, өзінің қалай оқығысы келетінін
ұсыну.
Тыңдаушының міндеті – кітап туралы ақпаратты тыңдау, оқырман журналына жазбаны
енгізу, жақын уақытта оқитын кітабын таңдау.
Конференцияның әр қатысушысының пікірі мен таңдауы ықылас пен сыйластыққа
лайықты. Нашар кітап жоқ, тек көңілден шықпаған кітап қана бар.
Конференция бір кітап аясында немесе бір автордың бірнеше кітабы аясында өткізуге
болады.
7.«Әдеби ойын»
Ойын – алдын-ала өткізу тәртіптері бар сайыс, жарыс.
Кез келген «кітап» ойындарын ұйымдастыру үлгісі.
Ойын-сайыс келесі кезеңдерден тұрады: сұхбат, шолу, дауыстап оқу, кітап көрмесі,
сұрақ-жауап сайысы, қолжазба кітаптары, салыған суреттер көрмесі.
Ойын барысында әлеуметтік жеке тұлғалық қалыптасады. Қатардағы қарапайым қабілетті
бар балалардың өзін-өзі көрсету мүмкіндігі туады, оқырман «туындысы» шығады.
Ойын әдістері арқылы педагогикалық ықпал жасалады.
Ойын – баланың даму ықпалы, баланы әлемдік мәдениетке араластыру тәсілі, әлеуметтік-
психологиялық тренингілер, т.б.
Әдеби ойындар түрі:
сұрақ-жауап сайысы, әдеби аукциондар, кітапқа саяхат, әдебиетке,
әдебиет кейіпкерлеріне, сайыстарға, әдеби жұмбақтарға саяхат.
Кез келген іс-шараның реті:
1.Тақырыпты таңдау.
2. Тақырыптарды іріктеу.
3. Көрме безендірілуі.
4. Кітаптар тізімі.
5. Сұрақтар құрау.
6. Сұхбаттар: балалармен, мұғалімдермен, ата-аналармен.
7. Кеңестер.
«Серіктес» іс-шарасы
Жоғарыда ұсынылған іс-шараны серіктес-іс-шара түрінде өткізуге болады.
дайындалған сабақтың алдында
кітапханадаға түскен жаңа кітаптар туралы
«Өзінің
оқырмандарын іздеген кітаптар», сонымен қатар:
1.Өткізілген сайыстар нәтижесінде ұйымдастырылған көрмелер: көркем шығармадағы
сүйікті
шығармалардаығы суреттемелер көрмесі («Біздің не оқығанымызды көр!»).
Плакаттар көрмесі («Жақсы кітаптар оқыңыздар»).
Фотокөрме («Менің достарым оқиды», Менің сыныбым/Менің отбасым/ Біздің
мектеп/оқиды).
Төсбелгі көрмелерін, кітап белгісі, ие таңба(экслибрис) («Мен оқырманмын!»)
2. Қабырға газеттерін немесе сайтты шығару және безендіру («Біз не оқимыз және қалай
оқимыз?»).
3. Жеткіншектерге және балаларға арналған шығармаларға сұрақ-жауап сайысы.
4. «Мен ұсынамын!» акциясы. Мектеп оқушылары мектеп кітапханасынан өздеріне
ұнаған оқыған кітаптарын жеке ұсынысқа белгілеп қоюы (акция сабақ барысында, тоқсан
арасында немесе жыл бойына жүреді).
5. «Кітаптың алтын сөресі». Кітап түбіртегіне салынған өзінің сүйікті кітабын немесе
оның атауы мен автордың атын сыныпта не кітапханада көрсету.
Кітап көрмесіне әдістемелік дайындық.
Кітап көрмесі – оқырманға кітапты ұсынудың дәстүрлі түрі. Кітап көрмесінің
негізгі мақсаты – оқырман назарын аудару, ол үшін безендірілуі өте ашық, есте
қаларлықтай болу керек. Тәртіпке сай кітап көрмесі айға 2 апта қалғанда көрсетіледі.
Кітап көрмесінің нәтижелігі оның талап етілуімен (қажеттілігі және қажеттілігімен)
анықталады. Көрменің негізгі түріне түскен жаңа кітаптар және оның тақырыбының
өзектілігі жатады.
Кітап көрмесінің дайындық әдістемесіне келесі кезеңдер жатады: тақырып таңдау;
оқырманның мақсатының анықтау; тақырыптың мезгілдік және
кеңістіктік шекарасы;
әдебиетті таңдаудың кеңдігін анықтау; көрмеге керекті әдебиетті таңдау;.
Әр баспаның шығу маңыздылығын және оның «көрмелік» сақталуы; көрменің
тарау бөлімдері; дәйексөз бен суреттемелерді іріктеу
; көрменің безендіру және
орнатылуы.
Дәстүрлі емес көрмелерді қалай ұйымдастыру керек?
Дәстүрлі емес көрмелерді ұйымдастыру кітапханада соңғы он жылдықта пайда
болған.
Оқырманның әр түрлі қызығушылықтарына және қажеттіліктеріне орай көрмені неғұрлым
қызықты және тартымды өткізу керек. Ол үшін әр түрлі тәсілдер қолданылады. Соңғы
кезде кітапхана тәжірибесінде кең қолданылып жүрген келесі дәстүрлі емес кітап
көрмелерінің түрлері:
Пікірталас-кітапкөрмесі оқырманның белгілі бір тақырып бойынша қызу
пікірталастыруы, дауласуы, өзіндік пікірін алға тартуға деген ықыласын туғызу, бұл
көрмеде әдебиет туындаған мәселені әр түрлі көзқараста бейнеленуі. Көбіне мұндай
көрмелер белгілі бір дәрежелі тұлғаға қатысты болады. Біржақты бағалауға болмайтын
тарихи немесе саяси тұлғалар немесе белгілі бір тақырып аясында шешілмеген
мәселелерге арналады.
Сөздік-кітап көрмесі белгілі бір термин мен түсініктердің мағынасын түсіндіруге
арналған, сонымен бірге ол туралы қосымша ақпарат көрсету. Көрме тарау атаулары
оның ұғымын анықтайды, сөздіктен алынған және жеке қағазға дайындалған дәйекті
сөздер.
Бір кітапқа арналған көрме оқырманның белгілі бір кітапқа арналған қызығушылығын
арттыру көптеген материалдарды қолдануымен кітап мазмұны мен мәнін ашады.
Сұрақ-жауап сайысы көрмесі, сөзжұмбақ көрмесі. Мұндай көрменің мақсаты – оқырман
балалардың белгілі бір тақырып пен мәселе арқылы кітапқа қызығушылығын
ынталандыру. Кітапханашы жауаптары көрмедегі кітаптардан табылатын сұрақтар ретін
дайындайды. Бұл сұрақтар қағазға жазылып, көрмеге қоса қойылады.
Диалог-көрме – бұл сырттай сөйлесу, оқырман мен кітапханашының сырттай қарым-
қатынасы. Оқырмандар сұрақтар қояды (алдын-ала), кітапханашы кітаптың көмегімен
сұрақтарға жауап береді. Мұндай көрменің ерекшелігі ауызша тікелей қоюға ұялатын
жасөспірім оқырмандар жас ерекшелікке байланысты психологиялық сұрақтарына жауап
ала алады. Тақырыбы әр түрлі болуы мүмкін.
Ойын-көрме және лото-көрме – ойын арқылы оқуға тарту. Мысалы, «Оқиық-ойнайық»,
«Оқимыз, ойнаймыз, жасаймыз», «Сүйікті кітабым – сүйікті ойыншығым» және т.б. көрме
кітап кейіпкерлерінің ойыншықтарымен безендіріледі, көрмеде үстелде ойналатын лото
ойын түрлері және т.б. болады.
Қойылым-көрме – жинақталған кітапханалық және музыкалық көрме. Тақырыпты терең
түсінуге жағдай жасайтын көрмеге арналған бұйымдар мен керек-жарақтар өте көп болу
керек.
Қосымша 10
Оқу әрекетіне қолдануға арналған жұмыс түрлері
1.Белсенді оқу әдісі.
«Белгімен оқу» әдісі:
Мәтінді оқу барысында оқырмандарға белгі қойып оқу сұралады,
"V" – мұны мен білмеймін
"+" – бұл мен үшін жаңа дүние
"-" – мен керісінше ойлаймын
"?" – анықтау керек
"!!" – бұл мені қызықтырды, т.б.
«Күрделі және жеңіл сұрақтар» әдісі. Үлкен өмірге араласу үшін балаларды түрлі
сұрақтарды қоюға көмектесу керек. Бірқатар жауаптарды алуға болатын жеңіл («тонкие»),
сұрақтар сондай-ақ жауап беруге мүмкін емес күрделі («толстые») сұрақтар. Күрделі
сұрақтар – бұл күрделі мәселелерге арналған сұрақтар, жауаптары бірдей емес жорамалды
сұрақтар.
«Кідіріспен оқу» әдісі. Бұл әдіс оқу техникасының барлық мазмұнын қамтиды:
1-саты – шақыру. Балалар тақырып атауы мен автор туралы мәліметтен мәтін
мазмұнының не туралы екендігін аңғару керек.
2-саты – ұғыну. Мәтіннің бір бөлігімен танысқан оқушылар мәлімет туралы өзіндік
ұғымын алға тартады. Бұл әдістің ерекшелігі келесі кезеңге өткізетін «Ары қарай не
болады, не үшін?» сұрағын туындатады.
3-саты – рефлексия. Қорытынды әңгіме. Бұл сатыда мәтін тағы да бір тұтастықты
көрсетеді. Оқушылардың бұл жұмыс түрі әр түрлі болуы мүмкін, мәселен, хат, пікірталас,
бірлесе іздену, мақал-мәтел таңдау, шығармашылық жұмыс.
Мұндай мәтінмен жұмыс түрі мәтінді талдай алуын жетілдіреді. Жеке
элементтердің байланысын айқындайды, өзіндік ой-пікірін айта алуы, түсіну мен ойын
қорытуын дамытады.
1. Бұрынғы алынған білімін белсендіру әдісі:
«Байланыс» әдісі.
Оқушыларға сабақтың тақырыбы оқылып және сұраққа жауап беру ұсынылады:
- Сабақта не айтылуы мүмкін?
- «---» сөз тіркесін естігенде қандай байланыс сезіледі?
- Оқушылар барлық байланыстарды тізіп шығады. Айтқандарын мұғалім тақтаға не
қағазға жазып отырады.
«Кілт сөздер» әдісі. Тақырыпты айтқаннан кейін оқушылар берілген сөздерден шағын
әңгіме немесе сөйлем құрау ұсынылады. Олар бұрын алған білімдерін тақырыпты
меңгеруге, өзіндік болжамын жасауға, алдағы өзінің жұмыс мақсатын айқындауға
пайдаланады.
«Олай емес» немесе «Барлығына ортақ ойыны».
«Олай емес» мынаған оқытады:
1. біртұтас суретке түрлі деректемелерді байланыстыру;
2. қолдағы бар ақпаратты жүйелеу;
3. сыныптастарын тыңдау алу.
3. Оқу материалын ұйымдастыруға арналған бағаналық әдістер.
«Кластер құру» әдісі.
Кластер сабақтың әр түрлі сатысында қолдануға болады.
Шақыру сатысы - ой әрекетін ынталандыру.
Ұғыну сатысы – оқу материалына ынталандыру.
Рефлекция сатысы - оқушылардың оқығанын қорытындылау барысында
қолданылады.
«Логикалық шатасқан шынжырлар» әдісі
Тақтада дұрыс және қате жазылған дәйек сөздер беріледі, оқушылар оқып «+»
белгісін қай жерге қою дұрыс деп тапса, сол жерге қояды, «-» белгісін қате деп санаған
жерге қоя алады.
4. Оқушылардың шығармашылығын талап ететін әдістер:
«Синквэйн» және «Диаманта» әдісі.
Алгоритм бойынша жазылған өлең - сабаққа қолданылатын қызықты әдістің бір
түрі. Бұл жан-жақты әдісті тек қана әдебиет сабақтарына ғана емес кез келген пән
сабағына қолдана беруге болады.
«Түрлі жазу» әдісі.
Бұл әдіс психологиялық суреттер дерексіз түсініктерді тануға мүмкіндік береді,
көру бейнесі арқылы ішкі әлемді танытады.
«Бес минуттық эссе» әдісі.
Бұл жазба тапсырмасы сабақ соңында өткен тақырыбын тұжырымдауға
көмектеседі. Бұл әдіс негізі келесі сөздермен айтуға болады: «Мен не ойлайтынымды
түсіну үшін жазамын». Бұл еркін жазба тапсырмасы өзіндік бағалауы, жеке тұлғалығын,
пікірталастығын, өзіндік мәселесін шешуінде көмегі тиеді. Эссе сыныпта мәселені
талқылағаннан кейін, сол сынып бөлмесінде 5 минут көлемінде жазылады.
5.Топтық жұмыста қолданылатын әдістер мен тәсілдер:
«Сын тұрғысынан ойлаудың алты қалпағы».«Алты қалпақ» негізіне қатар ойлау ойы
жатады. Дәстүрлі ойлау айтыстың, пікірталастың және туындаған ой негізінде
қолданылады. Жарыспалы, қатар ойлау – бұл әр түрлі көзқарастардың тоғысуы.
«Алты қалпақ» - бұл қарапайым және тәжірибелік қабілет ой процесін алты түрлі
тәртіпке бөлуде ұқсас қиындықтарды жеңуде пайдаланылады.
Мақсаты: оқушылардың жалпы білім жүйесінде сын тұрғысынан ойлау қабілетін
дамытуда қамтамасыз ету.
«Оқу ми шабуылы».«Оқу ми шабуылы» негізгі мақсаты – шығармашылық ой түрін
дамыту. тақырыпты таңдау, өткізу тікелей туындаған мәселеге байланысты түрлі нұсқада
болады.
«Айналаға хат» әдісі. Топтық жұмыс түрі ұсынылады. Балаларға берілген тақырыпты
тұжырымдап қана қоймайды, топ пікірімен келіспеушілігін танытады.
6. Таңбалау кестесі:
«Білемін - білгім келеді - білдім». Бұл кестемен жұмыс. Тақырыпты меңгеруде шақыру
кезеңі қолданылады. Оқушыларға жұппен жұмыс істеу ұсынылып, ақылдаса отырып,
тақырып бойынша 1- бағанның «Мен не білемін» кестесін толтырады. Бұл сабақ не
сабақтан тыс әрекеттегі бұрын алынған белгілі бір ақпарат болуы мүмкін.
Бұдан кейін «Не білгім келеді» сұрағы қойылады. «Білгім келеді» бағанасы толтырылады
және тұжырымдалады.
Рефлекция кезеңінде шақыру кезеңіне қайта оралады. Бірінші бағанадағы айтылғандарды
екінші бағанның жауаптарымен салыстырады. Қажет болған жағдайда «Білдім»
бағанасын жеке толтырады.
«INSERT кестесі немесе белгімен оқу» әдісі. Бұл «өзіңдік белсендіру» белгі жүйесі
оқудың тиімділігін және ойлауын дамытады.
Оқу техникасымен жұмыс
1. Балалардың оқуға деген сүйіспеншілігін ояту керек.
2. Сөздік қорын үнемі толтырып отыру керек. Сонда балалар сөз мағынасын түсініп,
олардың оқуға қызығушылығы артады.
3. Мәтінді алдымен мұғалім оқу керек, ол мәтінді сауатты және сезіммен оқуы керек.
4. Оқу барысында балаларды асықтыруға болмайды. Әр оқушының оқу қабілетін ескеріп
отыру керек.
5. 1 сыныпта оқушы сынып алдында жеке оқытумен сұрауға болмайды.
6.Үй тапсырмасы шығармашылық тұрғыда болу керек. Өткен материал бойынша сурет
салу, аппликация жасау, жұмбақ, мақал-мәтел жаттау.
7. Ата-аналарға балаларға қысқа әңгімелер мен ертегілер оқуды сұрау керек. Неге
жануарлар туралы оқу керек? Балаларға жануарларды суреттеу, олар туралы сөйлем құрау
оңайырақ болады. Сонымен қатар, оқығанын сыныпқа ыждаһаттана айтып береді. Оқуға
деген қызығушылық - оқу техникасының жоғары деңгейі.
8. Оқуды математика мен ана тілі сабағымен ауыстыруға болмайды.
9. Сөйлеуін дамыту сабақтарында талқылауға және ауызша жауаптарды анықтауда
түзетуді қолдануға болады.
10. 2 жарты жылдықтан бастап 1 сынып оқушылары кітапхана кітаптарын оқу керек.
11. 2-3 сыныптан бастап ата-аналар газет-журналдардан мақалалар оқып, талқылау керек.
12. Үйге көлемі үлкен мәтіндерді оқуға беруге болмайды. Үйде сабақтағы меңгерген
материалдарды оқуға беру керек. Тұтас, көлемді мәтіндерді оқытумен баланы шаршатуға
болмайды.
13. Үнемі шығармашылық жұмыстармен жұмыс жасату керек. Балалар кейіпкерлер
туралы өзіндік ойларын білдірумен бірге, олардың орнында өзі болса не істеуге
болатынын айтқызу керек.
14. Үнемі таңдау оқуларын жүргізіп отыруы керек.
15. 3 сыныпта да хормен оқуды үзбек керек. Сыныппен, жұппен, жеке оқыту керек.
16. Әдеби сұрақнама жарыстары немесе оқу сайыстарын өткізу керек.
17. Бір тақырыпқа арналған түрлі авторлардың кітап және сурет көрмесін өткізу керек.
18. «Күз», «Қыс», «Көктем», «Жаз» тақырыптарына арналған суреттер құрастырту керек.
Онда балалар өлең үзінділері мен классик ақындарының әңгімелері мен портреттерін
орналастыра алады.
19. Әңгімелер мен өлеңдерді сахналау.
20. Ата-аналарды шақырумен түрлі әдеби-музыкалық кештер ұйымдастыру.
21. Мұғалімдер оқушыларға жақсылықты насихаттайтын классикалық шығармалар мен
халық ауыз әдебиетін, мақал-мәтелдер, жұмбақтар жайлы кітаптарды көбірек оқып беру
керек.
Оқу техникасын жетілдіру жаттығулары
1.
Дыбыс жаттығуы. Артикуляциямен жұмыс жаттығуы кіретін дыбыс жаттығулары,
жаңылтпаштар жаттату.
2.
«Фотокөз»: Көзбен «фотоға» түсіру арқылы бағанадағы сөздерді оқып, керекті
сөзге жауап
береді.
3.
«Артық сөзді тап» әдісі оқушының сөзді тұтас оқуына көмектеседі.
4.
«Спринт» оқуы әдісінде таныс емес мәтінді оқып, сұраққа жауап іздейді. Тісі мен
ернін
қыса отырып оқиды. Бұл әдістің мақсаты жаңылпаштарды оқуға бейімдеу.
Профессор И. Т. Федоренко көзбен көру диктанты әдісін оқу техникасын
жетілдіруге қолдануға болады. Әр 18 жинақтың ішінде 6 сөйлемнен болады. Тақтаға бір
жинақтың 6 сөйлемі жазылады. Парақты жайлап төмен түсірумен сөйлемдер біртіндеп
көрінеді. Ал балалар осы сөйлемдерді есте сақтауға тырысады. Белгілі бір берілген
уақыттан соң тақта сүртіледі және оқығандарын параққа жазу ұсынылады. Бір жинақтағы
6 сөйлемге 5-тен минут кетеді.
Шульте кестесі де көру қабілетін жақсы жетілдіреді. Жұмыс 10 секунд жүргізіледі. Әр
оқушыда карточка болады, әр карточкада 1-ден 10-ға және 1-ден 20-ға және 2-3 сыныпта
1-ден 25-ке дейінгі сандар жазылады. Кестемен жұмыста жадынамалар қолданылады:
1. Қарындашпен мүмкіндігінше тезірек барлық сандарды көрсетіп, айтып шық.
2. Бірінің қасында бірі жазылған екі-үш сандарды еске сақтауға тырыс.
3. Есте сақта: көз кестенің тура ортасына қарағанда оны тұтас көреді.
Кітап оқыту қоры
1. Адамның есте сақтауы үнемі көз алдындағы емес, кейбір қалт еткен көріністерді сақтап
қалады. Сондықтан да балалардың білімін дағдылы әрекет түріне көтеру үшін күн сайын
белгілі бір аралықта аздаған жаттығулар жүргізіліп тұруы керек.
2. Жартылай дауыстап оқу.
Жартылай дауыстап оқу - бір мезгілде барлық балалардың жартылай дауыстап оқуы.
3.Күн сайынғы бес минуттық оқу.
Әр баланың алдындағы партада кітап жатуы керек (белгімен әдеби кітаптар). Кез келген
сабақтың алдында, мейлі ол математика, еңбек, ана тілі болса да балалар сабақ бастар
алдында 5 минут бойы кітапты оқып, содан соң арасына келген жеріне белгісін салып
жауып қояды. Әрі қарай кәдімгі сабақ өте береді.
Сабақ алдындағы 5 минут. Күніне 4 сабақ, Аптасына 5 күн. 5х4х5=100 (минут)= 1с.40мин.
4.Ұйықтар алдындағы оқу.
Соңғы көріністер есте сақтау қабілетке әсер етеді. Ұйықтап жатқан 8 сағат бойы ол сол
әсермен болады. Организм соған үйренеді.
1.
Егер бала оқуды ұнатпаса оған «әйеншек» оқуы керек. Негізінде егер бала оқығысы
келмесе, оны оқығанда қиындықтарға ұшыратады.
«Әйеншек» оқуы - бала бір екі жол оқығаннан кейін аздап дем алып қайта оқуы. Бұндай
тәртіп баланың жалықпауына жағдай жасайды. Шаршаса, әрі қарай ата-ана оқуы керек.
Оқу техникасына арналған ойындар.
1.Соңғы әріпті табуға көмектес».
Жабдықтары: әріптер кассасы және буындар.
Ойын сипаттамасы: мұғалім тақтаға екі бағанға сөздің басы мен соңғы әрпін жазады.
АҒА Ш
АЛМ А
АРБ А
ЕСІ К
Мұғалімнің шақыруымен балалар тақтадағы сөздің басы мен соңғы әрпінен құралған
сөзді оқиды.
2.
Буын мен сөз
Ойын сипаты: мұғалім тақтаға үш әріптен құралған буын мен сөздерді сөздерді жазады.
Балалар мүмкіндігінше тезірек материалды оқып, дәптерлеріне тек сөздерді жазады.
3.
Әр сөзге сенің буының.
Ойын сипаты: мұғалім сөзді атайды, балалар алдыңғы буынды анықтайды немесе әріптер
кассасынан керекті карточканы көрсетеді.
Жабдығы: әріптер кассасы мен буындар.
4.
Бөлінген сөзді ұста.
Ойын сипаты: тақтадағы бағанға 4-5 сөз жазылады. Әрқайсысының қасында көлденеңнен
сол сөздің өзі және әріп құрамына ұқсас бірнеше сөздер жазылады. Шақырылған оқушы
сөзді оқып, көлденең жазылған сөздер арасынан тауып, шеңберлеп белгілейді.
Мысалы: АРА апа, ана, ара, аға, пана
5. Сөз бе сөз емес пе?
Жабдықтары: Сөздік материалына құрылған буын сөздер кестесі
Ойын сипаты: Мұғалім сөздер мен кез келген әріптерден құралған мағынасыз сөздер
жазылған карточкасын көрсетеді. Балалар оқи отырып оның сөз не сөз еместігін айтады.
2.
Кезекші әріп.
Мұғалім әріптерді көрсетіп, балалар хормен оны оқиды. Мұғалімнің белгісі бойынша
баспа әріптерімен осы әріптен басталған сөздерді жазады. 2-3 минуттан соң мұғалім
белгісі бойынша аяқтатады. Кім көп сөз жазса, сол жеңімпаз.
7. Сөзді тап.
Тақтада үш бағанға сөздер жазылады. Тақтаға шақырылған оқушы мұғалімнің айтқан
сөзін бағаннан табуы керек.
8. Сөздерді таңда.
Жабдықтары: Сөздер карточкасы.
Ойын сипаты: Жинақталған бөліктерге екі бағанда сөздер жазылады. Біріншісінде зат
есімдер, екіншісінде сын есімдер. Мағынасына қарап сөз тіркесін құрау керек.
КІТАП ҚАЛЫҢ
ОРМАН ҚЫЗЫҚТЫ
АҒАШ ДӘМДІ
ТАМАҚ БИІК
Тақтаға шақырылған оқушы жұп сөздер құрайды:
кітап қызықты, орман қалың, ағаш
биік, тамақ дәмді.
9.Не өзгерді?
Ойын сипаты: тақтада жұппен жазылған сөздер беріледі. «мысалы: аға-ана, шана-пана,
асық-қасық». Тақтаға шақырылған оқушы жұп сөздерді оқып, біріншіге қарағанда екінші
сөздің мағынасының өзгергенін түсіндіреді.
10.Қатені табамыз.
Ойын сипаты: сөйлемде жануарлардың қате дыбысталу әрекеті жазылады. Сиыр ұшады,
ит мияулайды, әтеш мөңірейді, құс шақырады, т.б. Шақырылған оқушы қатені тауып,
дұрыстайды. Дұрыс құрылған сөйлемді сынып хормен оқиды. Қатемен жұмысты әрі қарай
келесі оқушы жалғастырады.
11.«Найзағай» оқуы.
Ойын сипаты: тақтада жазылған 4-5 сөз шымылдықпен жабылады. Мұғалім 4-5 секунд
ашады да қайта жабады. Мұғалім тақтада жазылған бағандағы оқылған сөздерді ретімен
атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |