Білім беру жүйесі ізденісте болып, үнемі дамып отыруы керек. Сондықтан, барлық жаңалыққа ашық,білімді ұрпақ тәрбиелеуге қабілетті ұстаздарға басты үміт артылады. Бағалау жүйесі міндетті түрде қажет. Бірақ бұл жерде көзқарас теңгерімді және объективті болуы керек, сонымен қатар мұғалімдерге қысымды жою керек. Жергілікті әкімдіктер өз өкілеттіктерін асыра пайдаланып, мұғалімдерді әкімшілік мақсатқа, білім беру жүйесіне еш қатысы жоқ түрлі іс-әрекеттерге жиі пайдаланса, келеңсіз тәжірибе тоқтамайды.Үкіметке осы мәселелерді шешу үшін шұғыл, түбегейлі шаралар қабылдауды тапсырамын. Әрбір ата-ана баласының мектеп бітіргенін қалайды.Және бұл мүлдем қалыпты құбылыс.Бірақ бүгінгі таңда ең өзекті мәселе – еңбек нарығындағы болашақ түлекке сұраныс. Ол үшін жоғары оқу орындарында білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету қажет. экологиялық апаты асқынған ауқымды аймақтарды қалпына келтіру Әлемнің көптеген елдері экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған ортаны сақтау бойынша жоғары мақсаттар қояды. Осыған орай ең озық әлемдік тәжірбиені ескере отырып, жаңа Экологиялық кодекс әзірленеді. Онда ластаушы төлейді, түзейді деген қағида бекітілген. Бұл жаңа реттеушінің жүйе шеңберінде өндіріске жаңа экологиялық қауіпсіз технологияны енгізуге мүмкіндік береді. Әр өңірдің өз проблемасы бар. Бірі түтінге тұншықса, екінші бір қалада күл қоқыс мәселесі өзекті. Жаңа жол картасындағы жобалар іске асса, Ақтөбе облысында Алға химиялық зауытының қалдығы жойылып, Көкжиде жерасты суларына зерттеу жүргізіледі. Оған көршілес Атырауда жаңадан кәріз кешендері салынып, Жайық өзенін тазалау жұмыстары жүргізіледі. Ал, Алматыдағы екі бірдей жылу энергия орталығы газға ауыстырылады. Коммуналдық және қоғамдық көліктер де табиғи газға көшеді. ЖЭО-2-нің шығаратын зиянды қалдықтары 38 мың тоннадан 6 мың тоннаға дейін төмендейді Бұл енді Алматы қаласының ауасын тазартуға үлкен септігін тигізеді. 10 қалада атмосфераның ластану индексі жоғары деңгейден орташа деңгейге дейін төмендейді. Қалдықтарды қайта өңдеу деңгейін 15%-тен 30%-ке дейін жеткізуге, 24 жаңа полигонды салу және толып кеткен бес полигонды қалпына келтіруге және жоюға мүмкіндік береді. Елде тұрмыстық қатты қалдықтарды төгуге арналған 3,5 мың арнайы орын болса, оның тек 600-ден астамы тиісті талапқа сай.
Достарыңызбен бөлісу: |