Дәл осы центризм саясаты біз дәйектілікпен жақтап, жүзеге асырып отырған мынадай идеологиялық құндылықтарды білдіреді:– «Келешек» азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыруды бірінші орынға қоятын, саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықтың кепілі ретіндегі күшті, тиімді мемлекетті қолдайды!– «Келешек» жеке меншікке қол сұғылмауын, орташа тапты күшейтуді, орынды мемлекеттік реттеу жағдайында нарықтық қатынастардың еркін дамуын қолдайды!– «Келешек» көппартиялықты, саяси плюрализм мен сөз бостандығын қамтитын саяси жүйенің демократиялық дамуын қолдайды!– «Келешек» әрбір қазақстандық өзі және айналасындағылар үшін жауапкершілікті сезіне отырып, өзінің жеке қабілеті мен мүмкіндіктерін іске асыра алатындай азаматтардың өзін-өзі көрсетуі үшін одан әрі жағдай жасауды қолдайды!– «Келешек» Қазақстанның әрбір өкілі жеке тұлға және толық құқылы азамат ретінде бірдей бағаланатын Қазақстан халқының мызғымайтын бірлігін қолдайды!– «Келешек» мемлекеттік тіл мен басқа тілдердің дамуын, мәдени әралуандық пен рухани құндылықтарды қолдауды, халықтың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сақтауды қолдайды! - Партия Жарғысы – ұйымдастыру мен қадағалау үшін ерікті түрде партия мүшелері қабылдаған толық ережелер жиынтығы. Партия деп – мемлекеттік биліктің, жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілді және атқарушы органдарында азаматтардың, түрлі әлеуметтік топтардың мүддесін білдіру және оларды қалыптастыруға қатысу мақсатында олардың саяси еркін білдіретін Қазақстан Республикасы азаматтарының ерікті бірлестігі танылады. Партияның мақсаты - саяси жұмыс әдістерімен азаматтық қоғамның дамыған институттары, қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті саяси жүйесі бар экономикалық мықты, демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құруға қол жеткізу.
«Келешек» партиясы
Партияның міндеттері: - Партияның міндеттері:
- Мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына саяси көшбасшылар, партия мүшелерін даярлау, оларды қолдау және ұсыну;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық референдумдарға қатысу;
- Мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында партия және оның мүшелерінің, азаматтар мен түрлі әлеуметтік топтардың мүддесін қорғау;
- Партия Бағдарламасына сәйкес әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды жүргізуге қатысу, өмір сапасының ұлттық стандартын қалыптастыру;
- Кіші және орта кәсіпкерлікті, шаруа, фермер шаруашылықтарын қолдау; ұлтаралық және конфессияаралық келісім мен қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға жәрдемдесу;
Достарыңызбен бөлісу: |