месе жіңішке (дәйекші болмауы – жуан оқуды, дәйекші болуы
– жіңішке оқуды) әуезде оқылатындай жазу жүйесін жасайды.
Сонымен, А. Байтұрсынұлы әліпби жүйесін, түптеп келгенде,
қазіргіден өзгешелігі әріптердің фонемалық мәнді бере оты-
рып, дыбыстық мәнді де (жуан-жіңішке әуезін) білдіріп, біте
қайнасып тұрған ішкі құрылымдық ерекшелігінде.
А. Байтұрсынұлы түзген әліпбидегі жүйені қатаң ұстана
оты-рып, тек бірер дауыссызды ықшамдап алатын болсақ (қ, к,
ғ, г-лердің орнына к, г-ні ғана алып), бұл әліпбидегі фонемалар
мен әріптерді сандық қатынасы 26 (фонема): 22 (әріп) болып
шығады. Мұндай қатынас, «әліпбидегі әріптің саны фонеманың
санынан аз-кем төмен болуға тиіс» деген жазудың жалпы шар-
тымен үйлесіп жатады.
Байтұрсынұлы тек әліпби түзіп қойған жоқ, фонология тео-
риясындағы айырым белгі әдісін қолдану арқылы қазақ тілінің ды-
быс жүйесінің түзілімін 9 дауысты, 19 дауыссыз деп тұңғыш рет
дәл анықтады. Дауыстылар мен дауыссыздарға берген сипатта-
масына қарағанда А. Байтұрсынұлы дауыстыларды функциянал-
дық басыңқы жүйе, ал дауыссыздарды функцияналдық бағы-
ныңқы жүйе деп таниды. Байтұрсын әліпбидегі дәйекші супер-
сегменттік бірлікті көрсетсе, жеке әріптер сегменттік бірліктер-ді
көрсетеді. Байтұрсын жазуының графемалық жүйесі тұрпат
межесі тұрғысынан сегменттік әрі суперсегменттік бірліктерді
(жуан, жіңішкелікті) белгіледі. Сондықтан да бұл жазу жүйесі
қазақ тіліндегі сингармонизм табиғатымен барынша үйлесімді
болады. Байтұрсын жазу жүйесінің бұрынғы араб әліпбиі не-
гізінде ескі қазақ жазу жүйесіне, орыс әліпбиіне негізделген жазу
жүйесінен принципті айырмасы осында еді. Байтұрсынұлына
дейін араб әліпбиіне негізделген қазақ жазуының тұрпат ме-жесі
жуан немесе жіңіщкелік белгілерді сегменттік бірлік түрінде,
дауыссыздардың ырқына бағындырып бейнелейді, яғни
дауыстылардың жуан, жіңішкелігі дауыссыздардың жуан немесе
жіңішкелік таңбасына қарай оқылады. Ал бұл аталмыш жазудың
мазмұн межесі ортағасырлық жазба тілге тән архаикалық бел-
гілерді, оғыз қыпшақтық, қазақтық элементтерді таңбалады. Ал
орыс әліпбиіне негізделген жазу, біріншіден, сөздің жуан немесе
жіңішкелігіне тән суперсегменттік белгілерді сегменттік бірлік
түрінде «бөлшектеп» берді, екіншіден, дауыссыздар жүйесінің
дауыстылар жүйесіне бағыныңқылық қатынасы ескерілмеді. Орыс
әліпбиіне негізделген жазудың мазмұн межесі халық
тілінің мағыналық бірліктерін, тұрпат межесі халықтық тілдің
дыбыстық жүйесін белгілеуге бағытталды.
А. Байтұрсынұлы түзген әліпбиді сол кезеңдегі
фонологиялық мектептің аға буын өкілдері, әлемдік
лингвистиканың көшбас-шылары болған Е. Д. Поливанов, Н.
Ф. Яковлев тәрізді көрнекті фонологтар аса жоғары бағалады.
Түркітанушы К. К. Юдахин мен А. М. Сухотин латын жазуына
көшкенше қырғыз халқының А. Байтұрсын әліпбиін сол
күйінде қолданғанын атап айта-ды. Мұның өзі А. Байтұрсын
әліпбиінің ұлтаралық мәртебесін көрсетеді.
Сондай-ақ, А. Байтұрсынұлы түзген әліпби жазу тәжірибе-
сінде жұртшылықты сауаттандыру ісінде өте оңтайлы болғанын
М. Дулатовтың мына пікірінен айқын аңғаруға болады: «Қазақ
тілін қолдана қалам ұстағаннан бері шылғи қазақша жаза бастаған
Байтұрсынов қазақ емлесі[н] шығарды, оқу құралдары[н] жазды.
Осы екі жылдың ішінде «Қазақ» газетасының тіл, емле туралы
қылған қызметі көзге көрінерлік болды. Екі жылдың ішінде орта
есеппен 250 мың дана «Қазақ» нөмірі тарады, жаңа сөйлеммен 15-
тей кітап шықты, бұлар 45 мың данадай бар. Осының бәрі қазақ
арасынан тарап жатыр. Бұл емлені тосырқап түсінбейміз, оқи
алмадық деген ешкімді естігеніміз жоқ. «Қазақ» емлесін
мұсылман медреселерінде, орыс школдарындағы шәкірттер,
учительдер, мұғалімдер жабыла қабыл еткендігі былтырғы
«Қазақ» нөмірлерінің көбінен көрінеді. Бұл екі жылдық қана
қызмет, иншала, мұнан кейін артпаса, кемімес үміт зор».
А. Байтұрсынұлы бұрын тек бір ғана формада, яғни ауыз-ша
түрде қызмет етіп келе жатқан әдеби тілдің графикалық,
орфографиялық жүйесін жасап, оның жазбаша түрде қызмет
етуінің негізін қалады. Таңба теориясы тұрғысынан алғанда А.
Байтұрсынұлының жасаған араб әліпбиі негізіндегі жазу
жүйесі тұрпат межесі тұрғысынан ( в плане выражения) жалпы
халықтық тілдің бір формасы болып табылатын ауызша әдеби
тілдің дыбыс бірліктерін, ал мазмұн межесі тұрғысынан (в пла-
не содержания) аталмыш тілдің мағыналық бірліктерін бел-
гіледі. Қазақ тіл білімі тарихында А. Байтұрсынұлы қазақ
тілінің дыбыстық сегменттік бірліктері түзілімін дәлме-дәл
анықтауы арқылы ұлттық жазудың тұңғыш рет
фонемографиялық жүйесін жасады.
ХІХ ғасырдың аяғы, ХХ ғасырдың басында қазақ жазу-сы-
зуы демократиялық бағытқа бет түзеді; фонетикалық жазудан
208
209
фонемографиялық жазуға қадам басты; ұлттық жазудың негізі
қаланды. Қазақ жазуының онтогенездік дамуындағы бұл ерек-
ше кезеңде А. Байтұрсынұлы ақыл-парасаты, қажыр-қайраты,
лингвистикалық ой тереңдігі жағынан дара тұрған дәуірдің бір-
туар тұлғасы болды.
Нұргелді Уәлидің «Ұлттық рухтың ұлы тіні»
кітабына жарияланған мақаласынан алынған үзінді.
11-дәріс. Қазақ жазуындағы емле ұстанымын
таңдау қағидаты (Байтұрсын принципі)
А.Байтұрсынұлының тіл біліміндегі алатын орнын белгілі
ғалым Н.Уәли бір сөзбен былай деп түйген еді: “Жалпы тіл
білімінде тұңғыш фонолог деп әдетте әліпби түзушілерді атай-
ды (олардың фонологиялық зерттеу жазуы шарт емес). Олай
болса қазақ тіл біліміндегі алғаш фонолог – А.Байтұрсынұлы”.
А.Байтұрсынұлының қазақ тіл білімінің өзге салаларындағы
еңбегі бір төбе болса, әліпби, жазу теориясы, емле жайындағы
еңбегі бір төбе. Оның ішінде қазақ жазуының емле ұстанымын
айқындаған алғашқы ғалым.
Емле принципі. Ең бірінші, А.Байтұрсынұлы жазудың негізі
екеу (таңба негізді және әріп негізді), ал жүйесі төртеу (таңбаша,
дағдыша, туысша, дыбысша) деп көрсеткен. Бұл жалпы жазу
теориясындағы жазу типі мен жазу түрлеріне сәйкес келеді.
Мысалы, Л.В.Зиндер жазудың тегі семасиографиялық немесе
идеографиялық және фонографиялық болып бөлінеді дейді.
Ал таңба жүйелі емле,
тарих жүйелі емле,
туыс жүйелі емле,
дыбыс жүйелі емле деп орфографиядағы тарихи принцип,
этимологиялық принцип, морфологиялық, фонетикалық при-
нциптерді атағаны.
Бүгінгі ағылшын жазуын дәстүрлі немесе тарихи принцип-
пен жазылады дегеннен гөрі, әр сөздің жазылуын жаттауға тура
келетін идеографиялық принципке жақындайды деген пікірлер
де ғалымның осы көзқарасын растайды.
Л.В.Щерба этимологиялық принцип деген морфеманы сақтап
жазу, яғни морфологиялық принцип, бұл бір жағынан тарихи
принципке жақын деген. Сонда таңба жүйелі емле (А.Б.) – тари-
хи принцип (Л.В.Зиндер), тарих жүйелі (А.Б.) – этимологиялық
принцип (Л.В.Зиндер), туыс жүйелі (А.Б.) – морфологиялық
(Л.В.Зиндер) принцип болып сәйкеседі.
Қазақ жазуының алғашқы кезеңі емле принципін айқындап
алу қиындылығымен өлшенді десек, бұл шешуші міндет-ті
ғалым “туыс жүйелі емленің де, дыбыс жүйелі емленің де
түкпіріне қиналмай өтетін, екеуінің арасынан жол тауып бере-
тін” төмендегі ұсыныстар арқылы шешкен:
“1. Әрбір өз алдына түбірі бар сөз оңаша айтылғандағы
естілуінше жазылу.
2. Азған сөз азған күйіндегі естілуінше жазылу.
3. Үйлестікпен дүдәмәл естілетін болған дыбыстар айқын
орындардағы естілуінше жазылу.
4. Қосымшалар қосылатын сөздермен бірге жазылу.
5. Қосалқы сөз, қос сөз, қосар сөз, қосынды сөз – бәрі де
қосарлық белгімен жазылу.
6. Жалғаулықтар бөлек жазылу орындарынан басқа жағы
жалғау ережесінше болады.
7. Үйір айтылатын сын есім мен зат есім бөлек жазылу.
8. Көсемше, көмекші етістіктер бөлек жазылу”.
Бұл пікірді “полагаю, что практически для тюркских наро-
дов самое правильное было бы – комбинация фонетического и
этимологического принципов, комбинация в каждом отдельном
случае своеобразная и разная, ибо правил общих тут никак не-
льзя дать” деп Л.В.Щерба да қайталады.
Және бүгінгі емлемізді айқындаған фонематикалық при-
нциппен сай келеді. Жалпы, бәрімізге белгілі 70-80жж. фоне-тика,
орфографияға қатысты оқулық, емле сөздіктерінде қазақ
орфографиясының негізгі ұстанымы морфологиялық, өйткені
сөзді естілуінше емес, түбір тұлғасын сақтап жазамыз деген
көзқарас орныққан болатын. Бұл Бодуэн де Куртенэнің фоне-ма
туралы ұғымын басқа бағытта қарастырып кеткен беделді
ғалымдардың (Л.Л.Щерба, Л.В.Зиндер) еңбегіне де байланысты.
Алайда бұл жайында кейінгі зерттеулер мен пайымдаулар арасын-
да қайшылық көріне бастайды. Соңғы уақытта “Фонематический
принцип предполагает мотивированность написания звуковым
обликом обозначаемого слова или морфемы без учета их слово-
образовательных связей. Действие фонематического принципа
проявляется там, где в разных словоформах одна и та же морфе-ма
пишется по разному, если в ней происходит живое позицион-
210
211
Достарыңызбен бөлісу: |