ное чередование: игра – розыгрыш, безделье – беспокойствие”
деген және “Фонематический принцип имеет большую объясни-
тельную силу, чем морфологический: понятие фонематический
принцип полностью покрывает понятие морфологический при-
нцип и, сверх того, объясняет те факты, которые не могла быть
объяснены в терминах морфологического принципа, а именно,
неизбежные отступления от единообразной передачи морфем в
случае морфологических чередований” деген тұжырымдарын
басшылыққа ала отырып, қазақ орфографиясының негізгі при-
нципі фонематикалық екенін алғаш дәйектеген Н.Уәли қазақ
емлесінің негізгі ұстанымын белгілі бір фонеманың дыбыс
түрленімдері ішінен фонетикалық ортаға неғұрлым тәуелсіз түрін
жазу болып табылады деп анықтады.
Әлді позициядағы дыбыс тіркесімдері жазуға біршама
сәйкес екендігі, әлсіз позиция әлді позициядағы тұрпатымен
тексеріліп, негізгі реңкі айқындалатыны қазіргі емленің басты
әдіс-тәсілдеріне жатады. Бұл әдісті кезінде А.Байтұрсынұлы:
“Сөздің ауыздан шығуының өзі екі түрлі болады. Сөйлегенде
сөздер бір-біріне жалғаса айтылғанда бір түрлі, әр сөзді оңаша
жеке алып айтқанда ауыздан екінші түрлі болып шығады.
...Жеке айтқандағы ауыздан шығуынша жазу түрін біздің қазақ
қолданып келеді”, – деген екен: “Сондықтан емлемізді туыс
жүйесіне қатысқан жүйелеріне қарамай, көпшілігіне қарап,
дыбыс жүйелі деп атап келдік. Дыбыстар үйлес болғандықтан,
бірінің орнына бірі алмасып айтылатын дыбыстардың тегі тек-
серілмей, ауыздан шығуынша жазылсын ” деген ұсыныстар ба-
рын айтады ғалым.
“Туыс жүйені де, дыбыс жүйені де “аралас тұтыну керек
деу-шілер: керегіне қарап, екеуін де тұтыну керек дейді ...
сөйтіп сөз басына ереже жасайды ... ондай емле оңай болып
табылар ма” дейді А.Байтұрсынұлы.
А.Байтұрсынұлының орфограммасын шешіп алуды алдына
мақсат еткен әріп қатары “үйлестікпен дүдәмал естілетін” б-п,
т-д, ж-ш, з-с, ш-з фонемалары болды.
Бүгінгі емлемізде қосымшалардың түбірдің соңғы дыбы-
сына немесе түбірдегі дауыстыға үйлесіп жазылуы проблема
тудырмайды. Аффикстік морфемалар болсын, сөз тудырушы,
түрлендіруші жұрнақтар болсын бірнеше (әдетте жазуда
алтауға дейін, ауызша тілде 9-ға дейін) нұсқада жүреді.
Ал А.Байтұрсынұлы, мысалы, жедел өткен шақ жалғауын ұяң
вариантымен ғана жазуды дұрыс көрген. “Сондай орындарда
күңгейленбейтін айқын жерге келтіріп айтып, сондағы естілуін-
ше жазу. Мәселен: “Қасекең сау күндегі әнге басты” дегенде
“басты” деген жіктік жалғауында “т” естіле ме, “д” естіле ме”
– Дүдәмал, ашық емес. Қасындағы “с” дыбысының әсерімен
күңгейленіп, анық естілмей тұр. Күңгейленіп тұрған дыбыстан
аулақ, басқа жерге қойып айтып көру керек. Мәселен, “Қас
екең сау күндегі әнге салды” десек, қай дыбыс екені анық
естіледі. Сол сияқты септік жалғаулары да көмескі естіліп,
дүдәмалдік танытатын жерлерде, аяғында әсер етпейтін дыбыс
бар сөздерге жалғап қарау керек дейді.
Позициялық әсері болмайтын дыбыстарға л, р, з фоне-маларын
жатқызады. Мысалы: балдың, қардың, қозда. Бұл дыбыстардың
неге позициялық әсері болмайтынынан бұрын, ал-дымен
ғалымның осы жазу арқылы қазақ тілінің типологиялық сипатын
айқындап алғысы келгенін байқайтын сияқтымыз. Яғни тілдің
қатаң дыбысталуынан гөрі жұмсақ, үнді болып естілуін қалаған
сыңайлы. Осы дәйексөз алған мақаланы жазған жылы
А.Байтұрсынұлы Алма-Ата қаласының атын Алматы етіп
жөндеуді ұсынған Т.Шонанов екеуінің хатында “-ты вмес-то
современной -лы, -ды свойственно тюркским языкам в час-тности
казахскому … -ты, в казахском языке является более древним чем
другие формы этого рода” деп, қазақ даласында
Шідерті, Қалдығайты, Бұлдырты, Мойынты деген жер атаула-
ры ұяңдамай сақталып отырғанын айтады.
Бұл арада мәселе ғалымның бір мәселеге екі түрлі көзқарасы
болғанын көрсету үшін емес, болмаса жазу нормасын не-
гіздеуде “дүдәмал” жерге иек артқанын қателікке шығару үшін
емес, жалпы қазақ жазуында қосымшалардың немесе
шылаулардың позицияға тәуелді реңктері таңбаланғандарын,
морфонологиялық құбылыстар ғана емес, фонетикалық
құбылыстар да таңбалағанын айтқымыз келді.
Ғалымның шартты рай жұрнағы -са, -се ме, әлде -ша, -ше ме
дегенді анықтау үшін неғұрлым тәуелсіз позиция ретінде
қонса, сепсе, келсе, қуса, қанса тұлғаларын таңдап алуы – кеш-
ше (кешсе), пішше (пішсе) сөздерінде бұлар әлсіз позицияда
алдыңғысында әлді позицияда тұрғанын анықтағаны.
Сондай-ақ ғалым Қорғамбай – Қорғанбай, Арғымбай –
Арғынбай, Тасқымбай – Тасқынбай, қоңған – қонған, жоңған –
жонған, жаңған – жанған, көңген – көнген, өңген – өнген, сеңген
212
213
– сенген, күңге – күнге тұлғаларының соңғылары дұрыс, өйткені
сөздің түбірі “қорғам”, “арғым” “тасқым” емес қорған, арғын,
тасқын болады деп анықтайды.
Сондай-ақ [н] дыбысын қ, ғ, г дыбыстарының әсерінен
айырсақ, дүдәмалдық жоғалады, “қоныс”, “қондық”, “жону”,
“жондым”, “жанып”, “жанды”, “көніп”, “көнді”, “өніс”,
“өнім”, “мініп”, “мініс”, “сеніп”, “сенім”, “күнде”, “күндік”
дегенде, “ң” емес, “н” екені айқындалады дейді ғалым.
А.Байтұрсынұлының бұл ойлары емлені әлді позицияға
қойып тексеру әдістері арқылы негіздейтін бүгінгі орыс жазу
нормасында енді айтылып жүр. Ғалымның келесі негіздеген
мәселесі – жалғаулықтардың сөздің аяққы дыбысына қарап ай-нып
келуі жайында. Автор мұнда мен, менен, бен, бенен, пен, пенен
шылауларының ұяң, үнді варианттарына артықшылық беріп, қатаң
вариант позициялық өзгерістің әсері дегенді айтқан. Қайталап
айтсақ, ғалымның қазақ сөздерін жұмсартып айту жағын қатты
назарға алғанын байқаймыз. Оған дәлел: “Аспан ба?”, “асбан ба?”
– дүдәмал екен, жоғарыдағы айтылған жол-мен айқынға шығарып
алу болмайды екен. Сол сияқты сөздер өте көп болмағанмен, қазақ
тілінде ұшырайды: дұспан – дұсбан,
оқпан – оқбан, кетпен – кетбен, шекпен – шекбен тағысын
тағылар. Бұлардың “п” мен “б” дүдәмал болған орындағы ашы-
луы ылғи “б” жағына болғандықтан, “б”-мен жазу. Түбін қарап
тексергенде де, солардың көбі “б”-мен жазылуға тиіс болып
шығады. Мәселен: “асбан”, “дұсбан”, “данышбан”, “кетбен”
деген сөздер “асман”, “дұшман”, “данышман”, “кетмен” де-
ген сөздерден шыққан: “м” дыбысы “б” дыбысымен алмасып
отырады. “Қақбан”, “қақба”, “қақбақ”, “өкбе”, “оқыбан”
секілді сөздерде “қақбан”, “қақба”, “қақбақ”, “екбе”,
“оқбан”
дегеннен дыбыстары алмасу мен “б” дыбысты сөз екені
көрініп тұр” деген жолдар.
Мұнда жазу тарихы, жазудың өзіндік ерекшелігі тұрғысынан
келсек, А.Байтұрсынұлының араб жазу дәстүрін үзбеу, жазу
дәстүрін сақтау жағына көбірек көңіл бөлгенін байқаймыз.
Қазіргі қазақ жазуының бір проблемасы ы, і әріптерінің ем-лесі
болса, бұл жайында А.Байтұрсынұлының мына көзқарасы жазу
тарихы үшін маңызды: “Оны қалдырмастан жазамыз сөздің
аяғында. Ортасында я басында ашық естілетін орында ћәм
жазбасақ кемшілік болып жоқтығы еленетін орында. Мысалы:
жаны – жанына” дейді ғалым. Ал түбір ішінде, сөз басында ы-
ны жазса да, жазбаса да солай оқитын орындарда, жазбағанда
оқуымызға кемшілігі болмаса, оны жазуға да қажеті жоқ деп
та-бады. Мысалы: қн (қын), қр (қыр), жлм (жылым), жлтр
(жыл-тыр), мсқ (мысық), бірақ мсығы, қры, жлымы, жлтры.
Бұл қазақ әліпбиіндегі әріптердің атауы туралы айтқан
Н.Уәлиұлының мына пікірлерінде жалғасын тауып жатады:
“Қазақ дауыссызда-ры әдетте жалаң түрде дыбысталмайды..,
біздің аңғаруымызша, сол тоғыз түрленудің ішінен
фонетикалық жағдайға неғұрлым тәуелсізі -бы».
Қазақ тіліндегі әрбір дауыссыз дыбысты жеке дыбыстағанда
қасына ы, і (к, г – әріптерін атағанда) қосып айтамыз. Олай
бол-са, Қ.Жұбанов айтқандай, бұл дауысты дыбыстарды буын,
не та-сымал үшін жазамыз деген дұрыс емес, “әр ережеге өзінің
әдісін шығарып алуға болады”.
Бірақ ғалым ы әрпінің бітеу буындардан қалмай жазылаты-
нын ескертеді: қарт – қарыт, арт – арыт, жұрт – жұрыт.
“Бітеу буынға ы жазсақ, бірдей естіледі деген болып шығады”.
Тегінде А.Байтұрсынұлы жазу нормаларын тиянақтағанда
халықтық тілге табан тіреп отырған: «Емле – жазу үшін шығарған
нәрсе, жазу – тіл үшін шығарған нәрсе. Олай болса тілді бұзып
емлеге ыңғайлау емес, емлені тілге ыңғайлау керек» деген.
Негізгі жол: айтылуы басқа сөздерді (мағынасы басқа бол-
сын, бір болсын) басқа жазу, айтылуы бірдей сөздерді (мағнасы
басқа болсын, бір болсын) бірдей жазу деп, ауызша тілмен жа-
зуды мейлінше жақындатуға тырысқан. Ендеше жоғарыдағы
сөздердің қазақ тілінің бұрынғы сөз сазында солай айтылуы
ғажап емес.
Ерін үндесімін таңбалау туралы. А.Байтұрсынұлы қазақ
тілі үндесімі тек екі түрлі: бірі жуан, екінші түрі жіңішке деп,
тек лингвалды сингармонизмді қазақ тілінің өзіндік ерекшелігі
екенін айқындағанын көреміз. Оған төмендегі пікірлерді
оқып, өз қорытындыларыңызды айтыңыздар.
“о – дыбысы сөздің бас буынында ғана естіледі. Басқа буын-
дарында һәм дауысты дыбыстардан соң қазақ өзгеше у әрпі ыу,
іу дыбыстарының тіркесінен тұрады дейді. “бас буыннан басқа
орында яки дауысты дыбыстан соң (о) жазылса, (ұ) қылып оқу
тиіс”.
«Алыб демей, алуб десек, келіб демей, келүб десек, онда
алұу, барұу деуге болады. Оның үстіне алыуды – алыс, барыуды
– барыс, келіуді – келіс деген сөздермен алмастыруға болады.
214
215
Достарыңызбен бөлісу: |