Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



жүктеу 1,76 Mb.
Pdf просмотр
бет84/236
Дата03.10.2022
өлшемі1,76 Mb.
#39472
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   236
8e10fd01cc60087f7a7a338573861826 (1)

Екпін мен үндесім.
Егер қазақ тіліндегі басты суперсег-
ментті бірлік екпін емес, үндесім заңы болса, онда үндесім
заңы екпіннің сөзайырымдық қызметін атқара ала ма? Сөздің
бірыңғай сингармотембрмен дыбысталуы синтагмадағы өзге
бірліктерден айыра алмайтын сияқты. Мысалы: [жасылжәйлау
түктүгілем көккілем, көккілемде көбойнаймын көпкүлөм
маңдайымнан сыйпабөткөн самалды қазағымның алақаны деб-
білем] немесе [сеңгеше ғайдаболдұң], [елордасы астанадан
сөйлөптұрмыз] деген сөздегі жуан немесе жіңішке үндесімдегі
қатар келген екі сөздің жігін ажырататын және бейүндес буын-
ды сөздерді жеке фонетикалық сөз ететін үндесім заңы болып
138
139


тұр ма? [сеңгеше] сөзіндегі үндес лексемалардың аражігін
ажыратып тұрған – әрқайсысының өз екпіні. Сонда қазақ тілі
просодикасындағы негізгі сипат – сингармонизмде болса, ол
проф. Ә.Жүнісбек айтқан сөз мағынасын танытатын, сөз жа-
сайтын, бір бүтін етіп ұстап тұратын қатырғы болса, олардың
сөйленістегі аражігін айқындап тұратын екпін болады. Сонда
екпін сингармонизмге қосалқы болады. Эксперименттік талда-
улар қазақ тіліндегі екі буынды сөздің ІІ-буынындағы дауысты
ұзақ болатынын, ІІ-буында дауысты ашық болса, І-буындағы
дауысты қысқа болатынын көрсеткен. Ендеше аяққы буындағы
дауыс созылыңқылығы екпінді хабарлайды.
Жалпы үндесім заңының дыбыстарды буын не сөзге бірік-
тіретін құрсау қызметін атқаруы, сөзді бір бүтін етіп тұратын
сипаты туралы қағида Ә.Жүнісбек есімімен бүгінде қазақ тіл
білімінде орнықты. Үндесім заңының алфавиттегі әріп санын
азайтуға, жазуда үнемділік заңын күшейтуге көмегі болаты-нын
А.Байтұрсынұлы, Ә.Жүнісбек әліпбилері дәлелдеді. Төте жазу
қазақ графикасы тарихында бірден-бір фонематикалық жазу
болды. “Графиканың жетілгенін аз әріппен тілдегі ды-быстарды
қаншалықты дәл, жеткілікті бере алды – сол арқылы
анықтайды”.
Үндесім заңдылығы қазіргі қазақ жазуында: 1) дауыс-ты
дыбыстардың жуан-жіңішке түрлеріне әріп арналумен; 2) <қ> <к>
<қ> <г> фонемаларына таңба берілумен; 3) түбірдің соңғы
буынының жуан-жіңішкелігіне қарай қосымшалардың
жалғануымен; 4) бейүндес буын жігінде

жүктеу 1,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   236




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау