«Казкоммерцбанк» АҚ



жүктеу 0,56 Mb.
Pdf просмотр
бет3/17
Дата20.11.2018
өлшемі0,56 Mb.
#22563
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

 

5

егер: 



•  олар Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін болса; 

•  Карточкалық операцияның шығындау  сомасы  Клиенттің  өз  қаражатынан,  Несиеден  жəне/немесе 

тиісті Карточка бойынша жинақталған Бонустар сомасынан асып кететін болса;  

•  Карточка құлыптанып тасталса/жойылып жібірілсе не оның əрекет ету мерзімі аяқталса; 

•  Карточкалық операция санкцияланбаған болатын болса. 

7.5.  Клиент  (жəне  Қосымша  Карточка  Ұстаушы – Шартпен  белгіленген  жағдайларда),  дұрыс PIN-кодты 

(оның  ішінде  САР  бағдарламасын  қолданып)  жəне/немесе  пароль-сөзді  жəне/немесе  Шарттың 

шарттарына  сəйкес,  оның  ішінде  Байланыссыз  Карточканы  пайдаланып  жүргізілген  Карточка 

Ұстаушының  қолын  жəне/немесе 3D Secure/SecureCode дұрыс  паролін  теруімен  расталған 

жəне/немесе егер Банкке əрекет жасалғанға дейін оларды оқшаулау немесе күшін жою туралы өтініш 

жіберілмесе,  Интернет  желісінде  Карточкалық  операцияларын  жасағанда  Карточка  Деректемелерін 

көрсету арқылы жүргізілген Карточкалық операциялар бойынша сөзсіз есеп айырысуға міндеттенеді. 

Өткізілген  Карточкалық  операция  бойынша  келіспеушілік  бар  болған  кезде,  Карточканы  Ұстаушы 

Карточкалық  операцияны  өткізген  күннен  бастап, 45 (қырық  бес)  күнтізбелік  күн  бойына  Банкке 

қолда бар құжаттарды (Слиптер, Чектер жəне т.б.) тіркей отырып, шағым беруге құқықты. 

Карточка  Ұстаушының  наразылығы  орынды  болған  жағдайда,  Банк  халықаралық  карточкалық 

жүйемен  қарастырылған  мерзімде  жүргізілген  тергеу  негізінде,  егер  ондай  өзгерту  енгізу  мүмкін 

болса, тиісті Карточкалық операцияны өзгертіп жоя алады. 

7.6.  Өткізілген Карточкалық операцияның күші жойылған жағдайда, Банк тиісті Карт-шотқа, Банкке келіп 

түсу мөлшері мен сомасы бойынша, Бенефициар қайтарған ақшаны аударады. 

7.7.  Карточкалық операция валютасын Карт-шотты жүргізу валютасына айырбастауды жүргізу тəртібі:  

7.7.1.  MasterCard  жəне Visa Карточкалық  Жүйелері  бойынша  шығыс  Карточкалық  операцияларын 

теңге/АҚШ  доллары/ағылшын  фунты/еуродан  бөлек  валютада  жүргізгенде,  ондай  валюта  тиісті 

Жүйенің  белгілеген  тəртібі  жəне  бағамы  бойынша  тиісті  Жүйемен  өзге  есеп  айырысу  валютасына 

айырбасталады. 

Егер  шығыс  Карточкалық  операциялар  валютасы  немесе  тиісті  Жүйенің  сондай  Карточкалық 

операциялары бойынша есеп айырысу валютасы жоғарыда аталған жағдайда Карт-шот валютасынан 

өзге  болса,  Карточкалық  операциялар  валютасын  немесе  тиісті  Жүйенің  сондай  Карточкалық 

операциялары  бойынша  есеп  айырысу  валютасын  айырбастау  Банкпен  Карт-шоттан  ақша  есептен 

шығарылған күнге белгіленген бағамы бойынша жүргізіледі.  

7.7.2.  American Express Карточкалық  Жүйелері  бойынша  шығыс  Карточкалық  операцияларын  сондай 

Карточканың  Карт-шотты  жүргізу  валютасынан  бөлек  валютада  жүргізгенде,  айырбастау  келесі 

шарттармен жүргізіледі:    

7.7.2.1.  егер  Карт-шот  теңгеде  жүргізілсе  жəне  Карточкалық  операцияның  валютасы  АҚШ  долларынан 

жəне Еуродан бөлек болса:  

-  Карточкалық  операция  валютасы,  айырбастау  үшін  Карточкалық  операция  сомасынан 2,5% 

көлемінде  комиссиялық  сыйақысы  алынып  (мұнда American Express Жүйесімен  айырбастау  үшін 

алатын  комиссиясы  Карточкалық  операция  сомасынан 1,5%; Банкпен    айырбастау  үшін  алатын 

комиссиясы Карточкалық операция сомасынан 1% құрайды) American Express бағамы бойынша АҚШ 

долларына айырбасталады; 

-  Карт-шот  валютасы  Қолданылатын  Тарифтерге  сəйкес  айырбастау  үшін  комиссиясы  алынып  Банк 

бағамы бойынша АҚШ долларына айырбасталады; 

7.7.2.2.  егер Карт-шот теңгеде жүргізілсе, ал Карточкалық операциялар АҚШ долларында (немесе Еурода) 

өткізілсе: 

-  Карт-шот  валютасы  Қолданылатын  Тарифтерге  сəйкес  айырбастау  үшін  комиссиясы  алынып  Банк 

бағамы бойынша АҚШ долларына (немесе тиістілігі бойынша Еуроға) айырбасталады;  

7.7.2.3.  егер  Карт-шот  АҚШ  долларында  жүргізілсе  жəне  Карточкалық  операция  валютасы  Еуродан  жəне 

теңгеден бөлек болса: 

-  Карточкалық  операция  валютасы,  айырбастау  үшін  Карточкалық  операция  сомасынан 2,5% 

көлемінде  комиссиялық  сыйақысы  алынып  (мұнда American Express Жүйесімен  айырбастау  үшін 

алатын  комиссиясы  Карточкалық  операция  сомасынан 1,5%; Банкпен    айырбастау  үшін  алатын 

комиссиясы Карточкалық операция сомасынан 1% құрайды) American Express бағамы бойынша АҚШ 

долларына айырбасталады; 

7.7.2.4.  егер  Карт-шот  АҚШ  долларында  жүргізілсе  жəне  Карточкалық  операция  Еурода  (немесе  теңгеде) 

өткізілсе: 

-  Карт-шот  валютасы  Қолданылатын  Тарифтерге  сəйкес  айырбастау  үшін  комиссиясы  алынып  Банк 

бағамы бойынша Еуроға (немесе тиістілігі бойынша теңгеге) айырбасталады;  

7.7.2.5.  егер  Карт-шот  Еурода  жүргізілсе  жəне  Карточкалық  операция  валютасы  АҚШ  долларынан  жəне 

теңгеден бөлек болса: 

-  Карточкалық  операция  валютасы,  айырбастау  үшін  Карточкалық  операция  сомасынан 2,5% 

көлемінде  комиссиялық  сыйақысы  алынып  (мұнда American Express Жүйесімен  айырбастау  үшін 

алатын  комиссиясы  Карточкалық  операция  сомасынан 1,5%; Банкпен    айырбастау  үшін  алатын 




 

6

комиссиясы Карточкалық операция сомасынан 1% құрайды) American Express бағамы бойынша АҚШ 



долларына айырбасталады; 

-  Карт-шот  валютасы  Қолданылатын  Тарифтерге  сəйкес  айырбастау  үшін  комиссиясы  алынып  Банк 

бағамы бойынша Еуроға айырбасталады;  

7.7.2.6.  егер  Карт-шот  Еурода  жүргізілсе  жəне  Карточкалық  операция  АҚШ  долларында  (немесе  теңгеде) 

өткізілсе: 

Карт-шот валютасы Қолданылатын Тарифтерге сəйкес айырбастау үшін комиссиясы алынып Банк 



бағамы бойынша АҚШ долларына (немесе тиістілігі бойынша теңгеге) айырбасталады. 

7.8.  Карт-шотты ақшамен толтыру, қолма-қол ақшамен немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына 

сəйкес  Карт-шотқа  қолма-қолсыз  ақша  аудару  арқылы  Клиентпен  немесе  үшінші  адаммен  жүзеге 

асырылады.  Банкке  Клиенттің  пайдасына  келіп  түскен  ақшаны,  Банк  барлық  қажетті  құжаттарды 

алып болған соң, 3 (үш) Банктік күннен аспайтын мерзімде, Банк тиісті реквизиттерін көрсете отырып 

аударады.  Егер  Карт-шотқа  келіп  түсетін  валюта,  Карт-шоттағы  валютадан  дараланатын  болса,  бір 

дерлікте Қолданылатын Тарифтерге сəйкес конвертациялағаны үшін сыйақыны ала отырып, Банктың 

конвертацияны  өткізетін  күні  тағайындалған  бағамы  бойынша,  Банк  түсетін  ақшаларды 

конвертациялауды жүзеге асырады. 

7.9.  Карт-шот бойынша Көшірме, Банктің ішкі құжаттарымен бекітілген тəртіпте ұсынылады. 

7.10.  Овердрафт  туындаған  кезде,  Банк  Овердрафтты  пайдаланғаны  үшін  Қолданылатын  Тарифтерге 

сəйкес  сыйақыны  есептеп  алып  қалады.  Карточканы  Ұстаушының  Овердрафтқа  жол  берген  əрбір 

жағдайы Шарттың жағдайын елеулі түрде бұзу болып есептеледі жəне оның соңы Банкпен жасалған 

Шарттың  бұзылуына  əкеліп  соғуы  мүмкін.  Карточканы  Ұстаушы  Карт-шот  бойынша  ақшаны 

шығындауды бақылай отырып жəне Карточкалық операцияны жүзеге асыру кезінде Банктің комиссия 

сомасын есепке ала отырып, Овердрафтқа жол бермеуге міндеттенеді. 

7.11.  Homebank.kz Қаржы порталын пайдалану арқылы, Карточкалық операцияны жүзеге асыру ерекшелігі, 

Шарттың №7 Қосымшасымен реттеледі. 

7.12.  Өзіне-өзі  қызмет  көрсету  режимінде,  Карточкалық  операцияны  жүзеге  асыру  кезінде  Карточканы 

Ұстаушы,  пайдаланылатын  техникалық  құралдардың  (Банкоматтар,  Банктік  киосктер  жəне  т.б.) 

нұсқаулығын қатаң сақтауға міндеттенеді. 

 

8.  Карточкалық операциялар бойынша лимиттер мен шектеулер 

8.1.  Клиент  Қосымша  Карточканы  Ұстаушының  Карт-шот  бойынша  ақшаны  пайдалануына  лимит 

тағайындауға құқықты. 

8.2.  Банк карточкаға қызмет көрсету пунктінде, Карточканы пайдалану арқылы өткізуге мүмкін болатын 

операцияға Тəуліктік лимит орнатады.  

8.3.  Клиент  Банкке  телефон  бойынша  Сөз-парольді  пайдалану  арқылы  хабарласып,  Карточка  бойынша 

операцияға Тəуліктік лимиттің күшін жоюды өтініп арыз жазуға құқықты. 

8.4.  Банк  Банктің  ішкі  құжаттарына  сəйкес  Карточка  бойынша  қолма-қол  ақшаны  алу  лимитін 

тағайындауға құқықты. 

8.5.  Банктің  қолма-қол  ақшаны  беру  пунктінде,  Банктің  ішкі  құжаттарымен  тағайындалғаннан  асып 

түсетін  сомадағы  Банктің  қолма-қол  ақшасын  Карт-шоттан  алу  үшін  Клиент  мұндай  Карточкалық 

операцияны  Банктің  қолма-қол  ақшаны  беру  пунктіндегі  жауапты  қызметкермен  алдын  ала  келісіп 

алуы қажет. 

8.6.  Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен тыйым салынған тауарлар мен қызметтерді 

сатып алуды қоса алғанда, Карточканы Ұстаушыға Карточканы құқыққа қарсы мақсаттарға, сондай-

ақ  Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес, Карточканы пайдалану арқылы жүргізу мүмкін 

болмайтын операцияларды өткізу үшін пайдалануға тыйым салынады.  

 

 

9.  Тараптардың жауапкершілігі 



9.1.  Егер  орындамаушылық/тиісті  жолмен  орындамаушылық,  Тараптардың  түсінігі  бойынша:  табиғи 

апаттар,  əлеуметтік  дүмпулер,  билік  органдары  мен  олардың  лауазымды  тұлғаларының  шешімі, 

соның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасының қаржылық 

ұйымдар  мен  қаржылық  рынокты  бақылау  жəне  реттеу  бойынша  Агенттігінің  Шарттың  мəніне 

тікелей қатысты қызметті шектейтін немесе тыйым салатын, Тараптарға қатыссыз себептер бойынша 

техниканың,  программалық  қамтамасыз  етудің  жəне  мəліметтерді  беру  жүйесінің  жұмыс  істемей 

қалуы  тудырған  басқа  жағдайлар  сықылды    қауқар  жетпейтін  күштің  салдары  болып  табылмаған 

болса,  Тараптар  Қазақстан  Республикасының  заңнамасы  мен  Шартқа  (Шарттың 2.4 тармағында 

жазылғандарды  есепке  ала  отырып)  сəйкес,  Шарт  бойынша  өзінің  міндеттемелерін  мұндай 

орындамаушылық/тиісті жолмен орындамаушылық үшін жауапкершілік жүгін арқалайды. 

Шарттың аталмыш тармағымен қарастырылған, қауқар жетпейтін күштің жағдайы туындаған кезде, 

Шарт бойынша Тараптардың өз міндеттемесін атқару мерзімі, осындай жағдайлар əрекет ететін уақыт 

бойына соншалықты түрде жылжытылады. 

9.2.  Банк мыналар үшін жауапкер болады: 



жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау