«КАЗКОММЕРЦБАНК» АҚ ТӨЛЕМ КАРТОЧКАСЫН ШЫҒАРУ МЕН ОҒАН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
ТУРАЛЫ ШАРТЫ
(СТАНДАРТТЫ ЖАҒДАЙ)
Аталмыш Келісім Шартпен (бұдан əрі мəтін бойынша – «Шарт») «Казкоммерцбанк» АҚ Visa Inc.,
MasterCard Incorporated жəне AMERICAN EXPRESS халықаралық төлем жүйесін жеке адамдардың
пайдалануына беретін төлем карточкаларын стандартты жағдаймен шығаруы жəне беруі, сондай-ақ
«Казкоммерцбанк» АҚ-ның көрсетілген төлем карточкаларына қызмет көрсету тəртібі анықталады.
1. Жалпы ереже
1.1. Шарттың жағдайы Банкпен стандартты формада анықталған.
1.2. Шартта пайдаланылатын барлық түсініктер, Шарттың №1 Қосымшасында анықталған маңызы
бойынша түсініледі жəне анықталады.
1.3. Карточканы шығару мүмкіндігін анықтау үшін Клиент Банкке арыз береді. Клиенттің арыз беруі Банк
үшін Карточканы шығару бойынша міндеттеменің автоматты түрде туындауын білдірмейді. Арызды
қабылдау туралы шешімді, Банктің ішкі құжаттарына сəйкес, Банк дербес түрде өз қалауы бойынша
қабылдайды. Клиент болып табылмайтын Клиенттің жəне/немесе Карточканы Ұстаушының Шартқа
қосылуы, төменде келтіріліп отырған тəсілдердің біреуімен жүзеге асырылады:
1.3.1. Банктің Клиенттің бірінші Арызын қабылдауы, Клиенттің Шартқа қосылуын білдіреді. Банк
Карточканы шығару туралы шешім қабылдағаннан кейін Арыз қабылданды деп есептеледі. Шарт
бойынша басқа Карточкаларды шығару туралы Клиенттің келесі Арыздары, қосымша шешімдер
шығару үшін Банкке Шарт аясында бағытталады.
1.3.2. Клиент болып табылатын Карточканы Ұстаушы, Карточканы алу туралы Ведомостке өз қолын қою
жолымен Шартқа қосылады. Мұндай жағдайда тараптар, Клиенттің Арыз беру сəтінен бастап
туындаған, Карт-Шотты ашу мен жүргізу, сондай-ақ Карточканы шығару бойынша Шарт жағдайлары
Тараптардың қатынасына қолданылатынын, осы арқылы тағайындайды.
Клиент болып табылатын Карточканы Ұстаушы, Карточканы алу туралы Ведомостке өз қолын қою
жолымен Шартқа қосылады. Мұндай жағдайда тараптар, Клиент болып табылатын Карточканы
Ұстаушыға Қосымша Карточканы шығару туралы Клиенттің Арыз беру сəтінен бастап туындаған,
Карт-Шотты ашу мен жүргізу, сондай-ақ Карточканы шығару бойынша Шарт жағдайлары
Тараптардың қатынасына қолданылатынын, осы арқылы тағайындайды. Қосымша Карточканы
Ұстаушының Шартқа қосылуы Банктің оның атына Карт-Шотты ашуына апарып соқпайды. Қосымша
Карточканы Ұстаушы, Қосымша Карточканы пайдалану арқылы Клиенттің Карт-шотын пайдалануға
Клиентпен уəкілеттеледі жəне Шарт бойынша Банк алдында міндеттемелер бойынша
жауапкершілікті Клиентпен ынтымақтаса отырып, өзінің атына сөзсіз міндеттеме қабылдайды.
Карточканы алғаны туралы Карточканы Ұстаушының басқа Ведомостке қол қоюы банктің ішкі
құжаттарымен қарастырылған жағдайларда (қайта шығарылатын Карточка бойынша не Клиенттің
атына шығарылатын Қосымша Карточка бойынша), Шарттың аталмыш тармағында анықталғандай,
Карточканы Ұстаушының Шартқа қосылған сəтінен бастап туындаған, Карточканы Ұстаушының
Шарт бойынша өз міндеттемесін қуаттауын білдіреді.
Шарттың аталмыш тармағының жағдайы, Шарттың 1.4. тармағында көрсетілмеген жағдайларда,
Тараптарға қатысты қолданылады.
1.4. Егер Карточканы Ұстаушыға, бұған дейін Банк пен Клиент арасында жасалған Шарт (осы Шарт
болып табылмайтын) негізінде шығарылған Карточка қайта шығарылған жағдайда, Карточканы
Ұстаушы Карточканы алу туралы Ведомостке қол қою арқылы, Карточканы Ұстаушы осы арқылы
тиісті Жүйенің Карточкасын шығару жəне қызмет көрсету бойынша Банк пен Клиент арасында басқа
шарттарды ауыстыратынына жəне оның жағдайы Карт-Шотты ашу мен жүргізу бойынша
Тараптардың қатынасына, сондай-ақ Шарттың басқа жағдайларын есепке ала отырып тиісті
Карточканы алғашқы шығару сəтінен пайда болған Карточканың шығаруға қолданылатынына
келіседі.
1.5. Осы арқылы Карточканы Ұстаушы, Банкте Клиент қол қойған Арыздың бар болуы не Карточканы
Ұстаушы Карточканы алу туралы Ведомостке қол қоюы Тараптардың Шартты жасау фактісінің
дəлелі болып табылатындығымен жəне тиісті Карточка (соның ішінде қайта шығарылған) бойынша
оның жағдайлары Тараптар үшін жарамды екендігіне сөзсіз жəне шақырусыз келіседі. Мұндай
дəлелдер, осындай Карточканы (соның ішінде қайта шығарылған) пайдалана отырып шығарылған кез
келген Карточкалық операцияларға тарқатылады.
1.6. Банктің Карточкаларға қызмет көрсету бойынша жекелеген қызметтерін ұсыну ерекшелігі, Шарттың
Қосымшаларымен жəне Банктің ішкі құжаттарымен реттеледі.
1.7. Шарттың барлық Қосымшалары, Банктің Арызды қабылдауы (Шарт жасалған жағдайда), Карточканы
алу Ведомостысы, сондай-ақ Несиелік шарттар, осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
2
2. Карточканы шығару
2.1. Карточканың жекелеген түрлерін шығару мен қызмет көрсету жағдайлары, оның ішінде түрлі жүйе
карточкаларының пакеттік құрамдастыру ерекшеліктері, пакеттік шығару жағдайы мен Карточкаға
қызмет көрсету, Шарттың Қосымшаларымен жəне Банктің ішкі құжаттарымен реттеледі. Шарт
бойынша барлық Карточкалар, Банкпен анықталған жағдайларды қоспағанда, Бонустық Карточкалар
сапасында шығарылады.
2.2. Негізгі Карточканы шығару кезінде, Банк Клиентке Карт-шот (сондай-ақ Ағымдағы Шот жəне/немесе
Кепілдік шоты – егер мұндай шоттарды ашу Шартпен жəне Банктің ішкі құжаттарымен талап етілетін
болса) ашады. Карт-шотты (Ағымдағы Шотты/Кепілдік-шотты) ашу үшін Клиент Банкке Банктің
ішкі құжаттарымен тағайындалған құжаттарды ұсынады.
2.3. Шартқа сəйкес валютасын Банк анықтайтын Бонустық Карт-Шотты қоспағанда, əрбір жекелеген
Карт-шотты жүргізу валютасын, Арызда Шарт жағдайларына сəйкес Клиент пен Банк бірігіп
анықтайды.
2.4. Клиент Негізгі Карточканы Ұстаушы болып табылады. Клиенттің Банкке берген арызының негізінде,
оның тілегі бойынша Карт-шотқа қосымша ретінде, Клиент көрсеткен тұлғаның атына (сондай ақ
Клиенттің өзіне Банктің ішкі құжаттарымен қарастырылған жағдайларда) Қосымша Карточка
шығарылуы мүмкін, олар өз кезегінде Қосымша Карточканы Ұстаушы болып табылады. Шарттың
талаптары, Қосымша Карточканы Ұстаушыға Шарттың 1-бабында келтірілгендерді есепке ала
отырып тарқатылады. Клиент пен Қосымша Карточканы Ұстаушы Шарттың талаптарын орындау
үшін Банктің алдында ортақ жауапкершілікте болады. Клиент Шарттың ережесін есепке алу
арқылы жазбаша арыз негізінде Негізгі жəне/немесе Қосымша Карточканы жойып тастауға құқықты.
Банкке өтініш жасаған жағдайда, Банк Қосымша Карточка Ұстаушына Карт-шотының нөмірін
хабарлауға құқылы. Осымен Клиент Банкке Қосымша Карточка Ұстаушы Карт-шотының нөмірін
хабарлау құқығын ұсынады.
2.5. Карточканы Ұстаушы Карточка шығарылған күннен бастап, 6 (алты) күнтізбелік ай мерзімінен аса
уақыт бойы, Карточканы алу үшін Банкке келмеген жағдайда, Банк Карточканы жойып жіберуге
құқықты. Бұл жағдайда Банктің Карточканы шығару мен қызмет көрсетуі үшін алған комиссия
қайтарылмайды.
2.6. Карточка Банктің меншігі болып табылады жəне Карточканы Ұстаушыға Карт-шоттағы ақшаға қол
жеткізу құралы ретінде ғана беріледі. Шартта көрсетілген жағдайларды қоспағанда, Карточканы
Ұстаушы ол жойылған жағдайда, сондай-ақ оның əрекет ету мерзімі біткен 5 (бес) күнтізбелік күннің
өтуі бойынша, Карточканы Банкке қайтаруға міндетті. Карточканың əрекет ету мерзімі оның
көрінетін бетінде көрсетілген.
3. Карточканы қайта шығару
3.1. Карточканың əрекет ету мерзімінің аяқталуы бойынша оны қайта шығару келесі тəртіпте жүзеге
асырылады:
3.1.1. Карточканың қайта шығарудың мүмкіндігі/мүмкін еместігі, Карточканың əрекет ету мерзімі
аяқталғанға дейінгі 30 (отыз) күнтізбелік күннен кем емес уақытта, Банктің ішкі құжаттарына сəйкес
Банкпен анықталады.
3.1.2. Егер Карточканы қайта шығару мүмкін болып жəне Клиент Карточканы қайта шығарудан бас
тартпаған болса (Шарттың 3.2. тармағы), Банк ол бойынша өтелмеген Қарызды, Несие/Жалақы-несие
мөлшерін жəне Клиенттің жеке қаражатын (тиісті Карточканың түріне қатысты түрде) сақтай отырып,
Карточканы қайта шығарады. Бұл жағдайда Банк Шарттың 4.5. тармағына сəйкес, Қолданылатын
Тарифтерге сай Карточканы қайта шығару үшін комиссияны ұстап қалуды жүзеге асырады.
3.1.3. Егер Карточканы қайта шығару мүмкін емес болатын болса, Карточканы қайта шығару жүзеге
асырылмайды жəне Клиент (сондай-ақ Шартпен тағайындалған жағдайларда – Қосымша Карточканы
Ұстаушы) Карточканың əрекет ету мерзімі аяқталғанға дейінгі 5 (бес) жұмыс күн ішінде ағымдағы
Қарыздарын жауып тастауға міндеттенеді. Шарттың аталмыш тармағымен қарастырылған
міндеттемесін Карточканы Ұстаушы орындамаған жағдайда, Шарттың тиісті бөлігі, Карточканы
Ұстаушы Шартты есепке алу арқылы Шарт бойынша өзінің міндеттемесін толық орындағанға дейін
əрекет ете береді.
3.2. Клиент Шартты бұзбастан Карточканың əрекет ету мерзімінің аяқталуы бойынша, оны қайта
шығарудан бас тартуға құқықты (егер Шартқа сəйкес, басқа карточкалар шығарылған болса). Клиент
American Express Жүйесінің Негізгі Карточкасын шығарудан бастартқан жағдайда, Негізгі Карточка
шығару жəне оған қызмет көрсету бөлігіндегі Шарт бұзылады, ал сол Негізгі Карточкаға шығарылған
American Express Жүйесінің Қосымша Карточкаларының күші жойылуы тиіс. Бұл үшін Клиент
Карточканың əрекет ету мерзімі аяқталғанға дейінгі 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде Банкке жазбаша
арыз ұсынады. Бұл кезде Карточканы қайта шығару жүзеге асырылмайды. Клиент (сондай-ақ
Шартпен тағайындалған жағдайларда – Қосымша Карточканы Ұстаушы) Карточканың əрекет ету
мерзімі аяқталғанға дейінгі 5 (бес) жұмыс күні ішінде ағымдағы Қарыздарын жауып тастауға
міндеттенеді. Шарттың аталмыш тармағымен қарастырылған міндеттемесін Карточканы Ұстаушы
орындамаған жағдайда, Шарттың тиісті бөлігі, Карточканы Ұстаушы Шартты есепке алу арқылы