29
«Казкоммерцбанк» АҚ-ның
төлем карточкасын шығару мен оған қызмет
көрсету туралы Шартына (стандарты жағдайына)
№12 қосымша
ЭСҚ ЖƏНЕ ЭСҚ БЕКІТІЛГЕН ҚҰЖАТТАРДЫ МОЙЫНДАУ ТУРАЛЫ ШАРТ
1.
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Осы Келісім(бұдан əрі – Келісім) Қаржылық порталдың көмегімен ЭСҚ шығаруға электрондық өтінім
берілген жəне Банк Келісім бойынша төлемді алған (төлемді алған сəттен) жағдайда, Банк пен Шартқа
қосылған Карточка Ұстаушының арасында жасалды деп саналады. Ол кезде Банктің Тіркеу куəлігін
тіркеуі, оны жəне Кілттер тасығышты беруі ЭСҚ шығаруға Өтініш міндетті түрде Банкке ұсынылған
жағдайда орындалады.
1.2. Карточка Ұстаушы үшін Келісім бойынша төлем жасау жəне Банктің ЭСҚ шығаруға электрондық
өтінімді қабылдауы Карточка Ұстаушы Келісімнің, Саясаттың шарттарымен танысқанын, олардың
мазмұнымен толық келісетіндігін, Шартқа толық қосылатынын жəне ол бойынша міндеттемелер
қабылдайтындығын растайды.
1.3. Келісім Карточка Ұстаушының ЭСҚ-мен бекітілген Электрондық құжаттарды ресімдеу, жолдау жəне
мойындау, Карточка Ұстаушының Банктің ЭСҚ-мен бекітілген Электрондық құжаттарды мойындау
мəселелерін реттейді.
2.
КЕЛІСІМДЕ ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ҰҒЫМДАР
Келісімде Шарттың №1 қосымшасында анықталған (Келісімде өзінің мағынасын сақтайтын) ұғымдардан
басқа, келесі ұғымдар пайдаланылады:
2.1. ЭСҚ шығаруға өтініш – кілттер жəне тіркеу куəлігін дайындауға, тіркеу куəлігін тіркеуге Банкте
ресімделген өтініш. ЭСҚ шығаруға өтініш Қазақстан Республикасының заңнамасында жəне Банктің
ішкі құжаттарында анықталған формада ресімделеді, оған Карточка Ұстаушының өзі қол қояды
(Келісімде белгіленген жағдайларды қоспағанда);
2.2. ЭСҚ жабық кілті – Тіркеу куəлігінің иесіне белгілі жəне ЭСҚ Құралдарын пайдаланып ЭСҚ
жасауға арналған электрондық сандық символдардың тізбегі;
2.3. ЭСҚ ашық кілті – кез-келген тұлға ала алатын жəне Электрондық құжаттағы ЭСҚ түпнұсқалығын
растауға, Электрондық құжатты растайтын Сертификатты сəйкестендіруге арналған электрондық
деректердің тізбегі;
2.4. Тіркеу куəлігі - Банк ЭСҚ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға
сəйкестігін растау үшін беретін қағаз тасығышта жасалған құжат жəне Электрондық құжат
(Сертификат). Деректерді берудің пайдаланылатын жүйесінің ерекшеліктерін есепке ала отырып,
Сертификатты Карточка Ұстаушының Электрондық құжатын шифрлау үшін де пайдалануға болады;
2.5. Электрондық құжат айналымының жүйесі – қатысушылардың арасындағы қатынастар Қазақстан
Республикасының заңнамасымен реттелетін осы Келісімге сəйкес берілген ЭСҚ пайдаланылып
жасалған Электрондық құжаттармен алмасу жүйесі;
2.6. Электрондық құжат айналымы жүйесінің қатысушысы – ЭСҚ пайдаланылып жасалған
Электрондық құжаттарды жинау, өңдеу, сақтау, беру, іздеу жəне тарату үдерістеріне қатысатын жеке
немесе заңды тұлға, мемлекеттік орган немесе лауазымды тұлға;
2.7. ЭСҚ Құралы – ЭСҚ жасау жəне түпнұсқалығын тексеру үшін пайдаланылатын бағдарламалық жəне
техникалық құралдардың жиынтығы;
2.8. Кілттер тасығыш – құрамына Карточка Ұстаушының ЭСҚ Ашық (жария) кілті кіретін
Сертификаттың жəне Банк ЭСҚ файлдары, сондай-ақ ЭСҚ жасау, ашып көру жəне пайдалану
мақсаттарына пайдаланылатын қызметтік файлдар, Сертификатқа сəйкес ЭСҚ Жабық (құпия) кілті
бар файлдар жазылған қорғалған сақтағыш (смарт-карта);
2.9. Регламент – Банктің куəландырушы орталық ретіндегі қызметтін регламенттейтін ішкі нормативтік
құжаты;
2.10.
Тіркелім – Банктің күші бар жəне қайтарылып алынған (күші жойылған) Тіркеу куəліктерін есепке
алу жүргізетін тіркелімі;
2.11. Кілттер тасығыштың Pin-коды – Банк Карточка Ұстаушыға Кілттер тасығышты барынша қауіпсіз
пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін бастапқыда берген, тек Карточка Ұстаушыға белгілі
құпия код;
2.12. Карт-ридер – Карточка Ұстаушы қолданатын қондырғыда өзінің ЭСҚ қолданып Электрондық
құжаттар жасау кезінде Карточка Ұстаушы қолданатын қондырғының Кілттер тасығыштағы чиппен
өзара əрекеттесуін қамтамасыз ететін электрондық-механикалық құрылғы;
30
2.13. Саясат – Банктің Регламенттің ережелеріне сəйкес Тіркеу куəліктерін шығарудың, тіркеудің жəне
қолданудың негізгі шарттары мен тəртібін анықтайтын ішкі құжаты болып табылатын, Банк берген
Тіркеу куəліктерін шығару, тіркеу жəне қолдану саясаты;
2.14. ЭСҚ пайдалану бойынша нұқсау – Электрондық құжаттарды ресімдеудің, Кілттер тасығышты
пайдаланудың техникалық ережелері мен тəртібін, сондай-ақ Тараптардың осы Келісімінің
шарттарын орындаулары үшін едəуір маңызы бар өзге де талаптарды белгілейтін, Банктің Карточка
Ұстаушы қолдануы міндетті құжаты.
3.
КЕЛІСІМНІҢ МƏНІ
3.1. Карточка Ұстаушыдан ЭСҚ шығаруға орындауға қабылданған Өтініштің негізіндегі осы Келісімнің
шарттары бойынша:
3.1.1.
Банк:
1)
келесі қызметтерді (бұдан əрі – бірге Қызметтер деп аталады) көрсетеді:
− ЭСҚ Құралдарымен Карточка Ұстаушының ЭСҚ Жабық жəне Ашық кілттерін, Ашық кілтке
сəйкес Сертификатты жасайды жəне оларды өзге де қажетті деректермен бірге Кілттер
тасығышқа жазады, Тіркеу куəліктерін қағаз тасығышта шығарады;
− жасалған Сертификатты Тіркелімде тіркейді жəне сақтайды, сондай-ақ Тіркеу куəлігінің қағаз
тасығыштағы көшірмесін сақтайды;
− қажет болған кезде, оның ішінде Электрондық құжат айналымына қатысушы үшінші тұлғалар
өтінім жасаған кезде əрбір Тіркеу куəлігінің (немесе Сертификаттың) кімге тиесілігін,
түпнұсқалығын жəне заңдылығын, сондай-ақ Жабық кілттің ЭСҚ Ашық кілтіне сəйкестігін
тексереді;
− Электрондық құжат айналымы жүйесінің Банктің тікелей қарауындағы бөлігіне Келісім бойынша
өзіне қабылдаған қызметтерге сəйкес қызмет көрсетеді;
2)
Карточка Ұстаушыға береді:
− қағаз тасығышта жасалған Тіркеу куəлігін, осы Келісімге сəйкес деректер жазылған Кілттер
тасығышты, сондай-ақ
− егер ол Карточка Ұстаушының ЭСҚ шығаруға берген электрондық өтінімінде көрсетілген болса,
Карт-ридерді оның меншігіне;
− ЭСҚ қолдану бойынша нұсқауды;
3.1.2.
Карточка Ұстаушы Келісім бойынша төлем жасайды.
3.2. Қызметтерді көрсету тəртібі Келісіммен, Саясатпен, Банктің өзге де нормативтік құжаттарымен,
Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
3.3. Берілген Кілттер тасығыштың, Тіркеу куəліктерінің, Карт-ридерлердің кездейсоқ жоғалу (жойылу)
жəне/немесе бүліну (бұзылу) тəуекелін олар Карточка Ұстаушыға берілген сəттен бастап Карточка
Ұстаушы көтереді.
3.4. Электрондық құжат айналымы жүйесінің қызметтері, жұмыс жəне қызмет көрсету ережелері
homebank.kz. Қаржылық порталында, банктік қызметтер ұсынудың ерекшеліктерін регламенттейтін
тиісті ішкі құжатта көрсетілген.
4.
ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖƏНЕ ШАРТТАРЫ
4.1. Банк ЭСҚ шығаруға электрондық өтінімді орындауға қабылдаған (Банкке ЭСҚ шығаруға электрондық
өтінім, оған барлық қажетті құжаттар Саясатқа сəйкес қоса берілген жəне Қызметтер үшін төлем
жасалған жағдайда) күннен 10 (он) жұмыс күнінің ішінде Карточка Ұстаушыға қағаз тасығышта
жасалған Тіркеу куəлігін, осы Келісімге сəйкес электрондық файлдар жазылған Кілттер тасығышты
жəне Кілттер тасығыштың Pin-кодын, Карт-ридерді (егер оны берудің қажеттігі туралы ЭСҚ шығаруға
берген электрондық өтінімінде көрсетілген болса), ЭСҚ қолдану бойынша нұсқауды береді.
4.2. Карточка Ұстаушы Банктің Карточка Ұстаушыға қағаз тасығышта жасалған Тіркеу куəлігін, осы
Келісімге сəйкес электрондық файлдар жазылған Кілттер тасығышты жəне Кілттер тасығыштың Pin-
кодын, Карт-ридерді, ЭСҚ қолдану бойынша нұсқауды жасау жəне беру бойынша міндеттемерді
тиісті түрде орындағанын жəне оларды қабылдап алғанын растап Кілттер тасығыштарды алу
ведомостына өз қолын қояды.
4.3. Кілттер тасығыштағы ЭСҚ əрбір Жабық кілті Кілттер тасығыштың Карточка Ұстаушы өздігінен
өзгерте алытын Pin-кодымен қорғалған.
4.4. Кілттер тасығыштағы ЭСҚ Жабық кілті жəне Кілттер тасығыштың Pin-коды құпия ақпарат болып
табылады. Кілттер тасығышта сақталатын ақпаратты өзгертуге, сондай-ақ Кілттер тасығышты үшінші
тұлғаларға беруге болмайды. Карточка Ұстаушының Кілттер тасығышты сақтау жағдайы оларға
үшінші тұлғалардың қол жеткізе алуын болдырмауы тиіс.
4.5. Тіркеу куəлігі жəне Сертификат жасалған сəттен 2 (екі) жыл ішінде жарамды. Карточка Ұстаушы осы
Келісім күшінде болған кезде күшінде болған мерзімдері аяқталған Тіркеу куəлігінің жəне