«Казкоммерцбанк» АҚ



жүктеу 0,56 Mb.
Pdf просмотр
бет11/17
Дата20.11.2018
өлшемі0,56 Mb.
#22563
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17

 

18

11.  Тəртіпке сəйкес, Карточка бойынша қолма-қол ақшалар аталмыш елдегі валюта түрінде беріледі. Кейбір 



елдерде  Карточка  бойынша  барынша  жоғары  қолма-қол  соманы  беру,  Карточкалық  операция  жүзеге 

асып отырған елдің заңнамасымен шектелуі мүмкін. 

12.  Банкоматпен  жұмыс  істеу  кезінде,  егер  қайтарылатын  Карточка  немесе  берілетін  ақша  белгілері 20 

секунд  бойына  Карточканы  Ұстаушымен  беру  құрылғысынан  алынбаса,  Клиенттің  ақшасын    сақтау 

мақсатында,  Карточка  жəне/немесе  ақша  белгілері  Банкоматтың  ішіне  тартылып  алынып,  арнайы 

бөлікте  ұстап  тұратын  қорғау  жүйесі  іске  қосылатынын  есте  сақтау  қажет.  Мұндай  жағдайда 

Карточканы Ұстаушы, бұдан əргі əрекеттер туралы хабарламаны білу үшін Банкпен байланысуы қажет.  

13.  Банкоматтың Карточканы немесе қолма-қол ақшаны ұстап қалу себептерін Банк барынша қысқа мерзім 

ішінде  анықтайтын  болады.  Карточканы  Ұстаушы  Банкке  ауызша  немесе  жазбаша  түрде 

хабарласқаннан кейін, Банк жедел түрде тиісті əрекеттерді қабылдайды. 

14.  Карточканы жоғалтқан немесе ұрлатқан жағдайда, сондай-ақ Карт-шотқа санкцияланбаған ену кезінде, 

оның  Ұстаушысы  шұғыл  түрде  Карточканы  құлыптау  тастау  жөнінде  Банкке  (Авторландыру 

орталығына  немесе  орналасу  орны  бойынша  Банктің  кез  келген  филиалына)  ауызша  (телефон  немесе 

байланыс жасаудың басқа арналары бойынша) немесе жазбаша талаптармен хабарласуы, не Карточканы 

құлыптап тастау туралы Электронды құжатты Homebank.kz. Қаржы порталына жөнелтуі қажет. 

15.  Банк құлыптап тастау туралы талапты уақытын белгілеу арқылы арнайы журналда тіркеуге алып  жəне 

оны Банктің ішкі жүйесіне жəне/немесе Жүйеге береді. Карточканы құлыптап тастау нөмірі Карточканы 

Ұстаушыға құлыптап тастау рəсімі аяқталған бойы бірден хабарланады. 

16.  Авторландыру  орталығына  телефон  бойынша  хабарласу,  мүмкін  болатын  кез  келген  даулы 

жағдайларды талдау үшін магнитті таспаға тіркеледі. 

17.  Банктің филиалына немесе Жүйенің кез келген Қатысушысына Карточканы құлыптап тастау талаптары 

бар  арызды  берген  жағдайда,  Карточканы  Ұстаушының  атынан  Жүйеге  Қатысушы  немесе  аталмыш 

филиал  берген  Авторландыру  орталығының  талаптарын  тіркеуден  кейін  ғана  құлыптап  тастау  күшіне 

енеді. 


18.  Клиенттің  қосымша  өтініші  негізінде  Карта  жойылғаннан  кейін  Банк  Карталық-шот  бойынша  жаңа 

нөмірі мен PIN-коды бар жаңа Карта шығарады. Бұл жағдай Виртуалды Картаның жойылуына қатысты 

ескерілмейді. Виртуалды Карта Ұстаушы картаны жабу жəне оның қызметін қайта іске қосу амалдарын 

өз  бетінше, Homebank.kz. Қаржылық  порталына  картаны  бабу  немесе  қайта  іске  қосу  туралы  нұсқау 

жолдау арқылы іске асырады. 

19.  Карточканы  құлыптап  тастағаннан  кейін,  Клиенттің  қосымша  арызы  негізінде  Банк  жаңа  нөмірі  мен 

PIN-коды бар Карт-шот бойынша жаңа Карточканы шығарады.  

20.  Карточканы  Ұстаушы  құлыптап  тастау  күшіне  енгенге  дейінгі  Карт-шот  бойынша  жүзеге  асырылған 

Карточкалық  операциялар  үшін  жауапкершілік  жүгін  арқалайды  жəне  құлыптап  тастау  күшіне  енген 

сəттен бастап ол жауапкершіліктен босатылады. 

21.  Банк  Карточканы  Ұстаушы  жол  берген  Карточканы  сақтау  кезіндегі  немесе PIN-кодтың  құпиялығын 

сақтамаудағы  салдыр-салақтығы  үшін  тіпті  Карточканы  құлыптап  тастаудан  кейін  де,  сондай-ақ 

Карточканы  Ұстаушының  саналы  түрде  құқыққа  қарсы  əрекеттер  жасағаны  анықталған  кезде, 

Карточканы Ұстаушыға қарсы жауапкершілік шарасын анықтауға құқықты. 

22.  Банк  карточканы  санкцияланбаған  түрде  қолданудың  алдын  алу  мақсатында,  карточкаларға  қызмет 

көрсету  Пункттерінің  желісі  бойынша,  құлыптанып  тасталған  Карточканың  реквизиттерін  жөнелтуге 

құқығы бар. 

23.  Карточканы қызмет көрсету Пунктінде ұстап қалу мына жағдайларда жүзеге асырылады, егер: 

•  Карточка құлыптанып тасталған болса; 

•  Карточканы  ұсынушы  Карточканы  Ұстаушы  (негізгі  немесе  қосымша)  болып  табылмайтын 

болса; 

•  Карточканы  Ұстаушы  Карточкалық  операцияны  өткізгеннен  кейін,  Карточканы  қызмет 



көрсету Пунктінде ұмытып кеткен болса. 

24.  Карточканы  ұстап  қалған  жағдайда,  Карточканы  Ұстаушы  Банкке  (жəне  тиісті  жергілікті  банкке) 

ауызша (телефон бойынша) немесе жазбаша түрде хабарласады. 

25.  Карточканы  ұстап  қалу  себебін,  Банк  Карточканы  Ұстаушы  Банкке  немесе  жергілікті  банкке 

хабарласқан күннен кейінгі келесі Банктік күннен кешіктерместен анықтайды. 

26.  Ұстап қалған Карточканы қайтару, Банктің, жергілікті банктің немесе Банктің (ұстап қалған Карточканы 

Банкке  жеткізген  жағдайда)  немесе  Карточканы  Ұстаушының  карточкасына  тікелей  қызмет  көрсету 

Пунктінің шешімі бойынша, алғаны туралы қол хаты алынып болған соң қайтарылады. 

27.  Карточкада  оның  əрекет  ету  мерзімі  аяқталатын  айы  мен  жылы  көрсетіледі.  Карточка  көрсетілген 

жылдың,  көрсетілген  айының  соңғы  күні  біткенге  дейін  жарамды  болып  табылады.  Барлық  мерзімі 

өткен Карточкалар құлыптанып тасталады жəне Банкке өткізілуге жатады. 

28.  Банк пайда болған даулы жағдайларды реттеп болғанға дейін, Карточканы уақытша құлыптап тастауға 

құқықты. 

29.  Карточканы  Ұстаушы  Карточканы  пайдаланудан  бас  тартқан  жағдайда,  Карточканы  жою  жəне  өткізу, 

сондай-ақ Карт-шотты жабу үшін Банкке хабарласады. 



 

19

30.  Берілген  Карточканы  ауыстыру  (əрекет  ету  мерзімінің  аяқталуы  бойынша  Карточканы  қайта  шығару 



жағдайын  қоспағанда)  немесе  жоғалғанның  орнына  жаңа  Карточканы  шығару,  Клиенттің  жазбаша 

арызы негізінде жүзеге асырылады. 

31.  Карточка,  егер  оның  əрекет  ету  мерзімі  аяқталса,  Карточка  зақымданса, PIN-кодтың  құпиясы ашылса, 

Карточканы Ұстаушы PIN-кодын ұмытып қалса, сондай-ақ Клиенттің қалауы бойынша ауыстырылады. 

Ауыстырылатын Карточка Банкке өткізуге жатады. 

32.  Карточканы  Ұстаушыға  Карт-шот  бойынша  ақшалардың  есебін  білу  жəне  мүмкін  болатын  дауларды 

реттеу үшін Слиптер мен Чектерді сақтап қоюға кеңес беріледі. 

33.  Карточканы  пайдалануға  қатысты  барлық  мəселелер  бойынша,  Карточканы  Ұстаушы  Банкке 

хабарласып отыруы тиіс. 

34.  Жүйе  бойынша  ақпараттарды  жəне  жүзеге  асырылған  Карточкалық  операциялар  бойынша 

Көшірмелерді  дер кезінде алу мақсатында, Карточканы Ұстаушы тұрып жатқан мекен жайы, телефон 

нөмірі, электронды мекен жайы e-mail, факс нөмірі өзгерген жағдайда, Банкке хабарлайды. 

35.  Карточканы Ұстаушыға берілетін ай сайынғы (міндетті) Көшірмеде, төмендегілер келтіріледі: 

• 

бітіп жатқан күнтізбелік айдың басы мен аяғында Карт-шот бойынша қалған қалдық ақша; 



• 

айдың соңында бар болған Қарыз бен Банкке есептелген сыйақы сомасы; 

• 

Карт-шот  бойынша  жүзеге  асырылған  есептеу  мен  аяқталған  есептік  кезеңдегі  ақшаларды 



шығарып тастау; 

• 

Карточкалық операциялар бойынша мəліметтер: Карточка нөмірі, Сауда жəне қызмет көрсету 



Кəсіпорындарының  атауы  немесе  қолма-қол  ақшаны  берген  иегер – банктің  желісі,  датасы, 

Карточкалық  операцияның  сомасы  мен  валютасы,  Карт-шотты  жүргізу  валютасындағы  оның 

баламасы, Карточкалық операция бойынша Банкке тиесілі немесе ұсталып қалған сыйақы.  

36.  Карт-шот бойынша ай сайынғы Көшірмені Карточканы Ұстаушыға Банктің қызмет көрсететін филиалы 

ұсынып отырады, мұнда Карточканы Ұстаушымен келісім бойынша филиалға келген кезде жеке түрде 

қолына беріледі немесе почта арқылы (Клиент почталық шығындарды төлеген жағдайда) жөнелтіледі. 

37.  Карт-шот  бойынша  қосымша  Көшірме,  Карточканы  Ұстаушы  Банкке  арыз  жазып  хабарласқан  күннен 

бастап 10 (он)  Банктік  күн  ішінде  Қолданылатын  Тарифтерге  сəйкес,  ақылы  негізде  ұсынылады  жəне 

соңғы он екі күнтізбелік ай мерзімін қамтиды. 

38.  Homebank.kz  Қаржы  порталында  Карточкалық  операцияны  жүзеге  асыру, Homebank.kz Қаржы 

порталына орналастырылған анықтамалық ақпарат пен нұсқаулықтарға сəйкес жүзеге асырылуы қажет.  

39.  Карточка бойынша банк орнатқан операцияның Тəуліктік лимитінен асып кететін сомаға Карточкалық 

операцияны жүзеге асыру үшін Карточканы Ұстаушы мыналарды жасай алады: 

егер  осындай  Карточка  алынған  болса  жəне  ол  бойынша  операцияның  Тəуліктік  лимиті  əлі 



таусылмаған болса, Карточкалық операцияны Қосымша Карточканы пайдалану арқылы өткізуіне 

болады; 


Шарт  жағдайына  сəйкес,  операцияның  Тəуліктік  лимитін  уақытша  тоқтата  тұру  туралы  Банкке 

арыз жазып хабарласа алады.. 

40.  Карталық-шотты  толықтыру  үшін  өзіне-өзі  қызмет  көрсету  тəртібін  қолдану  барысында  Банкоматтың 

кейбір ақша белгілерін (купюраларын) қабылдамауының алдын алу мақсатында елеулі бүліну белгілері 

бар (мыжылған, жыртылған, кірленген, түсін өзгерткен, қатты үйкеліп кеткен жəне т.б.), сонымен қоса, 

қолданыста  болмаған  жəне  статикалық  электрлену  салдарынан  жабысып  қалуы  мүмкін  жаңа  ақша 

белгілерін қолданудан бас тарту ұсынылады.  

41.  Клиентке  Жалақы  несиесі  берілген  жағдайда,  Карталық-шот  Көшірмесінде  белгіленген  Жалақы 

несиесінің  сомасы  жəне  Клиенттің  өз  ақшасының  қалдығы  көрсетіледі.  Осыған  қоса,  Карта  қолдану 

арқылы  ақша  жұмсауға  бағытталған  Карталық  операцияларға  қол  жетімді  аталған  ақша  сомаларын 

қамтитын жалпы ақша сомасы белгіленеді.  

42.  Карта  Ұстаушының  Картаны  Қазақстан  Республикасының  қолданылудағы  заңы  бойынша  тыйым 

салынған  қызмет  көрсету  түрлеріне  жəне  тауарларға  төлем  жасау  сияқты  заңға  қайшы  келетін 

мақсаттарда қолдануға тыйым салынады. 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау