Kazenergy #39 re re indd Сауат Мыңбаев



жүктеу 13,46 Mb.
Pdf просмотр
бет10/38
Дата23.01.2020
өлшемі13,46 Mb.
#27182
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38

мұнайқұбырын  кеңейту  жөніндегі  жоба  Ад-

жип  компаниясының  қаржыландыруы  мен 

әріптестігінің  арқасында  іске  асырылғанын 

айтқан жөн.

Сондай-ақ,  2009-шы  жылдың  соңында 

Атырау  мұнай  тарату  стансасында  қайта 

ашылған  екіжақты  ағызу-құю  №1  эстакада-

сын  (АҚЭ)  «ҚазТрансОйл»  «Теңізшевройл» 

ЖШС-мен  бірлесе  іске  қосты.  Атырау  МТС-

дағы  №1  ағызу-құю  эстакадасы  1969-шы 

жылы  тұрғызылғанымен,  алғашқы  жөндеу 

жұмыстары  Құмкөл  мұнайын  құюға  қолдану 

үшін  2001-ші  жылы  жүргізілген.  2009-шы 

жылы «Теңізшевройл» ЖШС-ның қаржысына 

жүргізілген  эстакаданы  жаңарту  және  қайта 

қалпына  келтіру  жұмыстарының  арқасында 

теңіз  мұнайын  сыртқа  шығарудың  мөлшері 

едәуір  артты.  Бір  ретте  60  теміржол  ци-

стерналарын 

толтыруды 

қамтамасыз 

ететін  терминалдың  бұрынғы  мұнай  құю 

құрылғылары  халықаралық  стандарттарға 

сай  келетін,  алдыңғы  технологиямен 

жабдықталып,  жұмыс  үдерісін  бақылауға 

ыңғайлы,  SCADA  мониторлы,  автоматты 

жүйе енгізілді. Ол арқылы қажетті өлшемдер 

мен  есептерді  шығару,  тиелетін  жүктердің 

құжаттарын  тіркеу  жұмыстары  атқарылады. 

Дәл  қазір  терминалдың  жүк  өткізу  мүмкіндігі 

жылына 5 млн тонна мұнайға жетіп отыр. «Аты-

рау»  МТС-ның  №1  эстакада,  резервуарлық 

паркі  және  өндіріс  ішіндегі  инфрақұрылымы 

мұнай  сапасын  жүк  тасымалдаушы  алғанша 

сақтауға мүмкіндік беретінін айта кеткен жөн.

«ҚазТрансОйл»  АҚ  алдағы  уақытта  Атырау 

МТС-дегі  №2-ші  эстакаданы  қайта  қалпына 

келтіріп,  жаңартуды  жоспарлап  отыр.  №1 

эстакаданы толық жаңартудан өткізу енді Аты-

рау МТС-ін толықтай қайта қалпына келтіруді 

жалғастыруға  мүмкіндік  береді  және  Аты-

рау  құю-төгу  теміржол  желісінің  мұнай  өткізу 

қуатын ұлғайтады. Бұл жұмыстар «Қазақстан 

Темір Жолы» ҰК» АҚ-мен бірлесе атқарылып 

жатыр, өйткені, біз мұнай құбырлардың және 

теміржол  транспортының  тасымал  қуатының 

артқанын аса маңызды деп есептейміз.

Осындай  жоспарлардың  іске  асуы  ком-

пания  үшін  Атырау  МТС-ның  эстакадасы 

арқылы қашаған мұнайын өткізудің мөлшерін 

ұлғайтуға  септігін  тигізер  тиімді  мүмкіндік. 

Бүгінгі  күні  осы  мүмкіндік  Солтүстік-Каспий 

Операциялық 

Компаниясымен 

(NCOC) 

бірлескен  түрде  қаралып,  Қашаған  мұнайын 



Атырау-Самара 

және 


Қазақстан-Қытай 

мұнай  құбырлары  арқылы  өткізудің  тиімділігі 

есептеліп жатыр.

– Болат Исатайұлы, менің ойымша, 

компания үшін ең ірі жобалардың бірі 

Batumi  Holding  Industrial  Limitedті 

және  оның  активтерін  –  Батум 

мұнай терминалы мен Батум теңіз 

портын  меншігіне  алуы  болған 

секілді.  Сіздің  ше,  БНТ-нің  өзге  де 

экспорттық бағыттардағы нағыз 

мүмкіндігі қандай?

–  ҚазТрансОйл  ККСТ  құрылысын  жүргізудің 

мүмкіндігі  аясында  және  мұнайды  шетелдік 

нарыққа  шығарудың  жаңа  жолдарын  табу 

үшін осы активтерге барынша бәс тігіп отыр. 

Меніңше, БНТ – Қазақстан үшін стратегиялық 

маңызды  активтер  болып  есептелетінін 

баса  айтқым  келеді.  Болашақта  біз  оны  да-

мыта  түсеміз.  Осы  бір  үлкен  әрі  табысты 

транспорттық  желіге  теңіз,  теміржол  және 

автокөлік жолдары тоғысады. Яғни, біз бүгінгі 

күні  Грузиядағы  ірі  теңіз  порты  саналатын 

Батумидегі  күллі  тасымал  инфрақұрылымын 

меңгеріп  отырмыз.  Сол  арқылы  жаңа 

экспорттық терезе ашып, тек мұнай транзитін 

ғана  емес,  мұнай  өнімдерін  және  құрғақ 

жүктерді тасымалдауды қолға алдық.

Батум 


мұнай 

терминалының 

басты 

бәселекестік  тартымдылығы  Транскавказ  та-



сымал  бекеттеріндегідей  жүк  тасымалының 

жоғары  тиімділігімен  бағаланады.  Себебі, 

аса  үлкен  емес,  шағын  құбырлар  арқылы 

тасымалданатын  осы  желі  аса  ыңғайлы. 

БНТ  негізінен  Каспий  мұнайын  өткізудегі  ең 

жоғарғы  мүмкіндігі  жылына  15  млн  тонна-

ны құрайтын теңіз порты саналады. Мұндағы 

мұнайдың 22 түрін және сапасын сақтай оты-

рып, мұнай өнімдерін құю мен өзге жолдарға 

жеткізудің  мүмкіндігінің  барлығы  маңызды 

саналады.  Бұған  сыйымдылығы  300-ден  10 

мың  м3-қа  жететін  резервуарлық  парктың 

және  толық  көлемі  752  300  м3-тық  жылыту 

қондырғысы  бар  резервуардың  көмегі  тиеді. 

Оның  үстіне,  БНТ  Қара  теңіздің  Кавказдық 

жағалауындағы  қысымдалған  мұнай  га-

зын  тасымалдайтын  бірден-бір  терминал 

есептеледі. Бұдан бөлек, барлық құю эстака-

даларында  бір  уақытта  212  цистернаға  жүк 

тиеуге  болады.  Ал,  тәулігіне  850  цистернаға 

мұнай  құйылады.  Эстакадалар  бір  немесе 

бірнеше  резервуарға  қосылғандықтан  мұнай 

құю ісінің тиімділігін арттыра түседі. Сондай-

ақ,  барлық  эстакадалардағы  төменнен 

құю  құрылғысынан  бөлек  жоғарыдан  сору 

құрылғысын  да  қолдануға  болады.  Ауыр 

мұнайлар және жылбысқылығы жоғары мұнай 

өнімдерін жылытуға қолайлы көп деңгейлі, за-

манауи  эстакада  жұмыс  істеп  тұр.  2009-шы 

жылдың  есебі  бойынша  Батум  терминалы-

нан  мұнай  және  мұнай  өнімдерін  өткізудің 

мөлшері  6  млн  414  мың  тоннаны  құраған. 

БНТ арқылы 2009-шы жылы өткен мұнайдың 

ішінде  Қазақстандық  мұнайдың  үлес  алмағы 

68,25  пайызға  өсті.  Бұл  қазақстандық 

мұнайдың мөлшері 24% болған 2007-ші жыл-

мен салыстырғанда елеулі жетістік саналары 

сөзсіз.


Біздің 

болжамымызша, 

болашақта 

қазақстандық  мұнайдың  үлес  салмағы  Теңіз, 

Қарашығанақ,  Қашаған  және  КСКМ-нің  өзге 

де  кен  орындарынан  өндірілетін  мұнайдың 

арқасында  өсе  түседі,  өйткені,  «Ақтау  – 

Баку  –  Батуми»  бағыты  бойынша  тасымал-

данатын  мұнайдың  сапасы  сақталып  отыр 

және  БНТ-ның  өзге  де  бағыттармен  мұнай 

тасымалдауының ең негізгі ерекшелігі болып 

қала береді.



–  Болат  Исатайұлы,  сіздің  мұнай 

саласында  еңбек  еткеніңізге  22 

жыл,  мұнай  құбырында  16  жыл-

дан астам уақыт бойы еңбектеніп 

келесіз.  Ал,  «ҚазТрансОйл»  компа-

ниясы құрылғалы бері қажетті ма-

мандар  сапында  жүрсіз.  Осы  жыл-

дар  ішінде  түрлі  мамандықтарды 

атқардыңыз  –  монтаж  және 

құрылғыны  қамтамасыз  ету  сле-

сарлығынан  республикадағы  ең 

ірі  мұнайқұбыры  компаниясының 

атқарушы  директорлығына  дейін 

өстіңіз.  «ҚазТрансОйл»  АҚ-ның 

75  жылдық  мерейтойына  қандай 

тілек айтар едіңіз?

– Құбыр көлігінің 75 жылдығы – бұл біріншіден, 

осы  сала  ардагерлерінің,  турасын  айтқанда 

жұмысты ең алдымен өмір және тағдыр деп 

қабылдаған  кәсіби  мамандардың  мерекесі. 

Компанияның  жетістігі  туралы  айтқанда, 

және  тек  атаулы  күндерде  ғана  емес,  мен 

ұдайы  Иван  Дмитриевич  Касперді  ұдайы 

еске алып отырамын. Әр сөзімде ол кісіге де-

ген  құрметімді  білдіремін.  Ол  шындығында 

өз  заманының  әйгілі  тұлғасына  айналды, 

оның  жетістігі  көптеген  мұнайшылардың 

мұнай  саласының  тарихына  енуіне  жететін 

еді.  Бүгінгі  күні  оның  арамызда  жоқтығы 

ғана  өкіндіреді,  алайда  Иван  Дмитриевичтің 

Қазақстанның  мұнайқұбыры  магистралының 

жүйесін  құрудағы  және  дамуындағы  еңбегі 

ересен.


Мұнайқұбыр  көлігінің  мерейтойымен  еңбек 

жолы жарқын күнтізбеге толы адамдар Тарас 

Мәжитович  Қасымовты,  Фердинат  Абдрахи-

мович Мамоновты құттықтағым келеді. 

Олар 

мұнай 


құбырын 

жүргізу 


жұмысшыларының 

бірнеше 


ұрпағына 

нағыз  ұстаз  әрі  тәлімгер  болды.  Тарас 

Мажитович  Кеңес  Одағының  ыдырауы 

кезінде  ауыр  жылдары  «Южнефтепровод» 

өндірістік  ұйымы  басқарып,  экономикалық 

дағдарыс 

жағдайында 

өнеркәсіптің 

гүлденуіне,  магистральді  мұнай  құбырларын 

пайдаланудың  тұрақты  режимін  қамтамасыз 

етуге  қол  жеткізді.  Фердинат  Абдрахимович 

–  өмірлік  қуаты  мол  адам,  көптеген  белгілі 

жобалардың салынуына қатысып, басшылық 

етті.  Бүгінгі  күнде  де  ол  бұрынғысындай 

көптеген  компанияның  маңызды  жобаларын 

жүзеге асырумен белсенді айналысады.

«ҚазТрансОйл»  АҚ-ы  арқа  еті  арша,  борбай 

еті  борша  болып  еңбек  еткен  ардагерлердің 

бізге  қалдырған  лайықты  мұрасы  бол-

ды.  Мұнайгаз  саласы  көрегендерінің  тиімді 

тәжірибесінің және жас менеджмент қуатының 

арқасында  компания  бүгін  тұрақты  дамушы 

және  бәсекеге  қабілетті  өндірістің  бейнесін 

жасады.  Күн  өткен  сайын,  жыл  өткен  сайын 

тең үздіктерді таңдап және бір шыңды бірінен 

соң  бағындырып  ҚазТрансОйл  алға  қойған 

мақсатына  ұмтылып  барады.  Компанияда 

қызмет  еткен  жылдардың  ішінде  мен  ұдайы 

жетістікке мақтанып, әрдайым жауапкершілікті 

сезініп  жүрдім.  Осы  бір  мақтаныш  пен 

жауапкершілік  сезімдері  компанияның  бүкіл 

ұжымына  тиесілі  деп  ойлаймын.  Үлкен 

ұжымның  қолдауымен  «ҚазТрансОйл»  АҚ 

бүгінгі  күні  мұнайгаз  саласындағы  ең  үздік 

компания  болып  отыр.  Сондықтан  да  мен 

компанияның  бар  ұжымына  таусылмас  қуат, 

жаңа жетістіктер және кәсіби табыс тілеймін!

 

 125



KAZENERGY


жүктеу 13,46 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау