Kазақстан Республикасының бiлiм және ғылым министрлiгi


Металдар мен қорытпаларды өңдеу технологиясы



жүктеу 0,63 Mb.
бет2/2
Дата25.05.2018
өлшемі0,63 Mb.
#16955
1   2

2.3 Металдар мен қорытпаларды өңдеу технологиясы
2.3.1 Құю өндірісі

Машина жасауда және басқа да салаларда қолданылатын фасонды бөлшектердің сыртқы пішініне сәйкес дайындалған қалыптарға балқыған металды құю арқылы дайындамалар алу құю өндірісіне жатады.

Құю өндірісінде машина жасауда қолданатын дайындамаларды алу үшін сұр шойын, соғылымды шойын, аса берік шойындар, көміртекті және легірленген болаттар, алюминий, мыс, магний, титан, молибден және басқа тығыз балқитын металдар негізіндегі түсті металдар қорытпалары кеңінен қолданылады. Сапалы құймалар алу үшін қорытпалардың механикалық, физикалық, химиялық қасиеттерімен қатар технологиялық қасиеттері, атап айтқанда сұйықтай аққыштығы, шөгуі, ликвацияға бейімділігі, газды жұту қабілеті қойылған талапқа сай болу керек.

Құймаларды дайындау тәсілдері келесідей ажыратылады: құм-балшық қорамалары; металл қорамалары; қысыммен құю; қабыршықты қорамалармен құю; вакуумды сорғызу арқылы құю; сығыммен құю, т.б. Бұл тәсілдердің қолданылуы әртүрлі шаралармен: өндіру түріне байланысты (дара, серийялы, жалпылама); құймалардың салмағына қарай: ұсақ < 100 кг; орта < 1000 кг; ірі > 1000 кг; құйылу қабілетіне қарай: дәлдік және таза құйылуы, үнемділігі, т.б. қабылданады. Қорамалар жұмысқа жарамды мерзіміне қарай: (бір реттік; қайталанып қолданатын); құю алдындағы түріне қарай: құрғақ, кептірілген, дымқыл, химиялық қататын, өздігінен қататын және қолдан немесе машинамен жасалуына байланысты дайындау технологиясына қарай ажыратылады.

Құймалардағы ақаулар: газды қуыстар, құмды немесе қожды қуыстар, шөгу қуыстары, борпылдану; кеуектер, жарықшалар, артық кернеулер, кернеулік жетілмегендіктер. Жоғары сапалы таза құймалар темір қорамда, қысыммен құюда, қабыршықты қорамаларда т.б. тәсілдермен алынады. Кокиль құм-балшық қорамамен салыстырғанда жылу өткізгіштігі 60 есе көтеріңкі, қалыптасатын құрылым ұсақ түйіршікті, демек беріктігі жоғары. Басқа қорамаларда қолданылатын қосымша өзекшелер, т.б. жабдықтарды тілемейді, үнемді. Құймалар, шаң-тозаңнан таза, механикаландыру жолы да бар. Бірақ кокильдің кемшілігіне оның қымбаттығы жатады.

Құймаларды әртүрлі қорытпалардан дайындау. Болат құймаларды дайындау. Болат құймалардың құрамындағы көміртегінің мөлшерінің құймалық қасиетіне әсерін тигізуі. Көміртегі басым болаттың құймалық қасиеті жоғары, сұйықтай аққыштығы жоғары, балқу температурасы төмендейді, кристалдану температурасы ұзарады.

Алюминий қорытпаларынан құймалар дайындауда алюминий қорытпаларының салыстырмалы ұзаруы және қаттылығы жоғары болатындығын ескеру керек. Алюминий негізді қорытпаларды темір қорамға, қысыммен құмды қорамаларға құйып дайындайды. Құймалардағы шөгу кернеуін азайту үшін темірқорамды алдын ала қыздырады. Алюминий қорытпаларынан іштей жану қозғалтқыштарының блоктарын, блоктардың бастарын, сорғылардың корпусын, т.б. автокөліктердің, әуе көліктерінің және кеменің тетіктерін көлдайындайды

Құймаларды мыс қорытпаларынан дайындауда мыс қорытпаларының уақытша кедергісі, салыстырмалы ұзаруы, жегіделік және аз үйкелістік қасиеттері жоғары болады. Мыс қорытпаларынан құймаларды құмды және қабықшалы қорамаларға құйып дайындайды. Қалайылы қоладан тістергіштерді, мойынтіректерді, төлкелерді жасайды. Жездерді теңіздік кеме жасаудың әртүрлі арматураларын, төлкелерді және мойынтірек айырғыштарын, қысым бұрмаларын және илемді орнақтардың сомындарын жасау үшін пайдаланады.


Өзіндік тексеру сұрақтары
1. Құйманы алудың технологиялық процесін сипаттау. Құйма тетіктердің құрылымына қойылатын талаптар қандай?

2. Қорытпалардың негізгі құймалық қасиеттері неде?

3. Құйма алудың технологиялық процестерінің схемасын сипаттау.

4. Құйма алу тәсілдерін келтіріңіз, оның ішіндегі ең көп тараған тәсілді атаңыз.

5. Құю қорамалары мен өзектерді дайындауға жұмсалатын материалдар. Олардың қасиеттері қалай бақыланады?

6. Машинамен құю тәсілдерін атаңыз. Кез келген біреуінің жұмыс атқару принципін келтіріңіз.

7. Қорамаларды құрастыру және кептіру ретін атаңыз, қолданылатын құралдар мен жабдықтарды көрсетіңіз.

8. Құйманың кристалдану кезіндегі шөгуі, ондағы пайда болатын ақаулар түрлері. Құю температурасының құйманың сапасына тигізер әсері. Шөгу қуыстарының, ыстық және суықтай пайда болатын жарықшалардың, газды қуыстардың пайда болу себептері неде?

9. Қабықшалы қорамаларда құймалар алу технологиялық принциптерін сипаттаңыз, оның құндылығы мен кемшілігін көрсетіңіз.

10. Балқытылатын үлгілермен құймалар алу технологиялық принциптерін сипаттаңыз, оның құндылығы мен кемшілігін көрсетіңіз.

11. Темірқорамда құймалар алудың мәні неде? Шойынды құю кезінде қолданылатын жылуоқшаулағыш жабындар қандай?

12. Центрден тепкіш құю түрлері, сипаттамалары.


2.3.2 Металдарды қысыммен өңдеу технологиясы

Металдарды қысыммен өңдеудің физикалық-механикалық негізінен толық түсініктеме алу керек. Металдарды қысыммен өңдеу сыртпішін құру тәсілдерінің озық түріне жатады. Пластикалық деформациялау кезінде дайындамалар мен тетіктердің күрделі құрама пішінін аздаған шығынмен алу мүмкіншілігімен қатар олардың механикалық қасиеттері де көтеріледі. Морт металдар мен қорытпалар пластикалық деформациялауға жарамайды, себебі илемділігі жеткіліксіз. Металды пластикалық деформациялау үшін оның серпімділік шегінен жоғары және уақытша үзілу немесе қирау шегінен төмен кернеу қажет. Металдың пластикалық (қалдық) деформациясы түйіршіктердің ішінде және шекараларында болатын ығысудың салдары екенін еске ұстау керек.

Металдарды қысыммен өңдеу түрлеріне илемдеу, баспалау, соғу, қалыптау (көлемдік және табақтық) жатады.

Ұсынылған әдебиеттерден металдарды қысыммен өңдеу тәсілдерімен толық танысып оқу керек.

Қысыммен өңдеудің алдында металды қыздыру. Қыздыру кезінде металдар мен қорытпалардың деформациялану кедергісі азайады да илемділігі жоғарылайды. Қыздыру кезінде аса ескеретін жағдайға қыздыру температурасын қадағалау жатады. Егер металдар мен қорытпалар аса қыздырылып күйіп кетсе, ондай материалдың илемділігі жойылады да, ондай металл тек қайта қорытуға ғана жарайды. Аса төмен температурада қысыммен өңделген бұйымдарда жарықшалар пайда болады. Сол себепті қыздыру температурасын есепті температура аралығында ұстау қатты қадағалану керек. Сонымен қатар металдардың сапасына қыздыру жылдамдығы елеулі әсерін тигізеді. Бұл тақырыпты оқуда қыздырғыш қондырғылармен толық танысып, ерекшеліктеріне көңіл бөлу керек.

Илемдеу процесі кезінде металл айналмалы пішімбіліктермен пластикалық деформацияланады. Илемдеуді бойлық илемдеу, көлденең және көлденең- бұрамалы илемдеу деп үш түрге бөледі. Металл илемдеу процесі кезінде металл мен пішімбіліктер арасындағы үйкеліс күшінің әсерімен пішімбіліктер арасындағы саңылауға үздіксіз тартылып отырады. Илемдеу процесін жүзеге асыру үшін қажетті үйкеліс күштерін оқулықтардан қарастыру керек. Илемдеуге арналатын құралдар илемделетін пішіндерге байланысты тегіс – табақтар, таспалар үшін; сатылы – тілімді болаттар үшін; жылғалы – сұрыпты болаттар үшін болуы мүмкін. Илемдеу өндірісінің өнімдері табақты, сұрыпты және құбырлық болып бөлінеді.

Баспалау процесі металды суық және ыстық күйінде деформациялау арқылы жүргізіледі. Баспалау процесінің мәні жүксауыттың жабық кеңістігінен қималары әртүрлі - дөңгелек, шаршы және басқадай тесіктер арқылы металды сығып шығарып, соңынан профильдерге сәйкес пішін беру болып табылады. Баспалау арқылы илемдеумен алынбайтын пішіні күрделі профильдер дайындалады және илемдеумен салыстырғанда экономикалық тиімді. Баспалау арқылы иілімділігі төмен металл мен қорытпаларды деформациялауға болады. Қорғасыннан басқа барлық металдар мен қорытпалар ыстық баспақталады. Кемшілігі – металл шығыны басым келеді және қолданылатын құралдар тез істен шығады.

Соғып өңдеу тіреуше алаңшада жатқан өңделетін дайындаманы аспаптың бірыңғай соққылауы арқылы жүргізеді. Соғуды қолмен және машинамен атқарады. Соғу процесінің операцияларын оқу кезінде олардың ерекшеліктеріне көңіл аудару керек және ұсталық құралдардың (пневматикалық, буауалық тоқпақтар) қолданылуын ажырата білу керек.

Қалыптауды ыстықтай көлемді қалыптау және суықтай көлемді қалыптау деп ажыратады. Көлемдік қалыптау кезінде металдың пластикалық ағуы арнайы құрал- қалыппен шектеліп отырады. Соғу процесінен қалыптаудың айырмашылығы соылымдардың құрама пішіні дайын тетіктердің өлшеміне жоғары дәлдікпен жақындайды. Қалыптау дайындамасы ретінде дөңгелек, шаршы, тік бұрышты профильдердің илемдерін қолданады. Ыстықтай көлемді қалыптаудың технологиялық процесі металдарды дайындамаларға кесу, дайындамаларды қыздыру, қалыптау, термиялық өңдеу, соғылмаларды таза өңдеу операцияларынан тұрады. Суықтай көлемді қалыптауды өлшемдері үлкен емес соғылмалар үшін қолданады. Суықтай қалыптау кезінде металдың қалдығы азайады, бетінің сапасы жақсарады.
Өзіндік тексеру сұрақтары
1. Илемдеу, баспалау, соғу, қалыптау процестерінің мәні неде?

2. Қысып өңдеудің құю және кесіп өңдеу тәсілдерінен артықшылығы неде?

3. Металдарды ыстықтай және суықтай өңдеу түсініктемелерін беріңіз. Мұндай деформациялау түрлерінде кездесетін құбылыстар қандай?

4. Пластикалық деформацияның металдаң құрылымына, қасиетіне тигізер әсерлері неде?

5. Металдың пластикалық күйіне оның химиялық құрамы мен температурасының, деформациялау жылдамдығы мен дәрежесінің көрсетер әсерлері қандай?

6. Металдарды илемдеу және баспалау тәсілдерінің қайсысы оның иілімділік қасиетін арттырады және оның себебі неде?

7. Қысыммен өңдеу кезде металды қыздыру мақсаты неде? Қыздыру температураларын есептеу жолы. Өндірісте қолданылатын қыздырғыш құбырлар қандай?

8. Илемдеу технологиялық процесінің жалпы схемасын беріңіз.

9. Илемдеу, сымдау, баспалау процестерімен құбырларды алу технологиясының мәні неде?

10. Соғу процесінің мәні неде? Пневматикалық және буауалық тоқпақтардың жұмыс атқару принциптері қандай? Өнімдерінің пайдалану салалары.

11. Көлемді және табақты баспалау процестерінің мәні, қолданатын құралдар мен жабдықтар. Өнімдерінің пайдалану салалары.

12. Көлемді және табақты баспалау процестерінің схемаларын беріңіз.


2.3.3 Пісіру өндірісінің технологиясы

Пісіру деп молекулааралық және атомаралық байланыс күштерін пайдаланып металл бөлшектерін ажырамайтындай етіп біріктіретін технологиялық процесс аталады.

Пісіру процесі жүру үшін металдың беткі қабатындағы атомдарды активтендіру қажет екенін білу керек. Біріктірілетін беттерге атомаралық немесе молекулааралық байланыс тудыру үшін механикалық немесе жылу энергиясы жұмсалады. Пайдаланылатын энергия түріне байланысты пісіру тәсілі балқыта пісіру және қысыммен пісіру болып ажыратылады.

Балқыта пісіру тәсіліне электр доғасы, электрқожы, плазма, электрон сәулесі, лазер, газ жалыны, ж.б жатады. Балқыта пісіру түрлеріне толығынан сипаттама беріп, айырмашылығына көңіл аудару қажет.

Электр доғасын газды ортада жүретін электр тоғы ретінде қарастыруға болады. Доға – металдардың булары мен газдарынан иондалған атмосферадағы аса қуатты және тұрақты электр разряды. Доға разряды пайда болу үшін иондалған орта қажет.

Электродтың қасиеті өзек пен қаптама материалдарының химиялық құрамына байланысты. Доғамен пісірудегі электродтар балқымалы және балқымайтын болып бөлінеді. Балқымалы металл электродтары болаттан, мыстан, алюминийден, ж.б. тұрады, пісіру жігінің құрамына енетін қоспалы материал ретінде жүреді. Балқымайтын электродтар – көмір, графит, вольфрамнан жасалады, пісіру жігінің құрамына кірмейді.

Автоматты және жартылыай автоматты тәсілмен пісірудің мәні қапталмаған жалаңаш электрод сымы мен пісірілетін металл арасындағы доға түйіршіктелген флюстің астында жануында. Флюстің құрамына ферросилиций, марганец кені, известняк, доломит, плавикті шпат, глинозем болуы мүмкін. Газбен пісіру біріктіретін бөлшектерді жоғары температуралы газ жалынымен балқыту арқылы жүреді. Газ жалынын жанғыш газдың техникалық таза оттегінің атмосферасында жануы кезінде алады. Жанғыш газ ретінде ацетилен С2 Н4 пайдаланылады.

Плазма ағысымен жоғары температурада балқитын металдарды (молибден, тантал ж.б) немесе қалың жиектерді кеспей пісіруге болады.

Электрдоғалық разрядтың пайда болу кезінде электродтың материалдары қатты қызып буланады. Сол кезде электродтар арасында газ ағымы (аргон) үрленеді. Электрдтардың жанында осы булар ионданып үлкен жылдамдықпен қозғалатын жылтыраған жарық ағыс – плазма түзеді. Плазманы арнаулы плазма жанарғыштарында газды сығылған электрдоғасынан өткізу арқылы өндіреді (температурасы 20000 – 30000С). Плазма түзуші газ ретінде азотты, аргонды, гелийді, сутегіні немесе олардың қоспаларын пайдаланады.

Электрон сәулесі деп күшейген электр өрісінде катодтан анодқа шапшаң жылдамдықпен қозғалатын электрондардың сығылған ағыны аталады. Қыздыру температурасы 5000-60000С. Көбінесе бұл тәсіл радиоэлектроникада, аспап жасау саласында кеңінен қолданылады.

Қысыммен пісіруге созымтал металдарды пластикалық деформациялау арқылы пісіру жатады. Түйіскен беттерде пластикалық деформацияның әсерінен беткі қабаттағы атомдардың активті орталар саны көбейіп механикалық байланыс пайда болады. Электрондардың ара қашықтығы атомдардың радиусына сәйкестеліп пісіру жігінің құрылуына мүмкіндік туады.

Мұндай пісірудің басты факторына біріктірілетін элементтердің түйісу беттеріне түскен механикалық энергия мен қысым жатады.

Қысыммен пісіру түрлеріне: түйістіре пісіру, диффузиялы, суықтай, үйкеліспен, ультрадыбыспен, жарылыспен , ж.б. пісірулер жатады.

Түйістіріп пісіру тәсілдерін механикаландыру, автоматтандыру оңай. Мол өнімді әдіс болғандықтан зауыттарда ст3, ст5 көміртекті болаттардан, 25Г2с, 30Гс, 35Г2с төмен легірленген болаттардан арматураның шыбықтарын жасауда, сондай-ақ торларды, қаңқаларды (каркас), басқа да арматуралық конструкцияларда жинауда қолданылады.

Суықтай пісіру біріктіретін бөлшектерді қалыпты және төменгі температураларда қысым арқылы пісіру. Физикалық мәні біріктірілетін беттер арасында металдық байланыс түзілгенше жақындастыру болып табылады. Суықтай пісіруге жататын қорытпаларға қалыңдығы 0,2-15мм, түсетін күш салмағы 100-150МПа Аl, Zn, Pb, Cd, Cu, Ni жатады.

Ультрадыбысты пісіру ультрадыбыстық жиіліктегі механикалық тербелістердің әсерімен жүргізіледі.

Үйкеліспен пісіру күшпен сығылған қатты күйдегі екі дайындаманың өзара сырғанауы кезінде өтеді. Сырғанау кезіндегі үйкелістен туындаған жылудан біріктірілетін беттер қызады. Қызу мен қысымнан пластикалық деформация туындайды да, бірігу беттерінде металдық байланыстар пайда болады.

Үйкеліспен пісіру кескіш аспаптарды, біліктерді, поршеньдері бар сотанды (пуансон) пісіруде қолданады.


Өзіндік тексеру сұрақтары
1. Балқыта пісірудің физикалық мәні неде?

2. Пісіру астауындағы металдың кристалдану процесінің басқа металлургиялық процестен ерекшелігі неде?

3. Пісіру астауындағы металды ауадағы оттегіден, сутегіден және азоттан қорғау себебі неде?

4. Пісіру электр доғасының тұрақты жануына қандай жағдайлар жасалу керек?

5. Металл электродтарын қаптамамен сылаудың мақсаты және оның құрамы қандай?

6. Қолмен электрдоғалық пісіруде қолданатын электродтардың диаметрін қалай тағайындайды?

7. Флюстің астында автоматты пісірудің қолмен пісіруден артықшылығы қандай?

8. Электрқожды пісіруде жылу көзіне не жатады?

9. Қандай металдар мен қорытпаларды аргонды ортада, қандай металдар мен қорытпаларды көмірқышқыл газды ортада электрдоғалы пісіреді?

10. Газды пісірудің технологиялық ерекшелігін атаңыз.

11. Электрон сәулесімен пісірілген пісіру жігінің электрдоғалы пісірілген пісіру жігінен айырмашылығы неде?.

12. Не себепті қысыммен пісірілетін дайындама созымтал болуы керек?

13. Қысыммен пісіруде дайындамалар не себепті қыздырылады және ол үшін қандай жылу көзі пайдаланылады?

14. Болатты түйістіріп пісірудің мыс пен алюминийді түйістіріп пісіруден жеңіл болуының себебі неде?

15. Пісіру қосылыстарында жарықшалар туындайтын болаттар түрі.
2.3.4 Металдар мен қорытпаларды кесіп өңдеу

Кесіп өңдеу өлшемдік өңдеу тәсіліне жатады. Тетіктерді өлшемдік өңдеу процесі өндірісте пайдаланатын өңдеулердің негізі болып табылады.

Өңдеу процесін атқаратын металл кескіш білдектерді: сүргілеу, жону, жонғылау, тартажону, тесу, бұранда жону, ажарлау дер ажыратып, олардың қолданылуы бойынша кластарға бөлінуін толық игеру керек.

Механикалық өңдеудің мәні – бөлшек беттерінің пішінін, өлшемдерін және кедір-бұдырлығының дәлдігін талапқа сай келтіру үшін кескіш құрал мен дайындамалардың бетінен технологиялық әдіпті жоңқалап кесіп тастау.

Құралдардың негізгі кескіш элементтеріне кескіш жүз жатады.

Жоңқаларды әртүрлі жүзді және қажақты құралдармен түсіреді. Жүзбен өңдеудің ерекше өзгешеліктеріне өңдеу құралдарының белгіленген геометриялық пішіндегі өткір қиғыш жүзінің болуы, ал қажақпен өңдеу процесінде қажақ құралдарында әр жаққа бағытталған әр қайсысы микрожүз болып табылатын кескіш түйіршіктерінің болуы.

Жүзбен өңдеу тәсілдеріне жону, тесу, жонғыштау, сүргілеу және тартажону жатады. Қажақпен өңдеу тәсілдеріне ажарлау, жануыштау, асаажарлау процестері жатады.

Өңделетін бет жазық, цилиндрлі, конусты немесе күрделі қисық сызықты (тісті доңғалақтардың тістерінің беті, бұрандалар, бағдартқыштар (кулачки) пішінде болуы мүмкін.

Өңдеу түрлерінің барлығындағы негізгі қозғалыстарды ажырата біліңіз: басты кескіш қозғалысы (V→) және көмекші беріс (S→) қозғалысы. Басты қозғалыспен металды кесіп алып тастайды, ал көмекші қозғалыспен өңдеу аумағына дайындаманың келесі өңделмеген бөлімдерін берістейді.

Жону, тесу, жонғыштау және ажарлау прпоцестерінде басты және көмекші қозғалыстар бірге атқарылады, ал сүргілеу, жануыштау процестерінде беріс қозғалысы басты қозғалыстан кейін атқарылады.

Жұмыс атқару барысына қарай және қолданатын кескіш құралға байланысты басты қозғалыс пен беріс қозғалысы айналмалы, үдемелі, кідірмелі немесе аралас болып дайындамалар мен құралдарға бірдей қатысты болуы мүмкін.

Металл кескіш білдектер технологиялық тәсілдері бойынша жону, тесу, жонғыштау, ажарлау болып топталады. Әмбебаптық дәрежесі бойынша: әмбебапты білдектер, кеңінен қолданатын, арнайы бағыттық және арнайы болып ажыратылады.

Әмбебап білдектер кең атаутізімді көптеген операциялармен тетіктерді өңдеуге арналған. Кеңінен қолданатын білдектер көптеген дайындамалар тобына белгіленген жұмыс атқаруға арналған.

Арнайы бағыттық білдектер құрама пішіні ұқсас, бірақ өлшемі әртүрлі тетіктерді өңдеуге арналған. Арнайы білдектер типтік өлшемі бірдей тетіктерді өңдеуге арналған.

Жону арқылы атқарылатын операциялар: қыру - сыртқы беттерді өңдеу;

кеулей жону– ішкі беттерді өңдеу; жақтаулы кесу– жақтау беттерді өңдеу; кесу - дайындамаларды бөліктерге кесінділеу; бұрандакесу - бұранда жолдарын қию. Жону кезінде кескіш құрал ретінде кескіш қолданылады. Кескіштің бас бөлігін құрал-саймандық, шапшаң кескіш, болаттан, қатты қорытпалардан, минералкерамикадан, аса қатты материалдардан дайындайды, өзегін конструкциялық болаттардан жасайды.

Бұрғылау (тесу) дайындаманың тұтас материалында тұйық және өтпелі цилиндрлік тесіктерді алатын негізгі тәсіл. Тесу үшін қолданылатын құрал – бұрғы. Бұрғылау кезіндегі жоңқаның шығу қарқыны жонумен салыстырғанда ауырлау өтеді, себебі кесу ортасына салқындату сұйықтың түсуі де, жоңқалардан тазартылып отыру қарқыны да төмендеу.

Тесілген беттердің жоғары дәлдікпен өңделуін және аса таза болуын қадағалап бұрғылау операцияларынан кейін сол білдектерде үңгілеу немесе кеулей жонғыштау қолданылады.

Сүргілеу жазық және фасонды сызық беттерді, сонымен қатар жекеленген және аз сериялы өндірістерде әртүрлі бунақтарды өңдеуде қолданылады. Өңдеу жұмысы сүргілеу білдегінде атқарылады. Сүргілеудегі кесу процесі үзікті болады, жоңқаны кесіп түсіру тек қана кескіш пен дайындаманың бір-біріне қарсы қозғалу кезінде ғана іске асырылады. Жонғыштау өнімі жоғары және сыртқы, ішкі фасонды беттерді өңдеу үшін кеңінен қолданылатын тәсілге жатады. Өңдеу көпжүзді кескіш құрал - жонғыш арқылы іске асырылады. Әрбір кескіш тіс жонғыштың айналымында дайындамаға қадалады да белгіленген айналым бұрышының шегінде ғана кеседі, содан соң келесі қадалғанға дейін бос айналады.

Тартажону ірі сериялы өндірісте қолданылатын әртүрлі пішінді тетіктерді өңдейтін жоғары өнімді тәсілге жатады. Олар өңделетін беттің периметрінде қажетті тістер санымен формасы сәйкестелген күрделі көпжүзді құрал. Өңделетін бетке байланысты тартажону ішкі және сырттай болып ажыратылады. Ішкі тартажонуға тұйық контурдағы (дөңгелек тесіктер, көпқырлы тесіктер, шлицтер, шпонкалар т.б.) тетіктерді өңдеу жатады. Сырттай тартажону арқылы тұйық емес формадағы тетіктер өңделеді.

Ажарлау дайындамаларды өзара біріктірілген қажақты түйіршіктерден тұратын қажақ шарықтасымен өңдеу. Ажарлау процесінің негізгі қолданылуы – тетіктердің жоғары дәлдіктегі өлшемдіктері мен беттік жазықтығын қамтамасыз ету үшін таза және аса таза өңдеу.

Ажарлау арқылы өңдеу процесі кезінде деформацияланбайтын тек қана қатқыл тетіктер өңделеді. Бұл тәсілмен кішкене тесіктерді өңдеуге жарамайды, өңделетін беттер бір жазықтықта орналасуы керек.

Жануыштау беттерді қажақпен таза өңдеу процесі. Өңдеу құралы жануыштың бас бөлігінде орналасқан ұсақ түйіршікті қайрақшалар. Қайрақшалар айналуымен қатар өңделетін цилиндрдің бойымен ерсілі-қарсылы қозғалып орын ауыстырып отырады. Өңделетін тесіктің диаметрі 3-1000мм болуы және ұзындығы бірнеше метрге жетуі мүмкін. Жануыш қайрақшалары электрокорундтан, кремний карбийдінен және бакелитті немесе керамикалық байланыстырушылармен ұстатқан алмастан жасалады.

Асаажарлау жануыш сияқты беттерді таза өңдеу процесіне жатады. Бұл процесс арқылы қозғалыстағы дайындамалардың сыртқы және ішкі беттерін тербелмелі қайрақшалармен аса жетік ажарлау атқарылады. Асаажарлауда қолданатын қайрақшаларды электрокорундтан, кремний карбийдінен байланыстырушылар арқылы дайындайды. Кесудің басты қозғалысына қайрақшаның тербеліс қозғалысы жатады, оның өңдеу жылдамдығы 0,1-0,2м/с.


Өзіндік тексеру сұрақтары
1. Кесіп өңдеу тәсілдерін атаңыз, оларға тән кесу режімдері неден тұрады?

2. Жону, сүргілеу, жонғыштау, бұрғылау және ажарлау металл кескіш білдектеріндегі басты және қосымша қозғалыстарға түсінік беріңіз.

3. Жоңқалардың пайда болу процестеріне түсініктеме беріңіз. Жоңқалардың түрлеріне жону режімі мен өңделетін материалдың қасиетінің тигізер әсері қандай?

4. Кескіш құралдарды дайындауға қолданатын материалдар қалай таңдалады?

5. Металл кескіш білдектердің кластарын, қолдану бағытын көрсетіңіз. Топқа бөлу көрсеткішін атаңыз.

6. Металл кескіш білдектерде (жону, ажарлау) қолданылатын айлабұйымдарды атаңыз, қолданылуын көрсетіңіз.

7. Жону тобының топшаларға бөлінуі. Ажарлау білдектерінің топшаларға бөлінуі.

8. Жону-бұрандакескіш білдегінің құрылысын толығымен оқып, талдау. Жұмыс атқару принципі неде? Жону-бұранда кескіш білдектерінің негізгі түзілімдерін атау керек және әрбіреуінің атқарар ролі неде?

9. Бұрғылау процесіндегі негізгі операциялар. Тесікті бұрғылау кезіндегі басты қозғалыс пен көмекші қозғалысты схема түрінде көрсетіңіз.

10. Кеулей жону процесін сипаттаңыз. Қолданылатын құралдарды атаңыз. Өңделген беттің сапалығын қалай қамтамасыз ету керек?

11. Жонғыштау білдегінің жұмыс атқару принципі. Негізгі операциялар, қолданылатын құралдар мен білдектер түрі.

12. Қажақпен өңдеу түрлері. Цилиндрлі және жазық беттерді таза өңдеу тәсілдері қандай?

13. Жануыштау, ажарлау, аса ажарлау процестерінің мәні неде? Қайрақшаларды жасауға жұмсалатын табиғи және жасанды материалдар түрі.

14. Кесіп өңдеудің басқа өңдеу түрлерімен салыстырғандағы тиімділігі және кемшілігі неде?

ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі

1. Оханов Е.Л., Самсаев М.Б. Материалтану және конструкциялық

материалдар технологиясы.-Алматы, 2009.-229б.

2. Самыратов С.Т. , Темір-Алина Н.М., Тұрысбекова Б.Т. Құрылымдық

материалдар технологиясы.-Алматы, 2005.-258б.

3. Түленденова Н.Қ. –Материалтану және құрылымдық материалдар

технологиясы – Өскемен, 2010.–164 б

4. Түленденова Н.Қ. –Материалтану. Электронды оқу құралы, Өскемен, 2006.

5. Никифоров В.М. Технология металлов и других конструкционных

материалов. -Санкт- Петербург: Политехника, 2003г.-383с.

6. Түленденова Н.Қ. – Құрылымдық материалдар технологиясы, әдістемелік

нұсқау, 3 бөлім, 2009.–57б.
Қосымша

7. Технология конструкционных материалов. Учебник для машиностр. спец. вузов./Под ред. А.М.Дальского – М.: Машиностроение, 1990.- 448 с.

8. Казаков Н.Ф. и др. Технология металлов и других конструкционных

материалов. - М.: Машиностроение, 1990.-688с

9. Кнорозов Б.В и др. Технология металлов и материаловедение. - М.:

Металлургия, 1987.- 800с

10. Технология металлов и сварка./Под ред. П.И.Полухина - М.: Высшая

школа, 1987.- 800с.

11. Дриц М.Е., Москалев М.А. Технология конструкционных материалов и

материаловедение. - М.: Высшая школа, 1990.- 446с.

12. Кузьмин Ю.Е. и др. Технология металлов и конструкционные материалы. -

- М.: Машиностроение, 1981.-351с

13 Түленденова Н.Қ. – Металдар мен қорытпалардың құрылымын оқу және

термиялық өңдеу, әдістемелік нұсқау, 2 бөлім, 2008. – 24 б.

14. Справочник металлиста./ Под редакцией А.Г. Рахштадта – М.:

Машиностроение, т.2,т3.

15. Казахско-русский - русско-казахский терминологический словарь. Машиностроение, т.7; Горное дело, т. 19. - М.: Респуб. гос. изд-во Рауан.- Алматы, 2000.



Қосымша А


1- сурет. Темір-цементит диаграммасы
жүктеу 0,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау