Әрдайым бір-бірімен әрекеттестікте жұмыс жасайды.
Ашық түрде бір-біріне көмек көрсетеді және көмек алады, кері
байланысты жүзеге асырады, кеңестер береді, сыни ескертулер жасайды
және оларды тыңдайды.
Ортақ іске қосып жатқан жеке үлестері үшін бір-біріне сыйластықпен,
алғыспен қарайды.
Мысалы, балалар мен жалпы топтың актуалды даму деңгейі туралы
келісілген түсінік жасау, тақырыптық жобалар немесе бала дамуының жеке
білім беру жоспарын жасау арқылы топты және балаларды дамытуға ықпал
ететін келісілген әрекеттерді жоспарлау секілді, ортақ мақсатқа жету үшін
біртұтас кәсіби команда ретінде нәтижелі жұмыс істейді.
Мектеп мұғалімдері мен мамандары өздерінің, әрі жас педагогтардың
кәсіби құзыреттілігін жақсарту мақсатында жаңа педагогтармен тәлімгер
ретінде жұмыс істейді.
Жалпы білім беретін педагогтарға даму мүмкіндігі шектеулі баланы
нәтижелі оқыту мен тәрбиелеу үшін оның барынша ыңғайлы орын мен
жағдайды (педагогқа жақын, кейбір балалардан, қоздырғыш болатын заттардан
алыстау, тиімді жарықтандыру мен температура, т.б.) ескеру керек.
Мектеп мұғалімдері мен мамандардың командалық жұмысының бес негізгі
қағидаларын бөлуге болады:
инклюзивті білім беруді біртұтас психологиялық-педагогикалық
идеология және стратегия ретінде мойындау;
маманның шектес пәндерге қызығушылығы, әмбебаптық пен
жаңашылдыққа, жаңа білімдерді меңгеруге дайын болу;
команданың барлық мүшелерін сыйлау, өзара түсіністік, шынайылық,
өзара көмекке дайын болу;
білім беру үдерісіне команданың барлық мүшелерінің теңқұқылы
қатысуы,
ортақ жұмыстың нәтижелері үшін жауапкершілік;
команда мүшелерінің рөлдерін нақты бөлу, педагогикалық міндеттерді
шешуде көбіне олардың қатысуын қадағалау.
Мамандардың командалық жұмысының негізгі бағыттарын қарастырайық
[19]:
Бірінші бағыт: біртұтас инклюзивті білім беру траекториясы – мектепке
келгеннен оны бітіргенше. Берілген міндетті нәтижелі жүзеге асыру шарттары:
•
әрбір кезеңдерде қалыпты даму заңдылықтары мен кезеңдерін білу;
•
оқытудың мәжбүрлеген нормативтерін емес, әрбір жастың
психологиялық және педагогикалық міндеттерін түсіну;
•
«ерекше» балалардың ерекшеліктерінің себебі мен механизмдерін
түсінуге сүйене отырып, психикалық дамуының спецификасын есепке алу;
•
медикаментозды көмектің мүмкіндіктері мен қандай да бір даму
нұсқасының клиникалық көріністерін білу;
•
білім берудің әрбір сатысының білім беру міндеттерін есепке алу;
26
•
әр түрлі жас кезеңдерінде балалар ұжымындағы өзара әрекеттестік
дамуының кезеңдері мен заңдылықтарын білу.
Екінші бағыт: жалпы білім беретін мектептің инклюзивті кеңістікті
қалыптастыру жолдары:
•
әр түрлі тренингтерді, соның ішінде команда жасаутренингтері; топтық
пікірталастар; фокус-топтар; жеке кеңестер өткізу
•
кәсіби «шеберханаларда»; өзара қолдау топтарында жұмыс жүргізу
•
нақты проблемалы жағдайларды талдау.
Үшінші бағыт: инклюзивті білім беру үдерісінің мазмұны. Бұл аспекттк
пәнаралық қолдау әрекеттерінің нәтижелілігі анықталады:
•
инклюзивті білім берудің мазмұнды аймағын анықтайтын нәтижелі
мамандардың командасын жасаумен;
•
бала дамуының ерекшеліктеріне және білім беру ұйымының білім беру
ортасына, мектеп сыныптарының құрамдалуына адекватты қарым-қатынаспен;
•
даму мүмкіндігі шектеулі балаға көмектің көлемі мен тиімді
бірізділігімен;
•
бағдарламалық материалды жеткізу бірізділігі мен тереңдігі баланың
мүмкіндіктеріне сәйкес құрылуымен, білім беру бағдарламаларын дұрыс
модификациялаумен;
•
бірыңғай пәнаралық команда жағдайында әрекет ету үшін педагогтар мен
басқа мамандарды әдістемелік қолдау және біліктілігін арттырумен;
•
ата-аналар және олардың күткен нәтижелерімен психотерапевтік
жұмысымен.
Осындай арнайы ұйымдастырылған жұмыстың нәтижесінде даму
мүмкіндігі шектеулі баланың білім алу қажеттіліктерін түсінуге көмектесетін,
оның жеке даму бағдарламасын жоспарлауға мүмкіндік беретін барлық
мамандармен бала дамуының толық көрінісі жасалады.
27
Қорытынды
Жалпы білім беретін мектептердегі инклюзивті үдерісті сүйемелдеу
дегеніміз инклюзивті тәжірибені жүзеге асыратын әр түрлі ұйымдардың
пәнаралық өзара әрекеттестігінің көпдеңгейлі бір-біріне бағынышты жүйе
болып табылады. Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық
жұмысты кең мағынада қарастыру керек, себебі, міндетті түрде оның адресаты
тек балалар ғана емес, педагогтар, ата-аналар және олармен байланысатын
басқа да ересектер болады. Сәйкесінше, білім беру ұйымы дамуының
спецификалық міндеттеріне байланысты педагогтар мен мамандар жұмысының
ортақ мақсаты жасының, білім алу және басқа қажеттіліктерін қанағаттандыру
үшін балалар мен білім беру үдерісінің басқа қатысушыларын психологиялық-
педагогикалық сүйемелдеу жүйесін жасау болып табылады.
Инклюзивті мектептерде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді
ұйымдастыру – бұл, ең алдымен, даму мүмкіндігі шектеулі балалардың
актуалды жағдайы және жақын даму перспективалары тұрғысынан баланың
психологиялық-педагогикалық статусын жүйелі түрде қадағалау, балаларды
нәтижелі оқыту мен дамыту, нақты бір баланың оқыту, сөйлесу психикалық
күйінің проблемаларын шешу үшін әлеуметтік-педагогикалық жағдай жасау.
Сонымен қатар, жалпы білім беретін үдерісте даму мүмкіндігі шектеулі
балаларды нәтижелі педагогикалық қолдау, оларды қоғамда әлеуметтендіру
білім беру үдерісіне қатысушылардың, ең алдымен, мектеп мұғалімдерінің даму
мүмкіндігі шектеулі баламен жұмыс істеуге қажетті білім мен құзыреттілік
болған жағдайда ғана жүзеге асады.
Жалпы білім беретін үдерісте даму мүмкіндігі шектеулі баланы оқыту мен
тәрбиелеу барысында әр түрлі мамандар мен мектеп мұғалімдерінің өзара
әрекеттестігінің спецификасы болып білім беру үдерісіне барлық
қатысушылардың мұғалім-дефектологтың жетекшілігімен өзара тығыз
әрекеттесуі және білім беру, тәрбиелеу мен түзету міндеттерін бірігіп шешу
болып табылады.
28