56
АҚ мен ТЖ ИТШ жобалау нормаларының талаптары.
а) Шаруашылық нысандарын орналастыруға
Қала
тіршілігін
қамтамасыз
ететін
кəсіпорындар
Қазақстан
Республикасының Үкіметі анықталған тізбесіндегі қалалар шекарасында
орналастырады.
Қалаларды күнделікті жабдықтайтын тауарларды сақтауға арналған жаңа
база, қойма, таратқыш, мұздатқыш.
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тауарларды сақтау
нормасынан артпайтын көлемде жүргізеді. Оларды қала шегінде
орналастырады.
Категорияланған қалаларда ТЖ сораптау жəне техникалық станцияларын
ықтимал күшті қираулар аумағынан алыс жерге орналастырады. Қала
аумағында жолаушылар немесе жүк станциялары мен пристаньдарды, теңіз
порттарын қала аумағынан аулақ жерге орналастырылуы ұсынылады.
Қаладан тысқары жерлерге троллейбус, трамвай парктері жəне телефон
станциялары апарылады.
Демалыс лагерлері, пансионаттары, санаториялар, демалыс үйлері, базалар
жəне мемлекеттік азық-түлік жəне материалдық қорлары, жаңа категорияланған
нысандар, хабар беретін радио орталықтар, жылжымалы құрал резервтері,
байланыс тораптар станциялары, ҚƏУЗ, базистік қоймаларға ықтимал бүліну
аумағына орналастыруға тиіс.
Магистральдық (транзиттік) автомобиль жəне теміржолдарды қаладан
аулағырақ жерге төселуге тиіс. Ішкі қалалық желі сыртқы қалалық желімен
орайластырылуға тиіс.
Ықтимал апатты субасу аумағында жаңа құрылыс аудандарын,
категорияланған кəсіпорындар, материалдық жəне азық-түлік қоймаларын,
жылжымалы құрам тұрақтарын салуға рұқсат етілмейді. Аталған аумақтарға
тау-кен өндірісін салуға міндет етеді.
б) Қалаларды жоспарлау мен құрылыс салу
АҚ ИТШ жобалау нормалы талаптарын ескере отырып қалаларды
жоспарлау мен салу елді мекендердің зақымдалуын, халық шығынын азайтуға
жəне қысқа мерзімде ҚНжЕ жүргізу қабілеттілігін жүргізуге ықпал ететін
маңызды шаралар болып табылады. Жаңа қалалар онда 200-250 мың
тұрғындарды ескере отырып жобаланып салынады.
Қала аумағы əрқайсысы 250-ға бөлінген жекеленген оқшау тұрғын
алқаптарына (аудан, ықшам аудан) бөлінеді. Олардың арасындағы өрттен
қорғау бөліктері 100 м аспауға тиіс.
Үлкен көшелер (даңғылдар) 2 бағытта қаланың орталық бөлігінен сыртқы
аймаққа шығуды қамтамасыз етуге тиіс
.
Ішкі қалалық көлікті жерді сыртқы көлікпен, т/ж станциясынмен өзен
вокзалымен, əуежаймен, автовокзалмен сенімді жəне ыңғайлы байланыста
болуға тиіс.
Қаланың 1 км
2
алаңында өзеннің жалпы ағынына орай 3000 м
3
көлемдегі су
алабы. Осындай суат бір шақырым бойындағы өрт сөндіруді қамсыздандырады.
Жаңа көпірлер барлығының бір жарылыс пен құруын болдырмайтындай
57
қашықтықта салынуға тиіс.
в) Өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға
АҚ ИТШ жаңа шаруашылық нысандары жəне коммуналдық-энергетика
жүйесін, ғимарат пен құрылыс салу кезінде экономикалық тұрғыдан аса қажетті
жəне тиімді.
Өндірістік ғимараттарды салу мен жобалау кезінде жанбайтын немесе баяу
тұтанатын материалдан жасалған жеңіл қоршау құрғыларын пайдалану
ұсынылады.
Бұған пайдалану шарттарымен жол берілген жағдайда шатыр немесе жеңіл
жамылғы
астындағы
ашық
алаңдағы
технологиялық
қондырғыны
орналастырған жөн.
Азык-түлік жəне азық-түлік шикі заты қоймалар үшін тұрақ жайды таңдау
кезде сүрлен үлгісіндегі жəне резервуармен жабылған ғимараттарға
артықшылық беріледі, ғимарат бөлмелерінде есік жəне терезе ойықтары саны
шағын болуға тиіс.
Ғимарат пен құрылысты жобалау мен салу кезінде оларды радиоактивті
шаңнан, УЗ жəне бактериялогиялық қорғау бойынша шаралар жүргізуге тиіс.
г) Сумен жабдықтау бойынша
Сумен жабдықтау жүйесі қатардан шығуы кəсіпорынның тоқтауына жəне
кəсіпорын қирамаған жағдайдың өзінде өнім шығарудың жоғарылуына алып
келеді. АҚ ИТЖ сумен жабдықтау нормаларының тұрақтылығын көтеру
мақсатында мыналар қарастырылады:
- категорияланған қалалар мен нысандардың сумен жабдықтау жүйесін қайта
жобалауды оларда екі жəне одан артық су көзі орналастырылуы қажет, оның
бірі жабық үлгіде (жерасты) болуға тиіс;
- екі тəуелсіз көзден сумен қамсыздандыру мүмкін емес жағдайда бір су көзінен
жабдықтауға рұқсат етіледі, бұл жағдайда оған екі басты ғимарат
орналастырылуға тиіс, ал оның бірі ықтимал қирау аймағынан алысырақ жерде
болған жөн;
- сумен жабдықтаудың орталық жүйесінде су беру су қысымы мұнараларына
жетпей берілуге тиіс;
- орталықтанған сумен жабдықтау су айдау мұнараларынсыз жіберілуге тиіс;
- таза су көздері ауаның шаңнан тазалайтын желдеткішпен, қымтағыш
люктермен жəне жылжымалы ыдысқа су беру үшін икемделгіштермен
жабдьқталуға тиіс;
- өрт гидранттары, су құбырының жылжымалы нүктелерін ажыратуға арналған
қозғалтқыштар мүмкіндігінше ғимарат пен бөлме қираған кезде су баспаған
аумақта орналастырылғаны жөн.
д) Газбен жабдықтау жүйесіне
Қалалар мен шаруашылық нысандарына екі жəне одан əрі дербес
газқұбырлары арқылы газ беру екі жəне одан артық газ тарату станциялары
арқылы жүргізілуге тиіс, олар қаланың жобалық құрылыс аумағынан
мүмкіндігінше тысқары орналасуы тиіс.
Газ тарату станциялары мен нүктелер ажаратқыш автомат қондырғылары
бар жер асты айналмалы газқұбырымен жабдықталуға тиіс.