B) Олар теңізге ерте шықты, бірақ жолы болмады.
C) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
D) Өнімді еңбек атқарам десең, көпке сүйен.
E) Теңіздің суы мөп-мөлдір екен.
72_
Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
A) Ботагөз қиындықты көре жүре, Асқардан үмітін үзбеді.
B) Өзен суы жылдағыдан мол, сондықтан мұз ерте сөгілді.
C) Сабақ оқымай, бес алмайсың.
D) Жұмыстың ең ауыры осында болғандықтан, Ермек мұнда әдейі тіленіп келді.
E) Олар теңізге түсті, қайықпен жүзді.
73_
Төлеу сөзді белгілеңіз.
A) Ағатай-ау, мынау әнмен шақырып тұр ғой!
B) Рас, Сүгір аулынан шығып тұр.
C) Айтқаның шын болса, енді жүрші.
D) Менің аңғаруымша, сіз тарихқа ат салыспаған сияқтысыз.
E) Медников одан арғы тағдырын білмейтіндігін айтты.
74_
Қыстырма сөз қатысқан төл сөзді белгілеңіз.
A) –Сізге әдейі амандасқалы келдім, - деді Сәбит.
B) –Енді кері қайтуға бола ма?-деп сұрады жауынгер.
C) –Жоғары шық,- деді үйге кірген Асқарға Балтабек.
D) –Балуан, сені Паң шақырады, тез жүр!- деді бір жігіт.
E) –Менің аңғаруымша, сіз тарихқа ат салыспаған сияқтысыз.
75_
Төл сөзді сөйлемді белгілеңіз.
A) Оның ойын түсіну қиын.
B) «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманы келмеске кетті.
C) Балалардың соңғы ермегі – кітап оқу.
D) Сауатты болу дегеніміз – дұрыс жазып, дұрыс сөйлеу.
E) «Оған қалай жолығып жүрсіз?», - деп таңданды Бораш.
76_
Төл сөзді сөйлемді анықтаңыз.
A) «Қалауын тапса, қар жанады» деген мақал – үлкен философия.
B) «Айттым сәлем, Қаламқас» – махаббат әні.
C) Балық енді өрге қарай жүзеді.
D) – Киноға барайын деп едім, - деп жинала бастады.
E) Қоян «батыр» қорыққаннан зыта жөнелді.
77_
Берілген сөйлемнің төлеу сөзге айналғандағы дұрыс нұсқасы.
Тимур: «Мектеп үйден біршама алыс, сол үшін ертерек шығайық»,-деді.
A) Тимур мектептің алыс екенін айтты, сол үшін еретерек шығайық.
B) Тимур мектеп үйден біршама алыс екенін және ертерек шығу керектігін айтты.
C) Тимур ертерек шығу керектігін айтты.
D) Мектеп алыс екенін айтты Тимур, ертерек шығу керек.
E) Тимур айтты ертерек шығайық деп, мектеп біршама алыс екен.
78_
«Мен» есімдігі төлеу сөзде қандай өзгеріске түсетінін белгілеңіз.
A) маған
B) өзінің
C) оған
D) оның
E) мені
79_
Сөйлемді төлеу сөзге айналдырғанда жіктеу есімдігінің қалай өзгеретінін белгілеңіз.
– Одан арғы тағдырын мен білмеймін, - деді Медников.
A) өзінің
B) маған
C) мені
D) саған
E) оның
80_
Төл сөздегі бұйрық райлы етістік төлеу сөзде қандай өзгеріске ұшырайтынын белгілеңіз.
A) Өзгеріске түспейді.
B) Тұйық етістікке айналып, оған табыс не барыс септік жалғауы жалғанады.
C) Есім сөздерге айналады.
D) Есімше жұрнағы жалғанады.
E) Жедел өткен шақ жұрнағы жалғанады.
81_
Төл сөзді төлеу сөзге айналдырғанда, «кел» етістігінің өзгеру сипаты
- Сен де кел,-деп, Аталықты орындыққа еріксіз отырғызды.
A) келуін
B) келген
C) келеді
D) кел
E) келсін
82_
Тыныс белгілерінің дұрыс қойылғанын анықтаңыз.
A) Ол әндер ерлікті де елдікті де сұлулықты да сыйдырған.
B) Ол әндер: ерлікті де елдікті де сұлулықты да сыйдырған.
C) Ол әндер ерлікті де, елдікті де сұлулықты да сыйдырған.
D) Ол әндер - ерлікті де, елдікті де, сұлулықты да - сыйдырған.
E) Ол әндер ерлікті де, елдікті де, сұлулықты да сыйдырған.
83_
Бірыңғай мүшеге байланысты қойылған үтірді анықтаңыз.
A) Мұғалім де, инженер де осы үйден табылады.
B) Ал, бала, бүгіннен бастап малға ие бол.
C) Абай үйге кірді де, отырғандарға жағалай сәлем берді.
D) Көбінің жүзі ақшыл не қызғылт сары келген.
E) Мұғалімдер демалысқа шықты.
84_
Бастауыш та, баяндауыш та сын есімнен жасалғанда, бастауыштан кейін қойылатын тыныс белгі
A) қос нүкте.
B) үтір.
C) нүкте.
D) дефис.
E) сызықша.
85_
Қаратпа сөздерге қойылатын тыныс белгіні көрсетіңіз.
A) Сызықша.
B) Үтір.
C) Нүктелі үтір.
D) Қос нүкте.
E) Жақша.
86_
Құрмалас сөйлемнің баяндауышы сонша, соншалық, сондай сөздерімен аяқталса, олардан соң қойылатын тыныс белгісі
A) қос нүкте.
B) үтір.
C) нүкте.
D) дефис.
E) сызықша.
87_
Жалғаулықсыз қарсылықты салаласқа қойылатын тыныс белгісі.
A) Сұрақ белгісі, леп белгісі
B) Сұрақ белгісі, көп нүкте
C) Жақша мен үтір
D) Үтір мен сызықша
E) Сызықша, көп нүкте
88_
Автор сөзі төл сөздің ортасында тұрған жағдайда сызықшаның қойылуы
A) автор сөзінен кейін.
B) төл сөзден кейін.
C) автор сөзінің екі жағынан.
D) автор сөзінің алдынан.
E) төл сөздің алдынан.
89_
Ғылыми деректерде, қолжазбаларда уақыт әсерінен өшіп қалған сөздердің орнына қойылатын тыныс белгісін көрсетіңіз.
A) нүкте.
B) ештеңе қойылмайды.
C) сызықша.
D) көп нүкте.
E) нүктелі үтір.
90_
Біреуден жауап күтуді, сұрап білуді мақсат ететін сөйлемге қандай тыныс белгісі қойылатындығын көрсетіңіз.
A) нүкте.
B) нүктелі үтір.
C) леп белгісі.
D) көп нүкте.
E) сұрау белгісі.
91_
Ресми іс қағаздар стилінің қолданылу аясын көрсетіңіз.
A) Газет-журналда, жиналыстар мен митингілердегі сөздерде.
B) Адамдармен еркін әңгіме кезінде.
C) Іс қағаздарында, нұсқау хаттар мен кеңсе құжаттарында.
D) Ғылыми еңбектерде, ғылыми баяндамаларда.
E) Көркем әдеби шығармаларда.
92_
Көркем әдебиет стиліне тән белгіні көрсетіңіз.
A) Сөз деректі, образды мәнде қолданылады.
B) Үндеу мақсатында қолданылады.
C) Айтылатын ой тек тура мағынада қолданылады.
D) Ғылыми терминдер жиі кездеседі.
E) Сөз ресми сипатта болады.
93_
Публицистикалық стильдің қолданылу аясы
A) Бұқаралық ақпарат құралдарында
B) Новеллалар, әңгімелер, романдарда
C) Ғылыми баяндамаларда
D) Күнделікті қарым-қатынаста
E) Іс қағаздар, құжаттар мен заңдарда
94_
Ауызекі сөйлеу стилінің сипаты.
A) Тілдесу емін-еркін, бейресми түрде
B) Образды мәндегі қолданыс
C) Ресми, ақпараттық, дәл, нақты
D) Шақыру, үндеу
E) Арнайы терминдердің қолданылуы
95_
Көркем әдебиет стилінің тілдік құралдарын анықтаңыз.
A) ауыспалы мағына, көркемдік тәсілдер, суреттеме құралдары.
B) кітаби, ресми сөздер мен тіркестер, даяр тіркестер.
C) қарапайым сөздер мен сұраулы, лепті сөйлемдер.
D) риторикалық сұрақтар, стильдік қайталау, антитеза.
E) ғылыми терминдер, хабарлы сөйлемдер, диалог.
96_
Ауызекі сөзге ерекшелік беріп тұратын лексикалық тұлғаны көрсетіңіз.
A) Жергілікті сөздер.
B) Ғылыми терминдер.
C) Нақыл сөздер.
D) Бейнелі сөздер.
E) Тарихи сөздер.
97_
Бейнелеуіш, суреттеме, көркемдегіш құралдар еркін қолданылатын стиль түрі
A) Көркем әдебиет стилі
B) Ғылыми стиль
C) Ауызекі сөйлеу стилі
D) Публицистикалық стиль
E) Ресми іс қағаздар стилі
98_
Саяси лексика, терминдер, күрделі тіркестер жиі қолданылатын стиль түрін белгілеңіз.
A) Ауызекі сөйлеу стилі
B) Көркем әдебиет стилі
C) Публицистикалық стиль
D) Ресим іс қағаздар стилі
E) Ғылыми стиль
99_
Үндеу, жұртшылықты жұмылдыру, иландыру мәнінде жұмсалатын стильді белгілеңіз.
A) Ресми іс қағаздар стилі
B) Ғылыми стиль
C) Ауызекі сөйлеу стилі
D) Көркем әдебиет стилі
E) Публицистикалық стиль
100_
Ресми іс қағаздар стиліне тән емес белгіні көрсетіңіз.
A) Қалыптасқан үлгіде жазылады.
B) Баяндау түрінде жазылады.
C) Ой аяқталған болып келеді.
D) Мазмұны бұйыру ыңғайында болады.
E) Үндеу мәнінде жұмсалады.
101_
Сөздің затты я құбылысты атап білдіретін мағынасы
A) ауыспалы мағына
B) тура мағына
C) қосымша мағына
D) туынды мағына
E) көп мағына
102_
«Қонақ күту» тіркесінің ауыспалы мағынасын белгілеңіз.
A) сыйлау
B) тосу
C) аялдау
D) тұру
E) келу
103_
Тура мағыналы тіркесті белгілеңіз.
A) терең көл
B) терең ой
C) терең білім
D) терең адам
E) терең сезім
104_
Мақалдағы ауыспалы мағынадағы сөзді белгілеңіз.
Ғаламның шырағы – күн, адамның шырағы – білім.
A) ғаламның
B) күн
C) білім
D) адамның
E) шырағы
105_
Тура мағыналы тіркесті белгілеңіз.
A) адамның беті
B) судың беті
C) кітаптың беті
D) көлдің беті
E) дәптердің беті
106_
Сөздің тура мағынасының негізінде туып, өрбіген мағынадағы сөз
A) Қараңғы түнде тау қалғып.
B) Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам.
C) Қараңғы түндегі алыстан жарқыраған от.
D) Қараңғы бөлмеге кірген ол бөлменің шамын жақты.
E) Қараңғы үңгірден белгісіз бір дыбыс шықты.
107_
Тура мағыналы тіркесті белгілеңіз.
A) дүниенің кілті
B) ащы шындық
C) қазанның құлағы
D) қонақ күту
E) жылы су
108_
Ауыспалы мағыналы тіркесті белгілеңіз.
A) жиналыстың аяғы
B) адамның басы
C) жануардың көзі
D) есіктің кілті
E) тәтті алма
109_
Тура мағыналы тіркесті белгілеңіз.
A) терең білім
B) долы дауыл
C) жылы сөз
D) ұзын жіп
E) биік мақсат
110_
Ауыспалы мағыналы тіркесті белгілеңіз.
A) биік мақсат
B) биік тау
C) биік шың
D) биік үй
E) биік ағаш
111_
Екі я одан да көп мағынаға ие болатын сөздер.
A) көп мағыналы
B) туынды мағыналы
C) ауыспалы мағыналы
D) тура мағыналы
E) бірнеше мағыналы
112_
Көп мағынаға ие болатын сөзді белгілеңіз.
A) көрші
B) шапан
C) қырқын
D) төркін
E) шілде
113_
Көп мағынаға ие бола алмайтын сөзді белгілеңіз.
A) төркін
B) аяқ
C) кілт
D) тіл
E) адам
114_
Көп мағынаға ие болатын сөзді белгілеңіз.
A) шөп
B) жігіт
C) гүл
D) садақ
E) көш
115_
Көп мағынаға ие болатын сын есімді белгілеңіз.
A) құлақ
B) бас
C) аяқ
D) кілт
E) кең
116_
Көп мағынаға ие болатын сөзді белгілеңіз.
A) бала
B) бас
C) нағашы
D) жиен
E) әже
117_
Ауыспалы мағыналы тіркесті белгілеңіз.
A) гүлдің түбірі
B) сөздің түбірі
C) ағаштың түбірі
D) өсімдік түбірі
E) бұтаның түбірі
118_
Көп мағынаға ие болатын сөзді белгілеңіз.
A) шөп
B) қарбыз
C) тұтқа
D) таңқурай
E) теледидар
119_
Көп мағынаға ие бола алмайтын сөзді белгілеңіз.
A) құлақ
B) бас
C) бел
D) көз
E) мұрын
120_
Көп мағынаға ие болатын дене мүшесін белгілеңіз.
A) түп
B) бел
C) төркін
D) асыл
E) өткір
121_
Біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ мағынасы басқа сөздер тобы
A) синонимдер
B) омонимдер
C) көп мағыналы сөздер
D) антонимдер
E) табу сөздер
122_
Омоним болатын сөз
A) саулық
B) қатық
C) ақыл
D) байлық
E) өнер
123_
Мағыналары бір-біріне жақын, бірақ әр түрлі дыбысталатын сөздер.
A) синоним
B) антоним
C) көп мағыналы
D) тура мағыналы
E) омоним
124_
Синоним сөздер қатары
A) мұрат, мақсат
B) мысқыл, мысал
C) амандасу, қоштасу
D) батыр, жолдас
E) қарулы, құнды
125_
Синонимдік қатарға жатпайтын сөздер
A) күшті, мықты.
B) құнды, бағалы.
C) халық, жұрт.
D) кескін, рең.
E) ажарлы, ашушаң.
126_
Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер тобы.
A) омоним
B) антоним
C) синоним
D) табу
E) көп мағыналы
127_
Антонимдік қатар
A) сулы-сусыз
B) суық-жылы
C) көңілді-көңілсіз
D) мықты-күшті
E) сабырлы-ұстамды
128_
Тұрақты тіркес қатысқан сөйлем
A) Қара көлеңке уақыт та таяп қалды.
B) «Ұялған тек тұрмас» дегендей, міңгірлей бастады.
C) Қазақ – табиғатынан ділмар, шешен халық.
D) Оқуға бар ынта-жігеріңді сал.
E) Басында бұлағы бар өзен ұзақ ағады.
129_
«Жаны құмар» тұрақты тіркесінің антонимі
A) Жаны жай табу
B) Жаны шығу
C) Абзал жан
D) Жанды жер
E) Жаны қас
130_
Синонимдік қатарды белгілеңіз.
A) жүрегі жарылу, қорқу
B) жазу, сызу
C) ұста, шебер
D) дәрігер, мұғалім
E) сыйласу, мақтану
131_
Тұрақты тіркеске тән емес қатар
A) Бір ғана мағынаны білдіреді.
B) Даяр қалпында жұмсалады.
C) Қалыптасқан жүйемен айтылады.
D) Синонимдік баламалары болады.
E) Халық наным-сеніміне құрылады.
132_
Антонимдік қатар
A) Ит терісін басына қаптады. Бетінен алды.
B) Ат ізін салмады. Ат ізін құрғатпады.
C) Айы оңынан туды. Жұлдызы жарасты.
D) Құрақ ұшу. Құрақ көрпе.
E) Ақ жүрек. Аты шулы.
133_
«Қыздың жиған жүгіндей» тұрақты тіркесінің антонимі
A) әсем
B) көрікті
C) көріксіз
D) жинақы
E) көркем
134_
Синонимдік қатар
A) Ит терісін басына қаптау – аузына қақпақ болу
B) Дүние есігін ашу –жол ашу
C) Айы оңынан туды – жүрегі орнына түсті
D) Аяғына бас ұру – аяғына жығылу.
E) Көз тастау – көз шырымын алу
135_
Тәрбиелік мәні бар, ақыл-нақыл сипатында айтылатын сөздер.
A) синонимдер
B) антонимдер
C) мақал-мәтелдер
D) тұрақты тіркестер
E) омонимдер
136_
Мәтелді белгілеңіз.
A) Ай десе аузы, күн десе көзі бар.
B) Адам жанының инженері.
C) Былғары қолғап шебері.
D) Дария жанына құдық қазба.
E) Тепсе темір үзетін жігіт.
137_
Мақалға тән емес қатар
A) Себебі мен салдары қатар айтылады.
B) Құрмалас сөйлем күйінде келеді.
C) Ой-пікірді бейнелеп, тұспалдап білдіреді.
D) Аз сөзбен көп мағына білдіреді.
E) Ақыл-нақыл сипатында айтылады.
138_
Мәтелді белгілеңіз.
A) Қорқақты көп қусаң, батыр болады.
B) Кең болсаң, кем болмайсың.
C) Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді.
D) Қар жауды деп қуанба, аяғы бар.
E) Бас аман болса, бөрік табылады.
139_
Мақалды белгілеңіз.
A) Сыныққа сылтау.
B) Сұлуынан жылуы.
C) Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда.
D) Үй менікі демеңіз, үй артында кісі бар.
E) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
140_
Еңбек туралы мақал
A) Әзіл айтсаң да, әділ айт.
B) Ұжданы ақтың жүзі ақ.
C) Ең әдемі сөз – ең ақылды сөз.
D) Суға кеткен тал қармайды.
E) Еңбек түбі – береке.
141_
Тіліміздегі қолданыстан шыққан сөздер.
A) омонимдер
B) синонимдер
C) көнерген сөздер
D) неологизмдер
E) диалект сөздер
142_
Тарихи сөзді белгілеңіз.
A) наурыз
B) лашық
C) адырна
D) саяжай
E) ермексаз
143_
Архаизмді көрсетіңіз.
A) садақ, жебе.
B) барымта, шидем.
C) жеделхат, өскін.
D) отарба, саяжай.
E) айбалта, найза.
144_
Көнерген сөзге жататын мата атауын белгілеңіз.
A) шидем
B) лашық
C) діл
D) жебе
E) биқасап
145_
«Шатұқ» сөзінің мағынасын белгілеңіз.
A) Теңіз балығының мүйізі.
B) Әкімшілік сөз.
C) Мата атауы.
D) Қару-жарақ атауы.
E) Бұрынғы ай атауы.
146_
Сөздік қорға жаңадан енген сөздер.
A) көнерген сөздер
B) архаизмдер
C) неологизмдер
D) тарихи сөздер
E) табу сөздер
147_
Неологизмге тән емес қатарды белгілеңіз.
A) Жаңа ұғымдарға сай пайда болады.
B) Уақыт өте келе жаңа сөз болудан қалады.
C) Кірме сөздердің орнына жаңа аталымдар қолданылады.
D) Сөздік құрамға енеді.
E) Уақыт өте келе қолданыстан шығады.
148_
Бау-бақша саласына қатысты неологизмді белгілеңіз.
A) қызанақ
B) дәріс
C) үнтаспа
D) жасуша
E) жолсерік
149_
Жаңа сөзді белгілеңіз.
A) үнқағаз
B) түйме
C) садақ
D) лашық
E) қарындаш
150_
Ыдыс-аяқ атауына қатысты көнерген сөзді белгілеңіз.
A) шидем
B) саптыаяқ
C) пітір
D) уәзір
E) сәукеле
151_
Басқа тілден енген сөздер тобы.
A) көнерген сөздер
B) кәсіби сөздер
C) жаңа сөздер
D) диалект сөздер
E) кірме сөздер
152_
Араб тілінен енген кірме сөздерді белгілеңіз.
A) сіріңке, тәрелке
B) телефон, телеграф
C) тарих, әдебиет
D) ұлыс, нөкер
E) ғибрат, аймақ
153_
Белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөздер.
A) кірме сөздер
B) көнерген сөздер
C) диалект сөздер
D) архаизмдер
E) термин сөздер
154_
Диалект сөздер қатарын белгілеңіз.
A) сым, тұқым
B) самаурын, шәйнек
C) құдағай, жәшік
D) айбалта, кеден
E) жебе, сауыт
155_
Диалект сөзді белгілеңіз.
A) бәдірен
B) жұмыртқа
C) қабырға
D) әдебиет
E) пышқы
156_
Кәсіби сөзді белгілеңіз.
A) тышуыр
B) ішқұста
C) сүгірет
D) көпшік
E) нән
157_
Ауыл шаруашылығына байланысты кәсіби сөзді белгілеңіз.
A) шербек
B) ыңғыру
C) қоза
D) атауыз
E) пәрбі
158_
Термин сөзді белгілеңіз.
A) кеден
B) жасақ
C) әскер
D) сүгірет
E) шайыр
159_
Математика пәнімен байланысты термин сөзді белгілеңіз.
A) аммиак
B) эвфемизм
C) бап
D) антоним
E) квадрат
160_
Дауысты дыбыстарға тән емес сипаттама
A) Ауа өкпеден кедергісіз шығады.
B) Үннен ғана тұрады.
C) Созып айтуға болады.
D) Буын құрайды.
E) Үн болмайды.
161_
Жуан дауысты сөзді белгілеңіз.
A) сену
B) білу
C) көну
D) жуу
E) ілу
162_
Тіл кейін шегініп, үсті дөңестену арқылы жасалған дауысты дыбыстар.
A) жуан дауыстылар
B) еріндік дауыстылар
C) жіңішке дауыстылар
D) ашық дауыстылар
E) қысаң дауыстылар
163_
Жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстар.
A) жуан дауыстылар
B) ашық дауыстылар
C) езулік дауыстылар
D) еріндік дауыстылар
E) қысаң дауыстылар
164_
Ашық дауыстылардың санын белгілеңіз.
A) 5
B) 3
C) 7
D) 6
E) 4
165_
Қысаң дауысты дыбысты сөздерді белгілеңіз.
A) мысық, күшік.
B) қасық, жастық.
C) бесік, есік.
D) жаңа, ескі.
E) тана, ешкі.
166_
Ашық дауысты дыбысты сөзді көрсетіңіз.
A) жұмбақ
B) аңыз
C) ертегі
D) әңгіме
E) өлең
167_
Еріндік дауысты дыбысты сөзді белгілеңіз.
A) құмай
B) тұман
C) құлын
D) өнер
E) қой
168_
Езулік дауысты дыбысты сөзді белгілеңіз.
A) табиғат
B) көбелек
C) өсімдік
D) алабота
E) құмырсқа
169_
Сөздің барлық буынында жазыла беретін дауысты дыбыстарды белгілеңіз.
A) а, е, ә
B) о, ө, е
C) и, ы, ә
D) у, а, ө
E) а, е, і
170_
Дауыссыз дыбыстарға тән қасиетті белгілеңіз.
A) Үннен ғана тұрады.
B) Үн болмайды.
C) Ауа кедергісіз шығады.
D) Буын құрайды.
E) Созып айтуға болады.
171_
Дауыссыз дыбыстарға тән емес қасиетті белгілеңіз.
A) Үн болмайды.
B) Салдырдан тұрады.
C) Үн мен салдырдан тұрады.
D) Үн өте аз болады.
E) Буын құрайды.
172_
Ұяң дауыссыздарды белгілеңіз.
A) п,ф,щ
B) р,с,т
C) ғ,в,ф
D) д,з,ж
E) м,н,ң
173_
Үннен салдыры басым дауыссыздарды белгілеңіз.
A) қатаң
B) қысаң
C) ұяң
D) үнді
E) ашық
174_
Тек салдырдан жасалған дауыссыздарды белгілеңіз.
A) қатаң
B) ашық
C) ұяң
D) қысаң
E) үнді
175_
Тек қатаң дауыссыздан жасалған сөзді белгілеңіз.
A) Алматы
B) Ақтау
C) Орал
D) Семей
E) Ақсу
176_
Қатаң дауыссыздан басталатын ұлттық ойын атауын белгілеңіз.
A) Ақсүйек
B) Тоғызқұмалақ
C) Тұсаукесер
D) Тоқымқағар
E) Аударыспақ
177_
Үнді дауыссызға аяқталған сөзді белгілеңіз.
A) Кітап
B) Дәптер
C) Қағаз
D) Парақ
E) Қарындаш
178_
Ұяң дауыссызға аяқталған құс атауын белгілеңіз.
A) Тауық
B) Тырна
C) Аққу
D) Қаз
E) Сұңқар
179_
Қатаң дауыссыздан басталатын туынды сөзді белгілеңіз.
A) Тәжірибе
B) Талант
C) Табиғат
D) Тартыс
E) Тышқан
180_
Бірыңғай ашық буынды сөзді белгілеңіз.
A) Алаша
B) Алақан
C) Алатау
D) Ақтау
E) Алтай
181_
Жалаң буыны бар сөзді белгілеңіз.
A) Балапан
B) Адам
C) Достық
D) Үйрек
E) Сарай
182_
Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған буынды белгілеңіз.
A) Ашық буын
B) Тұйық буын
C) Жалаң буын
D) Бітеу буын
E) Жабық буын
183_
Құрамында тұйық буыны бар қала атауын белгілеңіз.
A) Ақтау
B) Күй
C) Адал
D) Асқар
E) Орал
184_
Аралас буынды сөзді белгілеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |