Картографияның мәні Картография (гр chartes – папирус қағазы + grapho – жазамын, сызамын) – географиялық карта, оны құрастырудың, басып шығарудың және қолданудың әдістері мен процестері (тәсілдері) жөніндегі ғылыми пән. Картография


Ауыл шаруашылығындағы картографияның маңызы



жүктеу 131,69 Kb.
бет11/62
Дата25.10.2023
өлшемі131,69 Kb.
#44016
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   62
Картография емтихан ответтері КД-21

Ауыл шаруашылығындағы картографияның маңызы

Картография табиғат пен қоғам құбылыстарының үйлесуі мен өзара байланысуын, олардың кеңістіктегі орналасуын және уақыт бойынша өзгеруін, т. б. картографиялық кескіндеудің (бейнелеудің) көмегімен зерттейтін ғылым. комителық ұғымдарға – аспан денелері мен жұлдызды аспанның карталары, глобустар мен жер бедері карталары, картографиялық белгілермен берілген кеңістік модельдері (үлгілері) жатады.
Картография - бұл картографиялық жұмыстарды зерттеу, құру және пайдалануды қамтитын ғылым, техника және өндіріс саласы. Картография ең алдымен әлеуметтік және табиғи құбылыстардың байланыстарын зерттейді және оларды географиялық карталарда, жоспарларда және басқа картографиялық жұмыстарда көрсетеді.
Картографияның негізгі міндеті - картографиялық жұмыстарды жасау, құру, зерттеу және пайдалану.
Қазіргі кезде картография ғылымының компьютерленуіне байланысты картографияның міндеттері:
- цифрлық және электрондық карталарды құру, сонымен қатар цифрлық картографиялық ақпарат банктерінің базасын қалыптастыру.
- ғылымды, өндірісті және халықтың қажеттіліктерін толыққанды картографиялық өнімдермен қамтамасыз ету.
- картаға түсіру кеңістігін кеңейту. Аз зерттелген аудандар картаға түсірілуде.
- картографиялық өнімнің дәлдігін әрі қарай жақсарту және олардың мазмұнын жақсарту.
Картографияның дамуымен және оның зерттеу әдістерінің жетілуімен оның алдында тұрған міндеттер күрделене түседі:
а) карталардың жаңа түрлерін құру қажеттілігі туындады, ғылымда жаңа бағыттар дамуда (табиғи ресурстарды бағалау және экологиялық жағдайы, әлеуметтік-экономикалық зерттеулер, әртүрлі құбылыстардың дамуын болжау;
б) карталарды құру мен қолданудың жаңа әдістері жасалуда.

  1. Топографиялық карталардың парақтау және номенклатура түсінігі

Горизонтальдық жазықтықта жергілікті жердегі учаскенің проекциясын кішірейтілген түрдегі бейнесі топографиялық план деп атайды. Учаскенің тек контурлардың элементтері көрсетіліп жер бедері көрсетілмесе онда оны контурлық план деп атайды. Егер, планда ситуация әрі жер бедері көрсетілген болса, онда ол топографиялық план деп аталады.
Белгілі бір картографиялық проекцияда (Гаусс-Крюгердің көлденең цилиндрлік проекциясында) жасалынған, жергілікті жердегі табиғи және әлеуметтік-экономикалық объектілердің қасиеттері мен орналасуын жоғары дәльдікпен бейнелейтін жалпы географиялық карта топографиялық карта деп аталады.
Географиялық картаның негізгі қасиеттері – картаның көрнектілігі мен өлшемділігі. Картаның көрнекілігі – карта бетіндегі объектілер мен құбылыстарды түсінікті түрде бейнеленген болу керек. Картаның өлшемділігі – карта бойынша объектілердің көлемін анықтауға мүмкінідігі. Картаның көрнекілігі мен өлшемділігі, біріншіден - картографиялық проекцияға, екіншіден - картаның масштабына, үшіншіден - картографиялық жалпыластыруға және төртіншіден – шартты белгілерге тығыз байланысты.
Топографиялық карталардың негізгі қасиеттері мен элементтері. Топографиялық карталар басқа да жалпы географиялық карталармен қатар жер бетін көрсететін басқа да бейнелерден (глобус, ғарыштық және аэрофотосуреттер) үш негізгі қасиеттерімен ажыратылады:
1) жер бетін жазықтыққа түсіру үшін белгілі бір математикалық тәсілді, яғни картографиялық проекцияларды қолданады;
2) жергілікті жердегі объектілерді, олардың мөлшерлі және сапалы көрсеткіштерін және де жер бедерін бейнелеу үшін картографиялық шартты белгілерді (легенда) қолданады;
3) жергілікті жердің бейнеленетін объектілерді таңдау және жалпыластыруда картографиялық генерализацияны пайдаланады.
Үлкен территорияны бейнелейтін топографиялық карталар көптеген жеке парақтарға, яғни масштабы ірі топографиялық карта парақтарын қамтиды. Ұсақ масштабты топографиялық картаның парақтарға бөлінуін сызықтау (разграфка) деп атайды, әр бір парақ меридиандармен және параллельдермен шектелген.
Карта парағының адресін анықтау үшін топографиялық картаның номенклатурасы деген белгілеу жүйесін қолданады. Номенклатура бейнеленген территорияның географиялық орнынан және картаның масштабына тәуелді. Қазіргі топографиялық карталардың разграфкасы мен номенклатурасы масштабы 1:1 млн халықаралық картаның разграфкасы мен номенклатурасына негізденеді (сурет 5.1). Бұл картаның парақтары параллельдер бойынша 4° пен, ал меридиандар бойынша 6° пен шектелген. Екі параллельдің арасындағы 4°-тық белдеуді қатар деп атайды және оларды экватордан бастап (солтүстік және оңтүстікке қарай) латын алфавитының бас әріптерімен белгілейді. А қатары экватормен 4° параллель арасында орналасқан, В қатары 4° және 8° параллельдер арасында, С қатары 8° және 12° арасында т.с.с. жалғасады. Жалпы жердің бір жарты шарында 22 қатар болады.
Екі меридианның арасындағы 6°-тық белдеулер қатары колонна деп аталады, олар батыстан шыңысқа қарай араб сандарымен белгіленеді. Бірінші колонна батыс бойлықтың 180° пен 174° меридиандар арасында орналасқан, екінші колонна 174° пен 168° арасында, үшінші колонна 168° пен 162° меридиандар арасында орналасқан әрі қарай сол сияқты жалғасады. Жалпы Жер шарын 60 колонна қамтиды. Гринвич меридианы 30 және 31 колонна арасындағы шекара болып келеді. Демек, 31 – 60 колонналар шығыс бойлықтарды қамтиды.
Миллиондық карта парағының белгісі, қатардың әрібінен және колоннаның санынан құрылады. Мысалы, 40° пен 44° солтүстік ендіктердегі параллельдер арасындағы және 66° пен 72° шығыс бойлықтардың меридиандар арасындағы трапецияның номенклатурасы К-42 болады. Себебі 11 қатар латын алфавитінің 11-ші К әрібіне сәйкес болып келеді және 42 колоннада орналасқан (сурет 5.2). Полюстерге жақындаған сайын 60° - 76° ендіктерде колонналар 12° тан, ал одан да солтүстікке қарай 24°тан болады. Масштабы ірі картаның әрі қарай разграфкасы 1:1 млн масштабтағы картаның бөлінуі арқылы жүргізіледі. Картаның масштабы екі есе ірі болса, ауданы 4 есе кішірейеді. Сондықтан, масштабы 1:1 млн карта парағында масштабы 1:500 000 картаның 4 парағы, яғни 4 карта болады, оларды орыс алфавитінің бас әріптерімен белгілейді А,Б,В,Г.
Масштабы 1:200 000 карталардың белігілерін анықтау үшін масштабы 1:1 млн карта парағын 36 трапецияға бөледі, оларды латын сандарымен белгілейді.
Масштабы 1:100 000 карта парақтарын шығару үшін масштабы 1:1 млн картаны 144-ге бөледі, оларды араб сандарымен белгілейді.
Масштабы 1:50 000 карта парағының номенклатурасын анықтау үшін 1:100 000 карта парағын 4 бөледі және А,Б,В және Г әріптерімен белгіленеді.
Масштабы 1:25 000 карта парағының номенклатурасын анықтау үшін 1:50 000 карта парағын 4 бөледі, оларды орыс алфавитінің кіші әріптерімен белгілейді а,б,в, және г.
Масштабы 1:10 000 карта парағының номенклатурасы - масштабы 1:25000 карта парағын 4 бөледі және араб санымен 1-ден 4 дейін белгілейді.
Топографиялық карта парағының номенклатурасын анықтау үшін географиялық координаталары белгілі болу қажет, картаның номенклатурасы белгілі болса, оның географиялық координаталарын анықтауға болады. Мысалы, берілген географиялық координаталар мынадай:

жүктеу 131,69 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау