|
Картографияның мәні Картография (гр chartes – папирус қағазы + grapho – жазамын, сызамын) – географиялық карта, оны құрастырудың, басып шығарудың және қолданудың әдістері мен процестері (тәсілдері) жөніндегі ғылыми пән. КартографияКарта проекцияларындағы картографиялық торлар
|
бет | 19/62 | Дата | 25.10.2023 | өлшемі | 131,69 Kb. | | #44016 |
| Картография емтихан ответтері КД-21Карта проекцияларындағы картографиялық торлар
Картографиялық проекция жазықтықта жер бетінің эллипсоидының немесе шарды математикалық тәсілмен көріністерді салу. Жердің градустық торын картада көрсетуді картографиялық тор деп атайды, ал меридиандар мен параллельдердің қиылысқан жерін – қиылысу нүктесі деп атайды.
Карталарды құруда ең алдымен жазықтықта (қағазда) картографиялық торды көрсету қажет, ал содан кейін оларды контурлар мен және де басқа географиялық объектілермен толтырады. Торды әр түрлі тәсілмен құруға болады. Перспективалық проекцияларды қолданған кезде картографиялық тор алынады жер шарынан жазықтыққа қиылысу нүктелдерін жобалау тәріздес алынады.Қазірде картографиялық өндірісте карталарды перспективалық емес тәсілмен құрады – жазықтықта картографиялық тордың нүктелерінің орналасуымен есептейді. Жүені шешу арқылы есепті жүргізеді, жазықтықта тік бұрышты X және Y координаталармен ендік пен бойлықтың қиылысу нүктесін қосатын. Бұл жүйелер қиын болып келеді. Қарапайым формулалар осындай болуы мүмкін. Картографиялық проекциялар және оның бағытталумен қазіргі уақытта карталардың картографиялық торы аналитикалық заңымен салынып тұрады. Бірақ та проекцияларды атаған кезде салт бойынша терминдер сақталған «цилиндрлік», «конустық» және басқалар геометриялық пішіндеріне байланысты. Бұл терминдерді қолданған кезде картографиялық тордың ерекшеліктерін түсіндіруге көмектеседі. Қазіргі кезде осы классификациялық түр нормальді картографиялық тор ретінде қолданылады.
Ұсақ масштабты карталардың математикалық негізі
1. Географиялық глобус.
2.Ұсақ масштабты карталардағы масштабтың ерекшеліктері.
3.Бұрмаланудың түрлері жатады.
Глобус (лат. globus - шар) – Жер шарының неше есе кішірейтіліп берілген бейнесі. Глобустағы жер бетінің дәл бейнесін картаға көшіру үшін картографиялық проекциялар қолданылады. Оның геометриялық пішіні мен аудандарының ара қатынасы нақты, еш өзгертусіз, яғни бұрмаланусыз беріледі.
Глобусты жасаған кезде карталарды дайындау кезінде қолданылатын шартты белгілер мен объектілерді орналастыру заңдылықтары қолданылады.
Олар карталар сияқты тақырыбына (жалпыгеографиялық және тақырыптық-саяси, геологиялық және т.б.), масштабына және мақсатына (оқулық, анықтамалық және т.б.) қарай ажыратылады.
Глобус жер шарының моделі, онда географиялық нысандардың пішіні анағұрлым дұрыс бейнеленген. Неміс картографы М.Бехайм XV ғасырда алғашқы глобусты жасаған. Үш түрлі масштабты глобус түрі бар. Үлкен глобус 1:30 000 000, яғни 30 млн есе кішірек, орташа глобус 1:50 000 000, яғни 50 млн есе кішірек, 1:83 000 000 кіші глобус, яғни 83 млн есе кішірейтілген.
Бірінші глобусты б.з.д. 150 ж. Кратет Малльский жасаған болатын.
Картадан айырмашылығы, глобуста бұрмаланулар жоқ, сондықтан глобус материктердің мен мұхиттардың орналасуы туралы жалпы мәлімет алу үшін ыңғайлы болып келеді. Бірақ глобус ұсақ масштабты болып келетіндіктен, белгілі бір жерді толығымен көрсете алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|