Мүлікті «пәтерлі» ұрлықтан қалай қорғауға болады? - Пәтерлердегі ұрлықты ескерту мен болдырмау тәсілдерінің бірі кіретін есікте 2 немесе одан да көп күрделі механизмі бар құлып орнату болып табылады.
- Бірінші және соңғы қабаттарда, сондай-ақ жеке секторда тұратын тұрғындар үшін терезелерге металл тор орнату қажет.
- «Пәтерлі» ұрлық жасау кезінде мүлікті қорғаудың ең тиімді тәсілі пультті дабылға қосылу болып табылады.
Қоғамдық орындарда болған кезде келесі шарттар мен ережелерді сақтаңыздар: - - адамдардың жаппай жиналу орындарында, соның ішінде супермаркеттерде, сауда үйлерінде, дүкендерде, кинотеатрларда, мейрамханалар мен дәмханаларда, түнгі клубтарда, қоғамдық көлікте және т.б. қырағылық және зейінділік танытыңыздар,
- - айналадағыларыңызға потенциалды қылмыскерлердің көңілін аулайтын қымбат гаджеттеріңізді және түрлі мобильді құралдарыңызды, құнды заттарыңызды, ірі ақша сомаларыңызды көрсетпеңіздер,
- - жеке заттарыңызды және өзіңіздің мүлкіңізді қараусыз қалдырмаңыздар, кішкентай балаларға қымбат ұялы телефондарды, планшеттерді және т.б. бермеңіздер.
- - өзіңізде бар сөмкелер мен жолдорбаларыңызды көзге көрінетіндей қолыңызда ұстаңыздар.
- - адам тобырында жақын қарым-қатынастан аулақ жүріңіз, өйткені «қалташы-ұрылар» қылмыстарды көбінесе осы уақытта жасайды.
Дүкендерден ұрлауды болдырмау үшін: - стеллаждарды клиенттерді көруге мүмкіндік болатындай орнату қажет;
- дүкеннің барлық аумағы бойынша шолу айналарын орнату қажет;
- дүкеннің терезелері мен есіктеріне дабылдың небір қимылға, еніп кетуге және т.б. жауап қайтаратын құрылғысы бар қорғау жүйелерін орнату қажет;
- - дүкен ғимаратын кіре берісті және тауары бар сөрелерді, сонымен қатар қолма-қол ақша құралдарын қабылдаумен айналысатын сатушылардың жұмыс орындарын қамтитын бейнеқадағалау камераларымен жабдықтау қажет;
- - аталмыш қызмет түрін көрсететін жеке күзет кәсіпорындарында пультті қорғау орнату қажет.
Мобильді телефондардың ұрлануын болдырмау үшін не істеу керек? - Қарапайым ережелер сақталса, өзін-өзі қауіпсіздендіру және мобильді телефонға оқталуды болдырмауға мүмкіндік бар:
- - мейрамханаларда, дәмханаларда, көлікте, жағажайларда телефонды қараусыз қалдырмаңыздар, кешкі және түнгі уақытта аялдамаларда және автобустарда шығармаңыздар. Телефонмен көшеде, әсіресе Сіз жалғыз келе жатсаңыз, сөйлеспеңіз. Күдікті адамдарды көрсеңіз, сөйлесуді доғарыңыз;
- - таныс емес адамдарға өзіңіздің мобильді телефоныңыздан телефон шалуға бермеңіз, мұны мысалы шотыңызда ақшаның жоқтығымен негіздеңіз. Өз балаларыңызға осындай жағдайда өзін қалай ұстау керек екендігін түсіндіріңіз, себебі қаскүнемдердің құрбаны көбінесе жеткіншектер болып табылады;
- - телефонды сөмкеде, басқа да ұрлауға қолжетімді жерлерде ұстамаңыздар. Ең сенімді орын киіміңіздің ішкі қалталары болып табылады.
-
Мал ұрлауға қалай жол бермеуге болады? - малдарыңызды жайылымда қараусыз қалдырмаңыз;
- малдарыңызды орталықтандырылған табынға шығарыңыздар;
- жазбаша түрде мал жаю бойынша қызмет ұсыну туралы келісім жасасыңыздар;
- барлық үй жануарларына сәйкестендіру нөмірі бар бирка бекіту қажет;
- ірі жылқылар мен сиырлар табындарында әр жануарға олардың орын ауыстыруын қадағалайтын GPS-құрылғы орнату қажет.
Автокөліктен ұрлаудың және оны айдап әкетудің қалай алдын алуға болады? - автокөліктерде қараусыз құнды заттар мен ірі ақша сомаларын қалдырмаңыздар;
- есіктерді блокқа қойыңыздар және ел орналасқан жерде автокөлікпен жүрген кезде, бағдаршамда тоқтағанда және жола тұрған жолсеріктердің сұрауы бойынша терезені жабыңыздар;
- автокөліктің кілтін тұтандыру тетігінде қалдырмауды әдетке айналдырыңыздар;
- автокөлікте дыбыс дабылын, сондай-ақ GPS- құрылғы орнатыңыздар;
- дүкенге шұғыл бару немесе бірдеңе сатып алу керек болса, міндетті түрде көлік есігін жабыңыздар;
- автокөліктерді түнге аулада немесе көшеде қалдырмаңыздар, одан да ақылы тұраққа төлеп, тыныш ұйықтаңыздар.
-
Ұрлық жасалған кезде не істеу керек? - Бірден «102» нөмірі бойынша полицияға телефон шалып, ұрлықтың жасалған орны мен уақыты жайлы хабардар ету қажет, мүмкіндігінше ұрланған мүлікті түгендеп, оның ерекшелігін сипаттап берген жөн;
- Полиция қызметкерлерін күтіп, олар келгенге дейін қылмыс ізін жоғалтып алмау үшін ешнәрсе тимеу;
- Айналаға қарап, бейнебақылаудың, тқраққа қойылған автокөліктердегі бейнетіркеушілердің барына назар аудару қажет.
Ұрлық туралы арыз берген кезде неге мән беру керек? - Сіздің міндетіңіз – қылмыстың жасалған уақыты мен орнын, қылмыскердің ерекшеліктерін, оның жасырынған бағытын, ұрланған мүлікті нақтырақ сипаттау;
- Арыз тиісті полиция органының басшысына (Т.А.Ж., атағы, лауазымы) жолдану керек – бұл мәліметтерді әрқашан полицияға ұрлық туралы арыз беру үлгісінде табуға болады;
- Арызда өзіңіздің нақты сауалнамалық деректеріңізді көрсетіңіздер (Т.А.Ж., тұратын жері, телефон, жұмыс орны және т.б.);
- Жасалған қылмыстың мән-жайы туыралы нақты ақпаратты көрсету (орны, ұрланғанның бағасы мен тізбектің толық сипатталуымен залал мөлшері және т.б.);
- Соңында талап тың мәні көрсетілуі тиіс – кінәлі тұлғаларды іздеу және оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту. Арызда міндетті түрде қолы мен күні қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |