Кафедра Педагогикалық ғылымдар


Практикалық  сабақтың  тақырыбы



жүктеу 1,38 Mb.
Pdf просмотр
бет5/92
Дата04.01.2022
өлшемі1,38 Mb.
#31588
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92
seminar zhinag zhmp.pdf

Практикалық  сабақтың  тақырыбы

 

№2  ЖОҒАРЫ  МЕКТЕП  ПЕДАГОГИКАСЫ  ҒЫЛЫМИ 



БІЛІМ САЛАСЫ РЕТІНДЕ  

 

Практикалық  сабақтың  мақсаты  мен  міндеттері:

  Жоғары  мектеп  педагогикасының  объектісі, 

пәні,  міндеттері,  әдіснамалық негіздері  және  ғылыми-педагогикалық  зерттеу  мен  оны  ұйымдастыру 

әдістемесі туралы түсінікті меңгерту. 

 

Практикалық сабақтың мазмұны

1.

 



Жоғары мектеп педагогикасының объектісі, пәні және міндеттері. 

2.

 



Жоғары мектеп педагогикасының әдіснамалық негіздері. 


 

3.



 

Ғылыми-педагогикалық зерттеу және оны ұйымдастыру әдістемесі 



 

Қазіргі  қарқынды  ғылыми-инновациялық  және  әлеуметтік-  экономикалық  даму  жағдайындағы 

қоғамымызға  тек  бейімделіп  қана  қоймай,  бұл  үрдістерді  дамытуға  өз  үлесін  қоса  алатын  құзыретті, 

бәсекеге  қабілетті  мамандарды  даярлау  жоғары  мектептің  маңызды  міндетіне  айналып  отыр. 

Мемлекеттік тапсырысқа  сай  мамандарды даярлау  үшін кез-келген    жоғары  оқу  орнының  ең бірінші 

мықты  оқытушылық  корпусы  болуы  қажет.  Сәйкесінше,  жоғары  мектеп  оқытушысына  қойылатын 

кәсіби талаптар жоғарылауда. 

Бұл  тұрғыда  бүгінгі  ғылыми-инновациялық  үрдістерде    еркін  бағдарлана  алатын,  жоғары 

мектептегі  тұтас  педагогикалық  үрдісті,  болашақ  мамандардың  және  өзінің  кәсіби-тұлғалық  дамуын 

басқара  алатын,  ғылыми  жұмыс,  кәсіби  даярлау  және  тәрбие  жұмысын  үйлестіре  алатын 

магистранттарды даярлау өзекті мәселеге айналып отыр. 

Педагогика  ғылымының  мәні  мен  заңдылықтарын терең  түсіну  үшін  «педагогика»  ұғымының 

этимологиясын қарастыруды қажет етеді. 

Педагогика  сөзі  гректің 



«рaidos»  -  бала,  «ago»  -  жетелеу 

деген  сөзінен  шыққан,  сөзбе-сөз 

аударғанда  баланы  жетелеу  мағынасын  білдіреді.  Бастапқыда  педагог  деп  ежелгі  Грекиядағы  ауқатты 

адамдардың  балаларын жетелеп жүрген  құлды айтқан. Біртіндеп педагог  сөзі  кең мағынаға ие  болып, 

бүгінгі  таңда  «баланы  өмірге  жетелеуші»,  яғни  тәрбиелеуші,  оқытушы  деген  мағынаны  білдіреді. 

Педагог қызметінде  осы   мамандықтың  қалыптасу кезінен бері тәрбиелік қызмет ерекше маңызға ие. 

Мұғалімнің атқаратын қызметтерінің ішінде  тәрбиелік міндеттер  маңызды және ауқымды орын алады. 

Сондықтан  педагогика ұғымының мәнін ашуда, оның тәрбиелік аспектісі бірінші орында тұрады. 

Педагогика - адамдарды тәрбиелеу туралы  ғылым. Педагогика  ол тәрбие, оқыту мен білім беру 

туралы  ғылым.  Ғылым  ретінде  педагогика  тәрбие,  оқыту  мен  білім  берудің  заңдылықтары  мен  

қағидаларын,  түрлері  мен әдістерін зерттейді. 

Педагогика  ғылымы  дамуының  алғышарттары  Ежелгі  Мысыр  және  Ежелгі  Грекия  мен  Рим 

мектептерінде қалыптасқан. Ежелгі дәуір мектептерінде қалыптасқан оқыту мен тәрбиенің тәжірибесі 

педагогикалық теория мен тәжірибесінің негізін  қалады. Авторитарлық қарым-қатынас жүйесіндегі 

үлгі-өнеге  мен  ауызша  оқыту  әдістеріне  сүйенген  сол  дәуірдегі  оқыту  тәжірибесі  мұғалімнің  оқыту 

өнеріне негізделген еді. Ежелгі дәуірдегі тәрбие мен оқыту мұғалім беделі мен өнеріне тәуелді болды. 

Педагогикалық үрдіс  мәнін анықтайтын келесі педагогикалық үрдіс заңдары айқындалған: 

-

 



бала  өзінің  белсенді  шығармашылық  іс-әрекеті  негізінде  ғана  өткен  ұрпақтың  әлеуметтік 

тәжірибесінің  мұрагері  болады.  Осыдан  жасалатын  қорытынды,  жоғары  мектепте  студент  кәсіби 

білім  мен  іскерлік    жүйесін  меңгеру  үшін  белсенді  және  саналы    ізденіс    пен    шығармашылық 

әрекеттерінің субъектісіне айналу керек. 

-

 

Индивидтің  тұлға  ретінде  дамуы  өзін  жүзеге  асыра  алатын  және  өз орнын  табуға  даяр,  белгілі  бір 



әлеуметтік-азаматтық  статуста  («барлық  қоғамдық  қатынастар  жиынтығы  ретіндегі»)  әлеуметтену 

үрдісінде, социумға кіру барысында жүзеге асады, жас өсе келе  бірте-бірте  әлеуметтік белсенділік 

әлемі кеңи түседі. 

-

 



Педагогикалық үрдіске қатысушылардың барлықтарының және оның әрбірінің табысын оқытушылар 

мен білім алушыларды  біріктіретін орталықтан жекеге бөлінетін іс-әрекет қамтамасыз етеді. 

Педагогикалық  үрдістің  заңдары  –  оның  мәндік  ерекшеліктері,  демек,  тұтастықта  және  жеке 

бөліктерде де көрінеді. Бірақ, педагогикалық үрдістегі реттелген өзгерістер немен байланысты екендігін 

білу  үшін  құбылыстардың,  бөліктерін,  элементтер  (компоненттердің)  үрдістің  қалай  өзара 

байланысатынын, қалай заңдар заңдылықтарда көрінетіндігін елестету керек. 

Заңдылықтардың  үздіксіз  жаңарып,  үздіксіз  қайталану  тенденциясы  болады.  Осыдан  заңдылық 

деген ұғым туындайды. Заңдылықтар дегеніміз жүйенің  өз ішіндегі және жоғары сатыдағы жүйелермен 

байланыстары.  Заңдылықтарды  білу,  біріншіден,  практикалық  әрекетте  тиімді  нәтижелерді  алуға, 

екіншіден, педагогикалық үрдістің моделін жасауға мүмкіндік береді 

Демек, тұлға дамуының қайшылықтар тобы ең өзекті, жетекші болады. 

Сондықтан да оларға нақты тоқталатын болсақ: 

-

 

жаңа  мүдделер,  талаптар,  ұмтылыстар  мен  тұлғаның  даму  мүмкіншілігінің  жеткен  деңгейі 



арасындағы; 

-

 



жаңа танымдық практикалық міндеттер  мен  бұрын  қалыптасқан ойлау тәсілдері арасындағы; 

-

 



тұлғаның дамуындағы жеткен деңгей мен оның өмір  сүру қалпы, қоғамдық қатынастар жүйесіндегі 

оның алатын орны, істейтін қызметтері арасындағы; 

-

 

жақсы жетістіктерге ұмтылыс пен қиындықтарды жеңіп шығудағы қорқыныш арасындағы; 




 

-



 

дербестікке  ұмтылушылық пен жеке  тәжірибенің жеткіліксіздігі арасындағы; 

-

 

инерттілік,  стереотиптік,  тұрақтылық  пен  ширақтылыққа,  өзгергіштікке  ұмтылушылық 



тенденциялары арасындағы; 

-

 



тұлға  әрекетінің  еркіндігі  мен  қоғамдық  қажетті  іс-әрекеттер  арасындағы  қайшылықтар  болып 

табылады. 

Демек,  педагогикалық  үрдістің  құбылыс  ретінде  дамуы  тұлғаның  дамуындағы  пайда  болатын  

және  шешілетін  қайшылықтардың  шешу есебінен жүзеге асады, онда педагогикалық үрдістің нәтижесі 

жеке-  психологиялық,  адамгершілік  және  басқа  да  түрде  жүзеге  асырылады.  Қайшылықтар 

педагогикалық  үрдістің  қозғаушы  күштері  ретінде  объективті  өмір  сүреді.  Сондықтан  да  тұтас 

педагогикалық үрдістің барысына  ықпал ету мүмкіншілігі, оның  тиімділігін күшейту сол  сәтте  қандай 

қайшылықтар орын алып отырғанына, олардың қалай шешілуіне байланысты. 




жүктеу 1,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау